ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
Жалғанды жалпағынан тең кезердей,
Түрлі оймен жүрмін-ау мен де сендей.
Жұдырықтай жүрекке сыйып кетер.
Арманым көп… бәрі де еңгезердей…

#UN_poetry
10
«прочитай не стих,
прочитай меня»
4
to myself.

жел қайда соқса, сол жаққа қарай домалап кете беретін қаңбақ сияқты болма. құнарлы жерге тамырын жайған мәуелі бәйтерекке айналуға тырыс. сонда жан-жағыңа көлеңке болып, айналаңа көркіңді шашарсың.

кез-келген құты неғұрлым бос болса, сыңғырлатқанда дауысы да соғұрлым қатты шығар. «айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» болма. сөзіңнен ісің көп болсын. ойларың бос сөзбен емес, тәуекелмен, әдемі әрекеттермен, байыпты қалпыңмен жалғасын тапсын. жан дүниеңді бос қылма, жақсыға, құндыға, қайырлыға толтыр.

жасықтанба, жасқанба. ешкімнен кем емессің, бірақ біреуден асып тұрмын-ау деп те керілме. орныңды біл, құныңды көрсет, шекараңды білдір.

кейде көпшіліктің жүрген жолы, ойлаған ойы қате болып шығуы мүмкін. басың болсын. әр нәрсенің түбін, себеп-салдарын түйсініп, астарын көре біл. өзіңде бар ерекшелігің мен даралығыңды да көміп тастама. бастысы – ішкі сыбырды тыңдай біл, жансарайыңа үңіле біл.

#UN_notes
😍64💯2🤔1
💯6
«Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе?»
9
Жүрекке тəн ізгілікке ұмсыну,
Жалындаған аңсар сезім – от-алау.
"Жалғызбын..." деп жабығады бір сұлу,
Жалғыздық та сұлу болады екен-ау!

Жамалы бар,
Таң секілді жаңа атқан
Жанарында жалт-жұлт етіп таза бақ.
Сұлулықпен сүйіншілеп,
Жаратқан
Жалғыздықпен кетіпті оны жазалап.

Білем,
Сезем,
Қылық емес еш құптар,
Жазықсыз жан
Жазмышқа кіріптар.
Сұлулықта өкініш бар, өксік бар,
Жалғыздықта қорқыныш бар, күдік бар.

Қ.Сарин
13
уақыты келеді деп ойлаймыз ғой, ал уақыт өте береді екен…
#UN_notes
🕊5
бірдеңені жыбырлап жазған боламын да, «қойшы, сенің ойларың кімге керек?» - деп өшіріп тастайтын болыппын.

сол сияқты жаныма жақын жандардың қалын күнімнің кенет бір уағында сұрағым келіп, жазғым келіп, әлдеңені бөліскім келіп тұрады. сосын оны да өшіріп тастаймын. бірақ бұл әдетім бұрыннан бар.

содан бүгін қызық болып, ойландым. мені де шаруаларының ортасында ойына алып, еске алатын жандар бар ма екен, шіркін? біреудің ойына сап етіп түсе қалсаң, бұл да бір ғажап шығар, иә?

айтпағым (өзіме ең алдымен) - жазыңдар, айтыңдар, жасаңдар, қымсынбаңдар. әй, бірақ бұл менің ісіме айналғанша қай заман…

#UN_notes
👏6👍21
Үш көзі бірдей көрген – бағалы адам,
Келген бұл шынайы бір бақ Алладан...
Тәннің көзі тек сыртын пайымдайды,
Көрместей еш әсемдік шағаладан...

Ақыл көзге керек-ау қажыр, қайрат,
Жұп-жұмыр ол білгенге асыл оймақ...
Ар жағын толғатады дәлел іздеп,
Қалмайды бір күндігін, қазірді ойлап...

Жүрек көзі сөзсіз-ақ жанды ұққан,
Алыстап шектеулерден, заңдылықтан.
Толса жүрек, қауыздай ашылатын,
Айналдым арлы мінез, паң қылықтан.
UN, #UN_poetry
11
❤‍🔥8🔥1
«Вместе мы создадим дом, наполненный цветами, добротой, огромными уютными подушками, отдыхом, сладким сном, танцами — чудесными танцами, книгами, пространством. Пространством, где ты можешь быть собой, пространством, где я могу быть собой, и пространством для любви, любви, любви.»
6
«жеңіл іс = жеңіліс»
8💯6
Біз білеміз. Бәрін біліп тұрамыз. Ненің зиян, ненің пайдалы екенін, ненің жақсы, ненің жаман екенін. Қазіргі таңдаудың ертеңгі салдары қалай болатынын да, қай жерде жеңіліс табатынымызды да. Ішкі түйсік сыбырлап тұрады. Бірақ бір сәттік қырсықтығымыз бен кертартпалығымыз, еріншектігіміз бен қуыскеуделігіміз жеңіп шығады. Ал біз жеңілеміз. Жасау керек дүниені жасамаймыз, оңай істі қиындатып жібереміз, басын ашып, айту керек әңгімелерді айтпай, қаша жөнелеміз. Солай өзге түгіл өзімізге билік жүргізе алмай, желге ілескен қаңбаққа айналамыз. Ал қаңбақтың тереңге бойлаған тамыры жоқ. Өнуі жоқ, жемісі жоқ, ғұмыры қысқа. #UN_notes
15
«Господи, даруй мне смирение, принять то, что нельзя изменить. Мужество изменить то, что мне по силам. И мудрость различить одно от другого»
7
бір жылға жуық уақыт болды түрлі сезімдер кешіп жүрмін. ешқайсын жауып қойып, қашып жүрген жоқпын. бір ойдан туындаған бір сезім қылтиса, жылап аламын, күліп аламын, ашуланамын, ұрсамын, жұбатамын. өзімді. соның арқасында ашуымды білдіртемін. шекарамды да қойып үйреніп жатырмын. жұмыс өмірдің мәні емес, маңызды бір бөлшегі ғана екенін ұғындым. әлсіздіктерімді біртіндеп шығарып, беттеріне қарап, көп уақыттың ішінде алғаш рет оларды бағындыруға қалауым ашылды. бәрінің көзіне жақсы болып емес, өзім болуға рұқсат бердім. үздік, бірінші болмауға да болады екен. бірақ өз темпіммен дамуға, «рутина» құрып, өзімді бір қалыпқа салуға, өзімнің еншімдегі ақымды беруге бет бұрдым.

кеше сол сезімдердің лебімен осы арнамды өшіріп тастағым келді. бірақ жиірек шығып тұруға, қаламмен қайта достасуға бел будым.

сіздер қалайсыздар?🍀

#UN_notes
15
самғай бер. ұшарға аспан кең ғой. қос қанатыңды жайып, шыңдардың төрінен табыл. шектеуің – басыңда. #UN_notes
🔥3🕊21
Адамның орнымен сөйлейтін, әр нәрсенің бағасы мен сәтін бағамдайтын қасиеті болса, сонда ғана ол Құдайға да, өзіне де, еліне де сүйкімді болады.

Құдай бізді сондай бір сүйкімнен айырмасын.

#UN_notes
7
1 қыз және оның 10 әуестігі
1. бәрін жүрекке жақын қабылдау, бәрін терең сезіну, жоқ жерден көзді мөлтілдету
2. саяхаттау, басқа мәдениетке сүңгу, әдемілікті тамашалап, тәффәкүр ету
3. сену, үміттену, жақсылықтың шамын өшірмеу
4. өлең жазу, жазба жазу, толғану
5. білім алу, біліміммен бөлісу, оқу, жаңа зат үйрену, зерттеу, зерделеу
6. тәтті тамақ жеу, көңіл қаласа, тәтті тамақ жасау
7. әдемі киіну, киімдерді үйлестіру, әшекейлер мен сөмкелер жинау, ұлттық нақыштағы дүниелерге қызығу
8. жақындарымды қуанту, қамқорлық жасау
9. белгілерді байқау, бәрінің бекер еместігіне сену
10. шәй үстінде ұзақ әңгіме құру, ой бөлісу
6
кейде жазбаларымды басқа адамдардың парақшаларынан көріп қалсам, қызғанып қаламын🤭
10
«Бұл жүрек сені іздейді
Үлбіреп жібек сезім…»
🕊7
кей дүние дәл бүйіріңде тұрса да, бұйырмауы мүмкін. ал алыстағы қолжетпестей көрінген ойларың ойда жоқта өміріңе кіріп келеді. себебі бұйырмау да, бұйыру да — бұйрықтың ісі.

ішіңдегі уайымың да, толғаныстарың да түрлі түске боялып, түрлі реңге айналып жатқанын білем, жаным… бірақ керек кезде керек еместі жіберу қажет, керек кезде керегіңді күту қажет. ал қашан қай әрекетке жүгінетініңді ішкі түйсігің айтады…

түйсігің алдамайды, тек сен өзіңді алдамасаң болғаны…
#UN_notes
10