Ақын НҰРСҰЛТАН ЕСЕНҒАЛИЕВ
191 subscribers
3 photos
26 videos
3 links
Қара өлең менің қазынам!
Поэзия!
Лирика!
Қара өлең!
Download Telegram
Қонбай кетті, ұшып жанның кептері…
Ғұмыр сірә, аумалы да төкпелі!
Сендегі мұң менікіне сәл ұқсас,
Сенікі өзге… Менікі — сен, әттеңі.

Түрім мынау жан сүймейтін сайтандай,
Иә барым, иә жоғым байқалмай.
Ғұмыр кешу — азап, сондай қасірет,
Күйік жұтып, сүйіктім деп айта алмай!

Сартап мынау сарсаң қылды, сенделтті.
Көңіліме көшіп келді, төрлетті.
Маңдайымнан көріп жүрмін амалсыз,
Таңдайымда қалып қойған кермекті!

Оза алмадым, уақыт атты жүйріктен…
Бірақ оған кезім жоқ ед шүйліккен.
Күліп тұрып шығарып сап тамызды,
Ақымақпын сүмбіледен сый күткен!

Жәутең-жәутең, айтшы, кімнен хат күттің?!
Қысқа хаттан бір-ақ сәттік бақ күттің…
Сенің мұңың — ғұмырыңның бастауы,
Ал менікі — ақтық қайғы, ақтық мұң!

Түк сезбесең хаттарымнан жолданған,
Өлеңімнен пайда жоқ-ау қор болған.
Сен шаршадың сезіміңнен баянсыз,
Мен шаршадым баяны жоқ жалғаннан!

Иә, шаршадық, күресуге әл қалмай,
Кінәлі өзім болғаныма сор маңдай.
Мен үзіліп кетемін-ау бір күні,
Үмітіме армандарым жалғанбай!

Нұрсұлтан Есенғали
❤3👍1
Сенсің менің өлеңім!

Үстел үсті қол шам және құм сағат…
Жанарымнан мұң-шерімді тұр санап.
Ал, сен менен бір шедевр күтесің,
Жүрегімді тұмшалап!

Мына менің жүрегімнің қағысы,
Басымдағы сан ойлардың жарысы…
Өлең — менің тілім барып айтпаған,
Сезімімнің дауысы!

Әлі маған ашылмады түн сыры…
Содан болар, жанымды мұң шымшыды!
Мына менің ең шедевр өлеңім —
Жүрегімнің дүрсілі!

Сыйға берген көп болса да азабы,
Жазылады әлі талай ғазалым…
Негізінде, өлеңді мен жазбаймын,
Үнсіздігім жазады!

Жүрсің, әттең, көңіліме жол салмай.
Өлеңге емес, сезіміме тамсанбай.
Дәл қазіргі сенсің менің өлеңім,
Сен қандайсың, ол сондай…

Нұрсұлтан Есенғали
❤2
Қалай шыдадың, шарпып өткенде жаныңды от?!
Өкіндіре ме кетпесім, сірә, бағың боп…?
Сенің атыңмен құстардың бәрін сайратар,
Әттең…
Есенғалидай дарын жоқ!!!

Есентай анау, сезімді ұрлап ағады.
Толқыны менің жүрегім сынды соғады.
Жаныма менің тыныштық бермей әлі жүр,
Бір қарап өткен сап-сары қыздың жанары!

Айырмаң сенің болмағанымен қыр гүлден.
Алысып жүрсің сен менсіз, әттең, мың мұңмен.
Сен күтпе менен құстардың әнін, қалқатай,
Адамның тілін әрең түсініп жүрмін мен!
Өзімді өзім түсінбей әлі жүрмін мен!

Нұрсұлтан Есенғали
❤2👍1
Дәл өзіңдей түсінбеген мені ешкім…
Сен деп өлең оқи қалсам, сен есті!
Менің мөлдір өлеңімде болғанмен,
Бұлыңғырлау өмірімде емессің!

Өмір сол ғой, баянды мен баянсыз,
Қатар жүрер аяулы мен аяусыз…
Менің нәзік өлеңім тек өзіңсің,
Бетпердесіз, түрлі-түсті бояусыз!

Менен несін сезіміңді аядың?!
(Мендік сезім емес еді жай ағын.)
Сен туралы жазған бойда — шедевр,
Ерніңдегі меңдей нүкте қоямын…!

Жауһар жырға айналғанда күмісім,
Жазбай кетем, бүйткен күнім құрысын.
Мен тоқтасам, сен тоқтама тек қана,
Екеуміз де жаралғанбыз жыр үшін!

Жабырқамай, тек мен үшін күлімде —
Өтінемін, ертең және бүгін де!
Сен күлімдеп жүрсең егер, мен бірақ,
Сені жырлап өлермін-ау түбінде!
Тек сен, түңілме!

Нұрсұлтан Есенғали
❤2
Бұғанамыз деп едік бекіп болған,
Қара мысық байқатпай өтіпті алдан.
Салқын түсіп, күз келді деп ойласам,
Бұл қаладан сіз екен кетіп қалған…

Сіз кеттіңіз, қоштасу хатын жазбай.
Ал, мен қалдым, жүректен отым маздай!
Бұл қаланы сол отпен жылыта алсам,
Ұшып, қайта оралшы пақыр қаздай…

Иә, оралшы көктемді күтпей күнім…
Сосын қонар бұл басқа құт дейтінің.
Сен білесің, кетсең де, оралсаң да,
Саған жазар ғазалдың бітпейтінін!

Бітпейді ол, бітпейді, жазылады…
Жыр жазғызбай қоймас түн базыналы!
Бір қарашы артыңа, көрмеймісің,
Тұрғанымды қолымды созып әлі.

Бұғанамыз деп едік бекіп болған,
Қара мысық байқатпай өтіпті алдан.
Өкінішті, тамызды жетектеп ап,
Бұл қаладан махаббат кетіп қалған…

Нұрсұлтан Есенғали
❤2
Көк түтін ғып, ішін мынау пәтердің,
Бар өкпемді өкпеге айтып жөтелдім…
Көз алдымда сенің ғана елесің,
Құлағымда ноктюрні Шопеннің!

Босқа қайғы жұтып жүрмін мен осы.
Сен сезбейсің мен сезгенді…
О, несі?!
Мына жалған бізге, сірә, кедергі.
Сезер ме едің өмір болса келесі?!

Бар ма өзі?!
Оның өзі беймәлім.
Бір тыныштық бермей қойды ойдағым.
Дар ағашқа сыр ашам ба, қайтемін,
Тез ұмытып кеткім келсе жай, бәрін?!

Айтшы, қарғам, өзің тауып амалын,
Емі қандай өзің салған жараның?!
Емдей алмай, әуен де жай тоқтады,
Енді менің жан жұбатар жоқ әнім!

Төтеп берсе мол күнәма мол дұға,
Бір кезігу бұйырмас па жолдыға?!
Күл салғышта қалмапты ғой бос орын,
Көңілімнің күл салғышы толды да…!

Тұрғынына сезім атты мекеннің,
Айналмадық, жұтқандаймыз бекер мұң.
Бұдан былай сен деп өлең жазбаймын,
Ноктюрнін тыңдамаймын Шопеннің!

Солай…!

(Жалғасы бар)

Нұрсұлтан Есенғали
❤2
Forwarded from Бильеду (Алтын БЕК)
👍1
Жалғасы...

Сені көрген көзімде де обал жоқ,
Сені сүйген өзімде де обал жоқ.
Дей тұрғанмен, жүрекке әмір жүрмейді,
Жүрмейді ғой, амал жоқ!..

Өкінуін өкінемін, десе де…
Құр өкіну мәселені шеше ме?!
Тек көнемін: жазылғаны осы деп,
Мына мендік пешене.

Енді қайтем, барым яки жоғымда,
Бәрібір ғой, қалай тұрам жолыңда?!
Содан сені сағынбауға серт бердім,
Сен де солай, сағынба!

Әй, ол бірақ емес менің еркімде,
Сені аңсап ай күзетем әр түнде.
Саған өлең жазбаймын деп серт беріп,
Тұра алмадым сертімде!

Қатты жауып есігімді кетерде,
Құр айқайлап, ашуландым бекерге…
Әуенін де тыңдамаймын деп едім,
Обал болды-ау Шопенге!

Мені сүйген сен ақымақ екенсің,
Сені сүйген мен ақымақ екенмін.
Жазбаймын деп жаздым тағы бір өлең,
Әуенімен қосып оқы Шопеннің!

Нұрсұлтан Есенғали
❤1
…Айналып кетейін көзіңнен,
Жоқ әлде, айналып өтейін…
Боздаса боздасын бозінген,
Амалым жоқ болса, нетейін?!

Жаныңа жуысам… Жо-жо-жоқ,
Іңкәрлік аласа арыңнан.
Соны ойлап, менде түк маза жоқ,
Адастым, жаңылдым жолымнан.

Тартыну — тартылыс заңы емес,
Тартыну — ұятты ұмытпау.
Мұңыма болмай тұр бақ егес,
Қателік — соларды шын ұқпау!

Мен сені көзіңнен таныдым,
Жылайсың, жалғанды қас көріп.
Жыласаң, жылашы, жарығым,
Мұң-шерің төгілсін жас болып.

Соңғы рет…
Соңғы рет…
Соңғы рет…
Содан соң шерленбе, мұңданба!
Осымен ойласаң, болды деп,
Сезімді тастай сал зынданға!

Жүрекке керегі — тыныштық,
Баянсыз сезімде тыным жоқ.
Біз болсақ, мың қонып, мың ұштық,
Енді тек қалдым ба жырың боп?!

…Айналып кетейін көзіңнен,
Жоқ әлде, айналып өтейін…
Боздаса боздасын бозінген,
Кет десең, кетейін…!

Нұрсұлтан Есенғали
❤1
Апатия…!

Мен ертең тұрмай қалатындаймын,
Қонатындаймын бұлттарға…
Қайтадан сосын жаратылмаймын,
Жаратылмаймын, ұқ, қарғам!

Мен сезіп жүрмін: жақын да, жат та
Жаман деп сірә айтпасын.
Қарсы тұрғандай атылған оққа,
Белгілі кері қайтпасым…

Ақылман да емес, ақымақ та емес,
Санам адасты ой-қырда.
Түскендей жерге жапырақ та кеш,
Үзіліп кетсем, қайғырма!

Қайғырма, ботам, жылаушы болма,
Көз жас өшірер отыңды.
Ақынға сосын ұнаушы болма,
Ұната көрме ақынды!

Дәл осы қысқа өмірімдегі
Өлеңім, білем, тозбасын…
Түймедей болған ерініңдегі
Тимесін меңге көз жасың!

Ақ шағыл арман, аялай алсам,
Тек қана сенің бақытың…
Мен ертең бірақ ояна қалсам,
Келмегені де уақытым!

Мен ертең тұрмай қалатындаймын,
Қонатындаймын бұлттарға…
Балапан торғай қанатындаймын,
Тезірек соны ұқ, қарғам…!

Нұрсұлтан Есенғали
❤1👍1🔥1
Forwarded from Бильеду (Алтын БЕК)
Құрметті, Астаналық достар!
26.10.2026 күні өтетін "МОНОТОН" шығармашылық кешіміздің қонағы болуға шақырамыз.
Билеттер аз қалды, алып үлгеріңіздер!
Айгерим досымнан билеттер ала аласыздар.
Перде́сі жабылған, қараңғы бөлмеде…
Ақ тамшы тамады сыр ашып.
Ол сосын кетеді беймәлім, Бақытқа ұласып.
Сендегі сағыныш, айналып өзенге,
Бағыңның бұлбұлы кетеді қыр асып.
Көз жасын төккілеп, аспанмен жарысып,
Ләззаттан көл-көсір жан-тәнің жыласын.
Мен кетем сонан соң, саусағың дірілдеп,
Сен мені сағынып, еске алып тұрасың!
Ал, әзір мен барда, сезімге беріліп,
Әппақ тән сол әппақ төсекке құласын!
Қаласаң, мен сосын төккілеп кетейін
Бір асыл ақынның мұрасын!

Нұрсұлтан Есенғали
😍1
Сен маған олай ұрынба, қарғам,
Ұрынба, қарғам, ұрынба…
Біздің өлкенің құмында қалған
Жастық дәуренім, бұрында!

Аңғал ғой әлі бала көңілің,
Адаспа бұлай, ес кірмей.
Сызылып қана аға де, күнім,
Буырқанайын көшкіндей!

Ғұмырың алда, тек өтінерім,
Өзгемен жаның жылынсын!
Мендік көңілдің желік екенін
Кеш болмай жүрек ұғынсын!

Мен жүрген жолға елеңдей көрме,
Адастырады бір күні!
Бағыма менің келем дей берме,
Солмауға тиіс қыр гүлі!

Менің басқалай амалым бар ма?!
Жырымды жүрші жинап тек.
Естелік қылып қаламымды ал да,
Шарфыңды маған сыйлап кет!

Отыңды жақшы өзге жігітпен,
Тілейін мен тек сөнбеуді!
Жүрегін өзім әрең жібіткен,
Өкпелетпейік жеңгеңді!

Нұрсұлтан Есенғали
🤔1
Бұлттар жылап, төккендей жерге шерін,
Жылап алшы, жаныма жайғасып ап…
Көз жасыңды сүртейін мен де сенің,
Бұлт өксімей, күн шықсын жайма-шуақ!

Құшағыма келе ғой, жатырқамай,
Ентігіңді бас енді, өтінемін…
Маздайды әлі жүректе отың талай,
Сөнгенімен жүрексіз жетімегің!

Иә, рас, сөндім, жүрексіз жетім қалып,
Жүрек болса, сен жылап жүрмес едің…
Темекі тұқылының шетін қағып,
Сеніміңді өшірдім күнде сенің!

Күй кешсем де дәл бүгін жан шығардай,
Тірі жүрмін, сырлас қып көнсе түнді.
Бөтелкенің ішінде тамшы қалмай,
Жылай да алмай отырмын сен секілді…

Жер бетінде тозақ та, жұмақ та бар,
Жұмақ — сенің жүрегің, тозақ — менің…
Жалын атса, сол жүрек жылап қалар,
Сендік жүрек іздей ме азапқа емін?!

Сен сол үшін жұмақ ет ғұмырымды,
Жүрегіңді өртенген мен емдейін.
Жан естімес, сен есті сыбырымды,
Естімесін еш адам, сенен кейін.

Бұлттар жылап, төккендей жерге шерін,
Жылап алшы, жаныма жайғасып ап…
Қалмады ма сарқылып сенде сенім?
Бойда күмән қалмасын, ойда сұрақ!

Нұрсұлтан Есенғали
❤2
Түн…
Тып-тыныш…
Жалғыздық…
Демалыс бергендей дүрмекке.
Менімен сырласып, жай ғана,
Сыбырлап жалғыз Ай тұр көкте…

Сол мезет, мен де үнсіз, ол да үнсіз,
Буланып көңілдің әйнегі,
Тығылды бұлттардың артына,
Жұлдыздан қызғанып Ай мені.

Абдырап қаламын мен сосын,
Мұрсатта қалардай сәске кеп.
Ай мені қызғанса жұлдыздан,
Күн шықса білмеймін, не істемек?

Мен сірә ұйықтаймын — білмейді-ау,
Сәулесін сезінбей ол күннің.
Тек Аймен сырласам деп жүріп,
Қанша жыл жанымды тоңдырдым!

Мен сондай ақымақ екенмін!
Түндегі бермейді ойлар ем…
Қырсықсын, қызғансын, ренжісін,
Енді сыр ашпаймын Айға мен!

Түн…
Тып-тыныш…
Жалғыздық…
Демалыс бергендей дүрмекке.
Ұйқыға кеткенмен мен үнсіз,
Жабырқап жалғыз Ай тұр көкте…

Нұрсұлтан Есенғали
👍2❤1
Өтінемін…
Жер бетіндегі барша адам…
Естімесеңдер, айқайлап тұрып жар салам.
Мәңгі көктеуге лайықты жерде адам бар,
Айырмасы жоқ Аршадан.
Тиіспеңіздер… Ол әбден өзі шаршаған…
Жалғыз жүрегі мәңгілік серік аңсаған.

Тиіспеңіздер, жапырақ жайып көктесін…
Өкпелемесін, еш адам оны сөкпесін.
Ол менің мәңгі жердегі көркем періштем,
Арта көрмеңдер текке сын.
Жасырын жылап, өмірге айтып өкпесін,
Тағдырды қарғап, көзінің жасын төкпесін.

Ерекше адам — арасындағы жер-көктің.
Үзіліп түссін жанарындағы кермек мұң.
Жалғыздығына ем таппай әлі келеді,
Мен ондай мықты көрмеппін…
Ұйқысын ұрлап кеткен-ау сірә өрнек түн.
Өкпелетпеңдер, жанында оның мен жоқпын.

Есенғалиев Нұрсұлтан
❤2
Мен пайғамбар емеспін, иә,
Емеспін мен сахаба…
Жай ақынмын, зәру болған ел беретін батаға!
Мен өлген соң жазшы, қалқам, өлмейтұғын естелік,
Бәлкім, өлең, бәлкім, шағын мақала!

Мен туралы не білесің? Білетінің шамалы,
Өлеңіме артылмасын жүрегімнің обалы!
Сан мың түндер өткізіппін, серік болмай ұйқыға,
Содан менің несібемнен тауқіметім жоғары!

Өлең жазам, болмаған соң одан өзге сүйген іс.
Содан болар мына менде сарқылмайтын күйзеліс!
Білгеніңді естелік қыл, аздығына қамықпай,
Жарты бетке сыйса болды, соның өзі бір жеңіс!

Өткен өтті, мен білмеймін, кімге не деп өшігем?!
Өшігумен күн өткізсем, барлығынан кешігем.
Бәлкім, мені адам қылған мейірімі анамның,
Бәлкім, мені ақын қылған бұйырмаған бәсірем?!

Мен емес ем өмір үшін өлеңінен безінген…
Жаз мен жайлы болашақта, сезіміңді сезінген!
Жазар болсаң, есесіне, сендегі бар қайғыны
Тәбәрік қып алып кетем өзіммен!

Өмір қысқа, қас қағымда өтеді де кетеді.
Түзетуге үлгерем бе жасалған бар қатені?!
Жазғаныңды ел оқысын, оқымасын — бәрібір…
Ұл-қызыма оқып берсең, жетеді…
Қадірлесін өлең үшін ғұмыр кешкен әкені…!

Нұрсұлтан Есенғали
❤1👍1
Бақыт бұйырмайды ма бізге тіпті?!
Сонша мұңға шыдаған…
Мен де мықты екенмін, Сіз де мықты…
Енді міне, төзімді біздердегі
сынауға күз келіпті…

Айтуға да ыңғайсыз жаурадым деп,
Күзге мейлі екен ғой…
Болғанына сан түрлі арманың көп.
Мұңын тыңдап отырмын жапырақтың,
Саған жыр арнағым кеп!

Ол да күзде үзілді, мен де күзде…
Оны қойшы, заңдылық.
Жәутең-жәутең қараймын жердегі ізге.
Жерге сіңіп кетеді ол сарғайған соң,
Кетермін мен теңізге!

Шын бақыттан езу еш жиылмаса…
Мүмкін, сүю Сізге жат.
Жүрегіңіз сезімге сыйынбаса,
Мен өзімді керексіз сезінемін,
Сол жүректен бір орын бұйырмаса!

Маңызсыз боп махаббат бәсі бізге,
Сезім тұр құнсызданып.
Табыса алмай қалсақ осы күзде,
Сарғайған жапырақты көрген сайын,
Түсермін есіңізге!

Нұрсұлтан Есенғали
👍2
Қазанмен қоштасу 1
(егіздің сыңары)

Мен енді кетіп барамын, қарағым…
Мөлдіреп жанарым,
Ашылмай қабағым!
Таусылып амалым…
Парақтап өткеннің парағын!
Тармақтап тағдырдың тарауын.
Сені енді өлеңім емдемес,
Сен соны түсінші, жаралым!

Мен енді кетіп барамын, бағалым…
Бірақ келіспеуін-ай сананың.
Шыдаймын, амал жоқ, шыдаймын,
Ұлғайып кетсе де шала мұң.
Қырсығып сен маған, мен саған,
Жамадық үстіне жара көп
Жазыла қоймаған жараның!
Өткенге орала қоймаспын.
Сол енді дұрыс па, а, жаным?

Мен енді кетіп барамын, маралым!..
Сусын ғып тағдырдың шарабын.
Соңғы рет бақ тілеп көтердім
Құрғырдың арағын!
Мекендеп мен кетіп барамын
Сағыныш аралын.
Мен кетіп барамын…
Ол менің қалауым…
Жоо-о-оқ…
Ол сенің қалауың!

Нұрсұлтан Есенғали
❤1
Forwarded from Бильеду (Алтын БЕК)
Қазанмен қоштасу 2
(егіздің сыңары)

Сен кетіп барасың, күнім:
Сергелдең сары күз жылатып,
Сары уайым сағыныш жігімен...
Жаныңды жалғыздық жұбатып -
Ештеңе бітпеді мұнымен...

Сен кетіп қаласың,
Таулардың үнімен жаңғырып...
Тереңдеп көңілдің жарасы,
Кетерсің сенделіп, қаңғырып...

Ойыңа ештеңе алмассың,
Айтылмай қалса да әніміз...
Қал десем - қасымда қалмассың,
Қалатын мен және сары күз...

Соңғы рет кездесу бұйырмай,
Түйнек боп қалмасын ішіңде...
Көз жасың жаңбырмен тиылмай,
Тек жылап жүрмеші түсімде...

Өңіңде жылап ал...
Кеудеңді жұлмала,
Армансыз жапанда қалғандай...
Сен барда тым үлкен бұл қала,
Сен жоқта бұл қала тар қандай...

Ойыңа келгенді жазып, сыз...
Жазып, сыз тым ауыр сезімді...
Өлтіріп алмашы жазықсыз -
Мен сүйген өзіңді...

Ойында бұл күздің жылымау,
Түн де тұр қимастық ұзарып.
Сен кетіп барасың, күнім-ау,
Жоооқ!
Сен батып барасың, қызарып!

Санамда сен жайлы ой, жүр еді,
Кездесе алмаймыз енді біз...
Қазанның ең соңғы күні еді...
Қараша, қайдасың, меңді қыз?