𝑴𝒖𝒏 𝒎𝒆𝒏 𝑼𝒏
53 subscribers
2 photos
1 video
Өлең – адамның ішкі әлемін ашатын кілт. «Мұң мен үн» – сол кілттің жүрекке апарар даусы.
Download Telegram
Ғашықтықтың көгіне жеткендеймін,
Сенсіз жарық күнімді өткермеймін,
Сағындымғой жаным-ау сағыныштан
Жапырағына асыққан көктемдеймін

Тыныштықсың, жоғалсаң ел іздейтін,
Сендік жанның бөлігі, егіздеймін
Сағындымғой жаным-ау сағыныштан
Толқынына асыққан теңіздеймін

Сағыныштан жүрегім тұсалып тым,
Сенің жанм дегеніңнен күш алыппын,
Сағындымғой жаным-ау сағыныштан
Мұңмен күнін көретін құсалықпын

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
🔥10❤5👏2💘2
Өзіңді басып, өзіңді алдап,
Тартасың артқа неліктен?
Сен қызығатын өмірде жүрген,
Адамның бәрі еріккен!

Абырой санап ақша шашқанын,
Жүргенін айтып көлікпен,
Тәкаппар болған адамдар жалпы,
Аумай бір қалған өліктен

Жегенін айтып мақтан қылады,
Санасы саяз тентектер,
Өлімге сатып ар намыстарын,
Төрт аяқ болып еңбектер

Ставка тігіп, жеңіл ақшамен
Санасын қатты мас қылған
Қорада тұрған малдарың артық
Тірлігі ондай лас ұлдан

Жеңілді асты ауырдың үсті,
Қиынды келсе тапталған,
Адамдар азба бүгінгі күнде
Өтірік айтып ақталған?

Жағымпаз, сорлы,
Көтерер қолды, Менменшіл болып аспанға,
Алдына бір жан салмай кетеді
Шындықтан ары қашқанда

Өтірік иман, көрініп жұртқа,
Періштемін деп сайраған,
Ешкім жоқ кезде, пышағын келіп,
Хараммен қатты қайраған

Жақсылық жасап, таратып оны,
Мен ақ жақсымын дейтіндер,
Телефон артта жақсы көрініп,
Өмірде пара жейтіндер

Жалпы мен көрген жалғанның мынау,
Пендесі көпқой шатасқан,
Санаңа жарық түсіріп отыр,
Сенде боп кетпе адасқан!

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤13👏3💘1
Құдай берген заттарға сөз баспаңдар
Тілдер ұзын болғанмен көз аспандар
Менің қысқа бойыма сөз айтады,
Санасының теңізін шөл басқандар

Өсекпенен абырой тірейтіндер
Әңгімемен өтірік іритіндер
Менің қара түріме сөз айтады
Қабір кезде түрлері шіритіндер

Құр дүниемен жан тәнін мас қылғандар
Күнә істі жанына дос қылғандар
Мені ауру деп айтат ал негізі
Тәкаппарлық ауруы асқынғандар

Білмейді, өтірік жамандар
Ойлаусыз басылар қадамдар
Қалтама сөз сөйлеп кетеді
Ақ мата оранар адамдар

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤9👍2🕊2👏1💘1
Өзіңді жақсы көргенмен, өзгеде сенің көңілің,
Бақытты болғын әр кезде, әсерлі болсын өмірің.
Жалғанда жалғыз болсамда,, болсада сенсіз өмірім,
Басқасы естен кетседе, есімнен кетпес нөмірің.
Өзгемен,  бірге жұп болып, сездің бақыт не екен?
Адамдар көптеу болса, өзіңдей жандар кем екен...

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
🕊6❤5🔥2💘2👏1🎉1
Сөздеріңде ерекшелік бар қандай?
Көңілімді жөндейтін
Ең білікті дәрігерсің қалқатай!
Жүрегімді емдейтін!

Өзің ғана мына менің шындығым,
Басқаларға сенбеймін.
Мендік баққа Құдайымнан жолданған,
Бақыт құсым сен деймін!

Жарқын шаққа өзің мені шақырар,
Аялдамай кел дейтін.
Ойларыма мына мені тастамай,
Мұңдарыма бермейтін.

Нұр шашатын әсем болған бейнеңмен,
Жарық жағы өзің мына жалғанның.
Дұға тілеп әр түнімде сөйлеумен,
Силығысың маған берген Алламның!

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤8👏2💘2
Диабетпен күндіз-түні алысып,
Айтшы маған, олай жүру оңайма?
Өмір үшін өліміммен жарысып,
Жеңгім келед мына менің қалайда!
👏7❤3👍3🔥1🕊1
Асауланған тағдырымды өз ырқыма салалмай,
Күйік шалып, бірақтанда оттай болып жаналмай,
Осыншама ғұмыр сүріп, арқалап ап мұңдарды,
Бақытымның босағасын көрмей кетіп қалардай

Өткен күнге дым өкпе жоқ, мың мұңдармен күн кешкен,
Сол күнімді аңсайм кейде, Жаратқанмен тілдескен.
Кешірімін алсам болды, алсам болды Құдайдың,
Кешірсе егер күнәларді, жасап қойған білместен

Өр тағдырмен өмір сүрсем олда менің ерлігім,
Сеніп келем келер бір күн, мына менің теңдігім,
Шолақ болған бақытымның емін табам аз қалды,
Сөнбей тұрсаң болды маған қақ төбемде сен күнім

Сынағына көп түстім-ау, көп түстім-ау Құдайдың,
Сынайды ол ұнатқанын, демек менде ұнаймын,
Сол сынаққа сынбау керек мына менің міндетім,
Сынып қалсам ұнатады сосын мені бұлай кім?


(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤4🔥3👏1😍1
Көздеріңде үңілумен менің күнім жылжуда,
Көздеріңнен дәрі табам, дәрі табам бұл мұңға
Жанарыңа батырып ап қадірлім-ау сен мені
Сол көзіңнің ең алғашқы бір құрбаны қылдың ба?

Мына мені мас қылдың ба? Мас қылдың ба, күлкіңмен
Күлімдеген сол бейнеңді таба алмадым мың түннен
Езулерің ерекшем-ау екі жаққа тартылса,
Мына менің ет жүрегім, діріл қаққан сілкінген

Сенің шашың адастырды, адастырды есімнен
Айырылдым еш ойланбай, жүрген тыныш кешімнен
Сол шашыңды қолдарыма ғазал қылып алғанда,
Өмірімнің жәдігері болады деп түсінгем

Сен қасымда болғаныңда, тынышталам, үнсіздік,
Кешір мені қолдарыңды қойсам егер гүлсіз қып,
Менің мінім бір басыма жетіп және артылад
Сенің мінің періштем-ау, ол әрине мінсіздік

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤5🔥3👏2
Қою кешті түндеріме жалғап тағы мұңменен,
Бұл қайғының көптігінен қалай жаным күн көрем?
Түнек басқан өткен өмір байлап қалды шамасы,
Жібермей жүр түрлі ойлар, күрсіндіріп зілменен

Өмір атты сапарымның қиылысы көп неге?
Кешкен кіші батпақтарға қарап келем кектене,
Жартысына жетпей жатып арманымды жоғалттым,
Енді маған сендік аспан қара емес көк деме

Езуімнің шынайы боп тартылғаны есте жоқ,
Ұзын сонар мақсаттарым, бірте бірте кесте боп,
Мына маған қасарысқан қу тағдырым өтініш
Бақыт құсы тұрған тордың құлыптарын шешпе көп

Кеудем діріл қағып күнде, сүңгіп кетсем ойларға,
Сонда мені о Құдайым мұңлық қылып қойғанба?
Жүрекпенен ойлар алам ең маңызды талабым,
Жол бермейтін болса болды ауыр ойды бойлауға

Жан айқайдың жайын білсең, жылар едің жақыным,
Алға қарай қадам бассам, қадам асты тағы мұң,
Мен өзімді жылтыр болған танымадым айнадан,
Мен өзімді тайғақ болған тар жолдарда таныдым

Тән ауруы емделеді, жан ауруы ем қайда?
Сенен түгел емделіп ап, алыстасам болмайма?
Жүрек құрғыр денемдегі бар жасымды шығар дейд,
Ал намысым жылама дейд, нестейтін ед ондайда?

Күйзеліс, мұң, үмітсіздік, оны қайғы жалғайды,
Жан дүние шыңғырады, шығарады айқайды,
Сыртқа күлген көздерімнің ішіндегі мұңдарды,
Қай қадірлім, қай жақыным, қай сырласым байқайды?

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤5👏2💔2🕊1
Қою түнді жарық етіп, келген маған бақпысың?
Бәрі жаман бүртүрлілеу, сен-ақ маған жақсысың,
Көңілімнің ішіндегі саған ынтық сезімді,
Шығара алмай қиналғанда, өзің ізде, тап, түсін!

Көлеңкеңнің сұлбаларын қара жерден қызғандым,
Сен болмасаң сезімімнің,құлыптарын бұзған кім?
Құшағымда болғаныңда жылу таптым ерідім,
Алыстасаң суынамын, болып қалад мұз қалпым

Елігім-ау, еркем менің, ерекшем-ау, ерексің,
Өр тағдырға мына мендік өте қатты керексің,
Әр тарихтың қойнауында бір құпия жатады,
Мына мендік ең құпия, ең бағалы дерексің

Бақытымның босағасы өзің екен, білдім дөп
Бірге болсақ шын қуандық, шын бақытпен күлдік көп
Сен егерде алынбайтын қатал қырсық мұң болсаң,
Мен өтейін өмірімнің әр демінде мұңлық боп

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤4🔥2🕊1
Өмірдің кейде тым тосын хаты,
Құлазып нұрлы жанымыз
Осы жыл күздің ең мұңды сәті,
Қоштасқан біздің сәтіміз

Саусағым сүмбіл шашыңды тарап,
Жинадым сезім үздіксіз
Жанарың жерге мөлдіреп қарап,
Қимастан ұзақ тұрдық біз

Қолыңмен қолым жанасып алып,
Қапланбек бағын аралап
Автобус жаққа біз келе салып,
Жүрекке салдық қара дақ

Жанарың жасқа тым көптеу толып,
Тағдырдың алдың силығын
Сол күні бірден күн бұлтты болып,
Сезіндің мендік күй мұңын

"Автобус жүрді, Қош бол!" дедің де,
Басымнан бақты ап кеттің
Сен кеткен сәттен мына меніңде,
Жанымды жеді-ау тәлкек мұң...

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
❤8🔥1👏1
Есіп тұрды Сарыағаштың самалы,
Қатты-қатты сағынысып көрістік
Жан-жақтарға мән бердікте шамалы,
Сырласуға екі ғашық кірістік

Біз отырған сол бір орын алдында,
Өтіп жатты, көліктердің түр-түрі
Иісіңе мен мас болып қалдымда,
Тым өзгеше күйге баттым сол түні

Отшашулар атқылады санамда,
Жатыр еді жаңа ғана түнеріп
Сағынысқан екі ғашық денесін,
Ұстамастан өз еркіне жібердік

Сырластықта және сырды жасадық,
Екеуміздің "первый"-ымыз ұрланды
Қос ғашықты құшағына қысып ап,
Сарыағашым сақтап қалды сырларды

(с) Бақдаулет Бақытбекұлы
🔥5❤4⚡1👏1
Гүл болсаңда суыққа солмай мүлде,
Тырыссаңда жылымай қалған кеуде,
Тіршіліктің жолынан алыс кетіп,
Қалайсың ба? Жүруді жаным бірге?

Уақыт дейтін сорлыға бағыныстың,
Мұң шалғанда жанарың, жалын ұшқын.
Арамызға салдырып көп шақырым,
Сен де көрдің азабын, сағыныштың.

Қара көзден түсірме жас, жыламағын,
Көргім келмейд көңіліңнің құлағанын.
Сор боп қонған алыстық пен сағынышқа,
Сынып қалмай, ақылдым, шыда жаным

Сенсіз мәнсіз жарығым күн құруда,
Өмір-өзен арнасын кел бұруға,
Аз уақыттық алыстау қатынастық,
Апарады мәңгілік бір болуға

©Бақдаулет Бақытбекұлы
😍4🔥3
Ағылды тегіл төгілді жастар,
Ал менде қандай бар кінә?
Аспаннан өзін лақтырып жатыр,
Өздерін жаңбыр орныма.

Сен кетіп қалып суықпен жауын
Келгені қалай ақылдым?
Сеземін сені сол өзің жаққа,
Келеді мені шақырғың

Малмандай су боп көшеде жүрсем,
Мені кеп біреу таламас
Барғым келседе кешірші мені,
Жібермейді бұл Сарыағаш

Сағынышыңды жібердің әлде?
Аспаннан жаңбыр төгіп бір.
Сүйсекте шексіз бір бірімізді,
Алыстады-сұм өмір бұл

Сарыағаштағы жылудың бәрін,
Жоғалттың неге Құдай-ай.
Қанша сүйсемде жаңбырдың иісін,
Сенікі жетпей тұрғаны-ай

©Бақдаулет Бақытбекұлы
❤5👏1
Жанарыңа жасырған мұңдарыңды,
Көріп білдім, ақымақ болғанымды,
Тағдыр дейтін сорлыға мен жетпеппін,
Сеніңде бір жауыпты жолдарыңды

Соңғы қалған өзіңнің сеніміңді,
Білмей қалдың, қай жанға беруіңді
Мұңдарыңның барлығын маған таста,
Мен қалаймын бақытқа келуіңді

Тамған жастар көзіңнен ауыр неткен,
Қыстан шыда, келеді жәймен көктем
Жаратқанның жылуын жамылып ал,
Шақтарыңды ойлама ауыр өткен

Мейлі бәрі жамандап талқыласын
Аспанымыз күндіге жаңбырласын
Мен өмірдің тепкісінен қорғап өтем
Тек шыдамды болағой тағдырласым

©Бақдаулет Бақытбекұлы
❤7
Бүгінгі түн қайғыны еселеді,
Бірге жүрсек мың мұңдар өшер еді,
Бізді күтіп тағыда келсе екен деп
Күтіп жатыр Сарыағаш көшелері

Бізді тек бір махабат аялады,
Қалғандары жек көрді аямады,
Бірге қолын ұстасып келсе екен деп
Күтіп жатыр Сарыағаш саябағы

Мәнсіз болып жасымен қариясы,
Мен тарихтың Садық, сен Әлиясы,
Арпалысқан соғыстан келіңдер деп,
Күтіп жатыр Ана Бала алеясы

Баянды бақ деп сені санамақпын
Болашаққа белгісіз қадам бастым
Тарих жаққа кетейік біз қосылып,
Қос ғашығы болып бір Сарыағаштың

©Бақдаулет Бақытбекұлы
🔥3❤1
Көңілің сенің көктемнен жаным көрікті,
Өзіңнен өзге жандарды миым ұмытты,
Әкеттің мені күлімдеп басқа ғаламға,
Айналдым еркем мінезден сендік қылықты

Өзіңе деген сезім бұзылмас тас қамал,
Сен бар болғанда қызықтырмайды басқалар,
Әлемнің бәлкім, кереметісің сегізінші
Сұлулық деген жүзіңнен сенің басталар

Байлығы сенсің дауылпаз мынау өмірдің,
Бақытым болып басыма қонар көріндің
Жаныма жақын жүретін болсаң жарығым
Мәндіде сәнді көрінер мәңгі ғұмырым

©Бақдаулет Бақытбекұлы
🔥3❤2
Тағдырымның тым тартымды тармағы ❤🫂
❤4😍3🔥2
Таныстарым баааар менің...
Жанарыңа жағынып күлімдейтін,
Сен жақыным, сен менің гүлім дейтін,
Келбетіңе езуін ермек қылып
Жамандығы арамы білінбейтін

Таныстарым бааар менің.
Адам симас қараса айнасына
Түсіп қалар шайтанда айласына
Сенің оған адамдық бір құның жоқ
Егер оның тимесең пайдасына

Таныстарым баар менің...
Еріктері нәпсінің қолдарында
Сауабынан күнә көп жолдарында
Қанша ақша тапсада берекесіз
Ниетіде ақ болып оңбадыда

Таныстарым бааар менің....
Қызды көрсе ұмытып адамдығын
Ойластырып сол қызға арамдығын
Жете алмаса әртүрлі сылтау айтып
Елге жаяр, өтірік жамандығын

Таныстарым бааар менің...
Жігіт десең жігіттің арғымағы
Бауыр десе бар күшін салдырады
Көрсетеді бойынан адалдықты
Бағаласа, барлығыр бал қылады

Таныстарым көөп менің....
Көрсететін көрсетпейтін сараңдығын
Күйе қылып жақпайтын жамандығын
Тәңір берген таңдаулы таныстарым
Алла берсін бір бастың амандығын

©Бақдаулет Бақытбекұлы
❤3🔥1😍1