NURSULTAN ZULFIKAR
528 subscribers
127 photos
35 videos
7 files
220 links
Download Telegram
Бұл сөз «мінез – Алла беретін ризық» екен деп,
«менің мінезім сондай, өзгермеймін» деп отыруға себеп емес.
Ризықты Алла береді, бірақ адам оны іздейді, еңбектенеді, әрекет етеді.
Дәл сол сияқты жақсы мінез де ізденіспен, тәрбие мен тырысу,күресу мен келеді.
6👍6
Ықылас болмаса — бос шаршама!
9🔥3🤔1
«Мүмін ер мен мүмін әйелге – өз жанына, баласына және малына байланысты бәлекет-сынақтар тоқтаусыз келе береді,
ақыры Алла Тағаламен күнәсіз күйде қауышқанға дейін».
(Имам Тирмизи риуаят еткен)
5🔥5
Бөрі арығын білдірмес,
Сыртқа жүнді қампайтар.
Ер қайғысын білдірмес,
Дуылғасын шалқайтар.
5👍4🔥2
Forwarded from Orientalist's Notes
Алдыңғы аптада 128 бет кітап оқыппын. Күнделікті қарбалас, күйбең тіршілікте жүріп те кітап оқуға мүмкіндік табуымыз қажет.

Үйде өсіп келе жатқан бала-шаға да ата-анасының кітап оқып отқан бейнесін көрсе деймін. Баланың көз алдында нормаға айналу қажет. Сонда ертең оған таңсық дүние болмайды.

Өзің кітап оқымай, балаңа “оқы” дегенің жарамас…

#ой_түймекке
3👍3
Forwarded from Orientalist's Notes
Автобан. Трассада кетіп барам. Жолда жанармай бекетіне тоқтадым.

Көліктен түспей, маңызды шаруаларды телефон арқылы шешіп жаттым. Бір мезетте жаныма үлкен жүк көлігінің жүргізушісі кеп, тереземді қақты. Не болды екен деп есікті аштым. Қанша күн жолда жүргенін айтты, қалтасында ақша қалмаған, бір тамақ алатын қаражат сұрады.

Тас боп кеткенбіз ғой мына қоғамда, қолма-қол ақша жоқ еді деп ары қарай жұмысымды жасай бердім…

Терезеден көрініп тұр, жаңағы кісі басқа бір көлікке барып тура осындай өтініш білдірді. Ол көліктегі ер азамат түсіп, қолынан жетектеп, жанармай бекетінің тамақтанатын жеріне кіргізіп, бір сендвич пен шай әперді.

Мен тек сол сәтте ғана түсіндім, сол кезде ғана жетті, сол кезде барып оянғандай болдым.

Ақпарат толқынының көптігінен шын мұқтаж бен “кәсіпкерді” айыру қиын боп қапты… Оңайы — ешкімге сенбеу дегенге бекініппін... Алайда соның әсерінен бірте-бірте бізді адам қып тұрған нәрседен айырылып баратқандай күйге ендім…

Жанармайымды құйып болған соң жаңағы кісіге өз атымнан тамақ әперіп, арқасын қағып, сәтті сапар тіледім де, ары қарай жолымды жалғадым. Сол кезде тағы да бір есейгендей болдым.

Бірінші келген кезіндегідей сауап болмаған шығар, бірақ сабақ болды.

#ой_түймекке
3👍2
Хадисте:
«Алла Тағала білімді адамдардың жүрегінен жұлып алмайды. Бірақ білімді ғалымдарды алу арқылы алады. Ғалым қалмаған кезде, адамдар надандарды басшы етеді. Олар білімсіз пәтуа беріп, өздері де адасады, өзгелерді де адастырады».
Сахих хадис.

Сондықтан бір ғалым(шынайы ғалым) өмірден өтсе, әрбір мұсылманның жүрегі ауыруы тиіс. Өйткені ол өзімен бірге қаншама ілімді ала кетеді.
Екіншіден, сол ғалымнан асатын, тым болмаса соның деңгейіндегі жас ғалым жасап шығару — мұсылмандардың мойнындағы міндет.
Әсіресе:
ұстаздар — ілім аманатын көтеріп жүрген жандар — білімін аямай беруі керек;
дәулетті мұсылмандар — дүние-мүлкін ілім жолына жұмсаудан аянбау қажет.
11🔥3🤝2
1👍1
Адамдардың көбін ғылым таратуға итермелейтін нәрсе — үстемдік құру ләззаты, соңынан ерушілердің көптігіне қуану, мақтау мен мадаққа марқаю. Ал шайтан оларға мұны әдемілеп көрсетіп: «Сендердің мақсаттарың — Алланың дінін тарату, Мұхаммад пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкелген шариғатты қорғау» деп сыбырлайды.
Сен уағызшының адамдарға насихат айтып, тіпті сұлтандарға ақыл айтқаны үшін Аллаға міндетсінгендей болатынын көресің. Адамдардың оның сөзін қабылдап, оған бет бұрғанына қуанады. Ол өзін: «Дінге көмектескеніме қуанып жүрмін» деп ойлайды. Бірақ егер оның замандастарының бірі одан да әсерлі уағыз айтып, адамдар соған қарай бет бұрып кетсе — бұл оған ауыр тиіп, қапаландырады.
Егер шын мәнінде оны дін жетелеген болса, онда Аллаға шүкір етер еді, өйткені Алла бұл маңызды істі басқа біреу арқылы атқартып, оны осы жүктен босатты.

📚Әбу Хамид әл-Ғазали, «Ихия»
10
Юнус есімді Имам Шафиғидың шәкірттерінің бірі бір мәселеде ұстазымен пікір қайшылығына түседі. Ашуға булыққан шәкірт сабақты тастап, үйіне кетіп қалады.
Түн бата есік қағылған дыбыс естіледі. Есікті ашса – қарсы алдында ұстазы Имам Шафиғи тұр.
Ол былай дейді:
«Уа, Юнус! Бізді жүздеген мәселе біріктіріп тұрғанда, бір ғана мәселе айырып жібергені дұрыс па?!
Уа, Юнус! Әрбір келіспеушілікте жеңіске жетуге тырыспа. Кейде жүректерді жаулау – пікірде үстем болудан әлдеқайда абзал.
Уа, Юнус! Өз қолыңмен тұрғызған көпірлерді бұзба. Мүмкін, бір күні сол көпір арқылы қайта оралуыңа тура келер.
Қателікті жек көр – бірақ қателескен адамды жек көрме.
Күнәні жек көр – бірақ күнә жасағанға мейірім мен кешірім таныт.
Сөзді сына – бірақ сөйлеушіні құрметте.
Біздің міндетіміз – ауруды жою, науқасты емес
».
4