ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
«Сәті келді,
Сәтіңді бос өткізбе!
Баратын жер,
Басатын тау көп бізде.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыға жеткізбе!»
Қадыр Мырза Әлі
10
Менің кеудемде адам баласында үйлесе қоймайтын дүниелер ұйқасып жатқандай. Бар әлемнің тіршілігін жарты ғасырға бөлеп тастауға жететін жұмсақтығым мен өзіме келгендегі қатігездеу қаттылығым. Барлық адамға таратып берсең де, түбі көрінбес тұнғиық толғанысым мен сағаттап отырсаң да, көңілге жағар бір ауыз сөз жаза алмау. Адам атаулысына іштей ынтық болу, бірақ ың-шыңсыз. Жаныңа жақын тартқандарды сағыну, бірақ мұқтаж болмау. Ретсіздік пен перфекционизм, тәртіп пен бостық. Бәрі айналып келгенде екі шетте жатқан, үйлесімі жоқ сезімдер сияқты. Бірақ бұның бәрі менің бойымда.
#UN_notes
8
Бізді үйден жұмысқа, жұмыстан үйге таситын көліктің жүргізуші ағайы барлығының атын жаттап, тек мені атыммен емес, мен түсетін көшенің атымен жаттап алған. Содан Ұлпан емес, Сауран болып шыға келдім. Бір апта жүріп атымды жаттады ма десем, көлікті таба алмай жүрген мені бүгін айқайлап “Сауран, осы жердеміз” деп барын салып шақырып тұр. Қызық. Бір жағынан қазақтың осындай ақкөңіл ағайлары - one love.
🤗5
Құдай жеткізсе, келер жылы ширек ғасыр жасаған болып саналады екенмін. Ал он төрт жасымнан қалам түртіп келе жатырмын деп санасақ, бұл он бір жыл, бір мектеп бітіретіндей әжептеуір уақыт екен. Осы екі межені көзді ерекше эстетикасымен, жансарайды мазмұнымен қуантатын бір жұп-жұмыр, аз данадағы жинақы дүниемен көркемдеуге ниеттімін. Осыны бір ойласам, іштей өзімді қоярға жер таппай тыпырлаймын да, екі ойласам бірақ дейтін тұсы көп екенін түсінемін… Сәтін салса, оны да көреміз.

p.s. Осы орайда сіздерге алғыстымын, шабыт сыйлар жүрекшелерсіздер ғойҚұшақтадым🫂
😍91
В правильных глазах ты будешь искусством.
❤‍🔥13👍1
Бегите от пустословия, лени, сомнений, нелюбви, зависти и недоверия. Наполняйте чашу своего сердца знанием, дисциплиной, нежностью, любовью, благими деяниями и скромностью. Старайтесь, чтобы ваши поступки, аура, которую вы излучаете, и манеры говорили сами за себя. Меньше слов, больше действий. Искусство маленьких шагов…

#UN_notes
10
Сделай меня теплым весенним лучиком солнца, чтобы светить всем одинаково. Чтобы веять теплом через свои поступки и свое присутствие. Чтобы, также как и лучик солнца, я не возмущалась, не ждала что-то в ответ или не просила что-то взамен. Чтобы каждый шаг для окружающих и любимых был искренним и безусловным. Чтобы моя чаша была наполнена для благих и искренних намерений, сделанных красиво и вовремя.
#UN_notes
6🥰2👍1
хочу творить!🌱
🍓10
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.
Ойланыңыз, арзан атак, сасық ырыс
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді...

Мұқағали Мақатаев
16
Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең.
Мағжан Жұмабаев
18
«теңізін тәуекелдің кешсем бе екен?»
15
адамдар маған ешкімге мұқтаж еместейсің дейді…
мен де аңғал шағымда адамдардан күтерім көп болды, күлгін түсті үмітшең сезімдерім көп болатын… сосын өмір сабақтарынан ешкімнен ештеңе күтпеуді үйренгенде жаратылғандардың ішінен ешкімге мұқтаж болмай қалдым. ең қиын сәттерімде өзімді өзім жұбатамын, ең бақытты сәттерімде де өзіммен өзім көп ой жүгіртемін. бастысы әр сәтімде жапырақ жүрегімде Жаратқан болса, маған сол жетіп жатыр…

адамдар маған ештеңеден қорықпайтын секілдісің дейді…
уайымшылдығым бар, бірақ адам баласы маңдайға жазылғаннан, тағдырда бар бұйрықтан қашып кете алмайтынын түсінгенімде ештеңеден қорықпауды үйрендім. болары болар, ал бұйрықта жоқтың артынан қанша қусаң да, жете алмайсың… менің осы жолдағы жалғыз қаруым — дұғам.
#UN_notes
16
Бұлт сияқты болма, ол жерге тамшысын бөліп бергенде жылап береді, күңіреніп береді, күрсініп береді. Күн сияқты бол, ол жерге жарығы мен жылуын бөліп бергенде күліп береді, жайнап береді, қайтарымсыз береді.
#UN_notes
14
Forwarded from rayon de soleil
У мудреца спросили:

- откуда ты знаешь, кто тебя любит?
он ответил:
- тот, кто заботится обо мне и интересуется мной, никогда не устает от меня, а когда я допускаю ошибку, прощает меня и напоминает мне о моем Господе, это и есть тот, кто любит меня.
17
«Бог – искусный мастер, знающий своё дело до тонкостей. Настолько точен Его порядок, что всё на Земле случается, когда приходит время. Ни секундой раньше, ни секундой позднее. И для каждого человека есть время любить и есть время умирать.»

40 правил любви
❤‍🔥115👍1
«ежелден мынау тірлікте сезімтал жандар бақытсыз»
Фариза Оңғарсынова
💘96
«Сен маған көктем боп кел
нәзіктеу жанымды ұғатын,
Отты махаббатыңмен өктем боп кел,
асқақтығымды табындыратын.
Қазақтың әні боп кел
жүрегімді дірілдететін.
Сол әндердің сырлы әуен — нәрі боп кел,
жанымнан мұңым кететін.
Сен айтпай-ақ ұғардай түсінікпен кел
осы бір қалпыммен мені.
Тек анамның алдына кішілікпен кел —
қайғы шалмасын аяулы алтын іреңді.
Табындыр, тауып тізгінін бұла көңілдің,
сол шақта мүмкін өзіңе ғашық етпегің.
Сен, әйтеуір, ұмыттыр мынау өмірдің
мені толғандыратын қасіреттерін.»
Фариза Оңғарсынова
12
Сезім деген сезімдерге илану,
Ерін бояп, сылаң қағып, жиналу,
Кербез көңіл шашып нұрлы шуағын,
Құшақ-құшақ шоқ гүлдерді сыйға алу…

Сезім деген естеліктер олжалау,
Келіп-кетіп жүріп қанша жол жамау,
Қиялдарды тек бақытқа толтырып,
Бір жамандық болады-ау деп болжамау…

Сезім деген сезімдерді айта алмау,
Армандардың аралынан қайта алмау.
Сыйластықтың межесінен аса алмай,
Жасырынып, ұяң тартып, байқалмау…

Сезім деген сезімдерден жалықпау,
Қанат бітіп көк аспанда қалықтау,
Уақыт бөлсе, шын қуанып, мәз болып,
Көңіл тойып, ештеңеден тарықпау…

Сезім деген таңды ойсыз атырмау,
Қыңыр қылық, өткір мінез батырмау,
Тәнті етер әрекеттер танытып,
Артық сөзбен оның басын қатырмау….

Ұ.Н
#UN_poetry
👏6👍2
«и не раз очаруй меня
и не разочаруй меня»
5🔥1
Forwarded from хочу
ничего не чувствовать
- кажется мне очень повезло…
- тебе не повезло, ты заслужила!
9