Жәннатқа бірге🤍
1 subscriber
63 photos
14 videos
3 files
Менің жақын қыздарыма арналады. Намаз бастағысы келіп жүргендерге. ❤️
Download Telegram
Екінті намазының 4 рәкәғат парызының оқылу тәртібі
ниет етіледі: «Екінтінамазының төрт рәкәғат парызын өтемекке қараттым жүзімді құбыла екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».
Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:
Фатиха сүресі
Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.
Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).
Кәфирун сүресі
Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин.
«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.
Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.
Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.
Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, екінті намазының 4 рәкәғат парызының 1-рәкәғаты бітті.
Ескерту: Екінші, үшінші және төртінші рәкәғаттарда алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.
Фатиха сүресі
Насыр сүресі
Изәә жәәәә-ә насруллааһи уәл-фатх. Уа ра әйтәннәәсә ядхулууна фии дии нилләәһи әф-уәәжәә. Фәсәббих бихамди раббикә уәстағфирһ, иннаһуу кәәнә тәу-уәәбәә.
Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.
Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.
«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.
екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».
«Әт-тахият» дұғасының әшһаду әл «ләә» деген жеріне келгенде сұқ саусақты жоғары көтеріп, «иллаллааһу» сөзін айтпай тұрып саусақты түсіреді. Саусақты көтеру тәсілі. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ұштарын қосып шеңберлей біріктіріп, қалған екі саусақ жұмылып, сұқ саусақты ғана жоғарыда көрсетілген сөздер арасында бір рет қана жоғары көтеріп, қайта түсіреді.
Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесіне таянып тұрады. Орнынан тік тұрып, қолын көкірек тұсына қояды. тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, екінті намазының 4 рәкәғат парызының 2-рәкәғаты да бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха сүресін оқып, 3-рәкәғатты бастайды.
Ескерту: парыз намаздардың үшінші және төртінші рәкәғаттарында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылмайды.
Фатиха сүресі
Фатиха сүресін оқып болған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.
Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап, екінші сәждеге қайта барады.
«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» сөзін тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден тік тұрып, қолын көкірек тұсына қояды. тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, екінті намазының 4 рәкәғат парызының 3-рәкәғаты да аяқталды.
«Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха сүресін оқумен 4-рәкәғатты бастайды.
Фатиха сүресі
Фатиха сүресін оқып болған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, бойын тіктеген соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген сөзді айтады.
Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.
«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады. отырыс кезіндегі назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде мына дұғаларды оқиды:
«Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».
«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».
«Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».
Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.
Міне, осымен екінті намазының 4 рәкәғат парызы аяқталды.

Осылайша намазды толық бітірген соң Аятул курси оқылады:
Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим. Аллааһу ләә иләәһә илләә һуәл-хайюл-қаюуум, ләә тә’ хузуһуу синәтуу уә ләә нәуум, ләһуу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мәң зәлләзии яшфаъу ъиңдаһуу илләә би-изниһ, яъламу мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхиитууна би-шәй-иммин ъилмиһии илләә би мәә шәә, уасиъа курсиюһус-сәмәәуәәти уәл-ард, уә ләә я-уудуһуу хифзуһумәә уә һуәл ъалиюл ъазим.
Аятул курсиді бітірген соң төмендегі сөздер 33 реттен айтылады:
1.Субхааналлааһ – 33 рет
2.Әлхамдулиллааһ – 33 рет
3.Аллааһу әкбар – 33 рет
Сосын мына дұға оқылады:
Ләә иләәһә иллаллааһу уәхдәһуу ләә шәриикә ләһ, ләһул мулку уәлаһул хамду, уә һуә ъалаа кулли шай-ин қодиир.
Осы дұғадан соң барып екі қолды жайып бата жасайды.
«Аллаһым, бір өзіңнің ризалығың үшін оқыған асыр намазының қате-кемшіліктері болса, кешіріп қабыл ете гөр! Біздердің біліп-білмей жасаған күнә-қателерімізді кешіре гөр. Асымызға адалдық басымызға амандық беріп, түрлі пәлекет пен тіл, көзден сақтай гөр. Иә, Аллаһым істеген кәсібімізге береке беріп не берсең де хайырымен жақсылығымен нәсіп ете гөр. Осы жасаған дұға-тілектерімізді қабыл ете гөр. Раббәнәә әә-тинәә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил әә-хироти хәсәнәтән, уә қинәә ъәзәәбән-нәәр. Уә сәләәмун ъаләл мурсалиин. Уәлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин», - аумин, аллаһу әкбар деп бет сипайды. (басқада өзінің білетін бата-тілегін жасауына болады).
Міне, сонымен екінті намазы толығымен аяқталды.
Алла тағала ықыласпен оқыған намазымызды қабыл етсін!
Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған.

Раббым, анама “уфф” демейтін тағдыр берші маған.

Раббым, осы жыл бойы біреу менен қарыз сұрап келсе "Мә, ала ғой" дейтін жүрек берші маған.

Раббым, бала-шағама дұрыс тәрбие беретін тағдыр берші маған, мен оларға дұрыс көңіл бөлмеппін.

Раббым,туысқандық байланысымды реттеп алатын тағдыр берші маған.

Раббым, түнгі намаздарымда Тәхәджуд оқитын тағдыр берші маған.

Уайымың жүрегіңізде күшті болсын, сол уайыммен жазылады тағдырыңыз.

Әмин🤲🏻
ӨЗІҢДІ БАСҚАРА БІЛ!

Денеміздің сол жағында орналасқан бір кесек ет жайлы емес, ол кесек ет жануарда да бар. Біз өлсек те ол кесек ет қалады денемен бірге .
Менің әңгімем өлгісі келмейтін, мына өмірге сыймайтын ЖАНЖҮРЕК - РУХ - НӘПСІ жайында.
Жүректе төрт түрлі сипат бар:
ИТТІҢ СИПАТЫ: ашуланшақ, ренжігіш, өкпелегіш, ұрысқақ секілді сипатқа ие болады.
ШОШҚАНЫҢ СИПАТЫ: жеп-ішуге, төсек қатынасына байланысты құмарлықтан ләззат алу сипаттарын қамтиды.
ШАЙТАННЫҢ СИПАТЫ: алдау, арбау, саясат, қулық, пайдалану деген секілді.
ПЕРІШТЕ СИПАТЫ: адал, мейірімді, қанағатшыл, жомарт, тб сипаттарға ие болады.
Егер алғашқы үш сипатты періште сипаты басқара алса, онда адам ләдуни ілімге есік ашады, яғни интуиция дамиды. Және Адам өмірінде жеңілдік пайда болады. Өйткені әр бір затты қалай дұрыс қолдану керек екенін инструкциясында көрсетеді. Дәл сол секілді біз де ең аяулы жерімізді инструкция бойынша жоғарыда айтылғандай қолданғанымыз дұрыс болады деп меңзелген.