Орамалым—Қорғаным
339 subscribers
86 photos
4 videos
2 files
7 links
Хиджабқа ниетті аруларға арналған жаңа жоба
Download Telegram
Дұға жасау мысалы
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма?
Бүгінгі тапсырмалар түсінікті ма? Қандай сұрақтарыңыз бар?
Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген. 

«Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін (шайтанның азғыруынан, яғни жаман ойлардан) таза болмақ. /Ахзаб, 53/ Құрандағы осы аят «хиджаб аяты» деп танылған. Бұл мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят.

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі «хиджаб аяты» деп саналады. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапты.
«Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Алла олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» ("Нұр" сүресі, 30-31 аяттар).
Хиджабты дәлелдейтін хадистердің ішінде танымал болған мына хадисте:
«Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткені: Әбу Бәкір қызы Әсма (Алла ол екеуіне разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), қасына жұқа киіммен кіріп келеді. Сонда Пайғамбарымыз (ған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), оған қарап: « Әй, Әсма! Қыз бала балиғат жасына жеткен күннен бастап, мыналардан басқа жерлері көрінбеуі керек», – деп, беті мен екі қолын (білезігіне дейін) көрсетті» (Әбу Дауд).
Байқағанымыздай, әйелдің жабық жүруі аяттар мен хадистерде міндеттелген, сол себепті, дін мамандары хижаб киюді парыз амалына жатқызады, парызды елегісі келмейтіндер күнә жасаған болады, ал, оны мүлде мойындамайтындарға келсек, олар күпірлік етушілерден болады, себебі Құранның анық аяттарын жоққа шығарады.

Сондықтан, бір себептермен хижаб кигісі келмей немесе мұны өзіне ауыр санайтын мұсылман қыздарына айтарымыз, хижаб жайында өз сөздеріне өте абай болса екен, мысалы, хижабты ортағасырлық дін мамандарының ойдан шығарғаны деп санау, әйелдің өмірін қиындату үшін ер адамдардың ойлап тапқан қисынсыз қалауы деп айтудан аулақ болған жөн.
Бұл жіберіліп жатқан ақпараттарды мән беріп оқып алыңыздар, елеусіз қалмасын, онда маңызды дәлелдер келтірілген, сізгедерге керек болады Ин шәә Алла. Қажет болса, кей жерлерін жазып алсаңыздар да болады❤️