Цифровая маркировка товаров в Казахстане
1.53K subscribers
525 photos
45 videos
6 files
670 links
Все самое интересное о цифровой маркировке и прослеживаемости товаров, здесь!
Download Telegram
Қазақстандықтар енді контрафактілік темекі сататындардың үстінен анонимді түрде шағым түсіре алады.


Шағымды тегін Naqty onim қосымшасы арқылы жіберуге болады, қосымша App Store мен Play Market-те қолжетімді. Шағымдану механизмі өте қарапайым: қосымшаны жүктеп алып, темекі қорабының сыртындағы DataMatrix кодын сканерлеу керек. Егер өнім түпнұсқа болса, қосымшада өндірілген ел туралы ақпарат пен импорттаушы туралы ақпарат шығады, сондай-ақ осы темекі қорапшасының жүріп өткен жолы толығымен көрсетіледі.

Егер кодты оқу мүмкін болмаса немесе «код жүйеде табылмады» деген ақпарат көрсетілсе, сатып алушы қосымша арқылы тікелей уәкілетті органға хабарласа алады.

Сондай-ақ пакетте сандық кодтар болмаса да шағымдана алады. Қосымшаға бұдан былай жеке деректерді енгізудің қажеті жоқ. Сонымен қатар азаматтар шағымға электронды қолтаңбамен қол қоймайды. Бірыңғай оператор шағым беру механизмін өзгертті, қазір шағымды жасырын түрде де жіберуге болады.

Егер сатушының кінәсі дәлелденсе, ол ескерту алады. Бір жыл ішінде екінші рет заң бұзған жағдайда акциздік тауарлары тәркіленіп, лицензиядан айырылады. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектісіне 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектісіне 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. 

Елімізде темекі өнімдерін міндетті түрде таңбаланғанымен, контрабандашылар өз тауарларын Қазақстанға заңсыз әкелуін жалғастыруда. 2024 жылдың наурыз айында қазақстандық шекарашылар құны миллиард теңгеге тең темекі контрабандасының жолын кесті. Ал NielsenIQ агенттігінің 2023 жылға арналған мәліметі бойынша, Қазақстандағы темекінің әрбір оныншы қорабы елге заңсыз әкелінген.
Казахстанцам стала доступна анонимная подача жалоб на торгующих контрафактными сигаретами.

Сделать это возможно через бесплатное приложение Naqty onim, оно доступно как в App store, так и в Play Market. Механизм подачи жалобы очень прост: необходимо скачать приложение и отсканировать DataMatrix, нанесённый на упаковку. Если продукция оригинальная, приложение выдаст информацию о стране производства, данные об импортёре, а также покажет весь путь, что проделала данная пачка сигарет. Если же код не считывается или же выдаёт сведения о том, что «код не найден в системе», покупатель может обратиться в уполномоченный орган – напрямую через приложение.

Также можно подавать жалобу, если на пачке нет никаких цифровых кодов. Причём вносить свои личные данные теперь не обязательно. Кроме того, нет надобности подписывать жалобу ЭЦП: Единый оператор изменил механизм подачи обращений, при желании их можно отправить анонимно.

В случае, если вина продавца будет доказана, его ждёт предупреждение, а при повторном нарушении в течение года административное наказание – штраф в размере от 150 МРП для малого бизнеса, до 500 МРП для крупного с конфискацией подакцизного товара и лишения лицензии.

Несмотря на тот факт, что в стране действует обязательная маркировка табачных средств, контрабандисты по-прежнему пытаются нелегально провезти свой товар в Казахстан. Так, в марте 2024 года казахстанские пограничники пресекли контрабанду сигарет на миллиард тенге. А по данным агентства NielsenIQ за 2023 год, каждая десятая пачка сигарет была ввезена в Казахстан нелегально.
18 маусым күні сағат 15:00-де дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге арналған тегін вебинар өтеді.

Тақырыбы: «Ұлттық тауарлар каталогында жұмыс істеу ерекшеліктері». Вебинар қатысушыларына Ұлттық тауарлар каталогының құрылымы, атрибутивтік құрамы туралы айтылады. Сондай-ақ вебинар тыңдаушылары тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде профильді қалай орналастыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде жұмыс істеу және тағы басқа ақпараттармен танысады. Вебинарды Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың «Дәрілер» өнім тобын енгізу жөніндегі жоба менеджері Дастан Қанашев жүргізеді.

Тегін вебинарға сілтемеге өтіп тіркеле аласыз.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемені басыңыз.
18 июня в 15:00 состоится бесплатный вебинар для импортёров и производителей лекарственных средств.

Тема: «Особенности работы в Национальном каталоге товаров». Участникам расскажут о структуре Национального каталога товаров, атрибутивном составе. Также слушатели вебинара узнают, как настраивать профиль в информационной системе маркировки и прослеживаемости товаров, как работать в государственном реестре лекарственных средств и медицинских изделий и многое другое. Спикером выступит руководитель проекта от Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров Дастан Канашев.

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
20 маусым күні сағат 15:00-де дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге арналған «Тапсырыстарды басқару станциясында жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтеді.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың «Дәрілер» өнім тобын енгізу жөніндегі жоба менеджері Дастан Қанашев сөз сөйлейді. Вебинар барысында қатысушыларға ТБС-да жұмыс істеу бойынша нақты нұсқаулықтар беріледі.

Тегін вебинарға сілтемеге өтіп тіркеле аласыз.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемені басыңыз.
20 июня в 15:00 пройдёт вебинар для импортёров и производителей лекарственных средств на тему «Особенности работы в Станции управления заказами».

Спикером выступит Дастан Канашев, руководитель проекта от Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров. В ходе вебинара участникам предоставят пошаговую инструкцию работы в СУЗ.

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
26 маусым күні сағат 15:00-де дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге арналған «ҚР Ұлттық тауарлар каталогында жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтеді.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың жоба жетекшісі Дастан Қанашев қатысушыларға Ұлттық каталогтың құрылымы, GTIN кодын алу жолдары, ақпараттық жүйе профилінде жұмыс істеу бойынша ақпарттармен бөліседі.

Тегін вебинарға сілтемеге өтіп тіркеле аласыз.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемені басыңыз.
26 июня в 15:00 для импортёров и производителей лекарственных средств пройдёт вебинар на тему «Особенности работы в Национальном каталоге товаров РК».


Спикером выступит Дастан Канашев, руководитель проекта от Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров. В ходе вебинара участники узнают о структуре Национального каталога, коде упаковки GTIN, способах его получения, работе в профиле информационной системы и многое другое.

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
Бірыңғай оператор, "Атамекен" ҰКП және үкімет мүшелері дәрі-дәрмектерді дәріханалар деңгейінде таңбалауға жүйелердің дайындығын тексерді

Бірыңғай оператор ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов және "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амринмен бірлесе отырып, дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесін іске қосуға нарық қатысушыларының дайындығын тексерді.

Дистрибьютор ретінде де жұмыс істейтін "Europharma" ең ірі дәріхана желісі алаңында, таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс үрдісі көрсетілді. Атап айтқанда, фармацевттер тауарды балансқа қоюды ТЭҚО АЖ арқылы көрсетті, ал препаратты шығару, яғни сату, Webkassa жүйесі арқылы кассалық аппаратпен жүргізді. Фискалдық деректер операторымен жүйелерді интеграциялау арқасында дәрі-дәрмекті айналымнан шығару туралы ақпарат таңбалау операторының базасында бірден пайда болды. Дәрі-дәрмектердің қаптамасын толық қадағалау процесі барлық қызығушылық танытқан азаматтарға жүктеу үшін қолжетімді Naqty Onim қосымшасы арқылы көрсетілді.

Фармацевтикалық нарықтың желілік қатысушысының алаңына сапардан кейін делегация тұрғын үйде орналасқан шағын дәріханаға аттанды. Фармацевттер отандық Rubus есеп жүйесі арқылы дәрілерді қабылдау және шығаруды көрсетті, ол бүгінгі таңда Қазақстан аумағында ең қолжетімді және кең таралған жүйелердің бірі болып табылады. Осыдан бұрын басқа есеп жүйелерінің өкілдері өз базаларында таңбалау жүйесін толық интеграциялағанын және оны барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді еткенін мәлімдеді.

Еске салайық, дәрілік заттарды міндетті таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі.
Единый оператор, НПП «Атамекен» и члены правительства проверили готовность систем к запуску маркировки лекарств на уровне аптек

Единый оператор маркировки и прослеживаемости совместно с вице-министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК Аскаром Жамбакиным, вице-министром здравоохранения РК Ерболом Оспановым и заместителем председателя правления НПП «Атамекен» Муратом Амриным проверили готовность участников рынка к запуску маркировки лекарственных средств.  

На площадке крупнейшей аптечной сети «Europharma», выступающей в том числе в качестве дистрибьютора, была продемонстрирована работа с маркированными лекарствами. В частности, фармацевты продемонстрировали принятие товара на баланс через ИС ЦЭДМ, а сам вывод препарата, то есть его продажа, производился через систему Webkassa с помощью кассового аппарата. Благодаря интеграции систем с оператором фискальных данных, информация о выводе лекарственного средства мгновенно появилась в базе оператора маркировки. Полный процесс прослеживаемости упаковки лекарств был продемонстрирован через приложение Naqty Onim, которое доступно для скачивания для всех заинтересованных граждан.  

После посещения сетевого участника фармацевтического рынка делегация отправилась в небольшую аптеку, находящуюся в жилом доме. Фармацевты продемонстрировали приём и вывод лекарств из оборота с помощью отечественной учетной системы Rubus, которая на сегодняшний день является одной из самых доступных и распространенных на территории Казахстана. Ранее представители других учетных систем заявили о полной интеграции системы маркировки в свои базы, которые стали доступны всем пользователям.  

Напомним, обязательная маркировка лекарственных средств вводится с 1 июля 2024 г.
​​
🖊️Құрметті БАҚ өкілдері!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге маңызды ақпараттың жаршысы болуды, қызықты спикерлер мен аудиторияның алғысына бөленуді тілейміз!

Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы

🖊️
Уважаемые работники СМИ!

Поздравляем вас с профессиональным праздником!Желаем вам громких информационных поводов, интересных спикеров, благодарной аудитории!

Единый оператор маркировки и прослеживаемости
Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау басталды. Бұл бүгіннен бастап дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге сырттан әкелген немесе өздері өндірген өнімге бірегей цифрлық DataMatrix кодын қолдану міндетті дегенді білдіреді. Бірегей кодта өндіруші, препараттың шығарылған күні және дәрі-дәрмектің дәріханаларға, медициналық ұйымдарға дейін жеткізілу маршруты толық көрсетіледі.
Тауарларды таңбалау контрафактілік өнімдердің жолын кесіп, дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің алдын алуға септігін тигізеді. Бұл елімізде коронавирус пандемиясы тарала бастаған уақытта болған оқыс жағдайларға ұқсас жайттарды болдырмауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылған дәрі-дәрмектер міндетті таңбалануы керек.

Қолданушылар препараттың түпнұсқалығын Naqty onim тегін қосымшасының көмегімен тексере алады. Мобильді қосымшаны App Store және Play Market-те жүктеп алуға болады. Қазақстандықтарға дәрінің DataMatrix кодын сканерлеу арқылы сатып алынған дәрі-дәрмек туралы барлық ақпаратты алуға болады. Егер сканерлеу кезінде қосымшаның жүйесінде код табылмаса, тұтынушы тиісті органдарға шағымдануға құқылы. Шағымды жеке деректерді көрсету арқылы да, анонимді түрде де беруге болады.

Таңбалауды енгізуге дайындық кезінде Бірыңғай оператор мамандары республика өңірлеріне шығып, нарық қатысушыларымен кездесіп, таңбалау жұмысының принциптері мен механизмдерін түсіндірді. Сонымен қатар, бизнес субъектілері Бірыңғай оператордың 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы қоңырау шалып, өз сұрақтарын қоя алады. «Жедел желі» тәулік бойы жұмыс істейді.
В Казахстане стартовала обязательная маркировка лекарств

В Казахстане с 1 июля стартовала обязательная маркировка и прослеживаемость
лекарственных средств. Это значит, что с сегодняшнего дня производители, а также импортёры лекарственных средств обязаны наносить на производимую и ввозимую продукцию уникальный цифровой код DataMatrix. Код содержит в себе информацию о производителе, дате выпуска препарата, а также весь путь, который проделывает лекарство, прежде чем попасть в аптеки, медицинские организации. Маркировка позволит решить вопрос с контрафактной продукцией и не допустить возможного дефицита лекарств, как это было, к примеру, в начале пандемии коронавируса. Маркировке подлежат лекарственные средства, произведённые с 1 июля 2024 года.

Проверить оригинальность препарата можно с помощью бесплатного приложения Naqty onim. Оно доступно как в App store, так и в Play Market. Казахстанцам достаточно отсканировать код DataMatrix, чтобы получить всю информацию о приобретаемом лекарстве. Если же во время сканирования приложение выдаст сообщение о том, что код не найден в системе, потребитель имеет право пожаловаться в компетентные органы, так как вероятнее всего, данное лекарство завезено или же произведено нелегально. Подать жалобу можно как с указанием персональных данных, так и анонимно.

Отметим, что за время подготовки к вводу маркировки специалисты Единого оператора осуществляли выезды в регионы республики, где проводили встречи с участниками рынка и объясняли принципы и механизмы работы маркировки. Кроме того, у субъектов бизнеса была и остаётся возможность задать интересующий вопрос, позвонив в колл-центр Единого оператора по номеру 8 800 080 65 65. «Горячая линия» работает круглосуточно.