АСЫЛ НАСИХАТШЫ
655 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
🖋️Инста жайылымындағы қойлар мен оларды аңдыған аш қасқырлар жайлы.

Кім айтпаған тақырып..
Менде өз ойымды білдірейін..


"Тұрмысқа шыққанша өзімді көрсетіп алайын, сосын ешкімнің көзіне түспеймін ғой" деп жүрген қыздардың ойын түсіну қиын. Бізге де, сізге де түсінікті болуы үшін төмендегі сұрақтарға ой жүгіртейік!

🔸Көзге көп түскен кейпіңде еріңнің көзіне қалай қарайсың?

🔸Көзге түсуші қыздардың арасынан сені таңдаған болса, саған дейін неше қызға қарады екен?

🔸Сенен кейін қыз қарамай өзін тежеу жағы қалай болады екен?

🔸Саған (некеден кейін) қарап отырып сыңарын (сені) іздеп жүргенде көзіне түскен қыздардың бірі ойына келмейді ме екен?

🔸Сен еріңнің алдында көзайым болып отырған уақытта (сен сынарымның көзіне түсейін, нәзіктігімді, қылығым мен болмысымды байқасын деп жүрген уақытта көзі түскен) басқа еркектердің бірінің ойында болмайды ма екенсің?

Ұят кетсе, барлығы кететіндей - ақ..

🔸Өзің осындай болып, өзің сияқты еркекке жолықсаң, сендерді кім тәрбиелейді?

🔸Сендерден болатын ұрпақтың ізгілігі сендерді толғандырмайды ма?

🔸Толғандырады, ойлаймыз, армандаймыз дерсің. Бірақ сол нәрсеге қол жеткізу үшін не істедің қарындасым? Болмысыңды көрсету арқылы улы жебені көзіне оттай басып, жүрегінен орын алдың ба? Осы іс пе сенің болашақ ізгі ұрпақ үшін тындырғаның?

🔸Сен ше бауырым, не істедің? Бұл үмметке қамқор, жанашыр болатын ұрпағыңның анасы сұлу болсын деп көңіліңнен шығатын тәнді іздедің бе?

🔸Үммет деген ұрандарыңда нені меңзейсіңдер? Нені сезінесіңдер? Жауапкершіліктің жүгі қаншалықты ауыр басады? Бұл діннің туын көтеретін ұрпақ осындай санамен ой түйетіндердің шаңырағынан шығады ма? Қалай ойлайсың?

🔸Үмметтің жағдайы үшін өзіңді осы болмашы нәрседен тыя алмасаң, Аллаһ Елшісінің ﷺ аманатына деген беріктігің қайда? Үммет үшін іс қылу дегенді статус, ава, история т.с.с. жерлерде бір екі фото н/е жазба шығару деп ойлайтын сияқтысыңдар. Аллаһ ﷻ бізді рақым етсін
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa #daģýat
Forwarded from صبر🦋 (ميرويرت)
“Жақсы әйел” өлеңінен үзінді:

Кісіден бұрып жүзін, дәрет алып,
Құдайдың қызметіне талаптанып.
Намазын бір оңаша жерге оқиды,
Басына, иба қылып, бүркеу салып.
Бүркеніп бір қолына құман алар,
Жерді іздер адам көрмес, бой тасалар.
Мысықтай жалтаң іздеп, жасырын боп,
Аяндап бір өзектеу сайға барар.
Құманға жолдас болмай, қатын оңбас,
Ісіне нас ұрғашы көндің толмас.
Дәретке әдеттенсе жынысы әйел,
Ыдыста іші қуыс кіршік болмас.
Табылса мұндай әйел, нұр болады,
Басқадан дәрежесі зор болады.
Осындай кей уақытта көп перизат,
Надан боп алған байы, қор болады.
©әулие Мәшһүр Жүсіп

#daģýat

https://t.me/taammul