31 NEWS
694 subscribers
1.18K photos
120 videos
1 file
1.39K links
📱Әлеуметтік желідегі біздің ресми парақшалар:
🔴YouTube- https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA
🔴Instagram- https://www.instagram.com/informburo31/
🔴Facebook- https://www.facebook.com/informburo31
🔴Tik Tok- https://www.tiktok
Download Telegram
31 NEWS pinned a photo
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В котловане с талыми водами погиб 9-летний мальчик

Трагедия в селе Белкопа Актюбинской области. В котловане с талыми водами погиб 9-летний мальчик. Ученик 4 класса играл с тремя одноклассниками примерно в ста метрах от села.

Поскользнулся, упал в воду и не смог выбраться самостоятельно. Пока подоспели взрослые, ребенок утонул.
‼️Суд над Бишимбаевым

Брат Салтанат Нукеновой Айтбек Амангельды вышел из зала суда, уведомив о своем плохом самочувствии.

Сейчас сторона защиты Бишимбаева зачитывает заключение эксперта по судебно-гистологическому исследованию.

📌Онлайн-трансляцию судебного заседания можно посмотреть по ссылке:

https://www.youtube.com/watch?v=GipdwYJosG0
31 NEWS pinned a photo
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💔Қайғылы жағдай! Су тасқынымен күреске жұмылдырылған құтқарушы көз жұмды

Түркістан облысынан Тайынша ауданына көмекке келген Бекжан Балдановтың жүрек талмасы ұстаған екен.

Ақ халаттылар 45 жастағы маманды аман алып қала алмады.
📢Сағат 13:00-де Су тасқынына байланысты “Информбюроның” арнайы шығарылымын көріңіздер.

📲Онлайн эфир: https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA
31 NEWS pinned «📢Сағат 13:00-де Су тасқынына байланысты “Информбюроның” арнайы шығарылымын көріңіздер. 📲Онлайн эфир: https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құлсарыдағы тасқын: су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр

Атырауда тасқын қаупі әлі де сейілген жоқ. Тек Құлсарының өзінде су астында қалған үйлердің саны үш мыңға жуықтаған. Қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір құтқарушылар, әскерилер мен жергілікті жұрт қапқа құм толтырып, қорғаныс бекеттерін жасап жанталасуда.
Өкініштісі су басқан баспанасын көремін деп кеткен екі адам әлі табылған жоқ. Әкесі мен баласын туыстары, төтеншеліктер екі тәуліктен бері іздеп жатыр. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ.
.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😱Ұзату тойына барған 200 жуық адам уланып қалды

Павлодар облысында тойға барған 200-ге жуық адам уланып қалды.

Жүректері айнып, лоқсыған тұрғындар жаппай медициналық көмекке жүгініпті.

Қазір 28 адам ауруханада жатыр. Қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.
31 NEWS pinned a video
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢«Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлған студент 11 миллион теңге айыппұл арқаламақ

Қызғалдақтың құны. Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қушағына толтырған студент 11 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін.

Сирек кездесетін гүлді жұлғаны үшін 22 жастағы қызға әкімшілік жаза тағайындалады. Оның көлемін сот шешеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
31 NEWS pinned «»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сұлу қызды көлігіне басып, алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды

Шымкентте қыз алып қашқан жігітке сот үкімі шықты. Желіде танысқан аруды көлікке басып алып қашқан маңғыстаулық азамат 4 жыл шартты жазаға кесілді.

Судья айыпталушының сотталмағанын және жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, осындай шешім шығарыпты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында 7 сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды

Жамбыл облысында жетінші сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды. Бір жыл бүркемеленіп, былтыр қозғалған істе бұдан бөлек 13 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Алайда, анасына айтпай аборт жасатып, еш жерге тіркемей гинеколог жалдаған мектеп басшылары жазадан оңай құтылды. Ал анасы сот үкімін бізден естіп аң-таң.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жағдай қиын: Жайық өзеніндегі су деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Батыс Қазақстан облысында тасқынға байланысты ахуал күн сайын қиындап барады. Қазір құтқарушылар қауіп төнген аумақтардан тұрғындар мен қорадағы малды әлі де көшіріп жатыр.

Себебі, мамандар алдағы күндері Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп, тоғыз жарым метрге дейін жетуі мүмкін деп отыр.
31 NEWS pinned a video
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Халық қарсы: шыққанына 15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ

Елімізде такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ, таксишілер машинасына арнайы белгі қоюуы керек. Және жүргізуші картасы болуы шарт.

Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі.

«Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады.

#Бізбіргеміз #31арна #Информбюро
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!»

Телемарафонның басты кейіпкерлері – елімізде болған су тасқыны кезінде батылдық танытып,
өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар.

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың жан тебірентер оқиғалары айтылады. Ресми орган өкілдері апат салдарын жою бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді.

Эфир уақыты: 30 сәуір күні 17:00-ден 22:00-ге дейін.