ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
бірдеңені жыбырлап жазған боламын да, «қойшы, сенің ойларың кімге керек?» - деп өшіріп тастайтын болыппын.

сол сияқты жаныма жақын жандардың қалын күнімнің кенет бір уағында сұрағым келіп, жазғым келіп, әлдеңені бөліскім келіп тұрады. сосын оны да өшіріп тастаймын. бірақ бұл әдетім бұрыннан бар.

содан бүгін қызық болып, ойландым. мені де шаруаларының ортасында ойына алып, еске алатын жандар бар ма екен, шіркін? біреудің ойына сап етіп түсе қалсаң, бұл да бір ғажап шығар, иә?

айтпағым (өзіме ең алдымен) - жазыңдар, айтыңдар, жасаңдар, қымсынбаңдар. әй, бірақ бұл менің ісіме айналғанша қай заман…

#UN_notes
👏6👍21
Үш көзі бірдей көрген – бағалы адам,
Келген бұл шынайы бір бақ Алладан...
Тәннің көзі тек сыртын пайымдайды,
Көрместей еш әсемдік шағаладан...

Ақыл көзге керек-ау қажыр, қайрат,
Жұп-жұмыр ол білгенге асыл оймақ...
Ар жағын толғатады дәлел іздеп,
Қалмайды бір күндігін, қазірді ойлап...

Жүрек көзі сөзсіз-ақ жанды ұққан,
Алыстап шектеулерден, заңдылықтан.
Толса жүрек, қауыздай ашылатын,
Айналдым арлы мінез, паң қылықтан.
UN, #UN_poetry
11
❤‍🔥8🔥1
«Вместе мы создадим дом, наполненный цветами, добротой, огромными уютными подушками, отдыхом, сладким сном, танцами — чудесными танцами, книгами, пространством. Пространством, где ты можешь быть собой, пространством, где я могу быть собой, и пространством для любви, любви, любви.»
6
«жеңіл іс = жеңіліс»
8💯6
Біз білеміз. Бәрін біліп тұрамыз. Ненің зиян, ненің пайдалы екенін, ненің жақсы, ненің жаман екенін. Қазіргі таңдаудың ертеңгі салдары қалай болатынын да, қай жерде жеңіліс табатынымызды да. Ішкі түйсік сыбырлап тұрады. Бірақ бір сәттік қырсықтығымыз бен кертартпалығымыз, еріншектігіміз бен қуыскеуделігіміз жеңіп шығады. Ал біз жеңілеміз. Жасау керек дүниені жасамаймыз, оңай істі қиындатып жібереміз, басын ашып, айту керек әңгімелерді айтпай, қаша жөнелеміз. Солай өзге түгіл өзімізге билік жүргізе алмай, желге ілескен қаңбаққа айналамыз. Ал қаңбақтың тереңге бойлаған тамыры жоқ. Өнуі жоқ, жемісі жоқ, ғұмыры қысқа. #UN_notes
15
«Господи, даруй мне смирение, принять то, что нельзя изменить. Мужество изменить то, что мне по силам. И мудрость различить одно от другого»
7
бір жылға жуық уақыт болды түрлі сезімдер кешіп жүрмін. ешқайсын жауып қойып, қашып жүрген жоқпын. бір ойдан туындаған бір сезім қылтиса, жылап аламын, күліп аламын, ашуланамын, ұрсамын, жұбатамын. өзімді. соның арқасында ашуымды білдіртемін. шекарамды да қойып үйреніп жатырмын. жұмыс өмірдің мәні емес, маңызды бір бөлшегі ғана екенін ұғындым. әлсіздіктерімді біртіндеп шығарып, беттеріне қарап, көп уақыттың ішінде алғаш рет оларды бағындыруға қалауым ашылды. бәрінің көзіне жақсы болып емес, өзім болуға рұқсат бердім. үздік, бірінші болмауға да болады екен. бірақ өз темпіммен дамуға, «рутина» құрып, өзімді бір қалыпқа салуға, өзімнің еншімдегі ақымды беруге бет бұрдым.

кеше сол сезімдердің лебімен осы арнамды өшіріп тастағым келді. бірақ жиірек шығып тұруға, қаламмен қайта достасуға бел будым.

сіздер қалайсыздар?🍀

#UN_notes
15
самғай бер. ұшарға аспан кең ғой. қос қанатыңды жайып, шыңдардың төрінен табыл. шектеуің – басыңда. #UN_notes
🔥3🕊21
Адамның орнымен сөйлейтін, әр нәрсенің бағасы мен сәтін бағамдайтын қасиеті болса, сонда ғана ол Құдайға да, өзіне де, еліне де сүйкімді болады.

Құдай бізді сондай бір сүйкімнен айырмасын.

#UN_notes
7
1 қыз және оның 10 әуестігі
1. бәрін жүрекке жақын қабылдау, бәрін терең сезіну, жоқ жерден көзді мөлтілдету
2. саяхаттау, басқа мәдениетке сүңгу, әдемілікті тамашалап, тәффәкүр ету
3. сену, үміттену, жақсылықтың шамын өшірмеу
4. өлең жазу, жазба жазу, толғану
5. білім алу, біліміммен бөлісу, оқу, жаңа зат үйрену, зерттеу, зерделеу
6. тәтті тамақ жеу, көңіл қаласа, тәтті тамақ жасау
7. әдемі киіну, киімдерді үйлестіру, әшекейлер мен сөмкелер жинау, ұлттық нақыштағы дүниелерге қызығу
8. жақындарымды қуанту, қамқорлық жасау
9. белгілерді байқау, бәрінің бекер еместігіне сену
10. шәй үстінде ұзақ әңгіме құру, ой бөлісу
6
кейде жазбаларымды басқа адамдардың парақшаларынан көріп қалсам, қызғанып қаламын🤭
10
«Бұл жүрек сені іздейді
Үлбіреп жібек сезім…»
🕊7
кей дүние дәл бүйіріңде тұрса да, бұйырмауы мүмкін. ал алыстағы қолжетпестей көрінген ойларың ойда жоқта өміріңе кіріп келеді. себебі бұйырмау да, бұйыру да — бұйрықтың ісі.

ішіңдегі уайымың да, толғаныстарың да түрлі түске боялып, түрлі реңге айналып жатқанын білем, жаным… бірақ керек кезде керек еместі жіберу қажет, керек кезде керегіңді күту қажет. ал қашан қай әрекетке жүгінетініңді ішкі түйсігің айтады…

түйсігің алдамайды, тек сен өзіңді алдамасаң болғаны…
#UN_notes
10
басқаша ой.

әр отбасы - тек туысқан адамдардан құралған қарым-қатынас емес, тамыры қалың жүйе. сол әулетті қаншама қиын қыстау заманнан алып шығып, осы күнге дейін аман жеткізген көзге көрінетін қағидалар, көзге ілікпес энергия, тағдырлардың тоғысы. тіпті саналы түрде жасаған шешімдердің түбінде бейсаналы деңгейде жатқан жүйенің кодтары жатуы мүмкін. сен бұл жүйенің, бұл иерархияның төменде жатқан жасыл өркені, жаңадан бүр жарып келе жатқан бұтағысың. әрине өз ізіңді қалдырарсың, бірақ жүйенің күші әлдеқайда көбірек, жүйенің ақыл-парасаты әлдеқайда тереңірек. сондықтан өмірдің оң-солын енді ажыратып бастаған сен тамырыңа шағымданып, оларды сынап, мінеп, өмір үйретіп, ақыл айтуға еш құқығың жоқ. өз орныңды біл. оларды таны. зертте. пайым жаса. үйрен. сабақ ал. жігерлен. сенен тарайтын бұтақты мықты ету үшін өнетін топырағыңды құнарлы ет. сонда пайдалырақ боласың.

өз тамырыңды балталама.

#UN_notes
5
бір жеңістің артында мың жеңіліс жатыр. үнсіз, жаншылған, көзден таса жеңіліс.
#UN_notes
12
күлімдеп тұрған жанардың арғы бетінде батып кетер тұнық бар. ең түбінде мұң аралас тыныштық жатыр. сабырлықтың дәнектері егілген сары алқап та бар. құшсаң, кеңдігі мен паңдығына таңданасың. болмысы – әлі күн жылып үлгере қоймаған таңдағы жаздың жайма шуағы. уақытын бос өткізсе, күн батқан шақты жек көреді. арқаланып ой келсе, қапшықтардың бәрін ақтарып, маржандай оларды тізіп, әдемі алқа жасайды. көп үміті болған, көбі сөнген, көбін қайта жандырған. айта алмаған сырлары көп, жолданбаған сөздері көп. кейде шешім шығаруға оған бір секундтық сәт жетсе, кей шешімдерге әлі де бата алмай жүр...

ол өзі сондай біртүрлі…

#UN_notes
7❤‍🔥3
достар,

соңғы кезде біраз жабылып қалдым. енді… сіздерден қолдау болса, менен белсенділік болсын, иә?🫶🏻
18
дертіңе қарай сыналасың,
ниетіңе қарай кенелесің. #UN_notes
7💯2💘1
жазмышқа жазылмаған, тағдырыма бұйырмаған дүние болса, сендей-ақ болсын, қадірлім. алыстығың сені қадірлі еткен болар, кім білсін…? пенде болған соң мен тек қиялмен болжай беремін. ақиқаты - жасырын. сондаааай беймәлім…

ой мен сезім араласқан арпалыста өзімді жоғалттым демеймін. өзіммін. бармын. тек көп нәрсе өзгерген сияқты. сонааау балалықтан алып қалған еншімді жоғалтып, қайта табуға, қайта қауышуға тырысып баққан маған шыдамымның шегін көру қиын-ақ...

қиын демекші… кейде біз көп нәрсені өзіміз қиындатып аламыз. жоқ жерден белгі іздеп, жоқ жерден белгі сұрап, үйлеспейтінді ұқсастыққа балап. сосын үздігіп, шатасып, сарылып…

мен де сарқылдым, сарылдым. ештеңе де жоқ екен. ұқсастық та, тағдыр да, белгілер де.

әйтпесе бәрі де оп-оңай болар еді… мейлі…

once a Dear Kalp (heart)

#UN_notes
9🕊1
Есейіпті, анашым-ау, әлдиің

Анашым-ау, қандай жұмсақ жүрегің,
Жинап алған мейірімді жерде бар.
Мен жалғанның кілтін таппай жүр едім,
Сөйтсем... кілті сенде бар...

Бақыт сыйлар күлімдесе жанарың,
Шайың қандай шипа толы сен берген.
Тек өзің деп тапсам бір күн амалын,
Бақыт терем ең бақытты елдерден...

«Қызын қара шешесінен аумаған»,-
Десе біреу қалам біраз марқайып.
Жүре қойшы жанымызда сау да аман,
Жатсам, шіркін, бауырыңда жантайып...

Тоқтау бар ма қоятұғын уақытқа?
Жүзіңе ол таңба біраз салыпты...
Бөлейінші сені шексіз бақытқа,
Бөлемеуім қиянат қой қауіпті...

Сендей ана біткен менің бағыма,
Саған ғана керек шығар жай-күйім.
Оралсам ғой мен балалық шағыма,
Есейіпті, анашым-ау, әлдиің... #UN_poetry
10