ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
өмір сүре келе бақытты байқай бастайды екенсің. мен де байқай бастадым.

ол… менменсіген өзімшіл емес. даңғараға мен жылтыраққа үйір қуыскеуде де емес. атағың, дүниең, жиған-тергенің оған бес тиын. оның құнды, бағалы, мәнді деп бағамдар өлшемжүйесі мүлдем басқа.

ең алдымен бақыт бізден де сабырлы. ол сызылған кербез, сылқым қыздай баяу, интроверт. иә, иә, нағыз интроверт! егер менмұндалап айқайласа, бұл бақыт емес, бақыттың маскасын тағынған айлакер. ал шын бақыт көп сөйлемейді, дәлелдеуді қажет етпейді, көпке көрінсе, ұяң тартар сондай бір үйлесімді мінезі де бар. шіркін-ай, әр адамға түрлі кейіпте келер қасиетін де айтсаңшы!

мен білетін бақыт… сені шексіз қабылдай алатын жақыныңның құшағында, оның уайымы мен қажет етуінде. жер басып жүрсең, сол жерді кеңінен құшып жүрген табаныңның астында. денің сау болса, сен деп күні-түні дамыл таппас ағзаңның қызметінде. түннің бір ортасында уайымнан дөңбектей бергеніңде үміттеніп бір сұраған дұғамен ытқып шығар шық-моншақ жасыңда. біле білсең, дер кезінде айтылған, дер кезінде иесіне жеткізілген сөздердің мәнінде де бір жасырынған бақыт бар. уақытылы домаланған шаруада да мөлтілдеген бақыт жатыр. таңның атысы, кештің батысы еңбек етіп, жеген адал наның да бақыт. оны қанағат етуің бір бақыт, жаныңдағыларға бөлісіп жегізгенің мың бақыт…

адамның өзінің қарапайым өмірінен жеріп, жылтыр көрініске үйір болуы болмысынан болар.

бірақ… бір сәт бақытыңды көкірек көзіңмен көрдің бе? әр адамға бақыт түрлі мәнмен тарамдалып, мөлшерімен, өлшеміміен, себебімен келеді. айналып өтпейді, қалыс қалмайды, кешікпейді де…

ал саған бақыт бүгін қандай мәнмен келді, қандай кейіпте көрінді? сол келген бақытты теуіп, итеріп, таптап кетпедің бе?

#UN_notes
8🔥4👍1🥰1
бірақ өмір деген қандай, иә?

бақыт туралы жазба жазасың, біраздан соң көңіл күйің түсіп, жылап аласың🥹
10🥰2😢1
ай әдемі емес екен…
3
Бақытымның сезінші ұйытқысын,
Сені көрер ғажайып, жүйрік түсім.
Біз жүретін жолдарды түйістіріп,
Өмір өзі өткерсін бұйрықты ісін.

Әлемімді көр менің күннен жарық,
Айды сосын ұрлайық түннен-ғаріп.
Бұл менің бұлыңғырлау қиялым ғой,
Анығын ше сұрайын кімнен барып?

Бүгінде мен жағатын алау бәсең,
Алауға бәсеңсіген қарау да әсем.
Көңілім жапырақтай ілініп тұр,
Сөнбеген үміттерім бар-ау десем…

#UN_poetry
2023
9
Келші шайға.
Бәрін ұмыт. Келші шайға. Шақырам.
Бал қосайын бітсе сендік ақыр(ы) ән.
Ешкім білмес жүрегіңнің түкпірін
Қазбалаумен таңды талай атырам…

Таңбасы көп беймәлім бір тақтай дер,
Жүрегіңді дәл өзімдей бақпайды ел…
Дүниелік бар шаруаңды ұмытып,
Шайға келсең, сағатыңды тақпай кел…

Ішкен шайың - қуаты мол қаруым,
Дәруім жоқ, қосатұғын бал - уым.
Сен жайлы білем бәрін, ал сен ше?
Қашан бітер мені терең тануың?

Шөлің қанбай, шайдың түбі бітпесін,
Қиял құс ше? Қанаттарын тіктесін.
Әңгімемді тәттірек де шайымнан,
Сені ұзақ тағат таппай күткесін...
Ұ.Н, 04.06.23
#UN_poetry
🔥82
5
Forwarded from men❤️‍🩹 (Aryn Qunanbai)
Шынында, біздің кемшін тұсымыз сол – күрделі шешім, қиын қисын, түсініксіз тұжырым іздеп кетеміз.
Бәрі қарапайым. Жеңіл. Оңай.
Сүйіншілеп үйреніңіз.

Біреуге құшақ керек.
Біреуге бір ауыз қолдау сөз керек.
Біреуге тыңдар құлақ керек.
Біреуге бір хабарламаң жетіп жатыр.
Біреу болмашы бір назарға мұқтаж.
Біреулер бар сенің бірінші боп кешірім сұрағаныңды, оның жанына барғаныңды, орныңнан тұрып сәлем бергеніңді, сөз бергеніңді, жол бергеніңді, бас изегеніңді, көз қысқаныңды күтеді.
Жай ғана. Сен бірінші боп қадам жаса.


🕯Күтпе. Күтіп үйренбе.
9👍1
Инфантильная любовь следует принципу: «Я люблю, потому что меня любят». Незрелая любовь говорит: «Я люблю тебя, потому что ты мне нужен». Зрелая любовь говорит: «Ты нужен мне, потому что я тебя люблю».
10
жиырма алтыншы көктемім…

Жасағаным, шүкір дедім…
бергеніңе, алғаныңа, сыйлағаныңа, жетелегеніңе, сынағаныңа, өсіргеніңе, тіршілігімді дөңгелеткеніңе, қыбырлап жүріп біреуге пайдалы бола алғаныма, жыбырлап жүріп жеткізіп жатқаныңа…
15👍1
жапырақпын. жапырақтардың ішіндегі ең кішкентайы, ең жұқасы мен сияқтымын.

мөлшерінен көп күн түссе құрғап, мезгіліне бағынатын. жел соқса, қоярға жер таппай, шайқалып, ық іздейтін. шексіз үміттер мен күдіктерден жұқарып, сарғаятын. жайлылықты жақсы көретін, жылулыққа құштар. діңгегінен нәр алатын, іздегенге көлеңке болатын, өзіндік орны бар, көп ішіндегі бір жапырақпын…
#UN_notes
7
дәл осы қалпыңмен сен толық тұлғасың, ғажап бір жаратылыссың, жүрек.

сені өзгертіп те, түзетіп те, кішірейтіп те, тіпті көркемдеп те қажет емес. осы сәт пен мынау жарық дүниеге сенің қазіргі қалпың керек.

өзіңді сынағаныңнан, жек көргеніңнен емес, жақсы көргендіктен өсіп, жетіл.

біреуді мүсіркеп, аяғаннан емес, артылғанның есебінен, алғыстан бер.

айналаңды есеппен, қайтарым күтумен емес, естілігіңмен, шартсыз сүй.

өзіңді жеме, кемітпе, сынама…

келістік?

#UN_notes
9
«Қалаң неге әдемі айтайын ба?
Себебі сол шаһарда сен тұрасың…»
8
«Есть люди, которым мы желаем спокойной ночи, даже если они нас не слышат… Есть люди, о которых мы думаем, едва лишь открываем утром свои глаза… Они не рядом, но в то же время, всегда с нами, в самом сердце. Есть такие улыбки, которые мы дарим только им, надеясь что внутренний свет, который мы им посылаем, дойдёт до их души. Есть такие люди, иногда далекие, но всегда бесконечно близкие нам, которых нам ужасно хочется обнять в данную минуту. О них мы думаем весь день, забираем их с собой в дальние города и страны. О них мы молимся и переживаем. По ним мы очень скучаем. И какой бы океан молчания и недопонимания ни разделял нас, мы всегда готовы услышать их тёплое и такое родное «привет»…»
7
Сап–көңілім сағым ойға шағылып,
Қызғалдақтай жайқалады бақ-үміт…
Сені ұмытқан кездерім жоқ, қадірлім,
Сені ойлап, сағынатын шақ – ұлық…

Түн ортасы… Дұға етем сопыдай,
Тәпсіріңе сана керек шоқыдай…
Әлімсақта жолыққандай рухымыз,
Шешім берші жұмбағыңа, о, Құдай…

Қиялымды болмысыңа құр түйген,
Ғаламат-ау бірге жанып, бір күйген…
Әрекетке жарымаған шарасыз,
Құтқаратын кім бар мені бұл күйден?

Сабырым да, тағатым да іркілген,
Күдігімнің кірбіңі көп түртілген….
Ей, Қуатым, кетейінші айналып,
Біз бақытты болатұғын бір күннен…

Бүгін тағы іштей мен сарылдым көп,
Арқалаған жүгімнен арылғым кеп…
Бағым болсаң, өзің-ақ жазар едің,
«Алып-ұшып келейін, сағындым!» деп.

#UN_poetry 15.04.26
6
Махаббат – етістік. Ұғыну, білу, сүйсіну, жан ашу, қуанту, жұбату, жай ғана сүйгеніңнің қасында болу, демеу, қамқорлық таныту. Бұның бәрі энергия мен іс-қимылды қажет етеді.

Бұл жалғанда әрекет пен қажырлықты қажет етпейтін істердің жалғызы – ұйқы.

Онсыз да жалғыз өмірімізді әрекетсіз, қажыр-қайратсыз, мейірім-махаббатсыз, «қалың ұйқыда» өткізіп алмайық…

#UN_notes
❤‍🔥82
«Айға да іздеп жетер ем
Жаным өзің «кел» десең»

🦋🕊️
7🍓1
Forwarded from ЭТО ЗНАК
Не сдам — пересдам.
Потеряю — куплю новое.
Не получится — попробую снова.
Не ответят — напишу другим.
Сорвётся — значит, не моё.
Разочаруюсь — отпущу.
Не идеально — зато настоящее.
5
шай ішейік десем,
бәрін тастап,
келер ме едің, м?

#UN_notes
3
бәріміз бұл дүние үшін де, бір-біріміз үшін де өкпек жолаушымыз. аз уақыттың ішінде аларымызды түгендеп, берерімізді есептеп, болмашы дүниелер үшін әуре боламыз. сосын естелік болып қана сақталамыз. ол естеліктер де көмескі тартып, шаң басады, жойылады, ұмытылады, кейде жаңғырып жатады. сөйтіп… уақыт-керуен көшін бұра бергенде естелік болудан да қаламыз…

жолаушы мен жолаушы әу баста кездескенде қанша уақытқа сапарлас болатынын, бір-біріне не үйретерін, бірге не өткерерін білмейді. сапар қыза бастаған сайын, бұл жұмбақтар ашылады. қателеседі, ренжітеді, бұғады, өкпелейді, тіпті көрместей болады. бұны қайтпексің? әркімнің сапарласы да, сапары да, барар жері де өзіндік бір ерек болған соң, кімге неңді айта бермексің? әркімдікі өзіне дегендей…

#UN_notes
9🕊1
Қазіргі қоғам бұл әлемнің бір бұрышында сенің мінсіз адамың бар деп сендіріп тастаған. Махаббат туралы ұғымымыз да осының айналасында құрылып жатыр.
Бұл ұғым бізге не дейді?
Мінсіз адамың сен ойлағандай жүру керек дейді, сен құрастырған сценариймен сенің көңіліңді бағу керек дейді, сенің қажеттіліктеріңді өтеу керек дейді, сенің жараларыңды емдеп, сені бақытты етуі керек дейді, қарым-қатынаста сен ешқашан ұтылмауың керек дейді...
Бірақ маған бұл таза тұтынушы мен өнім берушінің арасындағы қарым-қатынас сияқты көрінеді. Өнімі ойыңнан шыққанша ғана өнім берушіні таңдайсың, бірге боласың. Ал ойыңмен бір ғана қыры үйлеспей қалса, ортадағы келісімді бұзасың...
Ал шын мәнінде, махаббат деген – сүйгеніңнің барлық кемшілігін көріп тұра, жараларын біле тұра, қорқыныштарын сезе тұра, күн сайын «қасында боламын» деген шешімге келу. Айнымау, сатпау, сатылмау. Өйткені сүйгеніңді қалай бар, солай қабылдайсың, қысылмайсың, өзгертуге тырыспайсың, не көрсең де, бірге көресің...
Әрине ол үшін сенің ішіңде соған сай ресурсың болуы керек, мейірім құтысы толы болуы қажет, кейде тіпті жан кешу керек, барыңды қию керек... Сонда ғана қалғанының барлығы осының есебінен ырықсыз келе береді... Бір-біріңді толық қабылдай алғанда, сөйлесе, ұғына білгенде бір-біріңді ырықсыз қуантуға, жұбатуға, екеуіңе де жайлы болатындай мекен құруға да ынта-ыджаһаттарың сарқылмайды... Бәлкім... бірге қателік жасап, ренжітесің, ренжисің, бірақ сонда да ортақ шешімге келіп, сол жолда табандылығыңды азайтпайсың...

Махаббат деген алыс-берістен тұрмайды, махаббат деген ауқымы мол ұғым...
#UN_notes
7🕊1🍓1