This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тренд істейтін туған інім жоқ. Бірақ, туғаннан артығы бар❤️
❤2
Кедей болсаң, көшіп көр дей ме? Рас екен. Бүгін 2 жылдан астам уақыт тұрған жалдамалы пәтерді тапсырып, басқа үйге қоныс теуіп жатырмыз. Дүние жимай ғұмыр кешеміз дейтін біздің өзімізде 47 сумка зат бар екен. Киімнен бастап, ыдыс-аяққа дейін толы зат… Ығы-жығы, қарбалас қозғалыс… Пәтерді тапсыруға 2 сағат уақыт қалды. Ал, іште қимастық… Себебі, бұл үй біз үшін берекелі болды. Бұл үйде жылы естеліктер көп. Бұл үйде жігіттермен бірге күлдік, жыладық, қызық та қиын сәттерді бастан өткердік. Ең бастысы бұл үйде біз есейдік. Аядай ауылын тастап, арман қуып Астанаға келген жігіттердің басы қосылды. Ал, қалғаны тарих…
Рақмет, саған Е-67❤️✨
Рақмет, саған Е-67❤️✨
❤10
Жарығым…
Саған жетем дегенше, сан мәрте сүрінетінім анық.
Бірақ, сен теріс айнала көрме!
Егер, күрсінер болсаң, тағы
күйрейді менің кеудемдегі қуыс бөлме.
Жарығым…
Біз бәлкім, жолаушы болармыз жоқ күткен?
Бақыттан күдерін үзер ме адам?
Мезгілсіз ойлардың соңына қойылып көп нүкте,
маза бермейді маған.
Жарығым…
Әлі-ақ сен күткен көктем де келеді бұл маңға, бүр жарар сезім де.
Жанымның бөлшегін бердім де жылдарға,
Жолыңа қарайлап тосып ем, көз ілмей.
Жарығым…
Махаббат бәлкім, мазағы құдайдың?
Әйтпесе, неге мұңаяды адам?
Сенің - тамшыдай таза көздерің ұнайды,
өзіңнен басқа, әдемі көрініс жоқ маған.
Жарығым…
Жалғыздық - тәңірдің тербеткен бесігі,
таяқ жеп тағдырдан,
су болып жаңбырда ес кірді.
Кетпеген мағына жалғыз сөз - есімің,
Дерт деген - сүйе алмау ешкімді.
Жарығым…
Сананы сағыныш сыздатып барады.
Құшаққа сені алу - уақытты тоқтатумен тең.
Жаныңда жүрегім тыныштық табады,
сені сүйемін, мен…
Саған жетем дегенше, сан мәрте сүрінетінім анық.
Бірақ, сен теріс айнала көрме!
Егер, күрсінер болсаң, тағы
күйрейді менің кеудемдегі қуыс бөлме.
Жарығым…
Біз бәлкім, жолаушы болармыз жоқ күткен?
Бақыттан күдерін үзер ме адам?
Мезгілсіз ойлардың соңына қойылып көп нүкте,
маза бермейді маған.
Жарығым…
Әлі-ақ сен күткен көктем де келеді бұл маңға, бүр жарар сезім де.
Жанымның бөлшегін бердім де жылдарға,
Жолыңа қарайлап тосып ем, көз ілмей.
Жарығым…
Махаббат бәлкім, мазағы құдайдың?
Әйтпесе, неге мұңаяды адам?
Сенің - тамшыдай таза көздерің ұнайды,
өзіңнен басқа, әдемі көрініс жоқ маған.
Жарығым…
Жалғыздық - тәңірдің тербеткен бесігі,
таяқ жеп тағдырдан,
су болып жаңбырда ес кірді.
Кетпеген мағына жалғыз сөз - есімің,
Дерт деген - сүйе алмау ешкімді.
Жарығым…
Сананы сағыныш сыздатып барады.
Құшаққа сені алу - уақытты тоқтатумен тең.
Жаныңда жүрегім тыныштық табады,
сені сүйемін, мен…
❤8
Алматыға келгеніме 3 сағаттан асты. Уже шаршап кеттім бұл қаладан. Не қылған ығы-жығылық мынау? Бәлкім қартайып, тыныштық комфортыма айналғаннан шығар. Мүмкін, дәл кептелістің уақытына тап болған шығармын…
Алматылықтар мені кешіріңдер. Бірақ, сол күйі Алматы маған жақпады. Тезірек үйге қайтқым кеп тұр💔
Алматылықтар мені кешіріңдер. Бірақ, сол күйі Алматы маған жақпады. Тезірек үйге қайтқым кеп тұр💔
❤6
Қош деуге қимай жыладың…
Сол сәтте мен де меңіреу күйде ес білмей,
өзектен шыққан жан айқай
өзіме мүлде естілмей,
ұзақ қарадым.
Үнсіздік билеп жан-жақты,
Сені де солай сағым сезімдер арбапты.
Жауабын айттың,
жанарың айтты барлығын,
Сананың ішін шарлап жүр екен сан күдік.
Сосын, өткеннің қалдығы қабырғаңды сөгеді,
мені де салып зор мұңға.
Қоштасу әнін шырқай алмадым алдыңда,
Бәлкім, кінәлі шығармын.
Кеуде тұстағы кесек ет,
дерттеніп барады,
өртеніп барады өзегім.
Амалым қанша ашынып тұрсам да төземін.
Құшақтап тұрып, жаның жылығанша,
әлің құрығанша
соңғы рет сен де сүйгің келеді, сеземін.
Моншақтар мүлде тоқтамай жылжып жүзіңнен,
жерге құлады. Жасыңның аққан ізіне,
өкініш өрнек салады.
Таба аламыз ба махаббат деген дерт емін?
Ештеңені де елеп, ескермей,
тағдырда қарсы ерегескенде
Қоштаспай қойсақ нетеді?
Жарығым…
Сол сәтте мен де меңіреу күйде ес білмей,
өзектен шыққан жан айқай
өзіме мүлде естілмей,
ұзақ қарадым.
Үнсіздік билеп жан-жақты,
Сені де солай сағым сезімдер арбапты.
Жауабын айттың,
жанарың айтты барлығын,
Сананың ішін шарлап жүр екен сан күдік.
Сосын, өткеннің қалдығы қабырғаңды сөгеді,
мені де салып зор мұңға.
Қоштасу әнін шырқай алмадым алдыңда,
Бәлкім, кінәлі шығармын.
Кеуде тұстағы кесек ет,
дерттеніп барады,
өртеніп барады өзегім.
Амалым қанша ашынып тұрсам да төземін.
Құшақтап тұрып, жаның жылығанша,
әлің құрығанша
соңғы рет сен де сүйгің келеді, сеземін.
Моншақтар мүлде тоқтамай жылжып жүзіңнен,
жерге құлады. Жасыңның аққан ізіне,
өкініш өрнек салады.
Таба аламыз ба махаббат деген дерт емін?
Ештеңені де елеп, ескермей,
тағдырда қарсы ерегескенде
Қоштаспай қойсақ нетеді?
Жарығым…
❤6💔1
Анашыммен естеліктер немесе мамамен контент✨
❤9
Жігіт: Ернар Амандықтың концертіне барады❌
Еркек: Тоқтар Серіковтың кешіне барады✅
Еркек: Тоқтар Серіковтың кешіне барады✅
❤3😁3
Қарғам,
кездейсоқ кездесу болмайды тағдырда,
Бәлкім біз, бір-бірін ғасырдан да ұзақ күткен жандармыз ғазал?
Мен өкпемді өткенге қалдырғам,
Сен - тәңірдің тәтті сыйысың, кеш келген маған.
Кеш қонған бақтың да бағасы биіктеу,
Сезімің салған жол адастырмасы анық.
Мен тынбай тыңдайтын сағыныш сазысың сүйікті ең,
Сен көркем өлеңсің, жаным!
Сен көркем кейіпте келесің, келгендей көктемі даланың дархан,
әлемге әсем ән салғызып.
Мен шексіз ғаламды сүйемін қарғам,
сенің көздерің тәрізді.
Қол созса жетпейтін жұлдыздай, жанарың мінсіз.
Құмарым қанбайды иісіңе мүлдем.
Тартылыс күшіндей мені саған тартады тылсым,
Сұлулығыңа қызыға қарайды гүлдер!
Қарғам,
Махаббат - жеңіссіз майдан. Азабы ауыр, қиын жол болмақ,
Айып не аңсармен айқасса еріндер?
Біздің ғашық хәлімізді түсінбейді олар,
Түсінбес мүмкін, құдайың сенің де…
Махаббат - адалдық алдында ант ішу. Демек,
көңіл әйнегі шытынаса, сынады сенім.
Арашала сезімсіз күндердің азабынан дереу,
Қарғам, құтқар мені!
кездейсоқ кездесу болмайды тағдырда,
Бәлкім біз, бір-бірін ғасырдан да ұзақ күткен жандармыз ғазал?
Мен өкпемді өткенге қалдырғам,
Сен - тәңірдің тәтті сыйысың, кеш келген маған.
Кеш қонған бақтың да бағасы биіктеу,
Сезімің салған жол адастырмасы анық.
Мен тынбай тыңдайтын сағыныш сазысың сүйікті ең,
Сен көркем өлеңсің, жаным!
Сен көркем кейіпте келесің, келгендей көктемі даланың дархан,
әлемге әсем ән салғызып.
Мен шексіз ғаламды сүйемін қарғам,
сенің көздерің тәрізді.
Қол созса жетпейтін жұлдыздай, жанарың мінсіз.
Құмарым қанбайды иісіңе мүлдем.
Тартылыс күшіндей мені саған тартады тылсым,
Сұлулығыңа қызыға қарайды гүлдер!
Қарғам,
Махаббат - жеңіссіз майдан. Азабы ауыр, қиын жол болмақ,
Айып не аңсармен айқасса еріндер?
Біздің ғашық хәлімізді түсінбейді олар,
Түсінбес мүмкін, құдайың сенің де…
Махаббат - адалдық алдында ант ішу. Демек,
көңіл әйнегі шытынаса, сынады сенім.
Арашала сезімсіз күндердің азабынан дереу,
Қарғам, құтқар мені!
❤9
Бүгін кезекті әңгімемді жазып бітірдім. Жалпы, биыл сіздерді шығармашылығыма байланысты жақсы жаңалықтармен жиі қуантуға тырысамын! Жаңа жыл құтты болсын, братья!✨
❤9
Бүгін тағы да ұйықтамай жұмысқа бардым. Иә, таңды ұйқысыз өткіздім. Ұйықтай алмағанымды тұмауратып қалғаныма жаба салайын десем, осылай жүргеніме біраз уақыт бопты. Ұйқы аз. Сосын, ойландым. Мені не ұйықтатпайтын? Жауабы оңай табылды. Ол - ойлар. Не үшін ойланамын? Белгілі бір деңгейде өзім қалағанды орындап, жетістікке жеткім келеді. Жетістікке жету үшін әрине, әрекет ету керек. Бірақ, мен неге әрекет етпей жатырмын? Себебі, уақыт аз. Уақыт неге аз? Себебі, уақыттың негізгі һәм көп бөлігін қазіргі жұмыс алады. Айтпақшы, соңғы уақытта айтылмаған жаңалық, мамандық бойынша жұмыс істеп жатқан жоқпын. Өмірімде түрлі оқиғалар, соның ішінде сатқындықтың құрбаны болды десем де болады. Енді, әңгімеге қайта оралайық. Уақыттың көп бөлігін уақыт алады. Не үшін оған уақытымның көп бөлігін қиямын? Жан бағу қажет. Өмір сүру үшін де ақша керек. Сондықтан, бұдан бас тарта алмайсың. Құдай саған потенциал берсе, оны іске асыру керек дейді. Алайда, оны іске асыру үшін қолайлы жағдайды күтіп отыру қаншалықты дұрыс? Ол қолайлы кезең мүлдем тумаса ше? Сол үшін бір нәрсені құрбан жасауың қажет. Бұл менің жағдайымда ұйқы мен денсаулығым. Жемісін жеймін бе, әлде, сол күйі жетістікке жетпей кетемін бе, бұл маған қараңғы. Бір ғана маған аян дүние ол - әрекет істеу. Ең қызығы түптеп келгенде мен не үшін жетістікке жеткім келеді деген сұрақ қойдым өзіме және қызық жауап алдым. Ол - жауапкершілік. Мен жақсы көретін жандардың алдындағы, маған сенетін адамдардың алдындағы жауапкершілік. Иә, олар маған бұл жауапкершіліктің жүгін арқала деп ешқашан айтпады. Бірақ, жаныңа жақын жандарды себепсіз қуантып, қалағанын жасап, ойлағанын жүзеге асыру үшін де ресурс керек. Сол үшін де бұл жауапкершіліктің жібін өз мойныма өзім ілдім. Ешкім күштеген жоқ. Сайып келгенде өзімнің ұйқысыздығыма өзім кінәлі екенмін деген тұжырымға келемін. Сондықтан, мен сияқты қуып кеткілерің келмесе, уақытылы ұйықтап, уақытылы демалып жүріңдер достар!
❤8
Бүгін түнде тікелей эфирдің тізгінін мен ұстаймын. Егер, футбол немесе қонақтардың әңгімесі қызық болса, төмендегі сілтеме арқылы бүгін сағат 00:00-де тамашалай аласыздар!
https://freedombank.onelink.me/WNLd/f8eejtl2
https://freedombank.onelink.me/WNLd/f8eejtl2
🔥4