АСЫЛ НАСИХАТШЫ
700 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
Ас саламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ🦋
Қалайсыздар?)
ұзақ уақыттық үзіліспен қайта келдііім
парақша бағытын тек қана қыздарға арналған парақша етсек қалай?
Anonymous Poll
84%
Қолдаймын😍
16%
Қолдамаймыын🤯
📚 Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тозақ – тән құмарлықтарымен, жаннат болса (нәпсіге) жағымсыз нәрселермен көмкерілген», – деп айтты», – делінген .
✏️ (Бұхари, риқақ 28; Муслим, жәнна 1).
📚 Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деп айтты» – делінген.
✏️ (Тирмизи, рада 11).
Усама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйел затынан да зиянды сынақ (арбап, азғырушы) қалдырмадым», – деп айтты» – делінген.
(Бұхари, никах 17; Муслим, зикр 97).

@asyl_nasikhatshy
📚 Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ тағала қызғанады. Аллаһтың қызғанышы адам баласы (шайтанға еріп) Раббысының харам еткендерін істегенде оянады», – деп айтты», – деген.
✏️ (Бұхари, никах 107; Муслим, тәубә 36).
📌 Түсініктеме: Яғни, Аллаһ тағала қызғанады дегенді «Өзінің ұлылығына лайық абыройын ешкімге таптатпайды, әрі өзі жаратқан құлының шайтанның жетегінде кетіп, күнәға батқанын қаламайды» деп түсінеміз, өйткені иләһи бұйрықтарға құлақ аспай шайтанға еріп, күнә жасау Аллаһ тағаланың қаһарына ұшыратады.

@asyl_nasikhatshy
Қарап отырып ойлаймында...

Салихалы әйел болуға ниетті қыздың ең бірінші дұғасына қосар сөзі
«Я, Робби, Өзіңе мойынсұған, Пайғамбарға (салаллаһу алейһи уәссәлам) және өзіне бойұсындыратын жар нәсіп етші!» болуы керек секілді...

Салихалы жар іздеген ер азаматтарға да солай.
«Я, Робби, Өзіңе мойынсұған, Пайғамбарға (салаллаһу алейһи уәссәлам) және маған бойұсынатын адал жар нәсіп етші!» деуі орынды ма дейміз.

Себебі, Алла Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер, Аллаға мойынұсыныңдар және елшіге сондай-ақ, араларыңдағы билік иесіне бойұсыныңдар» - деп бұйырған(Ниса, 59).

Қыз баласының тұрмысқа шыққаннан кейінгі басшысы — ақ некелі жары❤️
Forwarded from صبر🦋 (ميرويرت)
“Жақсы әйел” өлеңінен үзінді:

Кісіден бұрып жүзін, дәрет алып,
Құдайдың қызметіне талаптанып.
Намазын бір оңаша жерге оқиды,
Басына, иба қылып, бүркеу салып.
Бүркеніп бір қолына құман алар,
Жерді іздер адам көрмес, бой тасалар.
Мысықтай жалтаң іздеп, жасырын боп,
Аяндап бір өзектеу сайға барар.
Құманға жолдас болмай, қатын оңбас,
Ісіне нас ұрғашы көндің толмас.
Дәретке әдеттенсе жынысы әйел,
Ыдыста іші қуыс кіршік болмас.
Табылса мұндай әйел, нұр болады,
Басқадан дәрежесі зор болады.
Осындай кей уақытта көп перизат,
Надан боп алған байы, қор болады.
©әулие Мәшһүр Жүсіп

#daģýat

https://t.me/taammul
Жігітке 50 үйден тыйым:

1. Құмар ойнауға
2. Дінді өз мүддесіне сай өзгертуге
3. Жалған намысқа салуға
4. Біреудің жеке өміріне араласуға
5. Ата-бабасымен ғана мақтана беріп, өзі әрекет етпеуге
6. Ауызға келгенді бөсіп сөйлей беруге
7. Сұрамаған адамға ақыл айтуға
8. Еріншек, жалқау болуға
9. Өз ісіне жауапкершілік алудан қашуға
10. Екі сөйлеп, екі жүзді болуға
11. Өтірік айтуға
12. Қызға қол көтеруге
13. Қызға тіл тигізуге
14. Ерсі күлуге
15. Жарына еркіндік бермей, дамуына жағдай жасамауға
16. Қайтара алмайтынын біліп, қарыз алуға
17. Зина жасауға
18. Өсек-аяң тасуға
19. Білімге ұмтылмауға
20. Әлімжеттік көрсетуге
21. Жігерсіз, ынжық, ез болуға
22. Мақтаншақ болуға
23. Қоршаған ортасына жаны ашымауға
24. Ішімдік пен шегімдікке салынуға
25. Баласына тәрбие беруден қашуға
26. Өзі табыс таппай, әйелінің не әке-шешесінің мойнына асылып алуға
27. Жұмыссыз жүруге
28. Ысырапшылдыққа жол беруге
29. Қатыгез болуға
30. Қара басының ғана қамын ойлауға
31. Тек дәстүрге ғана жатып алып, жаңашылдықтан безуге
32. Тәкаппар болуға
33. Нәпсіқұмарлыққа
34. Жағымпаздануға
35. Әсіредіншіл болуға
36. Кісіні қорлауға
37. Қоғамдық жұмыстан қашуға
38. Жеңіл ақшаға үйір болуға
39. Көреалмаушылық пен қызғанышқа салынуға
40. Тұлғалық дамудан қашуға
41. Ксенофобия, сексизм, эйджизмге жол беруге
42. Жемқорлыққа жол беруге
43. Болашаққа үңілуге тырыспай, өткенмен өмір сүре беруге
44. Дүниеге байлануға
45. Өзгенің пікірін құрметтемеуге
46. Мәдениетсіз болуға
47. Қызды еркіне қайшы алып қашуға
48. Ұрлық жасауға
49. Сыртқа шығып, ел көруге талпынбауға
50. Шектен тыс той тойлауға.
Forwarded from толқын ~
тоуф не деген сөздер и))

Асыл болса алған жар "Ханым" емей немене,
Жайлы болса мінезі "Жаным" емей немене!

Жақсы әйел – жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа шекер жентіндей!

Мүмкін сен бұл әлемде өзгелер үшін жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл ғаламсың!
Forwarded from 𝓤𝓪𝓰𝔂𝔃_𝓷𝓪𝓼𝓲𝓱𝓪𝓽
Интересный факт:

Мужчины знают как должна вести себя девушка-мусульманка,

Но при этом не знают как должен себя вести мужчина-мусульманин‼️
Forwarded from SMM by Arailym
Жалпы расымен болмайтын сасық бір "атақ-даңққа" ,"танымалдылыққа" жақын келеді екенбіз беее деп қоям...
Forwarded from SMM by Arailym
Қазір сенің кім екеніңді телеграм каналың айтып беретін сияқты неғыса
Forwarded from 𝓤𝓪𝓰𝔂𝔃_𝓷𝓪𝓼𝓲𝓱𝓪𝓽
Жігітте 3 нәрсе болуы шарт:

Ұяты, Адалдығы және Намысы.

Жігіттің шынайы ұяты болса, ешқандай қызга некесіз жоламайды. Себебі ол Алладан ұялады.

Жігіт шынайы адал болса, болашақ жарына, тіпті оның кім боларын білмесе де адал таза күйінде қосылғысы келеді. Болашақ жарына отбасын құрмастан адал болган жігіт, отбасы құрганнан кейін де адалдығын жоғалтпайтыны анық..

Жігітте шынайы намыс болса, ол әр қызға қарындасындай- әпкесіндей қарайды. Қыз бұзылған болса да, оны тура жолға салуға тырысады.

Қазақтың әр жігітінің бойында осындай құндылықтар болсын!