ой таспа
433 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
дәл осы сәтте…🍀
😍5💘4
Просто знайте, что все во вселенной всегда о любви. И когда дело не в любви, тогда дело в её отсутствии…
❤‍🔥6🕊1😍1
Қанша жасқа келсем де, жасаған қателіктерім, кемшіл әрекеттерім, қиянаттарым болса, уақытылы мойындай алсам екен. Шындыққа тіке қарап, жауапкершілік ала білсем екен. Менімше, зұлымдық, өктемдік, қиянат жасаудан асатын бір дүние бар — оны мойындамау… Себебі қанша ауыр болса да, қателіктеріңді мойындау — тәубеге келтірер төте жол…

#UN_notes
👏8💯4
Біреу «Сен маған ұнайсың» десе, Ұлықбек Есдәулет былай деген екен:
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.

Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.

Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.

Ұлықбек Есдәулет
❤‍🔥52😍1
Мені кешірші… Өрт болып іштен жанып, сыртқа шығара алмай қалған жарығым… Шектеулі қиялыммен ғана құшып, шынайы өмірде жете алмай қалған бір шоқ үмітім… Қиянатым болса, айып етпе. Бұл менің нәзіктігімнен, не болмаса жай ғана әлсіз болмысымнан деп біл. Сені есіме алмаймын деген күннен жазарым да таусылған сияқты…

#UN_notes
❤‍🔥4🤔1
мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, мен әлсіз болайын…
#UN_notes
❤‍🔥6💯2👍1
қалауға, арманға, ұнағанына жету үшін бәрімізге сәл батылдық керек сияқты. әйтпесе “солай болып қалды” деуден басқа сылтауымыз да болмай қалады-ау…. не таңдауы жоқ, не тәуекелі жоқ, не тәуекеліне сенімі жоқ, не мінезі жоқ бір көнбістің күйін кешеміз де қаламыз. сол үшін де бәрімізге бір түйір батылдық керек.
#UN_notes
26.05.24
❤‍🔥101👍1👏1
“сені олардың сөзі қайғыртпасын”
🕊11😍2
ең қиыны — ішіңдегіні жасырып, тіліңді тістеп қалу емес. ол оңай-ақ…

шындығына келсек, ең қиыны — барды бар деп айту. ренжісең, ренжігеніңді; ұнатсаң, ұнағаныңды жеткізу… дер кезінде, дәл уақытында. орнымен, әдебімен…

#UN_notes
👏8❤‍🔥2💯1
Шайға шақыр.

Бірақ айтар әңгімеміз шақыртуыңа мұрындық, ал шай жай ғана сылтауың болсын.

#UN_notes
😍7
Оның телефон номерін алу?
Оның инстаграм логинін алу?

Оған, өміріне, бақытына жауапкершілік алу.

Онымен өткізген әр сәтті барынша, қолдан келгенше көркем ету. Бірге саналы өмірге қадам басып, бірге сапалы уақыт өткізу. Қиындық пен сынақ келсе, қара басыңды ала қашпай, ашық сөйлесу арқылы шешімін табу. Екеуіңе де жайлы, бақытты сәттерден құралған мағыналы өмірді бірге құрастыру. Бір-біріңнің Құдайға деген сенімдеріңді толықтырып, күшейту…

#UN_notes
❤‍🔥10👏3
Тағы бір белес…. шүкір❣️
😍22❤‍🔥5👏3
Қасиетті Арафада тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!
🕊11
Бір күні мен бақыт туралы өлең жазамын. Бірақ ол бұрын жазған өлеңдерімнен өзгеше болмақ. Себебі бұдан бұрынғы өлеңдерім қиялдан құралса, ол өлең шынайы өмірімнен құралады. Ішінде ешкім әлі ойлап таппаған ұйқасы мен әлі ешкім қолданып көрмеген теңеулері болады. Ал ең бастысы — ішінде менен және одан басқа ешкім әлі сезіп көрмеген әдемі, сондай нәзік сезімдер болады. Біреулер қызығып, біреулер қызғанып оқиды. Бірақ бұл мен үшін түк емес. Мен үшін маңызды болатыны — әзірге кім екені белгісіз, бірақ өмірлік басты оқырманымның бағасы. Себебі ол менің шабытымды бақытты реңге бояйды (бұйырса…)
#UN_notes
😍9❤‍🔥2
Бәрі оңай десең — бәрі оңай,
Бәрі қиын десең — бәрі қиын…
💯10
Маза бермес жүрегіме күні-түн,
Түн ортасы! Қыбырлайды үмітім.
Бәрі ғажап бола бермес, ішінен….
Қолжетпестей көрінеді бірі тым….

Ойларымның жете алмас шегіне,
Дем қосылды жиіленген деміме…
Арпалыстың жүріп жатқан бойдағы,
Айтыңдаршы жазуы не? Емі не?

Маған артық, барлығына кем берген,
Сезім — еншім, толықсыған, тербелген…
Тереңдігі тамыр жайса — бәйтерек,
Жапырағы тамшы жастай сенделген…
UN 18.06.24
#UN_poetry
❤‍🔥8
“Адам жаман болып тумайды, оқымаса, білуге ұмтылмаса, танымға асық болмаса, білгенін, танығанын үлгі тұтпаса, бірте - бірте қатарынан қалып, төмендеп наданға айналады.”

Шәкәрім Құдайбердіұлы
❤‍🔥6💯1
Құлының көңіліне ұлы сезімдерді Ұлы Құдай салады. Ал Ол кімге қандай сезім салатынынан, дәнек болып кеуде тұсқа салған сезімдері кімге бағытталғанынан шатасуы мүмкін емес-ау. Солай болса, мейлі. Жүрек тұстағыны қанша ауыр болса да көтерерміз…

Әлде мендегі — жай ғана ойға оратылған шырмауық па екен?

#UN_notes
🕊5💯1
😍6