NURSULTAN ZULFIKAR
542 subscribers
86 photos
23 videos
5 files
183 links
📖 NURSULTAN ZULFIKAR – діни таным, отбасы, бала тәрбиесі, әлем жаңалықтары мен басқа да пайдалы кеңестер арнасы. Рухани мотивация мен маңызды ақпарат іздесеңіз, қосылыңыз!
Download Telegram
Forwarded from NURSULTAN ZULFAQOR
Вопрос:
Ассаляму алейкум)
Можно ли по шариату отказать парню выйти замуж по причине того, что он хочет исламскую свадьбу, а мои родители против?
А я не хочу обидеть своих родителей. Спасибо)

Ответ:
Ва алейкум ассалям ва рахматуллахи ва баракатуху.
Да, думаю, вам стоит отказать ему, потому что вы недостойны быть его женой.
Он ищет довольство Аллаха, а вы — довольство шайтана.
Forwarded from Sauatty jaz🖊️
"Білім де талпынсаң қонады. "Ит маржанды не қылсын?"- деп дана Абай айтқандай, маржанды қажетсінген адам, оны іздеп, тереңге бойлай білген адам табады. Ал тереңге бойлау үшін талап керек".

📚 М. Кемел. "Ақыл қалта"
Forwarded from Orientalist's Notes
Қалағаның орындалса бір хайыр,
Орындалмай қалса мың хайыр ізде дейді ізгілер.

Біз білмейміз, Алла біледі күллі нәрсені.

#ой_түймекке
عن الحسن البصري رضي الله عنه قال:
قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«لا يرفع عبدٌ نفسه إلا وضعه الله، ولا يضع عبدٌ نفسه إلا رفعه الله»

رواه ابن أبي شيبة، رقم: ٢٥٥٥٩
بتحقيق فضيلة الشيخ العلامة محمد عوامة حفظه الله
Аудармасы:
Хасан әл-Басриден (Алла оған разы болсын):
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:
«Қай пенде өзін жоғары қойса, Алла оны төмендетеді, ал кім өзін кішіпейіл етсе, Алла оны көтереді».
https://t.me/nursultan_zs
Forwarded from NURSULTAN ZULFAQOR
"Кімде-кім өзін дүниеге арнаса, дүние оған көмілетін бір қарыс жерін ғана береді. Ал кімде-кім өзін Аллаға арнаса, аспан мен жердің кеңдігіндей жәннатты нәсіп етеді."

Әскен ұстаз
Күнәһар адам күнәсінен тәубе етсе, оның жағдайы Алланың алдындағы дәрежесі мен құрметі тұрғысынан еш күнә жасамаған адамның жағдайына тең болады.

[әт-Тәфсир әл-Кәбир]
https://t.me/nursultan_zs
Саған бөлінген несібең сенен өтіп кетпейді, ал саған бөлінбеген нәрсеге күшіңмен жете алмайсың.

_ Имам Матуриди (Алла оған разы болсын).

"Бұйырған кетпейді,қуған жетпейді"
https://t.me/nursultan_zs
Бұл екі әйел тең емес:

Бірі — мұсылмандардың жағдайына жылаған,
Бірі — сериал көріп жылаған.

Бірі — абайасын (жамылғысын) ұят пен ибалылық үшін киген,
Бірі — абайасын сәнденіп, көз тарту үшін киген.

Бірі — сахабалар әйелдерін үлгі тұтады,
Бірі — әнші, әртістерді үлгі тұтады.

Шейх Юсуф Хаттар (حفظه الله تعالى)
https://t.me/nursultan_zs
Бірі — күйеуін хандай көріп,бағынып, ханшайым болса,
Бірі — күйеуін бағындырып, сүмелектің әйелі болмақшы.

Бірі — күйеуі арқылы жәннәтты ұтса,
Бірі — күйеуі арқылы тозаққа түспекші.

Алла біздерге және аманаттарымызға тәуфиқ берсін !
https://t.me/nursultan_zs
Кей залымдардың адам сенгісіз зұлым әрекеттерін көргенде, Алла тозақ отын не үшін жаратқанын түсіне бастайды екенсің…

#🇵🇸
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.

Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.

Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.

Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.

Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады.

Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады,
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.

Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.

Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.

Заманақыр болар да, жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.

Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.

Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар!

// Мөңке би (Алла рахымына алсын) айтқаны
Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
«Ан-Нихая» (Хидаяға шарх) кітабында имам Абу Мансур әл-Матуриди (رحمه الله) былай дегені жеткізіледі:
«Мүмін адам баласын таухид пен иманға үйреткені секілді, жомарттық пен садақа беруге де үйретуге міндетті. Себебі дүниені сүю — барлық күнәлардың негізі».
https://t.me/iqra_ua_tartaqi
Forwarded from Beisenali Olzhas
Әнастан жеткен хадисте:

"Кімге отбасы не дүние жақсылығы берілген кезде, ол "машаАлла, лә қууата иллә биллә" десе, сол берілген заттың жамандығын көрмейді".

Имам Байһақидің "Шуғаб әл-иман" кітабынан
Forwarded from Beisenali Olzhas
Кім бір рет бастай алса, демек қайтадан бастауға әбден шамасы жетеді

Имам Һибатулла әт-Тарази
Имам Сәнусидің (Алла оған рақым етсін) сөзі:

«Жалпы халықты дұрыс сенімге (ақидаға) үйрету, әрі бұл сенімді оларға ұғынықты, анық дәлелдермен қайта-қайта қайталау арқылы бекіту – бұл олардың жүрегіне орнықты тыныштық сыйлап, шындыққа күмәнмен қарау әдетін жоюға себеп болады. Бұл іс – оларға жасалған ең үлкен насихаттардың бірі, әрі Аллаға жақындататын ең ұлы амалдардың бірі. Мұндай әдіс олардың дұрыс сенімін шайқалтпайды, керісінше оны бекемдеп, тамырын тереңдетеді. Сондай-ақ, мұндай тәсіл арқылы сол сенімді тек соқыр сеніммен ұстанып жүрген адам (мұқаллид) күпірге ұрынып қалу қаупі бар дәрежеден – бүкіл ғалымдар мойындаған нағыз таным (мағрифат) дәрежесіне көтеріледі».

"أعمال الشيخ سعيد فودة" каналынан
https://t.me/nursultan_zs
Forwarded from Рисәлә
Алла елшісі صلى الله عليه وسلم айтты:

“ Жақын арада көп бүліктер болады. Сонда Алла оны іліммен (жүрегін) тірілтіп қойғаннан басқасы момын болып таң атырса кәпір болып кеш батырады.”

Ибн Мәжәнің сунан кітабы.

Алла амандық берсін!
NURSULTAN ZULFIKAR
Алла елшісі صلى الله عليه وسلم айтты: “ Жақын арада көп бүліктер болады. Сонда Алла оны іліммен (жүрегін) тірілтіп қойғаннан басқасы момын болып таң атырса кәпір болып кеш батырады.” Ибн Мәжәнің сунан кітабы. Алла амандық берсін!
Құрметті оқырмандар!
Егер сіз терең білім мен тәжірибелер тоғысқан ойлар,даналық сөздер,хадистер,аудармалар, тағы да басқа құнды дүниелер іздесеңіз Уалихан ұстаздың осы каналы сіз үшін.Дұға,мен таратудан тартынбаңыздар !)