ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
жүректің шегін, көлемін, сыйымдылығы мен қуатын еш жаратылыс өлшей алмады.

ақындар да, жазушылар да, ғалымдар да…

#UN_notes
19❤‍🔥1🍓1💘1
Мені дос санайтын, мен дос санайтын, сыйлас жақындарым, жүректерім, қандай ғажап едіңдер… Бүгін таң атқалы ойша әрқайсыңа қарап, әрбіріңе тамсанып отырмын. Сондай ерекше, сондай эмпат, сондай дарынды жандарды тағдырыма жанастырған мен бейбақтың бағы жанған болуы керек. Көңілімді шабыттандырасыңдар, білмегенімді үйретесіңдер, отымды жағасыңдар, жан сарайымды көркейтесіңдер. Дос-серіктерім, ғұмырлы болыңдаршы🪄
21💘2👍1
Көркем өмір сүру үшін көркем жүру керек, көркем ойлау керек, айналаңды көркемдеу керек. Ең маңыздысы — көркем мінез қалыптастыру керек.

Жаман ой, жағымсыз әдет, жұғымсыз мінез сумақай келеді. Жаманның өне бойыңа кіріп, қалыбыңа айналуы әп-сәтте. Жаманға еліктеу де оңай-ақ. Бұның бәрі нәпсіңе жағар…

Ал жақсылықтың адымы — баяу, оның бабы бар, байыбы бар… Сол үшін де әдемі, лайықты өмір сүру үшін ең алдымен шыдам мен сабыр керек. «Қалағаным ертең-ақ бола қалады» деген ойға үйір болма. Содан соң, ең алдымен өз-өзіңмен қарым-қатынаста көркем мінез танытуың керек. Өз-өзіңнің алқымыңнан алмай, жегідей жемей, жерден алып, жерге салмай.

Сабыр ет, табанды бол, шыдамды бол. Step by step…

(өз-өзіме ескерту)

#UN_notes
25
Мен ешкім емеспін.

Бүгін бар болсам, ертең жоқпын. Біреуге бүгін жақсы болсам, ертең жаманмын. Біреу түгіл, өзіме өзім бірде құбыжық, бірде көркем жаратылыс болып көрінемін. Бүгін шабытыма бір тамшы үлес қоса алсам, ертең маған біреу шабыт қосардай мұқтаж хәлде боламын. Бірде жұп-жұмыр жерді шалынбастай бассам, бірде жоқ жерден қателесіп жатамын. Күнде өзіме белгілі дүниелер аясында уәде беремін, бірақ сол уәделерімді бұзып қоя беремін. Кейде сараңмын, кейде қолым тым ашық. Оң жағыма қарасам Жұмақтан үмітті болып, сол жағыма қарасам Есеп сұрасар сәттен қорқамын. Кейде адамдар менің ойша құрған қиял-жолыммен жүрмесе, мұңайып қаламын. Ешкім менің ойымнан шығуға міндетті емес екенін түсінсем де…

Осындай құбылмалы қалыбы бар пендеден не сұрарың бар? Ол пенде асылында ешкім емес…

#UN_notes
😢97💯4
Көктем келе жатыр, соған орай «сен маған көктем боп кел» десем қалай?😶‍🌫️
15🍓3🥰2🕊2😍2💘1
Сенімен кездесуге бір ай қалып,
— деп маған аян келсе шырайланып…
Бағымды түйіп, жаным, жүрер едім…
Шіркін-ай, мен бақыттан шыр айналып…

(сол баяғы қиялым ғой…)
Ұ.Н
#UN_poetry
19🥰1
кейде қаласаң да болмайтын дүниелер бар, ал ойтаспа Құдайдың жетектеуімен, шынымен де өз жолын өзі тапқан, өздігінен бола салған, оқырмандарын өзі іздеп тапқан дүние болған сияқты. ғажабын әлі түсіне алмадым, қадіріне әлі толық жетпеген де шығармын… кейде күйбең тіршіліктің ортасында сіздерден күтпеген ықыласты сөздер, ыстық лебіздер келіп жатады…. 🫂 аманат-сенімдеріңіз үшін рақмет!

көктем таяп қалды, шабыт та келіп қалар, иә?🌱🫶🏻
16
Бір күннен кейін айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы…бұйырса…

Ең алғашқы Рамазанымды, Оразамды ешқашан ұмытпаймын. Сол кездегі жүрек пен жан тыныштығын кейде қатты сағынамын. Ауызашардан кейінгі серуендер, ғажайып оқиғалар, менің аппақ ынта-ниетім, алғыс пен шүкірлікке толы жүрек, сезімдерге толы кеуде.

Биылғы Рамазанда да сол күйді сезінуге, босап қалған жанымды тәртіпке бағындыруға ниеттімін.

Баршаңызға, баршамызға қайырлы болған айдан болсын💜🪄
11❤‍🔥3👍1🥰1🕊1🍓1💘1
Адамның әу бастағы жаратылысына көп нәрсе керек емес.

Бұның көрінісі әсіресе оразада қатты білінеді-ау. Таң шапағы атқаннан бастап күн батқанға дейінгі бойда жиналған шаршау, шөлдеу, сабырсыздығымыздың барлығы бір жұтым сумен-ақ сейіліп, басыла қалады.

Шын мәнінде бізге көп нәрсе керек емес, көбейтіп алатын өзіміз…

#UN_notes
24😍2🍓1💘1
Құрметті қыздар, мерекеміз құтты болсын!

Қалаған арманына жете білген, айналасына пайдасы тиген, өз жүрегі мен табиғатын тыңдай алатын, ең алдымен өзін сыйлаған, айтары бар қоғамның бір маңызды ТҰЛҒАСЫ болыңыздар! және… шаршап, тарыққанда әлсіз болуға рұқсат беретін, ақымақ болуға жағдай жасайтын жайлы мекеніңіз, жаныңыздың тең бөлшегі қасыңыздан табылсын!
14🥰1🍓1💘1
әдемі көрініс көрсең, оның да көргенін,
ғажап сезімдерді құшсаң, оның да сезгенін,
мағыналы кітап оқысаң, оның да оқығанын,
салмақты ой түйсең, оның да түсінгенін…
қаласаң.

оны дұғаңа қосуды,
оны болашағың деп көруді,
оны көркем жаратылыс деп тануды,
оны жоспарыңа кіргізуді,
бір сәт те тоқтатпасаң

шынайы сезім деген сол шығар, иә?

осының бәрін құшу бәрімізге бұйырсын
#UN_notes
10🍓3🔥1😍1💘1
Құдай адамды қаншалықты ғажап етіп жаратқан, иә? Ал мен сол ғажап, қадірлі, күрделі жаратылыстардың жүректеріне қаяу болып, көңілдеріне кірбің болып түспесем екен. Ешкімнің ғұмырына салмақ салып, ешкімнің тағдыр жолына масыл болмасам екен. Ешкімнің ақысын жеп, ешкімді нала қылғым да келмеген. Менің алыстағанымды қалайтын адамнан дер кезінде алыстап, мен өз зиянымды тигізетін адаммен дер кезінде қоштасқым келеді. Өз уақытында. Менің себебімнен ешкім Сенің алдыңа жылап тұрған, ренжіп тұрған кейіпте келмесе ғой. Мен ешкімді өзіме, ешкім мені өзіне шамадан тыс, шектен шығарлықтай байлап та қоймаса… Айналамен қарым-қатынаста мен көбірек пайдалы болайын, береген болайын, себепші болайын, дәнекер болайын…
#UN_notes
15
Аспандағы жұлдызға жүрек жұтқан ғана, терең теңіздің түбіндегі маржанға батылы жеткен ғана, тау шыңында өсетін сирек гүлге қажырлық танытқан ғана қол жеткізе алатындай, сен де өз арманыңа, қалауыңа, қиялыңа табанды бол, шырағым…

#UN_notes
16🥰2
сенің жаныңның дәнегі Жәннәтта жаралған…
14
Жоқшылықтан емес, баршылықтан
қажеттіліктен емес, махаббаттан
ауыртпалықпен емес, жеңілдікпен
міндет деп емес, шартсыз түрде

мендегі барлыыық махаббатымды, мейірім мен қамқорлығымды үзіп беретін

тек ізгілікке, адалдық пен жылулыққа толы

шатырым,
шаңырағым,
шырағым
болса, бұйырса…🩵
#UN_notes
17
біреудің дұғасында болу — әдемі,
біреуді ұмытпай, дұғаңа қосу — одан да әдемі
#UN_notes
12💘2
«есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді»

аяма, аянба…

#UN_notes
10
Алла Тағала тез арада, сен ойламаған жерден, ретін келістіріп, дұғаңа жауап бергендегі сезім>>>

Рамазан бойы дұғамнан тастамаған бір дүниемді бүгін алақаныма оп-оңай салып берді ғой🥺 Жұмыстан үйге қайтып бара жатқанда жүрегім толқып, көз жасыма ерік бердім…

Сенен келген нығметтердің барлығы менің лайық болғанымнан емес, Сенің шексіз Мейірімің, сондай Жұмсақтығың мен шартсыз Махаббатыңнан, иә Аллам…
#UN_notes
16
қасымда бол, айым
қасыңда болайын
🪽
6💘4
25.

Маған өлшеніп берген ғұмырға қиянат жасамауға, сол өмірде берілетін әр рөлді (мұсылман, қоғамның бөлшегі, тұлға, қыз, қарындас-сіңлі-әпке, әріптес, дос-құрбы, бұйырса аяулы жар мен ана) абыроймен атқаруға, маған келетін әр нығметтің өз уақытында қадірін білуге, әр сынақ пен сабақтың артындағы даналығын көре білуге жазсын… Тырмысуға, талпынуға, білуге, құлшынуға, сезінуге, ғашық болуға, қателесуге, қателіктерімді мойындауға, тәубе етуге, өзім болуға, қамқор болуға, маған біреудің қамқорлық танытуына, үміттенуге, өзіме және өзгеге қатысты сау қарым-қатынас құруға, бақытты болуға, бақыт құшуға мұрсат…

Жаным, ширек ғасырлы жүрегім, сені таңда оятатын, жандыратын, қанаттандыратын, сезімге ерік бергізетін, қиялыңды ұшыратын, жүрегіңді соқтыратын, жылататын, жұбататын, дамыл тапқыздырмайтын «БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ» деген АҚ ҮМІТТІ ЖАРЫҒЫҢ сөнбесін!

#UN_notes
🔥65👍1
Кедейлік үш ағайынды болады:
Үлкені - кежірлік,
Ортаншысы - еріншектік,
Кенжесі - ұйқы.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
👍82