ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
Қос жанарымды әдемілікпен қуантасың, өмірімді көркем көріністерге толтырасың, жайған алақанымды бос қайтармайсың… Соған лайық болайыншы, Жасағаным🪄
#UN_notes
20
сенің кеуде тұсыңда үздіксіз соғып тұрған өмірлік бір компасың бар. ол сені жолыңнан тайдырмайды, адастырмайды. тек соны қолдана біл, тани біл, жол сілтердегі дүрсілін тыңдай біл, жақсы ма? 🍀💚
#UN_notes
11👍1💘1
бір сәт санаңдағы ызыңдап дамыл таппас беймаза қоңыраушаңды өшіріп, дәл осы сәтте өзіңді еркелетіп көрші. жай ғана бар болғаның үшін өзіңді аялап көрші. көмектеседі екен. шын айтам…
#UN_notes
12🔥1💘1
Айнам-ау, шындығына келетін болсақ, сен ұтылмадың да, ұтылмайсың да. Бірге ойланып көрейікші…
шартсыз сүйе алатын жүрегіңнің барында,
әдемілікті көре алатын көзіңнің барында,
мейірімге толы құшағыңның барында,
арын ойлаған адалдығыңның барында,
жылулық тарататын қалаушығыңның барында,
өзгені ойлаған жанашырлығыңның барында…

сен ешқашан кеміп қалмайсың, дым тарықпа, дым уайымдама…

асылында осының бәрін байқамаған, бағаламаған, көре алмаған жан ұтылар бәлкім?!
иә, дәл солай!

#UN_notes
9👍2🥰1🍓1💘1
белгісізіме…

екеуміз өмір бойына жалғасқан әдемі оқиғаның, біте қайнасқан тіршіліктің басты кейіпкерлері болайық.

алдымен жолыққанымызша қоғам бізді екі бөлек тұлға деп танысын. кейін сол қоғамға қажет, мәні бар бір композицияға айналайық.

шартсыздығымызбен, шынайылығымызбен сүйсіндірейік, сүйіндірейік, үлгі болайық, шабыт сыйлайық.

екеуміз де іштей ұмтылып жүрген сезімдерге, қиялдап жүрген сәттерге лайық болайық🦋🩵🪺

#UN_notes
14😍3💘1
Махаббат?
Махаббат деймісің?

Махаббат азаймайды, жоғалмайды, сарқылмайды, тартылмайды. Оны тіпті көзден таса да қалдыра алмайсың. Жұлып, шетке ысырып, тығып, көзін құрта алмайсың.

Махаббат әділетсіздікке қуанбайды, жамандық ойламайды, қиянатқа әлсіз келеді, бәрін ақ көреді, бәріне сенгіш, бәрінен үмітті, бәрін көтереді, бәрін сыйдырады.

Махаббат көкіректенбейді, міндетсінбейді, санаспайды, құбылмайды, бұзылмайды, есірмейді, ол мейірленеді, мерейленеді, береді, шаттанады, көбейтеді, қуантады, үйретеді, кеңейтеді.

Махаббат. Нағыз… Махаббат ешқашан қуат көзін сүйгенінен ажыратпайды, мұқтаждықта қалдырмайды.

Махаббат қорықпайды…

#UN_notes
16💘1
қазақтар «қандай күшті, көп оқыған қыз» демейді, қазақтар «жүрген бір қиял ма, сондай бірдеңе өзі» дейді
14💯4💘1
Шексіз Рақымды, шексіз Мейірімді, шексіз Білім Иесі Аллаға әр сәтімізде шүкір етсек те, аздық етер…

Көкірегіміз жабық, кеудеміз қуыс біздер
қалағанымызды алғанда ғана,
сұрағанымызды бергенде ғана,
армандағанымыз жасалғанда ғана,
жоспарымыз орындалғанда ғана,
бір сәттік қуаныштың лебімен тек тілмен шүкір дейміз де, қоя саламыз…

Бірақ көкірек көзді оятып, ой санамызды қозғап, өтіп кеткен жолдарымызды сырттан талдайтын болсақ, көп нәрсені ұғар едік… әр нәрсені ұйқастырып, қиыстырып, сәтін салып, ал ең бастысы… бізді дайындап, шыңдап, білімімізді толықтырып болған соң, асқан махаббатпен Ол сондай көркем түрде бұйырған межесіне Өзі-ақ әкеледі екен…

Әрекет етіп, бірақ орындалмай қалған жоспарларыңыз болса, ақталмай қалған үміттеріңіз болса, ойланып көріңіздерші?

Мысалы мен болмысыма бір ой іліксе, соны бүге-шүгесіне дейін қиялдап, түрлі сюжеттерді ойша құрып тастайтын әдетім бар… Бірақ көзімнің нық жеткені — Оның маған арнап дайындаған сюжеті мен үшін бәрінен де қайырлы, бәрінен де мінсіз…

Кейде «тағдыр қандай, иә?» деп тамсанғаныңда, сол тағдырың Оның «қаламынан» шыққанын ұмытпа….

#UN_notes
13👍2👏1💘1
🫂
13💘1
жүректің шегін, көлемін, сыйымдылығы мен қуатын еш жаратылыс өлшей алмады.

ақындар да, жазушылар да, ғалымдар да…

#UN_notes
19❤‍🔥1🍓1💘1
Мені дос санайтын, мен дос санайтын, сыйлас жақындарым, жүректерім, қандай ғажап едіңдер… Бүгін таң атқалы ойша әрқайсыңа қарап, әрбіріңе тамсанып отырмын. Сондай ерекше, сондай эмпат, сондай дарынды жандарды тағдырыма жанастырған мен бейбақтың бағы жанған болуы керек. Көңілімді шабыттандырасыңдар, білмегенімді үйретесіңдер, отымды жағасыңдар, жан сарайымды көркейтесіңдер. Дос-серіктерім, ғұмырлы болыңдаршы🪄
21💘2👍1
Көркем өмір сүру үшін көркем жүру керек, көркем ойлау керек, айналаңды көркемдеу керек. Ең маңыздысы — көркем мінез қалыптастыру керек.

Жаман ой, жағымсыз әдет, жұғымсыз мінез сумақай келеді. Жаманның өне бойыңа кіріп, қалыбыңа айналуы әп-сәтте. Жаманға еліктеу де оңай-ақ. Бұның бәрі нәпсіңе жағар…

Ал жақсылықтың адымы — баяу, оның бабы бар, байыбы бар… Сол үшін де әдемі, лайықты өмір сүру үшін ең алдымен шыдам мен сабыр керек. «Қалағаным ертең-ақ бола қалады» деген ойға үйір болма. Содан соң, ең алдымен өз-өзіңмен қарым-қатынаста көркем мінез танытуың керек. Өз-өзіңнің алқымыңнан алмай, жегідей жемей, жерден алып, жерге салмай.

Сабыр ет, табанды бол, шыдамды бол. Step by step…

(өз-өзіме ескерту)

#UN_notes
25
Мен ешкім емеспін.

Бүгін бар болсам, ертең жоқпын. Біреуге бүгін жақсы болсам, ертең жаманмын. Біреу түгіл, өзіме өзім бірде құбыжық, бірде көркем жаратылыс болып көрінемін. Бүгін шабытыма бір тамшы үлес қоса алсам, ертең маған біреу шабыт қосардай мұқтаж хәлде боламын. Бірде жұп-жұмыр жерді шалынбастай бассам, бірде жоқ жерден қателесіп жатамын. Күнде өзіме белгілі дүниелер аясында уәде беремін, бірақ сол уәделерімді бұзып қоя беремін. Кейде сараңмын, кейде қолым тым ашық. Оң жағыма қарасам Жұмақтан үмітті болып, сол жағыма қарасам Есеп сұрасар сәттен қорқамын. Кейде адамдар менің ойша құрған қиял-жолыммен жүрмесе, мұңайып қаламын. Ешкім менің ойымнан шығуға міндетті емес екенін түсінсем де…

Осындай құбылмалы қалыбы бар пендеден не сұрарың бар? Ол пенде асылында ешкім емес…

#UN_notes
😢97💯4
Көктем келе жатыр, соған орай «сен маған көктем боп кел» десем қалай?😶‍🌫️
15🍓3🥰2🕊2😍2💘1
Сенімен кездесуге бір ай қалып,
— деп маған аян келсе шырайланып…
Бағымды түйіп, жаным, жүрер едім…
Шіркін-ай, мен бақыттан шыр айналып…

(сол баяғы қиялым ғой…)
Ұ.Н
#UN_poetry
19🥰1