Орамалым—Қорғаным
339 subscribers
86 photos
4 videos
2 files
7 links
Хиджабқа ниетті аруларға арналған жаңа жоба
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл қыз бар жоғы 13-те және ол орануға ниет етіпті. Жақындарының қолдауын қараңыздар😍
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ🤍
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Құрметті Аруларым! Қалдарыңыз қалай? Кеш жазып тұрғаныма айып етпеңіздер🥰
Менің есімім — Жансая Ерболатқызы, @zhannyn_sayasy_ парақшасын жүргіземін. Альхамдулиллах, орамалдамын, орамалға қиындықтамен, сынақтармен келдім, сондықтан араларыңыздағы кейбір аруларын жағдайын мен де түсінемін! Ендігі ниетім Ин шәә Алла, Раббымыз берекесін беріп жатырса, осы телеграм каналын сіздер үшін барынша пайдалы ету, орамалдың маңыздылығы мен құндылығын түсіндіріп, екіойлы аруларға қолдау көрсету болмақ
Бұл каналдағы пікірлер бөлімін әдейі ашып қойдым, сонда сіздер тақырып бойынша сұрақтарыңызды қойып, орындаған тапсырмаларыңыздан фотоотчёт жіберіп отыратын боласыздар Алла қаласа!
Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!
Маңызды:
1) Чатқа тек тақырыпқа қатысты сұрақ қоямыз (ақида, сира, фикх, т. б. діни сұрақтар қоймаймыз)
2) Сұрақ қояр алдында "Сұрасам болады ма? т. б. сияқты сөздер жазбай, өз мәселемізді 1 хатпен жазамыз мүмкіндігінше.
3) Өзге қатысушыларға құрметпен сөйлесу, тек жақсы сөз сөйлеу.
4) Артық әңгімелер айтпау, тек тақырыпқа, жазбаларға қатысты.
Осы каналда ер азаматтар болса, шығып кетулеріңізді сұраймын, ерлерге кіру—харам! Тек қыз балаларына арналған.
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, Аруларым! Аллаh әр күндеріңізді берекелі етсін! Ал, Бисмиллях, бірден тапсырмаларға көшейік! ⬇️
Тапсырмалар:

1) Ниетті түзету! Кімнің разылығы үшін тағуға ниет еттіңіз, нақтылап алыңыз, Аллаға тәуекел етіп, тек дұға жасауды әдеттегіден де көбейтіңіз! Мысалы:
"Раббымның разылығы үшін орануға, бөтен көздерден өз сұлулығымды, арымды сақтап, сол арқылы Фирдаус Жәннәтына лайықты, Раббымның "Саған разымын!" деген құлдарының қатарынан болып, екі дүниеде де бақытқа, жақсылыққа қол жеткізуге ниет еттім!"

2) Желіде өз суретіңіз тұрған болса, өшіріп тастаңыз. Оның орнына табиғаттың, гүлдердің орамалды қыздардың суреттерін қойсаңыздар болады (айта кетер жайт, орамалды қыздың түрі көрінбеген дұрыс, мүмкіндігінше артқа қарап тұрған, телефон, гүл ұстап тұрған қызды қоюға болады, немесе мен салған суреттерден біреуін алып, соны қойсаңыздар болады)

3) Пайдасыз, Исламға қатысы жоқ блогерлер мен парақшалардан отписка жасау (олар сізге әсер етеді! Олардың уақытша "рахаттарына" қызығып сіз де солар сияқты болуға, солай киінуге, солай ойлауға талпынып, бейсаналы түрде оларға ұқсап бастайсыз)
Ал біздер шын мәнінде кімге ұқсауымыз керек? Осы сұрақты өзіңізге қойып, жауабын таба аласыз.

4) Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз.

Жоғарыдағы танысу жазбасының астында арулар өз аты-жөндерін қалдырып кеткен, сол аты-жөндері бойынша әрқайсысын атап отырып дұға етсеңіз, нұр үстіне нұр!😍

Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️

5) Төмендегі жіберілген кітаптан үзінді беттерді оқып шығып, қажетті жерлерін дәптерге жазып алу, чатқа фотоотчёт жіберу.

Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Ниетті түзеттім)
2-ші тапсырма: ✔️ (желіден өшірдім, немесе желіде суретім жоқ)
3-ші тапсырма: ✔️ (Пайдасыз блогерлерге емес, Алланың разылығына ұмтылған Хадиша, Айша, аналарымызға ұқсағым келеді (өз нұсқаңызда))
4-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)
5-ші тапсырма: ✔️ (Оқып шықтым, керекті жерлерін жазып алдым + жазғандарыңыздың суретін жібересіздер)