тағдырдан ба, таңдаудан ба, білмедім. бірақ кей адамдармен қанша тырыссаң да алыстан ғана араласу бұйырады екен. сырттан ғана тамсанып, қиялыңдағы бейнесіне ара-тұра көз жүгіртіп, арадағы алшақтыққа көндігіп қоясың да, сырттан амандығын тілейсің. болды. не артық емес, не кем емес. сенің оның өміріңдегі үлесің осы. таныс болу ғана.
#UN_notes
#UN_notes
💯8😍3❤1🍓1
қош бол, Рамазан🤍
бір байқағаным жалпы болсын, осы қасиетті айда болсын құлшылық жасау, ауыз бекіту сенің кереметтігіңмен емес, Оның мейірімімен болады екен.
биыл жан сауғалап, аяғына қарай шашылып қалдым. жай салқын тиген шығар деген мен дәл туған күнімде дәрігерлердің үрейлі түрін көріп, қорқынышты сөздерін естимін деп ойламаған едім. бұндай жағдай кімді болсын бір секундта тәубеге келтіреді екен… бірақ бұл нәрседе де нығмет бары - хақ.
ауырмай, сырқамай, бір күніңді саулықта өткізсең, бір сәтке Құдайыңды еске алып, жылы жерде ұйқыға кетсең, бұл — Оның шексіз, сансыз мейірімі мен махаббаты. саулықта Оны еске алсаң, қиындықта Ол сені есіне алады…
келесі Рамазанды бауырымыз бүтін күйде, бұдан да мықтырақ кейіпте қарсы алайық.

❤🔥10👏1😍1
Қалайсыздар? Ұзақ уақыт үзілістен кейін қалай бастарымды да білмей жатырмын… Сонша адам алдында арнаға уақытылы көңіл бөлмей, кейде өзімді ақыларыңызға кіріп жатқандай сезінемін. Одан қала берді қауырсын қаламымның алдындағы ақым бар… Бірақ шабыттың адамы болған соң кейде шөл, кейде көл болып, кейде ынтаң ашылып, кейде бәрінен өзіңмен-өзің безінесің. Маңызды деген шаруаларымды реттеп, қыстан бері жоспарлап қойған бір дүниемді қолға алмақшымын. Бұйырса осында көре жатасыздар🫰🏻 Ал оған дейін сіздерді ой қозғайтын жазбаларыммен қуантуға ниеттімін🙌🏻🤍
💘6❤🔥2😍1
Просто знайте, что все во вселенной всегда о любви. И когда дело не в любви, тогда дело в её отсутствии…
❤🔥6🕊1😍1
Қанша жасқа келсем де, жасаған қателіктерім, кемшіл әрекеттерім, қиянаттарым болса, уақытылы мойындай алсам екен. Шындыққа тіке қарап, жауапкершілік ала білсем екен. Менімше, зұлымдық, өктемдік, қиянат жасаудан асатын бір дүние бар — оны мойындамау… Себебі қанша ауыр болса да, қателіктеріңді мойындау — тәубеге келтірер төте жол…
#UN_notes
#UN_notes
👏8💯4
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.
Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.
Ұлықбек Есдәулет
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.
Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.
Ұлықбек Есдәулет
❤🔥5❤2😍1
Мені кешірші… Өрт болып іштен жанып, сыртқа шығара алмай қалған жарығым… Шектеулі қиялыммен ғана құшып, шынайы өмірде жете алмай қалған бір шоқ үмітім… Қиянатым болса, айып етпе. Бұл менің нәзіктігімнен, не болмаса жай ғана әлсіз болмысымнан деп біл. Сені есіме алмаймын деген күннен жазарым да таусылған сияқты…
#UN_notes
#UN_notes
❤🔥4🤔1
қалауға, арманға, ұнағанына жету үшін бәрімізге сәл батылдық керек сияқты. әйтпесе “солай болып қалды” деуден басқа сылтауымыз да болмай қалады-ау…. не таңдауы жоқ, не тәуекелі жоқ, не тәуекеліне сенімі жоқ, не мінезі жоқ бір көнбістің күйін кешеміз де қаламыз. сол үшін де бәрімізге бір түйір батылдық керек.
#UN_notes
26.05.24
#UN_notes
26.05.24
❤🔥10❤1👍1👏1
Оның телефон номерін алу?
Оның инстаграм логинін алу?
Оған, өміріне, бақытына жауапкершілік алу.
Онымен өткізген әр сәтті барынша, қолдан келгенше көркем ету. Бірге саналы өмірге қадам басып, бірге сапалы уақыт өткізу. Қиындық пен сынақ келсе, қара басыңды ала қашпай, ашық сөйлесу арқылы шешімін табу. Екеуіңе де жайлы, бақытты сәттерден құралған мағыналы өмірді бірге құрастыру. Бір-біріңнің Құдайға деген сенімдеріңді толықтырып, күшейту…

❤🔥10👏3
Қасиетті Арафада тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!
🕊11
Бір күні мен бақыт туралы өлең жазамын. Бірақ ол бұрын жазған өлеңдерімнен өзгеше болмақ. Себебі бұдан бұрынғы өлеңдерім қиялдан құралса, ол өлең шынайы өмірімнен құралады. Ішінде ешкім әлі ойлап таппаған ұйқасы мен әлі ешкім қолданып көрмеген теңеулері болады. Ал ең бастысы — ішінде менен және одан басқа ешкім әлі сезіп көрмеген әдемі, сондай нәзік сезімдер болады. Біреулер қызығып, біреулер қызғанып оқиды. Бірақ бұл мен үшін түк емес. Мен үшін маңызды болатыны — әзірге кім екені белгісіз, бірақ өмірлік басты оқырманымның бағасы. Себебі ол менің шабытымды бақытты реңге бояйды (бұйырса…)
#UN_notes
#UN_notes
😍9❤🔥2
Маза бермес жүрегіме күні-түн,
Түн ортасы! Қыбырлайды үмітім.
Бәрі ғажап бола бермес, ішінен….
Қолжетпестей көрінеді бірі тым….
Ойларымның жете алмас шегіне,
Дем қосылды жиіленген деміме…
Арпалыстың жүріп жатқан бойдағы,
Айтыңдаршы жазуы не? Емі не?
Маған артық, барлығына кем берген,
Сезім — еншім, толықсыған, тербелген…
Тереңдігі тамыр жайса — бәйтерек,
Жапырағы тамшы жастай сенделген…
UN 18.06.24
#UN_poetry
Түн ортасы! Қыбырлайды үмітім.
Бәрі ғажап бола бермес, ішінен….
Қолжетпестей көрінеді бірі тым….
Ойларымның жете алмас шегіне,
Дем қосылды жиіленген деміме…
Арпалыстың жүріп жатқан бойдағы,
Айтыңдаршы жазуы не? Емі не?
Маған артық, барлығына кем берген,
Сезім — еншім, толықсыған, тербелген…
Тереңдігі тамыр жайса — бәйтерек,
Жапырағы тамшы жастай сенделген…
UN 18.06.24
#UN_poetry
❤🔥8