«Otandastar Qory»
1.26K subscribers
2.19K photos
718 videos
11 files
1.11K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🇨🇳Бейжіңде мәдени орталық ашылады

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында былтыр 27 қарашада Астанада қол қо­йыл­ған Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы тең негізде мә­дени орталық ашу туралы келісім ратификацияланды. Бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, мәдени-гума­нитарл­ық саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Толығырақ карусельден оқыңыз⤴️

Дереккөз: https://egemen.kz/article/365850-beydginhde-madeni-ortalyq-ashylady

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar
Отандастар қорының инстаграмдағы шаблонын қолданып, суреттеріңізді бөліссеңіздер болады

https://www.instagram.com/stories/otandastar_qory/3385087366227230030?utm_source=ig_story_item_share&igsh=MTdwODBtYXBwemo2aw==
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖇️“Отандастар қоры” КеАҚ шетелдегі қандастармен жұмыс департаментінің басқарушы директоры Гүлмира Нұрбаева “Қазақстан” ұлттық телеарнасының @qazaqstantv “Ашық алаң” бағдарламасына қатысып, қандас мәртебесіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

📌Бағдарламаның толық нұсқасын https://qazaqstan.tv/videos/194867 сілтемесі арқылы көре аласыздар
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тағы бір отандасымыз шетелдік өнер ордаларын тәнті етті, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Ол – Оман патшалық филармониялық оркестріндегі жетекші ұстаздардың бірі Сәкен Берғалиев.

Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледж түлегі шекара асып, тәжірибе жинап, қазір Таяу Шығыстағы беделді оркестрлер үшін сабақ береді.

Бұл – Ахмет Жұбановтың «Ариясынан» үзінді. Оны Оман патшалық филармониялық оркестрінің музыканты алдағы емтиханына дайындап, үйреніп жатыр. Ал ұстазы – Алматының тумасы Сәкен Берғалиев. 9 жасынан музыкада жүрген альт аспабының шебері Оманның ең беделді өнер ордасында шәкірт дайындайды.

Толығырақ сюжеттен көріңіздер🙌

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/655176-otandasymyz-oman-patshaly-orkestrinde-stazdy-etip-zh-r
📌Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен бір өңірден еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударғандарды қабылдаудың ережесіне өзгеріс енгізді.

Толығырақ білу үшін суретті жылжытыңыз⤴️

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kandastar-42-mln-tengelk-baspana-sertifikatin-kalay-rasmdeyd-d2afdc/

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar
📢 Халықаралық білім беру корпорациясында @kazgasa.kz ішкі грант ұтып алғыңыз келеді ме? Онда кейін жыл сайынғы «Отанға барар жол» олимпиадасына қатысыңыз!

👏🏻 Сізге жыл сайынғы «Отанға барар жол» олимпиадасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз!

🔖 “Отанға барар Жол” олимпиадасы туған жерінен алыста тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған. Олимпиада аясында Халықаралық білім беру корпорациясы бүкіл оқу кезеңіне гранттар ойнайды

Олимпиадаға кім қатыса алады:
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға

📌 Олимпиада онлайн екі кезеңде және финалы өтеді

🕰️ Олимпиадаға тіркелу 30 маусымға дейін жалғасады.

📝 Егер сіз олимпиадаға қатысқыңыз келсе, отаныңызға оралып, жоғары сапалы білім алғыңыз келсе, профильдегі немесе stories сілтемесіне өтіп, тіркеу формасын толтырыңыз.

🇰🇿 «Отанға барар жол» - бұл сізді табысты болашаққа жетелейтін қадам!

Олимпиадаға тіркелу формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd5Tn_SM4cDYoMvKMJugyM6aHHRH60-X2tXITmiwR51B6YG4w/viewform

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Аспан – қазақ, жер – қазақ, ортам – қазақ, мені қуантатын да, маған қуат беретін де осы. Ауған жерінде туып-өскен біз үшін атажұртқа оралу арман еді. Әлі де талай қандасымыздың арманы. Ал ана тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалғанымыз атамекендегі ағайынға еш қиындықсыз, кедергісіз тез сіңісіп кетуімізге ықпал етті. Мың ауғанның арасында екі қазақ кездессек, қазақша сөйлесетінбіз», дейді Тәжмұхаммед Ахметұлы.

Зерттеушілер Ауған­стан­дағы қазаққа тән ру-тайпа­лар­­дың тарихын үш кезеңге бөліп қарайды: ХV-XVI ға­сыр­­ларда ауған, сосын XIX-XX ға­сырлардағы түрлі ­саяси оқи­ғаларға байланыс­ты кө­шу­ге мәжбүр болған, кеңес­тік жүйенің қуғын-сүргіні, аш­тық пен кәмпескелеу кезінде қо­ныс аударғандар. Ал 1920-1930 жылдары кеткендер өзінің алдында, яғни XIX-XX ғасырда қоныс аударған қазақтарды сағалап барғаны айтылады. Еліміз тәуелсіздік алған соң атамекеніне оралған қан­дас­тарымыздың қатары қалың­да­ды. Оларға мемлекет тара­пынан қолдау көрсетіліп, жағ­­дай жасалды. Мысалы, Ауған­станнан көшіп келгендер мем­лекеттік органдардың кө­мегімен жұмысқа орналаса алды. Деректерге жүгінсек, зия­лы қауыммен қатар, ауған елі­нен келгендер – дәмхана, дүкен, тігін ательесі, металл қабылдау бекеттерінің иелері арасында шағын бизнес өкілдері ретінде де кеңінен танымал. Қызмет көрсету саласында да жұмыс істейді. Түркістан облысына 2020-2024 жылдар аралығында 4 112 отбасын құрайтын 6 338 этностық қазақ қоныс аударып, оларға «қандас» мәртебесі берілген. Ауғанстаннан қоныс аударған 126 этностық қазақ облыстың 6 аудан, қалаларында өмір сүріп жатыр. Тарата айтсақ, 22-сі Сарыағаш ауданында, екеуі – Келес, 28-і Сайрам ауданында, 61-і Түркістан қаласында, 12-і Кентау қаласында тұрып жатыр.

@egemenkz газетіне жарияланған материалдың толық нұсқасын https://egemen.kz/article/365980-atadgurtqa-dgetu-armany-edi сілтемесі арқылы оқи аласыздар

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar
Қазақ қызы Бельгияда сайлауға түсіп жатыр. Жерлесіміз Назгүл БАЛМҰХАН, Брюссель парламенті депутаттығына үміткер, деп хабарлайды Qazaqstan.tv

Ол осы жексенбіде өтетін Парламент сайлауына, Бельгияның ашық фламандтық либералдар және демократтар партиясының атынан түсіп, бақ сынамақ.

Қарағандының тумасы 90-жылдардың басында жұмыс бабымен Бельгияға барып, сол жерде отбасын құрған. Екі баланың анасы. Брюссельдегі сотта орыс, ағылшын, француз, нидерланд тілдерінен тәржімалайтын аудармашы. Қазір партияластарымен бірге саяси науқанға қызу дайындық үстінде.

- Брюссель парламентіне өтіп жатсам сайлаушылардың күнделікті тұрмысын жақсарту үшін көп іс атқарар едім. Сондай-ақ мен Брюссель мен Астананың, Бельгия мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының арасындағы достық қатынасты дамытуға бар күш-жігерімді саламын. Және екі ел азаматтарының байланысын нығайтуға тырысамын, - дейді Бельгияның ашық фламандтық либералдар мен демократтар партиясының мүшесі Назгүл Балмұхан.

- Назгүл Балмұхан адамдарды сендіруге мықты. Егер ол бір істі бастаса, соңына дейін жеткізбей, тынбайды. Ол күні бойы үйді-үйді аралап, пошта жәшіктеріне ақпараттарды салып, сайлаушылардың сеніміне ие болуға тырысып жүр. Ол қазақ қоғамы, Брюссель қоғамы үшін аянбай еңбектенеді. Сондықтан, ол - лайықты кандидат, - дейді Свен ГАТЦ, Брюссельдің қаржы және бюджет министрі, “Open vld” партиясының мүшесі.

Дереккөз: https://qazaqstan.tv/news/194872/

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📣 Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

🇰🇿🇰🇷 Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇰🇷 «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

t.me/aqorda_resmi