Цифровая маркировка товаров в Казахстане
1.55K subscribers
504 photos
45 videos
6 files
661 links
Все самое интересное о цифровой маркировке и прослеживаемости товаров, здесь!
Download Telegram
Ақмола облысы алғашқы таңбаланған дәрі-дәрмектерді алды

Ақмола облысында таңбаланған дәрілік заттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қабылданады. Көпсалалы облыстық аурухана алғашқылардың бірі болып аталмыш дәрі-дәрмекті алды.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы мемлекеттік медициналық ұйымдар мен жеке дәріханалардың дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуге дайындығын қадағалады.

Мониторинг аясында жұмыс тобы «Здоровье», «Нордфарм», «Арша» дәріханаларында, қалалық емханада және көпсалалы облыстық ауруханада барды. Денсаулық сақтау саласының өкілдері дәрі-дәрмектерді қабылдау, есепке алу және тарату үрдісін көрсетті. Дәріхана басшылары сөз сөйлеп, кездесу қатысушылары түйткілді мәселелер мен оларды шешу шараларын талқылады.

Толығырақ NUR.KZ сайтында
Первые маркированные лекарства получила Акмолинская область 

В Акмолинской области принимают маркированные лекарственные средства в рамках ГОБМП. Одними из первых препараты получили в многопрофильной областной больнице. 

Там же побывала рабочая группа под руководством заместителя акима области, которая провела мониторинг готовности государственных медицинских организаций,  и частных аптек к внедрению системы маркировки и прослеживания лекарственных средств.

В рамках мониторинга группа посетила аптеки «Здоровье», «Нордфарм», «Арша», городскую поликлинику и многопрофильную областную больницу. Представители здравоохранения продемонстрировали процесс приема, учета и распределения лекарственных препаратов. Были заслушаны руководители аптек, обсуждены проблемные вопросы и разработаны меры для их решения.

Поддробности на NUR.KZ
Құрметті достар! Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз!

Астанамыз жаңа белестерді бағындырудың, жаңашылдық пен прогрестің символы болып қала берсін.

Біз барлық қала тұрғындарына табыс пен сарқылмас қуат тілейміз!

______

Дорогие друзья!
Поздравляем вас с Днем столицы!

Пусть Астана продолжает задавать новые стандарты и быть символом инноваций и прогресса.

Желаем всем жителям успеха и неиссякаемой энергии!
Қазақстан Ресей нарығына 390 мың аяқ киім экспорттады

Елімізде таңбалауды енгізу аяқ киім экспортына оң әсерін тигізді. Осылай отандық өндірушілер 2020 жылдың шілдесінен бастап аяқ киімді таңбалау ережелері енгізілген Ресей Федерациясына тауарларды экспорттауға мүмкіндік алып отыр.
Ресейге тауар экспорты 2022 жылдан бері, яғни Қазақстанның өз аумағында аяқ киімді таңбалауды енгізгеннен кейін, сондай-ақ, Ресеймен бірге екі елдің таңбалау кодтарын өзара тануды жүзеге асырғаннан кейін қолжетімді болды. Екіжақты келісім техникалық кедергілерді болдырмауға жағдай жасады. Бұдан былай қазақстандық таңбалау кодтары Ресейде, ал ресейлік кодтар Қазақстанда танылады.

Аяқ киімдерді таңбалау қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берді. Тұтынушылар үшін цифрлық код өнімнің түпнұсқалығының кепілі болып табылады. Осының барлығы жеке кәсіпкердің де, жалпы қазақстандық бизнестің беделіне де оң әсер етеді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесін мынадай статистикадан да анық байқауға болады: 2023 жылғы тамыздан бастап 2024 жылғы мамырға дейін қазақстандық нарық қатысушылары Ресейге 391 270 жұп аяқ киім апарды:

тамыз – 23 414
қыркүйек – 17 385
қазан – 35 288
қараша – 23 982
желтоқсан – 19 306
қаңтар – 160 572
ақпан – 84 328
наурыз – 14 918
сәуір – 6641
мамыр – 5436

Екі елдің өзара келісімі нәтижесінде тауарды дәстүрлі бөлшек сауда орындарында да, Wildberries және Ozon маркетплейстерінде де сатуға болатынын атап өткен жөн.
Казахстан экспортировал больше 390 тыс пар обуви в Россию

Ввод маркировки благотворно повлиял на экспорт обуви из Казахстана. Так, у отечественных участников рынка появилась возможность вывозить товар в РФ, где с июля 2020 г. действуют правила маркировки обуви.

Экспорт товара в РФ стал доступен в 2022 году, после того, как Казахстан ввёл на своей территории маркировку обуви, а также реализовал совместно с Россией взаимное признание кодов маркировки двух стран. Соглашение позволило устранить технический барьер: отныне казахстанские коды маркировки признаются в России, российские же признаются в Казахстане.

Маркировка обуви позволила казахстанским предпринимателям выйти на новые рынки сбыта. Для потребителей же наличие цифрового кода – это гарантия подлинности товара. Всё это вкупе влияет на репутацию как отдельно взятого бизнесмена, так всего казахстанского бизнеса в целом.

Результатом проделанной работы можно считать следующую статистику: с августа 2023 г. по май 2024 г. казахстанские участники рынка вывезли в Россию 391 270 пар обуви:

август – 23 414
сентябрь – 17 385
октябрь – 35 288
ноябрь – 23 982
декабрь – 19 306
январь – 160 572
февраль – 84 328
март – 14 918
апрель – 6641
май – 5436

Важно отметить, что взаимное соглашение двух стран позволяет реализовывать товар как в традиционных пунктах розничной торговли, так и на площадках маркетплейсов Wildberries и Ozon.
Осы сұраққа жауап беріп көрсек: таңбалау - бұл өнім жайында ақпарат беретін бірегей цифрлық кодтарды қолдану. Дәлірек айтсақ, тауардың шығарылған елі, өндірілген күні, нарыққа шықпас бұрын тауардың қозғалыс бағыты толық көрсетіледі. Бүгінгі таңда азғана тауар түрлері соншалықты толық мәлімет бере алады. Әдетте қазақстандықтар тауар, оның сапасы жайында тек сатушының сөзіне сенумен шектелсе, ал бүгінде таңбалаудың арқасында бұл мәселе маңызды мәліметтерді қамтитын бірегей Data Matrix цифрлық коды арқылы шешімін тауып отыр.

Көбінесе Data Matrix-ты QR немесе штрих-кодтармен шатастырып жатады. Алдағы уақытта біз олардың айырмашылықтарына тоқталатын боламыз. Data Matrix-тың аталмыш екі кодтан ең басты ерекшелігі QR және штрих-код көмегімен таңбаланған өнімді айналымнан шығару мүмкін емес. Мұндай бақылау опциясы тек Data Matrix-те бар. Яғни, оның көмегімен өнімнің сатылғанын да қадағалауға болады. Бұдан бөлек, тауарды айналымнан шығару, ликвидация, өнімнің жарамсыздығы, тәркілеу және себебінен жүзеге асырылады.

Неге қадағалау жүйесі әрбір қазақстандық пен мемлекет үшін маңызды? Data Matrix-тегі ақпараттарды қолдан жасауға мүмкін емес. Демек, тұтынушы таңбаланған тауарды сатып алғанда, ол өнімнің түпнұсқалығына, оның сапалы өнім екеніне толық көз жеткізе алады. Кодта өнімнің қандай зауыттан шығарылғаны, өндірушісі кім екенін, елімізге нақты қандай жолмен жеткізілгені жайында барлық ақпарат болады. Ал мемлекет үшін оның пайдасы неде? Кодтың көмегімен нарықтың ашықтығы қамтамасыз етіледі: ақпараттық жүйеде өндірілген немесе сырттан әкелінген өнімнің нақты саны көрсетіледі. Оған қоса, жүйеде сіз бен біз дүкендерде жиі көретін 2D сканері немесе NS Pharm тегін қолданбасы арқылы жүзеге асатын таңбаланған тауардың айналымнан шығуы да тіркеледі. Бір сөзбен айтқанда, астыртын бизнесті жүзеге асыру әлдеқайда қиындады. Сонымен, таңбаланған тауардың әрбір сатылған бірлігі үшін салық төленеді, бұл өз кезегінде салынған мектептердің, ауруханалардың, жолдардың саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Начнём с того, что подразумевает под собой маркировка: это нанесение на товар уникальных цифровых кодов, содержащих в себе подлинную информацию о продукте. А именно: сведения о стране, дате производства, пути, который проходит товар прежде, чем попасть на рынок. На сегодняшний день немногие товары могут «‎рассказать» о себе столько подробностей. Зачастую казахстанцам приходится буквально верить на слово продавцу, информирующему о товаре и его качестве. Маркировка решает эту проблему за счёт уникального цифрового кода Data Matrix, в котором и содержатся важные сведения.

Довольно часто Data Matrix путают с QR-кодом и штрихкодом. В следующих публикациях мы расскажем и покажем их отличия. Важнейшее же заключается в том, что ни QR-код, ни штрихкод не выводят маркированный товар из оборота. Это опция прослеживаемости заключена именно в Data Matrix. То есть именно Data Matrix демонстрирует факт продажи товара. Также вывод продукции из оборота происходит по причине ликвидации товара, наличия брака, конфискации и т.д.

Почему система прослеживаемости важна как для каждого казахстанца, так и в целом для государства? Data Matrix содержит в себе сведения, которые невозможно подделать: следовательно, приобретая маркированный товар, казахстанцы понимают, что точно платят за оригинальную, а значит качественную продукцию. Она точно была произведена на конкретном заводе, конкретным производителем и довезена до Казахстана конкретным путём. Что же получает государство? Прозрачную картину рынка: в информационной системе отображено точное количество произведённого или же завезённого маркированного товара. Его вывод из оборота тоже фиксируется: либо с помощью 2Д-сканера, который мы часто видим в магазинах, либо через бесплатное приложение NS Pharm. Другими словами, продать товар, что называется, из-под полы, становится намного сложнее. А значит, за каждую проданную единицу маркированного товара платится налог, что в свою очередь напрямую влияет на количество и качество построенных школ, больниц, дорог.
Премьер-Министр Үкімет басшылары, Министрлер кабинетінің мүшелерімен және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесуде осындай тапсырма берді. Қатысушылар таңбалау көлеңкелі экономиканың төмендеуіне оң әсер еткенін атап өтті.

Мысал ретінде темекі өнімдері және аяқ киімдерді таңбалау мен қадағалаудың пайдасы нақты көрсеткіштермен көрсетілді. Мәселен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша,

– темекі өнімдерінің барлық түрлері бойынша акциздер түсімі 25%-ға өскен

– импортталған аяқ киімдерден ҚҚС және кедендік баж түсімдері 293%-ға өскен.

Жиын барысында таңбалауды тауарлардың басқа топтарына енгізу жоспарлары талқыланды, алдағы 5 жылға арналған болжамдарға сәйкес, оны іске асыру көлеңкелі айналымды тағы да 926 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді.
Поручение премьер-министра прозвучало в ходе совещания главы правительства с министрами и представителями НПП «Атамекен».

Участники отметили положительное влияние маркировки на снижение теневой экономики. В частности, был приведён в пример эффект от введения обязательной маркировки и прослеживаемости табачных изделий и обуви.

Так, по данным Министерства торговли и интеграции РК,

– на 25% увеличилось поступление акцизов по всем видам табачных изделий

– на 293% увеличились поступления НДС и таможенные пошлины от импортированной обуви.

В ходе совещания были озвучены планы по введению маркировки и на другие группы товаров, что позволит в ближайшие 5 лет снизить теневой оборот на 926 млрд тенге.
18 шілде күні сағат 14:00-де дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге арналған «Таңбаланған тауарларды электронды құжаттандыру орталығында қадағалау құжаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында уебинар өтеді.

Іс-шара барысында талдаушы Еркебұлан Бекмұрзаев баяндама жасайды.

Вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз.
18 июля в 14:00 для производителей, импортёров и дистрибьюторов лекарственных средств пройдёт вебинар на тему: «Особенности работы с документами прослеживаемости в Центре электронного документирования маркированных товаров».

Спикером выступит аналитик Еркебулан Бекмырзаев.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
17 шілде 15:00
Тапсырыстарды басқару станциясында жұмыс істеу ерекшеліктері
Спикер: Дастан Қанашев

Тегін вебинарға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз.

17 июля 15:00
Особенности работы в Станции управления заказами
Спикер: Дастан Канашев

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
———

24 шілде 15:00
ҚР тауарлардың ұлттық каталогындағы жұмыс ерекшеліктері
Спикер: Дастан Қанашев

Тегін вебинарға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз.

24 июля 15:00
Особенности работы в Национальном каталоге товаров РК
Спикер: Дастан Канашев

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
———
31 шілде 15:00
Тапсырыстарды басқару станциясындағы жұмыс ерекшеліктері
Спикер: Дастан Қанашев

Тегін вебинарға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Вебинарға қатысу үшін сілтемені басыңыз.

31 июля 15:00
Особенности работы в Станции управления заказами
Спикер: Дастан Канашев

Зарегистрироваться на бесплатный вебинар можно, пройдя по ссылке.

Для участия в вебинаре нажмите на ссылку.
Data Matrix коды дегеніміз – екі өлшемді бірегей матрицалық код. Бұл өнімді кім, қашан өндіргенін немесе тауар сырттан әкелінген болса, оның жергілікті нарыққа қандай жолмен келгенін және қазіргі уақытта тауардың сатылуы қандай сатыда екенін бақылауға мүмкіндік береді.

Көбінесе Data Matrix-ты QR және штрих-кодпен шатастырады. Алайда олардың әрқайсысының өз функциясы бар:

✔️штрихкодта өндіруші жайында толық ақпарат, сондай-ақ өнімнің сұрыпы, түсі, салмағы және т.б. сипаттамалары болады

✔️QR код телефон нөмірі, мейрамхана мәзірінен бастап төлем ақпаратына дейінгі әртүрлі мәліметтерді қамтиды

✔️Data Matrix коды тауарды таңбалау үшін қолданылады. Ол өнім туралы ақпаратты қамтиды: шығарылған елі, күні, тауардың жүріп өткен жолы. Маңызды: Data Matrix коды тауарды айналымнан шығару үшін қолданылады

Тауарды айналымнан шығару оның сатылғанын растайды. Демек, өнімнен пайда түседі, салық та төленеді деген сөз.

Ал Data Matrix кодын қалай оқу керек? Ол үшін қазақстандықтарға Naqty onim тегін қосымшасын жүктеп алу қажет, оның көмегімен цифрлық кодты сканерлеуге болады.
Бұдан соң сатып алынған өнім жайында мәліметтер экранда пайда болады. Егер қосымшада код қате болып көрсетілсе, онда бұл өнімді өндіру немесе жеткізу барысында ережелердің бұзылғанын хабарлайды. Мұндай жағдайда өнім сапасы күмән туғызады.
Уникальный цифровой код Data Matrix представляет из себя двумерный матричный код. Он позволяет отслеживать, кто, когда произвел или ввёз продукцию, каким путём она попала на местный рынок и на каком этапе реализации находится в данный момент.

Нередко Data Matrix путают с QR-кодом и штрихкодом, при том, что функционал у каждого свой:

✔️штрихкод содержит информацию о стране-изготовителе, производителе, а также характеристики продукции: сорт, цвет, вес и др.

✔️QR-код содержит разного рода сведения: от номеров телефонов и ресторанного меню до платёжной информации

✔️Data Matrix используется для маркировки товара. Он содержит информацию о товаре: месте и дате производства, логистике. Важно: Data Matrix используется для вывода товара из оборота.

Вывод товара из оборота доказывает факт его продажи: продукция реализована, выручка за неё получена, следовательно, будет выплачен и налог.

Как же прочесть информацию, зашифрованную в Data Matrix? Для этого казахстанцам необходимо скачать бесплатное приложение Naqty onim, с помощью которого можно отсканировать данный цифровой код. После этого на экране пользователя появится подробная информация о приобретаемом товаре.
Если же приложение выдаст сведения о том, что код не найден, вероятно, данная продукция была произведена или завезена в обход правил, и о качестве товара говорить не приходится.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда аяқ киімді міндетті түрде таңбалау және қадағалау 2021 жылдың 1 қарашасынан басталды.
———
Напомним, обязательная маркировка и прослеживаемость обуви в Казахстане стартовала 1 ноября 2021 г.