жапырақпын. жапырақтардың ішіндегі ең кішкентайы, ең жұқасы мен сияқтымын.
мөлшерінен көп күн түссе құрғап, мезгіліне бағынатын. жел соқса, қоярға жер таппай, шайқалып, ық іздейтін. шексіз үміттер мен күдіктерден жұқарып, сарғаятын. жайлылықты жақсы көретін, жылулыққа құштар. діңгегінен нәр алатын, іздегенге көлеңке болатын, өзіндік орны бар, көп ішіндегі бір жапырақпын…
#UN_notes

❤🔥8❤4🥰1
Жабық есік даналығы.
Сабырсыз болмыс ойдағы болмай қалса, сонша қалаған есіктері ашылмай қалса, бұлқан-талқан болады. Сәл уақыт өткен соң шекті адами болмысым ойымдағы бір тамшы жақсылықтың орнына теңіздер мен мұхиттарды толтыруға жететін маған ғана арналған нығметтерді көргенде сабырсыздығына ұялады…
Ұялмас үшін бір нәрсені естен шығармау керек шығар…
Ол — жабық есік даналығы. Жабылған есікте даналық бар. Кешігіп қалған ұшақта нығмет бар. Болмай қалған жоспардың артында одан да үлкен мүмкіндіктер бар.
Бұл даналықты сезіне алу үшін сенім керек, көз жеткізе алу үшін уақыт керек…

❤12👍1
«Сайып келгенде әр адам - өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап отыруы тиіс. Бұл үшін ерлі-зайыптылардың әрқашан да бір-біріне құштарлығы, шексіз сенімі, әлдеқалай іште бас көтерген қызғанышты сыртқа шығармай, сабырмен жеңуі, ағат айтылған сөздерді кек тұтпауы, кешірімділігі, өзара қалтқысыз қамқорлығы, сыйластығы, ашуды тежеп, нәпсіні тыйып ұстауы қажет. Бір сөзбен айтқанда, өздерін тәртіппен ұстай білген зайыптардың махаббаты ешқашан өшпек емес. Бұл арада атақты Абайдың: «Болмаса мінезінің жат кесегі, майысқан бейне гүлдей толықсыған, кем емес алтын тақтан жар төсегі» деген сөздерін әрқашан да есте ұстау абзал. Сонда ғана ерлі-зайыптылар арасындағы жарасты махаббат үйге нұр, ұяға көрік береді, тұрмысқа ажар, көңілге базар орнатады.»
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
❤7👍1
Жетістікті ақшамен, мал-мүлікпен, мансаппен өлшесең, бәлкім бұл сенің ұтылғаның болар.
Нағыз жетістік ауыр күннен кейін сауытыңды шешіп, шай үстінде шер тарқасатын жандардың болуы. Сені барлық күйіңде қабылдап, қолдау көрсететін ортаңның болуы. Сол жақындарыңа қолыңнан келгенше жылулық пен күлкі сыйлауға тырысуың, бақытты сәттердің себепшісі болуың.

❤10💘3
Үміт құру үнсіздіктің күндесі,
Әрең тұр-ау арадағы іргесі….
Үзем ойды деп әуреге салынам,
Сосын әлім жоқ болады…
Күнде осы!
Жинап алам сезімдерді тірнектеп,
Шашады оны жүрек аңғал мың рет кеп…
Ақ парақты енді ғана бастаған
Осы жолы кімдер келіп…
Кірлетпек?
Бәрі өзін, өзін бәрі санайды ақ,
Деп күтеді қонар қашан арай бақ.
Бір ғажапты құшу үшін ақырын,
Мен де жүрмін
Сен де жүрсің
Қарайлап!
ҰН, 24.07.24
#UN_poetry
Әрең тұр-ау арадағы іргесі….
Үзем ойды деп әуреге салынам,
Сосын әлім жоқ болады…
Күнде осы!
Жинап алам сезімдерді тірнектеп,
Шашады оны жүрек аңғал мың рет кеп…
Ақ парақты енді ғана бастаған
Осы жолы кімдер келіп…
Кірлетпек?
Бәрі өзін, өзін бәрі санайды ақ,
Деп күтеді қонар қашан арай бақ.
Бір ғажапты құшу үшін ақырын,
Мен де жүрмін
Сен де жүрсің
Қарайлап!
ҰН, 24.07.24
#UN_poetry
👏5❤1🔥1
Шаңқай түс. Уағы да Құдаймен межеленіп қойғандай. Құдайға уағын шегелеген мен сабырсыз есермін, соны орындаған Ол бірақ тым мейірімді. Содан болар-болмас уақыт межесі сүйікті жерімде тез-ақ өтіп, ішімдегі сезім бояулары араласып жатты. Бір түйір ыңғайсыздық, екі түйір сыйластық, төрт түйір тығылып қалған сыр мен жарты түйір өзіме де белгісіз, атын әлі ешкім ойлап тапаған қызық бір күй. Дейтұрғанмен барлығы қосылып, нәтижесінде мен сонша күткен жеңілдік сезімін бергендей. Жо-жоқ, дәл солай. Жеңілдік…. Бәрі қайыр десем, мен байғұс қарап тұрсам, тәуекелге де бармаппын ғой. Бірақ қиялдың тетігін қосып, “әттеген-ай” деп емес, “шіркін-ай” деп қарай алсам, ортақ тұстар да, ұқсас реңдер де, ерекше ұйқастар да сондай үйлесімді болар еді. Сол уақта мен нағыз өзім болдым ба, болмадым ба, бірақ айналамдағылардың бәрі өзінің қалпында. Дәл өзінің. Не де болса, санымды соқпаймын, бармағымды да, тілімді де тістемеймін. Сараласам, бұның бәрі өсуім еді. Өстім. Жібермедім, себебі ұстамадым да. Ұстайтындай ештеңе де менікі емес. Жазмышқа бұйрық келсе, бұйрық дәл осындай болады екен-ау…
ҰН
#UN_notes
ҰН
#UN_notes
❤6
❤19👍1
Шамам жететіннің де, жетпейтіннің де, маған мәлімнің де, беймәлімнің де, маған ұнайтынның да, ұнамайтынның да, шынайылығымның да, қиялымның да, келімді-кетімді адамдар мен дүниенің де Иесі — Өзің… Саған тиесілінің барлығын Өзіңе тапсырт, ақылсыздықпен иемденіп алсам, көркем түрде тәубеме келтір…
#UN_notes
#UN_notes
❤23
Таңертең дала жаңбыр. Қатты жауын болмаса да, жаңбырдың үстіңді кәдімгідей су қылатындай күші бар. Көліктен түсіп, жұмысыма қарай асығыс кетіп бара жатқанымда төбемде қолшатыр тұрғанын байқадым. Бейтаныс келіншек қолшатырлылардың арасындағы мені байқап, маған қамқорлық жасады. Ғимаратыма жете бергенімде жымиып қана қарады да, «жүгіріп кіріп кетіңіз, мен ары қарай барамын» деді… Бұл расында нағыз мейірім. Құдайдың адамдар арқылы маған жеткізгісі келген бір түйір мейірімі.
#UN_notes
#UN_notes
❤12👍2
Ай да әдемі, мінсіз ғой сепкілімен,
Сені жыққан жүйрік ой епті, білем.
Жанарыңды отырсың жасқа малып,
Кеше ғана күлкіңмен кептіріп ең.
Өмір деген сәттердің үйлесімі,
Жұбатам деп көмейге кеп тұр өлең…
—un
#UN_poetry
Сені жыққан жүйрік ой епті, білем.
Жанарыңды отырсың жасқа малып,
Кеше ғана күлкіңмен кептіріп ең.
Өмір деген сәттердің үйлесімі,
Жұбатам деп көмейге кеп тұр өлең…
—un
#UN_poetry
❤9
жақсы көру оңай-ақ. сұрай қалсаң, екінің бірі әйтеуір біреуді жақсы көріп жатыр, сол жолда өліп-өшуге дайын. бар мәселе — сезімдеріңді көркемдеу, сән беру. көңілің ауған адамыңның тыныштығын шайқалтпай, әлемін бұзбай, сағын сындырмай, келе жатқан жолынан тайдырмай. ең қиыны да осы шығар… сезімдеріңді саналы, көркем, толық етіп, оның тәртібі мен әдебін сақтау…
—un
#UN_notes
—un
#UN_notes
🔥10❤7