Карагандинский областной историко-краеведческий музей
74 subscribers
2.07K photos
438 videos
2 files
74 links
Download Telegram
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣Бүгінгі #демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

⚜️”Анаға апарар жол” – Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2016 жылы 29 қыркүйекте кесілді.
🔷3 сағатқа жалғасқан тарихи фильм 1930 жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубетті суреттейді.
🔶Оқиғаның негізгі желісінде қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы көрсетіледі.

⚜️Халық Сейткемеловтың “Шұбырынды қанды босқын” көркем туындысы.
🔶Ел ішіндегі ірі байлар 28-жылы кәмпескеленіп, айдалып кеткеннен кейін, шаруа бағып, мал өсіріп күнелткен қарашаруалар мен кедей малшылар ғана қалған болатын.
🔷1931-1933 жылдардағы аштық апатында Ертіс ауданының негізі болған Қызылағаш болысының 20 мыңға жуық қазағының жартысына таяуы қырғынға ұшырады.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣Бүгінгі #демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

⚜️ «Хан Кене»
Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы 1928 жылы жазылған.
🇰🇿 Әуезов дала тәуелсіздігі үшін қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының басшылығымен 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық күрестің қаһармандық және трагедиялық парақтарына жүгінген бұл жазушының жаңашыл туындысы.

⚜️ «Аманат» - Сатыбалды Нарымбетовтың қазақстандық тарихи-драматикалық фильмі.
🎞Фильмде «буржуазиялық ультраализацияшылдық» деп айыпталып, қазақ ханы Кенесары бастаған көтеріліс кезеңі туралы ғылыми қорытындылар үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы көрсетіледі.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣 #Демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

🇰🇿Бүгінгі жариялымды көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшіс - Мұстафа Шоқайға арнаймыз!

🔷 Ермек Тұрсынов «Мұстафа Шоқай» кинороман.
Бұл – танымал кинодраматург, режиссердің кітабының екінші басылымы. Мұстафа Шоқай – біреулер үшін ол түркі әлемінің көсемі, құтқарушы және жанашыр. Ал енді біреулер үшін – сатқын, қоғамын тәркі еткен жан. Бұл кітап «Мұстафа шын мәнінде кім? Оның ақиқаты не еді?» деген сұрақтарға тағы бір мәрте жауап беріп көруге талпынады.

🔶 Тарихи фильм «Мұстафа Шоқай».
ХХ ғасырдың алғашқы тоқсанында саяси қызмет атқарған Мұстафа Шоқай өмірі мен тағдыры туралы тарихи туынды 2008 жылдың 20 қарашасында жарыққа шықты. Фильмде Мұстафаның өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры көрініс тапқан.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣 #Демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

🇰🇿Бүгінгі жариялымды жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, Мысырда билік құрған сұлтан қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі Бейбарыс сұлтанға арнаймыз.

🔷 Араб эпосы «Сұлтан Заһир Бейбарыстың өмірбаяны».
Бұл қазақ елінде туылып, қапыда құлдыққа түсіп, жат елде жүріп сол қамыттан арылып сұлтандыққа дейін көтерілген бабамыз жайлы арабтардың тамсана жазған еңбегі.
Араб эпосын қазақша сөйлеткендер: Ы.Палтөре, Қ.Садыбаев, Ж.Сариев, Ж. Омарбеков.

🔶 Тарихи фильм «Сұлтан Бейбарыс»
Бағзы заманда Мысыр еліне құлдыққа әкетілген қыпшақ баласының тағдыры туралы, «Совэкспортфильм»және "Эль Аламия" киностудиясында (Египет) бірлесіп шығарылған 1989 ж. кеңестік-мысырлық тарихи фильм.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣 #Демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

🔷 Мұхтар Әуезов, повесть «Қилы заман».
Мұхтардың 1916 жылғы қазақ көтерілісінен алып жазған тарихи ұзақ əңгімесі (повесі). «Қилы заман» ішінде болған зор оқиға 1916-ші жылдағы Жетісудағы Албан қазақтарының «Ақ патша» жарлығына қарсы жасаған көтерілістің қимылын суреттейді, бұл оқиға қазақ арасында төңкерісшілдік мәні бар, тарихи маңызы зор қозғалыс.

🔶 Көркем фильм «Амангелді».
«Амангелді» көркем фильмі 1916 жылы Қазақстанда болған оқиғаларға арналған. Патша өкіметінің қазақтарды Бірінші дүниежүзілік соғыс майданында жер қазу жұмыстарына шақыруының басталуы — шаруалардың көтерілісіне алып келеді. Көтеріліс басында Амангелді Иманов болады.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣 #Демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

📚Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпоеясы.
⚜️М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды.

🎞 Тарихи драмалық телехикая «Абай жолы»
🎬Телехикая мақсаты - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақынның ұлт руханиятындағы орнын айшықтау және «Абай жолы» романында мықтап бейнеленген сом тұлғасын экран тіліне түсіріп, жас көрерменге таныстыру.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣Бүгінгі #демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

📚Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ».
⚜️Бұл повесть негізіне күрес, тартыс жолдарының баяндалуында қазақ өмірінің өзіне ғана тән суреттерінің молдығы, қаһармандар арасындағы тартыстың желісі «Балуан Шолақты» қазақ әдебиетінің елеулі туындылары қатарына қосады.

⚜️ «Балуан шолақ» тарихи фильм.
🎬Кино Балуан Шолақтың балалық шағынан басталады. Досымен орманда ағаш теріп жүрген ол қасқырдың апанына тап болып, қасқырмен арпалысады.
🎞Ары қарай оның есейген шағы баяндалады.
🔆Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, достар!

📣Бүгінгі #демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

📚Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз».
⚜️ Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.

⚜️ «Бауыржан Момышұлы» тарихи сериал.
🎬 Сериалда батальон командирі ретінде ұрысқа қосылған Бауыржан Момышұлының алғашқы шайқасы, оның майдандас достарының екіұдай көңіл-күйі, өзіне де, өзгеге де талапшыл командирдің жаужүрек мінезі туралы баяндалады.
#ДЕМАЛЫСКҮНІАЙДАРЫ

📣 #Демалыскүніайдарының шығарылымында біз сіздерге әдеттегідей қазақ халқының тарихынан сыр шертетін
⬇️ көркем туындыны көруге және көркем шығарманы оқуға кеңес береміз!

📚 Ілияс Жансүгіров «Құлагер» (поэма)
⚜️Ақынның өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасы қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арналады.

🎞 Толық метражды көркем фильм «Құлагер»
🎬 Бұл фильм ХIX ғасырда өмір сүрген ақын, сазгер Ақан Серінің өмірі, адами болмысы, тұлпары Құлагердің тағдыры турасында түсірілген.