Таңертең дала жаңбыр. Қатты жауын болмаса да, жаңбырдың үстіңді кәдімгідей су қылатындай күші бар. Көліктен түсіп, жұмысыма қарай асығыс кетіп бара жатқанымда төбемде қолшатыр тұрғанын байқадым. Бейтаныс келіншек қолшатырлылардың арасындағы мені байқап, маған қамқорлық жасады. Ғимаратыма жете бергенімде жымиып қана қарады да, «жүгіріп кіріп кетіңіз, мен ары қарай барамын» деді… Бұл расында нағыз мейірім. Құдайдың адамдар арқылы маған жеткізгісі келген бір түйір мейірімі.
#UN_notes
#UN_notes
❤12👍2
Ай да әдемі, мінсіз ғой сепкілімен,
Сені жыққан жүйрік ой епті, білем.
Жанарыңды отырсың жасқа малып,
Кеше ғана күлкіңмен кептіріп ең.
Өмір деген сәттердің үйлесімі,
Жұбатам деп көмейге кеп тұр өлең…
—un
#UN_poetry
Сені жыққан жүйрік ой епті, білем.
Жанарыңды отырсың жасқа малып,
Кеше ғана күлкіңмен кептіріп ең.
Өмір деген сәттердің үйлесімі,
Жұбатам деп көмейге кеп тұр өлең…
—un
#UN_poetry
❤9
жақсы көру оңай-ақ. сұрай қалсаң, екінің бірі әйтеуір біреуді жақсы көріп жатыр, сол жолда өліп-өшуге дайын. бар мәселе — сезімдеріңді көркемдеу, сән беру. көңілің ауған адамыңның тыныштығын шайқалтпай, әлемін бұзбай, сағын сындырмай, келе жатқан жолынан тайдырмай. ең қиыны да осы шығар… сезімдеріңді саналы, көркем, толық етіп, оның тәртібі мен әдебін сақтау…
—un
#UN_notes
—un
#UN_notes
🔥10❤7
Мен де бір бақ әдемі құшсам дедім
Бақыттың аспанында ұшсам дедім
Уайымсыз бір ғанибет көрсем дедім
Тағдырды қос өріммен өрсем дедім
Жанарға нұр сәулесін тықсам дедім
Өрмелеп шыңға биік шықсам дедім
Ұзаққа бір әңгіме құрсам дедім
Елеңдеп, алып ұшып тұрсам дедім
Құт болып бір ғұмырға келсем дедім
Аңғалдай бар уәдеге сенсем дедім
Аққудай тұнық көлін тапсам дедім
Тұмар ғып тәуекелді тақсам дедім
—ҰН
#UN_poetry
Бақыттың аспанында ұшсам дедім
Уайымсыз бір ғанибет көрсем дедім
Тағдырды қос өріммен өрсем дедім
Жанарға нұр сәулесін тықсам дедім
Өрмелеп шыңға биік шықсам дедім
Ұзаққа бір әңгіме құрсам дедім
Елеңдеп, алып ұшып тұрсам дедім
Құт болып бір ғұмырға келсем дедім
Аңғалдай бар уәдеге сенсем дедім
Аққудай тұнық көлін тапсам дедім
Тұмар ғып тәуекелді тақсам дедім
—ҰН
#UN_poetry
❤5🤗2👍1
Влюбиться в меня?
Но я — это недосказанность, молчаливость, наслаждение одиночеством, доверчивость, ранимость, импульсивность, тревожность, вдохновение глубокой ночью, долгие разговоры до утра и вечное желание куда-то уехать.
Но я — это недосказанность, молчаливость, наслаждение одиночеством, доверчивость, ранимость, импульсивность, тревожность, вдохновение глубокой ночью, долгие разговоры до утра и вечное желание куда-то уехать.
🍓9❤6🤗1
Эту бурю во мне не могли описать все гении, жившие до меня и живущие сейчас. Читаю и понимаю, что они все ходили вокруг да около, но в точку попасть никто не мог. Может, и у них, как и у меня, что-то застревало в горле и не выходило ни через голос, ни через перо. Только улыбкой и слезами, может быть, и то иногда. Да и я не пытаюсь, если честно, куда мне до этих ваших гениев.
Все это в голове — картина, которую ни один художник не сможет нарисовать. Все это — мелодия, которую ни один композитор не сможет сыграть. Все это — рифма, которую ни один поэт не сможет объединить в единое целое. Все это — рассказ, который ни один ваш любимый писатель не сможет написать. Но это все внутри, внутри и только во мне.
#UN_notes
Все это в голове — картина, которую ни один художник не сможет нарисовать. Все это — мелодия, которую ни один композитор не сможет сыграть. Все это — рифма, которую ни один поэт не сможет объединить в единое целое. Все это — рассказ, который ни один ваш любимый писатель не сможет написать. Но это все внутри, внутри и только во мне.
#UN_notes
❤5❤🔥1
сосын деген жай қиял, еріккеннің ермегі, еріншектің сылтауы.
сосын шайың суып қалады, сосын ашық есік жабылып қалады, сосын сәті келіп тұрған істің сәні кетіп қалады.
айтқың келгенді, жазғың келгенді, жасағың келгенді, күмәнданып жүргенді, батылың жетпей тұрғанды, қоймай қазбалағаныңды дәл қазір жасап көрші. нәтижесін еш күтусіз, арты не болар екен, не ойлап қалады демей-ақ. жай ғана бір кішкентай қадамның өзінен-ақ әжептеуір жеңілдейсің. бүгін бастамасаң, ертеңгі күнің тағы сол күмән ойлармен өтіп кетеді. ал жасаған тәуекелің оң болмай қалса да, теріс жауап алсаң да, ертеңгі күнің нақтылықпен өтеді. күмәнмен емес. бұл да бір қайыр шығар, м?
сондықтан айтқың келгенді айт, жаз, жібер, істегің келгенді баста, жаса. уәде?
#UN_notes
сосын шайың суып қалады, сосын ашық есік жабылып қалады, сосын сәті келіп тұрған істің сәні кетіп қалады.
айтқың келгенді, жазғың келгенді, жасағың келгенді, күмәнданып жүргенді, батылың жетпей тұрғанды, қоймай қазбалағаныңды дәл қазір жасап көрші. нәтижесін еш күтусіз, арты не болар екен, не ойлап қалады демей-ақ. жай ғана бір кішкентай қадамның өзінен-ақ әжептеуір жеңілдейсің. бүгін бастамасаң, ертеңгі күнің тағы сол күмән ойлармен өтіп кетеді. ал жасаған тәуекелің оң болмай қалса да, теріс жауап алсаң да, ертеңгі күнің нақтылықпен өтеді. күмәнмен емес. бұл да бір қайыр шығар, м?
сондықтан айтқың келгенді айт, жаз, жібер, істегің келгенді баста, жаса. уәде?
#UN_notes
💯8❤4👍1
Егер жүрегімді қанық қызыл түстес сөмкеге айналдырып, мойныма асып алуға болатын болса... онда мен ішіне бірінші аппақ Сенімімді, сосын қою қоңыр Сезіміді салып алар едім де, ешқашан шығармас едім. Сенімім Құдайды ұмытпас үшін керек, көкірегімді ұйықтатпай тұрған да сол шығар. Оның сыртына мен кішкентайлы-үлкенді жақсылықтарды, мейірімдерді түйреп, көркемдеуші едім. Ал Сезімім әмияным болар еді. Қоңыр бархат матадан тігілген, ішіндегі сіз білетін барлық сезімдердің құраушылары менің ішкі жүйеме сай бағалы тастарға айналған. Бірде іші босап, бірде толып, бірде ортайған күйде, мейлі, әйтеуір тозбаса екен. Аңғал үміттің тастарын келгеннің бәріне тарататып беріп, достықтың тастарын көңілге қонғандарына ғана беріп отырушы ма едім... Ал ең бағалы махаббаттың гауһар тасын қиялмен жылтыратып, баптап қояр ем. Жүрек-сөмкемнің ішіне барлық адамзат сия алатындай көлемде болса ғой деп те ойлап қоямын. Бірақ ол тіл бітсе, басты элементін, жарты бүтінін күтетінін иесіне айтар, сірә…
#UN_notes
#UN_notes
❤7🔥2💘2
бұрынғыдай жазғым-ақ келеді. тұңғиықтан толғатып, тасытып. ортаны қараңғылық бойлап, барлығы қалың, қамсыз ұйқыда жатқанда менің ғана мазам қашып, майшаммен көз майымды тауысып. шабытым қаламым тұрмақ, өзімнің де, өзге талғампаз көңілдерден де орын табатындай. бірақ… қағидама сай, талабымдағыдай, қалағанымдай жазу үшін, шабытыма азық болар сезімдер мен сәттер керек-ау…
#UN_notes
#UN_notes
❤9
«Сәті келді,
Сәтіңді бос өткізбе!
Баратын жер,
Басатын тау көп бізде.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыға жеткізбе!»
Қадыр Мырза Әлі
Сәтіңді бос өткізбе!
Баратын жер,
Басатын тау көп бізде.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыға жеткізбе!»
Қадыр Мырза Әлі
❤10
Менің кеудемде адам баласында үйлесе қоймайтын дүниелер ұйқасып жатқандай. Бар әлемнің тіршілігін жарты ғасырға бөлеп тастауға жететін жұмсақтығым мен өзіме келгендегі қатігездеу қаттылығым. Барлық адамға таратып берсең де, түбі көрінбес тұнғиық толғанысым мен сағаттап отырсаң да, көңілге жағар бір ауыз сөз жаза алмау. Адам атаулысына іштей ынтық болу, бірақ ың-шыңсыз. Жаныңа жақын тартқандарды сағыну, бірақ мұқтаж болмау. Ретсіздік пен перфекционизм, тәртіп пен бостық. Бәрі айналып келгенде екі шетте жатқан, үйлесімі жоқ сезімдер сияқты. Бірақ бұның бәрі менің бойымда.
#UN_notes
#UN_notes
❤8
Бізді үйден жұмысқа, жұмыстан үйге таситын көліктің жүргізуші ағайы барлығының атын жаттап, тек мені атыммен емес, мен түсетін көшенің атымен жаттап алған. Содан Ұлпан емес, Сауран болып шыға келдім. Бір апта жүріп атымды жаттады ма десем, көлікті таба алмай жүрген мені бүгін айқайлап “Сауран, осы жердеміз” деп барын салып шақырып тұр. Қызық. Бір жағынан қазақтың осындай ақкөңіл ағайлары - one love.
🤗5
Құдай жеткізсе, келер жылы ширек ғасыр жасаған болып саналады екенмін. Ал он төрт жасымнан қалам түртіп келе жатырмын деп санасақ, бұл он бір жыл, бір мектеп бітіретіндей әжептеуір уақыт екен. Осы екі межені көзді ерекше эстетикасымен, жансарайды мазмұнымен қуантатын бір жұп-жұмыр, аз данадағы жинақы дүниемен көркемдеуге ниеттімін. Осыны бір ойласам, іштей өзімді қоярға жер таппай тыпырлаймын да, екі ойласам бірақ дейтін тұсы көп екенін түсінемін… Сәтін салса, оны да көреміз.
p.s. Осы орайда сіздерге алғыстымын, шабыт сыйлар жүрекшелерсіздер ғой✨Құшақтадым🫂
p.s. Осы орайда сіздерге алғыстымын, шабыт сыйлар жүрекшелерсіздер ғой✨Құшақтадым🫂
😍9❤1
Бегите от пустословия, лени, сомнений, нелюбви, зависти и недоверия. Наполняйте чашу своего сердца знанием, дисциплиной, нежностью, любовью, благими деяниями и скромностью. Старайтесь, чтобы ваши поступки, аура, которую вы излучаете, и манеры говорили сами за себя. Меньше слов, больше действий. Искусство маленьких шагов…
#UN_notes
#UN_notes
❤10
Сделай меня теплым весенним лучиком солнца, чтобы светить всем одинаково. Чтобы веять теплом через свои поступки и свое присутствие. Чтобы, также как и лучик солнца, я не возмущалась, не ждала что-то в ответ или не просила что-то взамен. Чтобы каждый шаг для окружающих и любимых был искренним и безусловным. Чтобы моя чаша была наполнена для благих и искренних намерений, сделанных красиво и вовремя.
#UN_notes
#UN_notes
❤6🥰2👍1