ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
толықсыған, толысқан, кемелденген, бар деп тасымаған, жоқ болса, жасымаған, алаған емес береген, жүректеріміз шүкірліктен босамаған, әрнәрсенің мөлшері мен өлшемін бағамдай алатын бірқалып ғұмырдың иесі болайық…

#UN_notes
9
progress🐛🦋
9
жазуға қаншалықты қабілет-қарымым көп болса, соншалықты жазу маған қиынға соғады. жазуды қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты жек көремін. жазылғаның тұмшаланса, адамзат бұрын сонды жасап көрмеген қиянатқа барғандай зұлымның күйін кешесің. жазбаларыңды біреу қараптан қарап иемденіп алса, жаныңды жейсің. ұзақ жазасың, қысқа жазасың. жазғаныңды өшіресің. кейде астарлайсың, кейде сөз таппай қиналасың. ұйқың қашып, таң атқанша жантайып жазасың, ал кейде айлап безінесің, жерисің. шабыт іздейсің, оның көңілін баптап, қас-қабағына қарайсың. кеше жазғаның бүгін ұнамай қалып та жатады. осы жазудың айналасында түрлі-түсті күй кешкізіп жатқан өмір, зулап жатқан күндер.

көбірек жазсам деймін, бірақ бұл жазудың артында тұрған күштің қарымына байланысты болып тұр. менің жазбаларымның көбі астарлы, символикалық мәнге ие. өмірде көп сөйлемеймін, сезімдерді сәті түссе жазумен шығарамын. жақын адамдарым ғана болмаса, мәнсіз, жөн-жосығы жоқ әңгімеден қашамын. осы арнада кезінде қаншама жазбаларыма себепкер бір жан бар. ол бұны білмейді, тіпті ойына да кіріп көрмеген болар. кейде айтқым-ақ келеді, бірақ тұйықтығым бар енді...

неғыса сондай біртүрлі адаммын

#UN_notes
7
Жаратқан тұрғанда жаратылғандардан не сұрайсың?
7
шіркін, саған өмір керектің бәрін берген…
5
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7
өмірімізге қант қосып, тәтті қылдыратын да, тұз қосып, дәмін келістіретін де – ниетіміз. елдің пейілінде шаруаң болмасын, ең бастысы – сенің ниетің қашан да ақ болсын!🤍

олардың қаталдығына, әділетсіздігі мен озбырлығына қатты жауап қайтарамын деп қатайып қалма. бір шетіңде бірбеткейлігің, бір шетіңде мейірімділігің тең тұрсын, жарығым…

#UN_notes
11👍1
«Этот мир и все его составляющее не претендовало на идеальность, но зачем-то именно мы следуем за этой мнимой идеей: пытаемся везде успеть, всего добиться и все контролировать, исполнять все обеты с точностью до точки, да к тому же требуем этого не только у себя, но и у окружающих. Но вот незадача, несовершенный мир, в своем роде wabi-sabi, сотворенный Богом имеет право оставить за собой данную неидеальность, а мы нет? Ни Бог, ни мир не требует от нас совершенства, вот что стоило бы понять.. Я бы сказала: «Важна лишь степень искренности», а об остальном, конечно, можно говорить часами.»
6
бапталған бақша көзге қуаныш сыйлағандай көңіл де бапталса бағбанына бақыт нұрын себелейді… біреуді ренжітіп алмайын деп тырысу – жылы жүректің айшығы, ал кешірім сұрап кішірею мен кешіре білу – адамдықтың айнасы…

Құдай бізді Өзінің жаратылыстарын ренжіткендердің қатарынан емес, қуантқандардың алды етсін…

#UN_notes
11
жазғым келмейді.
жұрнақ болып, арқау болып, негіз болып жазылғым келеді. қойын дәптеріңнің парақтарындағы ең асыл, ең ізгі, ең қадірлі сырларыңа көрші болғым келеді. олар мені, мен оларды құшардай. сол сырларың маған жазылған сөздердің құнарына қызғана қарайтындай…

ұйқастырғым келмейді.
сен жазар өлеңдердің ұйқасына айналғым келеді. сені тербеген, маздатқан, тыпырлатқан шабыттың туындысына айналып, қауырсыныңнан шығар көк сия болып ақ парақты таңбалағым келеді. өшпес, ұмытылмас, мәңгі ұйқастар оқылғанда тек мені меңзеп тұратындай…

#UN_notes
14
өз-өзіңе серік бол, дос бол, қамқоршы бол. Құдайға бет бұр, сосын өз-өзіңді зерделе. нені жақсы көріп, нені ұнатпайтыныңды таны. өз-өзіңнің алдында құрметті бол, бағалы бол. ол үшін… сөзіңде тұр, кішкентай бірақ тұрақты қадам жасап, алға ұмтыл, шекараңды қорға, өзіңді аяла, жанашыр бол. кейде саған бұл жол ауыр болып көрінуі мүмкін, бірақ бір күні талабыңа қарай өмір өзінің бақшасынан құнарлы жемісін бермек…

#UN_notes
22
ересек болу…

кейде аңсарың аумағанды нәтиже үшін жасауың керек, ал бірде қалап, тілеп жүргеніңнен табан астынан бас тартуың керек. жаныңдағы алай-дүлей боранды қиыннан қиыстырасың, бірақ сыртқа сыр бермейсің. ішіңдегі балақай ше? жер тепкілеп жылайды, сыртыңдағы ересек оны сабырға шақырады.

бірде тұңғиыққа батып бара жатсаң, сол құрдымнан алып шығатын да сол бір ересектік. ересектікпен ілесе келетін ащы терің, адал еңбегің, қоладан да қатты шыдамың, шындықты қабылдауың мен түйсінуің.

шытынасаң, берілсең, артқа қарай жүгірсең, жаныңды жегідей жегізер қатал ұстазың, сыншыл ақылшың да сол ересек өзің. бір сәттік импульспен бәрін өз қолымен бұзатын ерке балақайды жөнге салатын тағы сол ересектігің.

кей сәттерде ересек болу қиын-ақ…

#UN_notes
9
сәтсіз сәт – сіз
#UN_notes
6