ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
Жаңа жылдың алдында ата-анама сыйлық ретінде екеуін Гүржі еліне саяхатқа апардым.

Барлық бабын жасап, барынша комфортқа бөлеп, тек жақсы эмоциялар сыйлауға тырыстым.

Мен тек себепкермін, бұның бәрін жүрекке салып, мүмкіндіктер берген шексіз рақымды Алланың қалауы.

Бұл менің аппақ, кіршіксіз балалық арманым еді. Қолым аузыма жете бастағаннан ата-анама барынша көңіл бөлуге тырысамын. Енді байқап көрсем, кең пейілмен, ақ ниетпен тырыса берген сайын, Алла да маған мүмкіндіктерін үйе береді екен.

Ата-анамен қарым-қатынаста перзенттік рөлде болу, өз орныңды білу, әдемі әдеп сақтау, бере отырып, мейірім ала білу, орнымен еркелеп, орнымен оларды еркелете білу — осы уақытқа дейін менің жүріп өткен жолымның әдемі кезеңі.

Олар да жас кезінде әдемі жерлерде жүріп, әдемі киінуді білді. Оларда бәрі болды. Бірақ сол барын бізге арнап, барлық ресурстарын балаларына құйды… Асылында олардың бергені менің бергенімнің қасымда түк те емес.

Қара теңіздің ортасында тек үшеумізге арналған яхтада, асқан жылдамдықпен келе жатып жүректен теңіздің тамшысындай мөлдір жас үзіліп, сол теңізге қосылды. Ол енді мәңгі сол теңіздің бір бөлшегі….

Жанымның әр бұрышы Құдайдан тек екеуінің амандығын, саулығын, ауру-сырқау, мезгілсіз апаттардан аулақ болуын тілейді…

Осыны жазып жатқанның өзінде көңілім босап қалды. Менің жүрегім әкем мен анама, отбасыма келгенде неге тым нәзік? Неге тым жұқа…?
11
жұмыстан үйге әдеттегі қалыппен қайтып бара жатып
қардың сықырлаған дауысын естіп
аяғымның үйлесе қозғалғанын сезіп
қолымның тона бастағанын байқап
оюланған қардың ұлпасын көріп
жылап қалдым.

тірі екенмін ғой, Құдай,
бар екенмін…

қыста қардың сықырлағанын, жазда шөптің жыбырлағанын сезіну
көзбен күннің атысы мен батысын, табиғаттың үйлесімін көру
отбасымның құшағына сәбидей малыну, шүйіркелесіп әңгіме айту
кейде түкке тұрмасты ойлап, уайымдау
жолдан тайсаң, қысылу, ұялу
шаршау, керек болу, дем алу, қуану, мұңаю

бұның бәрі менің тіршілігімнің белгілері емес пе? үйлесімді алма кезек реттілік, мінсіздік…

сол сәттегі «мен тірі екенмін ғой, Құдай. шексіз ғаламның бір бұрышында менің де өз орным табылыпты…» деген жылы ой мені тәубеме келтірді.
#UN_notes
15💘3👍1
Қос жанарымды әдемілікпен қуантасың, өмірімді көркем көріністерге толтырасың, жайған алақанымды бос қайтармайсың… Соған лайық болайыншы, Жасағаным🪄
#UN_notes
20
сенің кеуде тұсыңда үздіксіз соғып тұрған өмірлік бір компасың бар. ол сені жолыңнан тайдырмайды, адастырмайды. тек соны қолдана біл, тани біл, жол сілтердегі дүрсілін тыңдай біл, жақсы ма? 🍀💚
#UN_notes
11👍1💘1
бір сәт санаңдағы ызыңдап дамыл таппас беймаза қоңыраушаңды өшіріп, дәл осы сәтте өзіңді еркелетіп көрші. жай ғана бар болғаның үшін өзіңді аялап көрші. көмектеседі екен. шын айтам…
#UN_notes
12🔥1💘1
Айнам-ау, шындығына келетін болсақ, сен ұтылмадың да, ұтылмайсың да. Бірге ойланып көрейікші…
шартсыз сүйе алатын жүрегіңнің барында,
әдемілікті көре алатын көзіңнің барында,
мейірімге толы құшағыңның барында,
арын ойлаған адалдығыңның барында,
жылулық тарататын қалаушығыңның барында,
өзгені ойлаған жанашырлығыңның барында…

сен ешқашан кеміп қалмайсың, дым тарықпа, дым уайымдама…

асылында осының бәрін байқамаған, бағаламаған, көре алмаған жан ұтылар бәлкім?!
иә, дәл солай!

#UN_notes
9👍2🥰1🍓1💘1
белгісізіме…

екеуміз өмір бойына жалғасқан әдемі оқиғаның, біте қайнасқан тіршіліктің басты кейіпкерлері болайық.

алдымен жолыққанымызша қоғам бізді екі бөлек тұлға деп танысын. кейін сол қоғамға қажет, мәні бар бір композицияға айналайық.

шартсыздығымызбен, шынайылығымызбен сүйсіндірейік, сүйіндірейік, үлгі болайық, шабыт сыйлайық.

екеуміз де іштей ұмтылып жүрген сезімдерге, қиялдап жүрген сәттерге лайық болайық🦋🩵🪺

#UN_notes
14😍3💘1
Махаббат?
Махаббат деймісің?

Махаббат азаймайды, жоғалмайды, сарқылмайды, тартылмайды. Оны тіпті көзден таса да қалдыра алмайсың. Жұлып, шетке ысырып, тығып, көзін құрта алмайсың.

Махаббат әділетсіздікке қуанбайды, жамандық ойламайды, қиянатқа әлсіз келеді, бәрін ақ көреді, бәріне сенгіш, бәрінен үмітті, бәрін көтереді, бәрін сыйдырады.

Махаббат көкіректенбейді, міндетсінбейді, санаспайды, құбылмайды, бұзылмайды, есірмейді, ол мейірленеді, мерейленеді, береді, шаттанады, көбейтеді, қуантады, үйретеді, кеңейтеді.

Махаббат. Нағыз… Махаббат ешқашан қуат көзін сүйгенінен ажыратпайды, мұқтаждықта қалдырмайды.

Махаббат қорықпайды…

#UN_notes
16💘1
қазақтар «қандай күшті, көп оқыған қыз» демейді, қазақтар «жүрген бір қиял ма, сондай бірдеңе өзі» дейді
14💯4💘1
Шексіз Рақымды, шексіз Мейірімді, шексіз Білім Иесі Аллаға әр сәтімізде шүкір етсек те, аздық етер…

Көкірегіміз жабық, кеудеміз қуыс біздер
қалағанымызды алғанда ғана,
сұрағанымызды бергенде ғана,
армандағанымыз жасалғанда ғана,
жоспарымыз орындалғанда ғана,
бір сәттік қуаныштың лебімен тек тілмен шүкір дейміз де, қоя саламыз…

Бірақ көкірек көзді оятып, ой санамызды қозғап, өтіп кеткен жолдарымызды сырттан талдайтын болсақ, көп нәрсені ұғар едік… әр нәрсені ұйқастырып, қиыстырып, сәтін салып, ал ең бастысы… бізді дайындап, шыңдап, білімімізді толықтырып болған соң, асқан махаббатпен Ол сондай көркем түрде бұйырған межесіне Өзі-ақ әкеледі екен…

Әрекет етіп, бірақ орындалмай қалған жоспарларыңыз болса, ақталмай қалған үміттеріңіз болса, ойланып көріңіздерші?

Мысалы мен болмысыма бір ой іліксе, соны бүге-шүгесіне дейін қиялдап, түрлі сюжеттерді ойша құрып тастайтын әдетім бар… Бірақ көзімнің нық жеткені — Оның маған арнап дайындаған сюжеті мен үшін бәрінен де қайырлы, бәрінен де мінсіз…

Кейде «тағдыр қандай, иә?» деп тамсанғаныңда, сол тағдырың Оның «қаламынан» шыққанын ұмытпа….

#UN_notes
13👍2👏1💘1
🫂
13💘1
жүректің шегін, көлемін, сыйымдылығы мен қуатын еш жаратылыс өлшей алмады.

ақындар да, жазушылар да, ғалымдар да…

#UN_notes
19❤‍🔥1🍓1💘1