ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
бір дүние жат күйінде маңдайыңа жазылса, жат болып қала береді екен…
#UN_notes
🔥72👍1
«текті жердің қызы, теңіңді тап» деген жып-жылы тілек естідім…🥰
18
2024 год стал годом достижений, самоанализа и карьерного роста… пусть 2025 год станет годом любви и счастья! 🪄
🔥7🥰21
«аңғал аңқауым-ау, неге елдің бәрін өзіңдей көресің?»
(с) мама
5
«Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас»
12
жалғыздық жаман дейсің бе?

меніңше, жалғыздықтан да жаман нәрсе бар сияқты… ол — жақын деп санайтын жанның жанындағы жалғыздық.

мен жалғыздықтан емес, осы бір сезімге тап болудан қашатын сияқтымын.

жаныңды ол ұғынбай, сен ұғындыра алмай, ол түсінбей, сен түсіндіре алмай. сырыңды да, шыныңды да, қиялыңды да, арманыңды да, қорқыныштарыңды да, қуаныштарыңды да бөлісе алмай, ашыла алмай… сырт көзге екеу болып, іштей жалғыз болу…

оған сен, сенің ойың, таңдауың, талғамың, сезімің, сенімің, көңілің, жоспарың маңызды болмай қалуы. күндердің бір күні оның саған жаны ашымауы, бүйрегі бұрмауы, жүрегі ерекше дүрсілдемеуі, қолы созылмауы, ойы таспаланбауы, көбелектері тыпыршымауы. бір қарасаң, жақының, үңіліп қарасаң жан дүниеңді ашуға тұрмайтын бейтаныс бөтенің… бұл көп ішіндегі жалғыздыққа апарар жол болса, мен осылардың бәрін сезінгім келмейді…

көп ішінде жалғызсырап жүрген жандарды көргенде маған менің өзіммен өзім болған сәттерім артығырақ көрінеді…

#UN_notes
22👍1💘1
Жаңа жылдың алдында ата-анама сыйлық ретінде екеуін Гүржі еліне саяхатқа апардым.

Барлық бабын жасап, барынша комфортқа бөлеп, тек жақсы эмоциялар сыйлауға тырыстым.

Мен тек себепкермін, бұның бәрін жүрекке салып, мүмкіндіктер берген шексіз рақымды Алланың қалауы.

Бұл менің аппақ, кіршіксіз балалық арманым еді. Қолым аузыма жете бастағаннан ата-анама барынша көңіл бөлуге тырысамын. Енді байқап көрсем, кең пейілмен, ақ ниетпен тырыса берген сайын, Алла да маған мүмкіндіктерін үйе береді екен.

Ата-анамен қарым-қатынаста перзенттік рөлде болу, өз орныңды білу, әдемі әдеп сақтау, бере отырып, мейірім ала білу, орнымен еркелеп, орнымен оларды еркелете білу — осы уақытқа дейін менің жүріп өткен жолымның әдемі кезеңі.

Олар да жас кезінде әдемі жерлерде жүріп, әдемі киінуді білді. Оларда бәрі болды. Бірақ сол барын бізге арнап, барлық ресурстарын балаларына құйды… Асылында олардың бергені менің бергенімнің қасымда түк те емес.

Қара теңіздің ортасында тек үшеумізге арналған яхтада, асқан жылдамдықпен келе жатып жүректен теңіздің тамшысындай мөлдір жас үзіліп, сол теңізге қосылды. Ол енді мәңгі сол теңіздің бір бөлшегі….

Жанымның әр бұрышы Құдайдан тек екеуінің амандығын, саулығын, ауру-сырқау, мезгілсіз апаттардан аулақ болуын тілейді…

Осыны жазып жатқанның өзінде көңілім босап қалды. Менің жүрегім әкем мен анама, отбасыма келгенде неге тым нәзік? Неге тым жұқа…?
11
жұмыстан үйге әдеттегі қалыппен қайтып бара жатып
қардың сықырлаған дауысын естіп
аяғымның үйлесе қозғалғанын сезіп
қолымның тона бастағанын байқап
оюланған қардың ұлпасын көріп
жылап қалдым.

тірі екенмін ғой, Құдай,
бар екенмін…

қыста қардың сықырлағанын, жазда шөптің жыбырлағанын сезіну
көзбен күннің атысы мен батысын, табиғаттың үйлесімін көру
отбасымның құшағына сәбидей малыну, шүйіркелесіп әңгіме айту
кейде түкке тұрмасты ойлап, уайымдау
жолдан тайсаң, қысылу, ұялу
шаршау, керек болу, дем алу, қуану, мұңаю

бұның бәрі менің тіршілігімнің белгілері емес пе? үйлесімді алма кезек реттілік, мінсіздік…

сол сәттегі «мен тірі екенмін ғой, Құдай. шексіз ғаламның бір бұрышында менің де өз орным табылыпты…» деген жылы ой мені тәубеме келтірді.
#UN_notes
15💘3👍1
Қос жанарымды әдемілікпен қуантасың, өмірімді көркем көріністерге толтырасың, жайған алақанымды бос қайтармайсың… Соған лайық болайыншы, Жасағаным🪄
#UN_notes
20
сенің кеуде тұсыңда үздіксіз соғып тұрған өмірлік бір компасың бар. ол сені жолыңнан тайдырмайды, адастырмайды. тек соны қолдана біл, тани біл, жол сілтердегі дүрсілін тыңдай біл, жақсы ма? 🍀💚
#UN_notes
11👍1💘1
бір сәт санаңдағы ызыңдап дамыл таппас беймаза қоңыраушаңды өшіріп, дәл осы сәтте өзіңді еркелетіп көрші. жай ғана бар болғаның үшін өзіңді аялап көрші. көмектеседі екен. шын айтам…
#UN_notes
12🔥1💘1
Айнам-ау, шындығына келетін болсақ, сен ұтылмадың да, ұтылмайсың да. Бірге ойланып көрейікші…
шартсыз сүйе алатын жүрегіңнің барында,
әдемілікті көре алатын көзіңнің барында,
мейірімге толы құшағыңның барында,
арын ойлаған адалдығыңның барында,
жылулық тарататын қалаушығыңның барында,
өзгені ойлаған жанашырлығыңның барында…

сен ешқашан кеміп қалмайсың, дым тарықпа, дым уайымдама…

асылында осының бәрін байқамаған, бағаламаған, көре алмаған жан ұтылар бәлкім?!
иә, дәл солай!

#UN_notes
9👍2🥰1🍓1💘1