ой таспа
433 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
“сені олардың сөзі қайғыртпасын”
🕊11😍2
ең қиыны — ішіңдегіні жасырып, тіліңді тістеп қалу емес. ол оңай-ақ…

шындығына келсек, ең қиыны — барды бар деп айту. ренжісең, ренжігеніңді; ұнатсаң, ұнағаныңды жеткізу… дер кезінде, дәл уақытында. орнымен, әдебімен…

#UN_notes
👏8❤‍🔥2💯1
Шайға шақыр.

Бірақ айтар әңгімеміз шақыртуыңа мұрындық, ал шай жай ғана сылтауың болсын.

#UN_notes
😍7
Оның телефон номерін алу?
Оның инстаграм логинін алу?

Оған, өміріне, бақытына жауапкершілік алу.

Онымен өткізген әр сәтті барынша, қолдан келгенше көркем ету. Бірге саналы өмірге қадам басып, бірге сапалы уақыт өткізу. Қиындық пен сынақ келсе, қара басыңды ала қашпай, ашық сөйлесу арқылы шешімін табу. Екеуіңе де жайлы, бақытты сәттерден құралған мағыналы өмірді бірге құрастыру. Бір-біріңнің Құдайға деген сенімдеріңді толықтырып, күшейту…

#UN_notes
❤‍🔥10👏3
Тағы бір белес…. шүкір❣️
😍22❤‍🔥5👏3
Қасиетті Арафада тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!
🕊11
Бір күні мен бақыт туралы өлең жазамын. Бірақ ол бұрын жазған өлеңдерімнен өзгеше болмақ. Себебі бұдан бұрынғы өлеңдерім қиялдан құралса, ол өлең шынайы өмірімнен құралады. Ішінде ешкім әлі ойлап таппаған ұйқасы мен әлі ешкім қолданып көрмеген теңеулері болады. Ал ең бастысы — ішінде менен және одан басқа ешкім әлі сезіп көрмеген әдемі, сондай нәзік сезімдер болады. Біреулер қызығып, біреулер қызғанып оқиды. Бірақ бұл мен үшін түк емес. Мен үшін маңызды болатыны — әзірге кім екені белгісіз, бірақ өмірлік басты оқырманымның бағасы. Себебі ол менің шабытымды бақытты реңге бояйды (бұйырса…)
#UN_notes
😍9❤‍🔥2
Бәрі оңай десең — бәрі оңай,
Бәрі қиын десең — бәрі қиын…
💯10
Маза бермес жүрегіме күні-түн,
Түн ортасы! Қыбырлайды үмітім.
Бәрі ғажап бола бермес, ішінен….
Қолжетпестей көрінеді бірі тым….

Ойларымның жете алмас шегіне,
Дем қосылды жиіленген деміме…
Арпалыстың жүріп жатқан бойдағы,
Айтыңдаршы жазуы не? Емі не?

Маған артық, барлығына кем берген,
Сезім — еншім, толықсыған, тербелген…
Тереңдігі тамыр жайса — бәйтерек,
Жапырағы тамшы жастай сенделген…
UN 18.06.24
#UN_poetry
❤‍🔥8
“Адам жаман болып тумайды, оқымаса, білуге ұмтылмаса, танымға асық болмаса, білгенін, танығанын үлгі тұтпаса, бірте - бірте қатарынан қалып, төмендеп наданға айналады.”

Шәкәрім Құдайбердіұлы
❤‍🔥6💯1
Құлының көңіліне ұлы сезімдерді Ұлы Құдай салады. Ал Ол кімге қандай сезім салатынынан, дәнек болып кеуде тұсқа салған сезімдері кімге бағытталғанынан шатасуы мүмкін емес-ау. Солай болса, мейлі. Жүрек тұстағыны қанша ауыр болса да көтерерміз…

Әлде мендегі — жай ғана ойға оратылған шырмауық па екен?

#UN_notes
🕊5💯1
😍6
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!
(с) Абай
💯8❤‍🔥3
Айналам — мен үшін айна.
Мен — айналам үшін айнамын.

Айналамнан жақсылық шағылысса, мен жақсымын. Мен жақсылық шағылыстырсам, айналам жақсы.

#UN_notes
❤‍🔥4🤔1😍1
Алдыңа Сенің келгенімде болмашыны, майда-шүйдені, орынсызды ойлап кете беретін ойларымның ұсақтығымнан ұяламын.
#UN_notes
😍61🔥1
Көрінгеннің көшірмесі емес, шынайылығыңның иесі бол.
#UN_notes
😍123
Менің әлемімді түсінетін өзім сияқты шығармашыл жапырақтарға жаңа оқырман легі қосылып жатыр екен. Қош келдіңіздер!!!

Жақсыны бөліспекке дейді, бірақ кісі ақысын ұмытпасаңыздар. Бір-екі жерден жазбаларымды, өлеңдерімді өз жазбасындай етіп салып жатқан жандарды көріп қалдым. Арнаны белгілемесеңіздер де, авторын түртіп қойыңыздар🙏🏻 Барлығымыз есептесетін күні алдарыңызға кеп тұрмайын… (астарын түсінсеңіздер)

#UN_notes
💯113👏3😍1
“у тебя есть ты. твои мечты. твои планы. твои цели. твоя вера в себя. твоя любовь к себе и своему делу. этого достаточно. остальное будет. дай только этому время.”
💯11❤‍🔥31
Адам, шіркін, сағынады екен-ау,
“Сағындым”,- деп бір айта алмай…
#UN_notes
❤‍🔥83💘2🕊1😍1💯1
Барлығы өткінші екенін, алдамшы екенін суық санаммен білсем де, жүрегіммен түйсіне алмай шаршадым.

#UN_notes
🕊53💯2