ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
бапталған бақша көзге қуаныш сыйлағандай көңіл де бапталса бағбанына бақыт нұрын себелейді… біреуді ренжітіп алмайын деп тырысу – жылы жүректің айшығы, ал кешірім сұрап кішірею мен кешіре білу – адамдықтың айнасы…

Құдай бізді Өзінің жаратылыстарын ренжіткендердің қатарынан емес, қуантқандардың алды етсін…

#UN_notes
11
жазғым келмейді.
жұрнақ болып, арқау болып, негіз болып жазылғым келеді. қойын дәптеріңнің парақтарындағы ең асыл, ең ізгі, ең қадірлі сырларыңа көрші болғым келеді. олар мені, мен оларды құшардай. сол сырларың маған жазылған сөздердің құнарына қызғана қарайтындай…

ұйқастырғым келмейді.
сен жазар өлеңдердің ұйқасына айналғым келеді. сені тербеген, маздатқан, тыпырлатқан шабыттың туындысына айналып, қауырсыныңнан шығар көк сия болып ақ парақты таңбалағым келеді. өшпес, ұмытылмас, мәңгі ұйқастар оқылғанда тек мені меңзеп тұратындай…

#UN_notes
14
өз-өзіңе серік бол, дос бол, қамқоршы бол. Құдайға бет бұр, сосын өз-өзіңді зерделе. нені жақсы көріп, нені ұнатпайтыныңды таны. өз-өзіңнің алдында құрметті бол, бағалы бол. ол үшін… сөзіңде тұр, кішкентай бірақ тұрақты қадам жасап, алға ұмтыл, шекараңды қорға, өзіңді аяла, жанашыр бол. кейде саған бұл жол ауыр болып көрінуі мүмкін, бірақ бір күні талабыңа қарай өмір өзінің бақшасынан құнарлы жемісін бермек…

#UN_notes
22
ересек болу…

кейде аңсарың аумағанды нәтиже үшін жасауың керек, ал бірде қалап, тілеп жүргеніңнен табан астынан бас тартуың керек. жаныңдағы алай-дүлей боранды қиыннан қиыстырасың, бірақ сыртқа сыр бермейсің. ішіңдегі балақай ше? жер тепкілеп жылайды, сыртыңдағы ересек оны сабырға шақырады.

бірде тұңғиыққа батып бара жатсаң, сол құрдымнан алып шығатын да сол бір ересектік. ересектікпен ілесе келетін ащы терің, адал еңбегің, қоладан да қатты шыдамың, шындықты қабылдауың мен түйсінуің.

шытынасаң, берілсең, артқа қарай жүгірсең, жаныңды жегідей жегізер қатал ұстазың, сыншыл ақылшың да сол ересек өзің. бір сәттік импульспен бәрін өз қолымен бұзатын ерке балақайды жөнге салатын тағы сол ересектігің.

кей сәттерде ересек болу қиын-ақ…

#UN_notes
9
сәтсіз сәт – сіз
#UN_notes
6
өмір сүре келе бақытты байқай бастайды екенсің. мен де байқай бастадым.

ол… менменсіген өзімшіл емес. даңғараға мен жылтыраққа үйір қуыскеуде де емес. атағың, дүниең, жиған-тергенің оған бес тиын. оның құнды, бағалы, мәнді деп бағамдар өлшемжүйесі мүлдем басқа.

ең алдымен бақыт бізден де сабырлы. ол сызылған кербез, сылқым қыздай баяу, интроверт. иә, иә, нағыз интроверт! егер менмұндалап айқайласа, бұл бақыт емес, бақыттың маскасын тағынған айлакер. ал шын бақыт көп сөйлемейді, дәлелдеуді қажет етпейді, көпке көрінсе, ұяң тартар сондай бір үйлесімді мінезі де бар. шіркін-ай, әр адамға түрлі кейіпте келер қасиетін де айтсаңшы!

мен білетін бақыт… сені шексіз қабылдай алатын жақыныңның құшағында, оның уайымы мен қажет етуінде. жер басып жүрсең, сол жерді кеңінен құшып жүрген табаныңның астында. денің сау болса, сен деп күні-түні дамыл таппас ағзаңның қызметінде. түннің бір ортасында уайымнан дөңбектей бергеніңде үміттеніп бір сұраған дұғамен ытқып шығар шық-моншақ жасыңда. біле білсең, дер кезінде айтылған, дер кезінде иесіне жеткізілген сөздердің мәнінде де бір жасырынған бақыт бар. уақытылы домаланған шаруада да мөлтілдеген бақыт жатыр. таңның атысы, кештің батысы еңбек етіп, жеген адал наның да бақыт. оны қанағат етуің бір бақыт, жаныңдағыларға бөлісіп жегізгенің мың бақыт…

адамның өзінің қарапайым өмірінен жеріп, жылтыр көрініске үйір болуы болмысынан болар.

бірақ… бір сәт бақытыңды көкірек көзіңмен көрдің бе? әр адамға бақыт түрлі мәнмен тарамдалып, мөлшерімен, өлшеміміен, себебімен келеді. айналып өтпейді, қалыс қалмайды, кешікпейді де…

ал саған бақыт бүгін қандай мәнмен келді, қандай кейіпте көрінді? сол келген бақытты теуіп, итеріп, таптап кетпедің бе?

#UN_notes
8🔥4👍1🥰1
бірақ өмір деген қандай, иә?

бақыт туралы жазба жазасың, біраздан соң көңіл күйің түсіп, жылап аласың🥹
10🥰2😢1
ай әдемі емес екен…
3
Бақытымның сезінші ұйытқысын,
Сені көрер ғажайып, жүйрік түсім.
Біз жүретін жолдарды түйістіріп,
Өмір өзі өткерсін бұйрықты ісін.

Әлемімді көр менің күннен жарық,
Айды сосын ұрлайық түннен-ғаріп.
Бұл менің бұлыңғырлау қиялым ғой,
Анығын ше сұрайын кімнен барып?

Бүгінде мен жағатын алау бәсең,
Алауға бәсеңсіген қарау да әсем.
Көңілім жапырақтай ілініп тұр,
Сөнбеген үміттерім бар-ау десем…

#UN_poetry
2023
9
Келші шайға.
Бәрін ұмыт. Келші шайға. Шақырам.
Бал қосайын бітсе сендік ақыр(ы) ән.
Ешкім білмес жүрегіңнің түкпірін
Қазбалаумен таңды талай атырам…

Таңбасы көп беймәлім бір тақтай дер,
Жүрегіңді дәл өзімдей бақпайды ел…
Дүниелік бар шаруаңды ұмытып,
Шайға келсең, сағатыңды тақпай кел…

Ішкен шайың - қуаты мол қаруым,
Дәруім жоқ, қосатұғын бал - уым.
Сен жайлы білем бәрін, ал сен ше?
Қашан бітер мені терең тануың?

Шөлің қанбай, шайдың түбі бітпесін,
Қиял құс ше? Қанаттарын тіктесін.
Әңгімемді тәттірек де шайымнан,
Сені ұзақ тағат таппай күткесін...
Ұ.Н, 04.06.23
#UN_poetry
🔥82
5
Forwarded from men❤️‍🩹 (Aryn Qunanbai)
Шынында, біздің кемшін тұсымыз сол – күрделі шешім, қиын қисын, түсініксіз тұжырым іздеп кетеміз.
Бәрі қарапайым. Жеңіл. Оңай.
Сүйіншілеп үйреніңіз.

Біреуге құшақ керек.
Біреуге бір ауыз қолдау сөз керек.
Біреуге тыңдар құлақ керек.
Біреуге бір хабарламаң жетіп жатыр.
Біреу болмашы бір назарға мұқтаж.
Біреулер бар сенің бірінші боп кешірім сұрағаныңды, оның жанына барғаныңды, орныңнан тұрып сәлем бергеніңді, сөз бергеніңді, жол бергеніңді, бас изегеніңді, көз қысқаныңды күтеді.
Жай ғана. Сен бірінші боп қадам жаса.


🕯Күтпе. Күтіп үйренбе.
9👍1
Инфантильная любовь следует принципу: «Я люблю, потому что меня любят». Незрелая любовь говорит: «Я люблю тебя, потому что ты мне нужен». Зрелая любовь говорит: «Ты нужен мне, потому что я тебя люблю».
10
жиырма алтыншы көктемім…

Жасағаным, шүкір дедім…
бергеніңе, алғаныңа, сыйлағаныңа, жетелегеніңе, сынағаныңа, өсіргеніңе, тіршілігімді дөңгелеткеніңе, қыбырлап жүріп біреуге пайдалы бола алғаныма, жыбырлап жүріп жеткізіп жатқаныңа…
15👍1
жапырақпын. жапырақтардың ішіндегі ең кішкентайы, ең жұқасы мен сияқтымын.

мөлшерінен көп күн түссе құрғап, мезгіліне бағынатын. жел соқса, қоярға жер таппай, шайқалып, ық іздейтін. шексіз үміттер мен күдіктерден жұқарып, сарғаятын. жайлылықты жақсы көретін, жылулыққа құштар. діңгегінен нәр алатын, іздегенге көлеңке болатын, өзіндік орны бар, көп ішіндегі бір жапырақпын…
#UN_notes
7
дәл осы қалпыңмен сен толық тұлғасың, ғажап бір жаратылыссың, жүрек.

сені өзгертіп те, түзетіп те, кішірейтіп те, тіпті көркемдеп те қажет емес. осы сәт пен мынау жарық дүниеге сенің қазіргі қалпың керек.

өзіңді сынағаныңнан, жек көргеніңнен емес, жақсы көргендіктен өсіп, жетіл.

біреуді мүсіркеп, аяғаннан емес, артылғанның есебінен, алғыстан бер.

айналаңды есеппен, қайтарым күтумен емес, естілігіңмен, шартсыз сүй.

өзіңді жеме, кемітпе, сынама…

келістік?

#UN_notes
9
«Қалаң неге әдемі айтайын ба?
Себебі сол шаһарда сен тұрасың…»
8
«Есть люди, которым мы желаем спокойной ночи, даже если они нас не слышат… Есть люди, о которых мы думаем, едва лишь открываем утром свои глаза… Они не рядом, но в то же время, всегда с нами, в самом сердце. Есть такие улыбки, которые мы дарим только им, надеясь что внутренний свет, который мы им посылаем, дойдёт до их души. Есть такие люди, иногда далекие, но всегда бесконечно близкие нам, которых нам ужасно хочется обнять в данную минуту. О них мы думаем весь день, забираем их с собой в дальние города и страны. О них мы молимся и переживаем. По ним мы очень скучаем. И какой бы океан молчания и недопонимания ни разделял нас, мы всегда готовы услышать их тёплое и такое родное «привет»…»
7
Сап–көңілім сағым ойға шағылып,
Қызғалдақтай жайқалады бақ-үміт…
Сені ұмытқан кездерім жоқ, қадірлім,
Сені ойлап, сағынатын шақ – ұлық…

Түн ортасы… Дұға етем сопыдай,
Тәпсіріңе сана керек шоқыдай…
Әлімсақта жолыққандай рухымыз,
Шешім берші жұмбағыңа, о, Құдай…

Қиялымды болмысыңа құр түйген,
Ғаламат-ау бірге жанып, бір күйген…
Әрекетке жарымаған шарасыз,
Құтқаратын кім бар мені бұл күйден?

Сабырым да, тағатым да іркілген,
Күдігімнің кірбіңі көп түртілген….
Ей, Қуатым, кетейінші айналып,
Біз бақытты болатұғын бір күннен…

Бүгін тағы іштей мен сарылдым көп,
Арқалаған жүгімнен арылғым кеп…
Бағым болсаң, өзің-ақ жазар едің,
«Алып-ұшып келейін, сағындым!» деп.

#UN_poetry 15.04.26
6
Махаббат – етістік. Ұғыну, білу, сүйсіну, жан ашу, қуанту, жұбату, жай ғана сүйгеніңнің қасында болу, демеу, қамқорлық таныту. Бұның бәрі энергия мен іс-қимылды қажет етеді.

Бұл жалғанда әрекет пен қажырлықты қажет етпейтін істердің жалғызы – ұйқы.

Онсыз да жалғыз өмірімізді әрекетсіз, қажыр-қайратсыз, мейірім-махаббатсыз, «қалың ұйқыда» өткізіп алмайық…

#UN_notes
❤‍🔥82
«Айға да іздеп жетер ем
Жаным өзің «кел» десең»

🦋🕊️
7🍓1