Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
****
🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
KAZINFORM: Қазақстанның күй қорына Алтай, Тарбағатай және Іле қазақтарының 160 туындысы қосылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің күй қоры шетелдегі қазақтар арасында сақталған қомақты қазынамен толықты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Астанада еліміздің әр түкпірінен жиналған 18 күйші бас қосты. Олардың бәрі – шетелден көшіп келген қандастар. Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары – күй өнері мектебі негізіндегі 160 тан астам күйді Қазақ радиосы алтын қорына жазып алса, «Абай» телеарнасы күй өнерін насихаттауға арналған «Қос алқа» бағдарламасы жобаның үш бөлімін осы үш өңірге арнады.
Толығырақ kaz.inform.kz сайтында.
@otandastar

❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өзбекстанда қандастар Шәмші әндерін шырқады
Өзбекстанда тұратын қандастар Шәмші әндерін шарықтатты. Көрші елдің қазақтар көп шоғырланған Жоғарғы Шыршық аймағында қазақтың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай ән байқауы өтті. Оған жиырмаға тарта өнерпаз қатысып, композитор шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Шәмшінің артына қалдырған мол мұрасын дәріптеуге, рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған байқау көрерменге ерекше шаттық сыйлады. Қазақ әндерін сағынған зал толы көрермен әрбір шығарманы әншілерге қосыла орындап отырды. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қандастар сазгердің шығармаларын тебірене тыңдады.
Шәмшінің 95 жылдығына арналған ән байқауын қазақ ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырды. Мақсат- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту дейді шараға бастамашы болғандар. Мұндай өнер мерекесі алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Толығырақ: qazaqstan.tv

❤5😍1
2025 жылда 14 828 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан 2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден.
Толығырақ
@otandastar
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан 2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден.
Толығырақ
@otandastar
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qazaqstan.tv: Шетелдегі қандастар атамекен ғылымына үлес қоспақ
Шетелде туып-өсіп, ғылым жолын қуған қазақтар бүгін тарихи отанында бас қосты. 40-тан астам ғалым «Отандас ғалымдар форумына» қатысты. Мұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қонақтардың арасында медицина, агрохимия, тарих, филология, ЖИ және нанотехнология сынды салаларда еңбек етіп жүрген мамандар бар. Жиын олардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына және стратегиялық мақсаттарына бағыттауды көздейді. Форумға Қазақстан ғалымдары да қатысты.
Сондай-ақ жиында «Ұлы дала» халықаралық жобасы аясында шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің кітаптары таныстырылды. Биыл жобаға 25 шығарма ұсынылып, комиссия 9 еңбекті таңдап алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Отандас ғалымдар форумын» дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар. Ал биылғы басқосудан соң арнайы жинақ шығарылмақ.
Отандас ғалымдар форумы | 21.11.2025

Silk Way Tv: Scholars discuss intellectual cooperation at forum in Astana
A Scholars Forum was held in Astana, bringing together more than 100 experts and representatives of national research institutes from various countries. Among them were over 40 ethnic Kazakhs advancing science in more than 12 states. Participants discussed areas of cooperation and presented projects in artificial intelligence, nuclear energy, bio- and nanotechnologies, and medicine. The main goal of this unique platform is to attract the knowledge, technologies, and potential of Kazakh scientists working abroad to support the country’s scientific and innovative development, strengthen partnerships, and showcase Kazakhstan’s intellectual capacity on the international stage. All proposals voiced during the forum will be compiled into a separate report and later submitted to government agencies as recommendations.
Source: silkwaytv.kz

24KZ: Форум учёных в Астане собрал экспертов мирового уровня
В Астане проходит «Форум учёных соотечественников». В нем участвуют академики, родившиеся в Казахстане, но занимающиеся наукой в других странах. Всего 40 экспертов из разных сфер науки из-за рубежа и около 100 учёных и специалистов из Казахстана, передает «24KZ».
Марат Шаяхметов, доцент кафедры агрохимии Омского государственного университета:
- Мы считаем, что такие форумы очень важны с точки зрения того, чтобы казахская научная, так скажем, комьюнити, сообщество во всех странах знакомилась с разработками и, грубо говоря, привносила свои новейшие исследования на процветание не только своих стран но и нашей исторической родины.
Источник: 24.kz

Astana Tv: Шетелдегі қазақ ғалымдар Астанада бас қосты
ДАНИЯР ҚАДЫРОВ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
Ғалымдардың келген бағыттары, ауыл шаруашылығы, агрохимия, ядорлық энергетика, нанотехнологиялар, жасанды интеллект және де филологтар келіп жатыр, осы бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Болашақта ғылыми талдау, сараптамалық зерттеулерге көп назар аударайық деп отырмыз. Өйткені жұмыс істеу үшін алдымен, ғылыми сараптамалық талдаулар керек. Ол талдаудың есесінен біз болашақ жұмысымызды реттеп, негіздеп отырамыз.
ЕРКЕШ ХАМИТҚЫЗЫ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ SUNGKYUNKWAN УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ, ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ:
Мен Қазақстанға алғаш келіп тұрмын. Бүгінгі форум маған жақсы ұнап жатыр. Шетелдегі ғалымдар тек өздері ғана зерттеу істей бермей. Өздерінің білгендерін үйретіп, келешекте Қазақстанға келіп, жұмыс істесе, қазақтарға үйретсе, Қазақстанның дамуына үлес қосса жақсы ма деп ойлаймын.
Дереккөз: astanatv.kz

Құрметті отандастар!
Сіздерді Отандастар қоры ұжымы атынан келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Әлемнің әр қиырында өмір сүріп жатсаңыздар да, қазақтың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіріп келе жатқандарыңыз – үлкен құрметке лайық іс. Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, тарихи Отанмен рухани байланысты нығайта түсуде.
Өтіп бара жатқан жыл өзара ынтымақтастықты күшейтіп, шетелдегі қандастарға арналған көптеген маңызды жобалар мен бастамаларға жол ашты. Алдағы жылы да бірлесе атқаратын жұмыстарымыз жалғасып, білім, мәдениет, ғылым және кәсіпкерлік салаларындағы байланыстарымыз одан әрі кеңейе береді деп сенеміз.
Жаңа жыл әр отбасыға амандық, молшылық, татулық пен қуаныш әкелсін. Баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жарқын жоспарлар мен баянды болашақ тілейміз!
Жаңа жыл құтты, берекелі болсын!

❤5👍1🥰1
Forwarded from Ruslan Zheldibay
5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады.
****
5 января в газете «Turkistan» будет опубликовано обширное интервью Главы государства Касым-Жомарта Токаева главному редактору издания Бауыржану Бабажанулы.

❤3
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді
2026 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінеді:
– қандастар үшін: Павлодар облысы – 977 адам, Ақмола облысы – 285 адам, Абай облысы – 264 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам, Қостанай облысы – 200 адам, Атырау облысы – 125 адам, Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
@otandastar
2026 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінеді:
– қандастар үшін: Павлодар облысы – 977 адам, Ақмола облысы – 285 адам, Абай облысы – 264 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам, Қостанай облысы – 200 адам, Атырау облысы – 125 адам, Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
@otandastar
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Баян-Өлгейде «Телқоңыр» журналының тұсаукесері өтті
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Моңғолия қазақ қаламгерлері кеңесінің бастамасымен жарық көрген әдеби, көркем, ғылыми және танымдық бағыттағы «Телқоңыр» журналының салтанатты тұсаукесері өтті.
Іс-шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен оқырмандар қатысты. Журналдың негізгі мақсаты – қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын кеңінен таныту және әдеби-мәдени байланысты нығайту.
«Телқоңыр» журналының шығармашылық ұжымын тұсаукесермен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.

❤5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланды
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, реформалар қолға алынған кезде жұртшылық оны көп жағдайда түсінбей, қабылдамай жатады. Ондай кезде барлық жауапкершілікті арқалай алатын көшбасшының рөлі айрықша. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай жауапкершілікті өз мойныма аламын. Болашақта да бұған дайынмын. Менімен бірге жұмыс істеп жатқан азаматтар мұны жақсы біледі. Әрине, бұл кедергісі көп, қиын жол екенін түсінемін. Тарихта реформаторлардан гөрі басқыншылар мен популистердің аты көбірек қалып жатады. Бірақ, Қазақстан үшін басқа жол жоқ. Біз бір жерде тоқтап қалмай, алға қарай нық қадам басу үшін реформаларды қалайда жүзеге асыруымыз керек.
Толығырық: turkystan.kz

Шетелдегі қазақ ғалымдарын шақырудың бірегей жобасы керек – Нұршат Нұражы
Бүгін «Turkistan» газетінде Әлия Тілеужанқызының Қытайда туып-өсіп, АҚШ-тың ең мықты университеттерінде зерттеу жүргізген, бүгінде Назарбаев университетінің профессоры қандасымыз Нұршат Нұражы мырзамен сұхбаты шықты.
Сұхбатта Нұршат мырза "Отандастар қоры" мен "Отандас ғалымдар форумы" туралы да пікірін білдірген.
Аталған материалдың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатымен қатар шыққанын да айрықша атап өту керек.
Дереккөз: turkystan.kz
Толығырақ: facebook.com

Америкада туған Айдан атажұртта оқып жүр
Кейінгі кезде «Қазақтың миы қырда жүр» деген пікірді жиі еститін болдық. Миы миллиардқа бағаланғандар мен өз ісін жаңғақша шағатын мамандардың мұхит асып, мәртебесін асырып жүргені туралы талай рет жазылды. Тіпті, орта мектепті бітірмей жатып, 9-сыныптан соң шетелге колледжге түсуді мақсат ететіндер легі көбейіп бара жатқанын да жаздық. Ал Америкада туған Айдан Арғын керісінше 9-сыныптан бастап атажұртында оқу үшін жалғыз өзі Астанаға қоныс аударған. Шыққан тегімді таниын, ана тілімді үйренейін деп келген Айдан екі жылда қазақшасын жақсартып, домбыраны шебер тартады. Осы ретте «Turkistan» газетінің тілшісі Әлия Тілеужанқызы оқушы Айданмен әңгімелескен еді.
Мақала Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатымен қатар жарияланған.