ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
«Твоё с тобой, не твоё с чужими»
11
«Всё проходит в этом мире, снег сменяется дождём,
всё проходит, всё проходит, мы пришли, и мы уйдём.
Всё приходит и уходит в никуда из ничего.
Всё проходит, но бесследно не проходит ничего.
И, участвуя в сюжете, я смотрю со стороны,
как текут мои мгновенья, мои годы, мои сны,
как сплетается с другими эта тоненькая нить,
где уже мне, к сожаленью, ничего не изменить,
потому что в этой драме, будь ты шут или король,
дважды роли не играют, только раз играют роль.
И над собственною ролью плачу я и хохочу,
по возможности достойно доиграть своё хочу -
ведь не мелкою монетой, жизнью собственной плачу
и за то, что горько плачу, и за то, что хохочу.»
— Ю. Левитанский
5👍1
«әйтеуір бір күні» емес, жуырда
алыста емес, жанымда сияқтысың…

жартым емес, бүтінім,
биігім емес, теңім.
24🕊4👍2
адам осы өмірінде көп нәрсе үйрену керек болса, солардың ішіндегі ең үлкен алатын сабағы, меңгеретін дағдысы — жақсы көру, сүю, сезіну…

алдымен шарт қойып, бұлданып, міндет қылып сүйеміз. тіпті ең жақын деген отбасы мүшелерімізді де белгілі сатылардан өтіп қана толық қабылдай аламыз. ата-анаға, бауырға шарт қойып, лаң шығарып, ақырында өзіміз болғандай, толғандай, өсе қаламыз.

міне осылай шеңберіміздегі әр адам бізге жақсы көруді үйретеді… тек сол жолда есейген сайын, көкірек көзі ашыла берген сайын, өзіміз құрып, өзіміз жүк қылып тасып жүрген күтулер мен шарттар құлап, біраз жеңілдейміз… тіпті Жаратқанмен қарым-қатынасымыздың өзі мінсіз сатылардан құралатын сияқты.

орнымен, мөлшерімен, әдебімен, сәтімен, ересек қалыпта, жеңіл түрде бір бақытты сезінуді бұйырсын🌱
#UN_notes
14
шығармашылық дағдарыс…

қиялыма, ойыма қауырсын біткеннен сана мен сезімнің жүгі ауырлап, үнемі ізденісте жүреді. түннің бір уағында ояна салып, қарбалас шаруалардың арасынан бүр жарып, қысыл-таяң уақта… бірақ сонымен жаның сәл де болсын рахат тауып, сәл де болсын өзіңе өзің керек сезінетіні бар еді.

енді міне бір жыл уақыт болды шығармашылық дағдарыстың жетегіндемін. терең теңізім тартылып, ішіндегі балықтар жоқ болып, түбі мағынасыз сораңшөптерге толып… жазғаныма көңіл толмай, ой жетпей… өзімнің осы бір мағыналы бөлшегімді жоғалтып, енді таба алмай жүргендеймін…

#UN_notes
8
Сондай бір сезім…
өзім де танымаған, өзгеге де танылмаған, тыныштық бермейтін, дамыл таптырмайтын, күйгелектің күйін татқызатын… аты жоқ, мәні жоқ, басы жоқ, соңы жоқ, себебі жоқ, есебі жоқ… ол сондай бір беймазалық…
#UN_notes
13
бір дүние жат күйінде маңдайыңа жазылса, жат болып қала береді екен…
#UN_notes
🔥72👍1
«текті жердің қызы, теңіңді тап» деген жып-жылы тілек естідім…🥰
18
2024 год стал годом достижений, самоанализа и карьерного роста… пусть 2025 год станет годом любви и счастья! 🪄
🔥7🥰21
«аңғал аңқауым-ау, неге елдің бәрін өзіңдей көресің?»
(с) мама
5
«Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас»
12
жалғыздық жаман дейсің бе?

меніңше, жалғыздықтан да жаман нәрсе бар сияқты… ол — жақын деп санайтын жанның жанындағы жалғыздық.

мен жалғыздықтан емес, осы бір сезімге тап болудан қашатын сияқтымын.

жаныңды ол ұғынбай, сен ұғындыра алмай, ол түсінбей, сен түсіндіре алмай. сырыңды да, шыныңды да, қиялыңды да, арманыңды да, қорқыныштарыңды да, қуаныштарыңды да бөлісе алмай, ашыла алмай… сырт көзге екеу болып, іштей жалғыз болу…

оған сен, сенің ойың, таңдауың, талғамың, сезімің, сенімің, көңілің, жоспарың маңызды болмай қалуы. күндердің бір күні оның саған жаны ашымауы, бүйрегі бұрмауы, жүрегі ерекше дүрсілдемеуі, қолы созылмауы, ойы таспаланбауы, көбелектері тыпыршымауы. бір қарасаң, жақының, үңіліп қарасаң жан дүниеңді ашуға тұрмайтын бейтаныс бөтенің… бұл көп ішіндегі жалғыздыққа апарар жол болса, мен осылардың бәрін сезінгім келмейді…

көп ішінде жалғызсырап жүрген жандарды көргенде маған менің өзіммен өзім болған сәттерім артығырақ көрінеді…

#UN_notes
22👍1💘1
Жаңа жылдың алдында ата-анама сыйлық ретінде екеуін Гүржі еліне саяхатқа апардым.

Барлық бабын жасап, барынша комфортқа бөлеп, тек жақсы эмоциялар сыйлауға тырыстым.

Мен тек себепкермін, бұның бәрін жүрекке салып, мүмкіндіктер берген шексіз рақымды Алланың қалауы.

Бұл менің аппақ, кіршіксіз балалық арманым еді. Қолым аузыма жете бастағаннан ата-анама барынша көңіл бөлуге тырысамын. Енді байқап көрсем, кең пейілмен, ақ ниетпен тырыса берген сайын, Алла да маған мүмкіндіктерін үйе береді екен.

Ата-анамен қарым-қатынаста перзенттік рөлде болу, өз орныңды білу, әдемі әдеп сақтау, бере отырып, мейірім ала білу, орнымен еркелеп, орнымен оларды еркелете білу — осы уақытқа дейін менің жүріп өткен жолымның әдемі кезеңі.

Олар да жас кезінде әдемі жерлерде жүріп, әдемі киінуді білді. Оларда бәрі болды. Бірақ сол барын бізге арнап, барлық ресурстарын балаларына құйды… Асылында олардың бергені менің бергенімнің қасымда түк те емес.

Қара теңіздің ортасында тек үшеумізге арналған яхтада, асқан жылдамдықпен келе жатып жүректен теңіздің тамшысындай мөлдір жас үзіліп, сол теңізге қосылды. Ол енді мәңгі сол теңіздің бір бөлшегі….

Жанымның әр бұрышы Құдайдан тек екеуінің амандығын, саулығын, ауру-сырқау, мезгілсіз апаттардан аулақ болуын тілейді…

Осыны жазып жатқанның өзінде көңілім босап қалды. Менің жүрегім әкем мен анама, отбасыма келгенде неге тым нәзік? Неге тым жұқа…?
11
жұмыстан үйге әдеттегі қалыппен қайтып бара жатып
қардың сықырлаған дауысын естіп
аяғымның үйлесе қозғалғанын сезіп
қолымның тона бастағанын байқап
оюланған қардың ұлпасын көріп
жылап қалдым.

тірі екенмін ғой, Құдай,
бар екенмін…

қыста қардың сықырлағанын, жазда шөптің жыбырлағанын сезіну
көзбен күннің атысы мен батысын, табиғаттың үйлесімін көру
отбасымның құшағына сәбидей малыну, шүйіркелесіп әңгіме айту
кейде түкке тұрмасты ойлап, уайымдау
жолдан тайсаң, қысылу, ұялу
шаршау, керек болу, дем алу, қуану, мұңаю

бұның бәрі менің тіршілігімнің белгілері емес пе? үйлесімді алма кезек реттілік, мінсіздік…

сол сәттегі «мен тірі екенмін ғой, Құдай. шексіз ғаламның бір бұрышында менің де өз орным табылыпты…» деген жылы ой мені тәубеме келтірді.
#UN_notes
15💘3👍1
Қос жанарымды әдемілікпен қуантасың, өмірімді көркем көріністерге толтырасың, жайған алақанымды бос қайтармайсың… Соған лайық болайыншы, Жасағаным🪄
#UN_notes
20