Цифровая маркировка товаров в Казахстане
1.5K subscribers
582 photos
46 videos
6 files
697 links
Все самое интересное о цифровой маркировке и прослеживаемости товаров, здесь!
Download Telegram
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов Қарағанды ​​қаласындағы дәріханалар өкілдерімен дәрілік заттарды таңбалау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Аталмыш жиынға Таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының, ірі дәріхана желілерінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер – бөлшек дәріхана өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Кездесу Қарағанды ​​облысындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Жиында Бірыңғай таңбалау операторының өкілдері таңбалаудың визуалды процесін көрсетіп, дәріханалардың таңбаланған дәрілік заттармен жұмысы туралы толық мәлімет берді. Дәріхана өкілдері жүйенің жұмысы туралы толық ақпарат алып, Бірыңғай оператор өкілдеріне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасына өз сұрақтарын қойды.

Естеріңізге сала кетейік, таңбаланған дәрілермен жұмыс істеу үшін дәріханалар дәрілік заттарды қабылдауда таңбалау жүйесі мен есеп жүйесін біріктіруі қажет. Егер дәріхана ешқандай есеп жүйесін қолданбаса, онда ол таңбалаудың ақпараттық жүйесінде 2D сканерінің көмегімен таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс жасай алады.

Дәріхана дәрі-дәрмектерді тауар айналымынан шығару үшін бірнеше әдістерді қолдана алады: тікелей темір аппараттық кассаларда, кез келген онлайн-кассалық аппаратты пайдалана отырып немесе iOS және Android мобильді операциялық жүйелері үшін Бірыңғай оператор әзірлеген тегін NS Pharm мобильді қосымшасының көмегімен. Онымен қатар, Бірыңғай оператор ірі банктердің төлем терминалдары арқылы сату кезінде дәрілік заттарды айналымнан шығару мәселесін де қарастыруда.

Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап таңбалауды енгізуге дайындығын білу мақсатында қала мен облыстағы дәріханаларға кішігірім шолу сапарлар жасалынды. Бірқатар дәріханалардың есеп жүйесі бар, олар таңбалау жүйесінде де тіркелген. Қазіргі уақытта фармацевтер мен дәріхана өкілдері белсенді түрде оқытылып, таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істеуге дайындалуда. Оқытуды жеңілдету үшін Бірыңғай оператор таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін бейне форматында көрнекі нұсқауларды жасады.
Председатель комитета медицинского и фармацевтического контроля министерства здравоохранения РК Нурлан Искаков провел встречу с аптеками Караганды по вопросам маркировки лекарственных средств

На встрече присутствовали представители Единого оператора маркировки и прослеживаемости, представители крупных аптечных сетей, индивидуальные предприниматели — представители розничных аптек, представители НПП «Атамекен». Встреча прошла на площадке НПП «Атамекен» по Карагандинской области.

На встрече представители Единого оператора маркировки продемонстрировали наглядный процесс и рассказали подробности о работе аптек с маркированными лекарственными средствами. Представители аптек получили подробную информацию о работе системы, задали все интересующие вопросы представителям Единого оператора и председателю комитета медицинского и фармацевтического контроля министерства здравоохранения РК.

Напомним, что аптекам для работы с маркированными лекарствами необходимо интегрировать учетную систему с системой маркировки для приема лекарств. Если аптека не использует никакую учетную систему, то ей можно принимать лекарства непосредственно в информационной системе маркировки при помощи 2D-сканера.

Для вывода из оборота лекарств аптека может пользоваться несколькими способами: непосредственно на железных контрольно-кассовых машинах, при помощи любой онлайн кассы либо в бесплатном мобильном приложении NS Pharm разработанным Единым оператором для мобильных операционных систем iOs и Android. Также Единым оператором прорабатывается вопрос вывода из оборота лекарственных средств во время продажи через терминалы оплаты крупных банков.

По итогам встречи также были совершены выезды в аптеки города и области, для изучения их готовности к введению маркировки с 1 июля 2024 года. В ряде аптек присутствовали учетные системы, а также проведена регистрация в системе маркировки. Провизоры а также представители аптек активно проходят обучение и готовятся к работе с маркированными лекарствами. Для удобства обучения Единым оператором созданы наглядные инструкции в видео-формате по работе в системе маркировки и прослеживаемости.
Алматыда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кездесулері өтті

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, сондай-ақ, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың басшылығының қатысуымен дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалауды енгізуге дайындық деңгейімен танысу мақсатында Алматыда фармацевтикалық нарық өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті.

🔹 Ең алдымен кездесу Қазақстандағы ірі дистрибьюторлардың бірі Med Service Plus компаниясының қоймаларында орын алды. Кәсіпорын басшылығы таңбалауды енгізуге арналған қоймалардың дайындық деңгейін көрсетті, онда таңбаланған дәрі-дәрмектер қабылданып жөнелтіледі. Кәсіпорын қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, оны қолдануға дайындалуда. «Med Service Plus» компаниясының өкілдері министрлікке бірқатар ұсыныстарын білдірді.

🔹 Сондай-ақ, ALG кеден қоймасының өкілдерімен кездесу өтіп, онда таңбаланған дәрілік заттарды қабылдауға, жапсыруға және жөнелтуге арналған қоймалардың дайындығы көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, таңбалау процесінде кедендік қоймалардың рөлі импорттаушыдан тауарды қабылдау, дәріге таңбалау кодын жабыстыру және оны тізбек бойынша дистрибьюторларға беру болып табылады. Компания 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап кеден қоймасында жабыстыру әдісімен таңбалау кодтарын қолдану қызметтерін көрсетуге толық дайын екенін білдірді.

🔹 Жұмыс тобы отандық өндіруші Viva Pharm компаниясымен де кездесу өткізді. Компания жүйеде жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті, сонымен қатар 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін дәрі-дәрмектің қадағалану мүмкіндігін жақсартуға кейбір тілектерін білдірді. Отандық компания басшылығы жұмыс тобын таңбалау кодтары қолданылатын өндірістік және таңбалау желісімен таныстырды. Сондай-ақ, компания дәрі-дәрмек дистрибьюторларға жөнелтілетін өндірістік базадағы қоймаларын көрсетті.

Жұмыс сапары аясында, сондай-ақ, дәріхана желілерінің бірінде жүйе сынақтан өтті, онда жұмыс тобының мүшелері дәріхана қызметкерлерімен бірге таңбалау кодтарын сканерлеу арқылы дәріні қабылдау және тауарды айналымынан шығару процесін жүргізді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің алаңында Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс тобы мен дәріхана, дистрибьюторлар мен медициналық ұйымдардың өкілдері арасында диалог форматында кездесу өтті. Дәріханалар мен медициналық ұйымдардың таңбалау жүйесіндегі функционалдық мүмкіндіктеріне қатысты әр мәселе бойынша жан-жақты сұрақ-жауап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірыңғай оператор бейнематериалды көрсетіп, дәріханалар мен медициналық ұйымдар таңбалау жүйесінде жұмысы ақысыз екені еске салынды, өйткені бұл топтар бірден таңбаланып қойылған тауарларды алады.

№4 перзентханада медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, жұмыс тобына 1С есеп жүйесімен және медициналық ақпараттық жүйемен таңбалау модулінің біріктірілген функционалдығы көрсетілді. Перзентхана басшылығы таңбаланған дәрі-дәрмекпен жұмыс істеуге толық дайын екенін білдірді.
Жұмыс кездесулері 30 сәуірде Алматы облысында жалғасады.

Жалпы, дәрі-дәрмек айналымына қатысушылармен өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша негізгі мәселелер қазіргі уақытта аяқталу сатысында тұрған есеп жүйелерімен интеграцияға қатысты болды.

🔺 Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектің 100% таңбалануы және қадағалануы енгізіледі. Бұл жүйе дәрі-дәрмек нарығын контрафактіден және заңсыз айналымнан қорғайды.
Рабочие встречи по подготовке к введению маркировки и прослеживаемости лекарственных средств прошли в Алматы

Вице-министр здравоохранения Ербол Оспанов совместно с председателем комитета фармацевтического и медицинского контроля, Нурланом Искаковым, а также руководством Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров провели рабочие встречи с представителями фармацевтического рынка по городу Алматы по вопросам подготовки к введению маркировки и прослеживаемости лекарственных средств.

🔹 В первую очередь встретились на складах одного из крупных дистрибьютеров в Казахстане компания Med Service Plus. Руководство компании продемонстрирована подготовку складов к внедрению маркировки, где будет осуществляться прием и отгрузка маркированных лекарств.
Компания закупила необходимое оборудование, идет подготовка к внедрению. Представители Med Service Plus выразили в адрес министерства ряд предложений и рекомендаций.

🔹 Также состоялась встреча с представителями таможенного склада ALG, где была продемонстрирована подготовка складов по приему, стикерованию и отгрузке маркированных лекарств. Напомним, роль таможенных складов в процессе маркировки — принять товар от импортера, нанести код маркировки на лекарство и передать его по цепочке дистрибьюторам. Компания выразила полную готовность к оказанию услуг по нанесению кодов маркировки на таможенном складе методом стикерования с 1 июля 2024 года.

🔹 Рабочая группа также провела встречу с отечественным товаропроизводителем Viva Pharm. Компания продемонстрировала готовность к работе в системе, а также выразила некоторые пожелания по усовершенствованию функционала по прослеживаемости лекарств, которая вступит в силу с 1 июля 2024 года. Руководство отечественной компании ознакомило рабочую группу линией производства и маркировки, которая наносит коды маркировки. Также компания продемонстрировала склады на базе производства, где осуществляется отгрузка лекарственных средств дистрибьюторам.

В рамках рабочего выезда также состоялось тестирование системы в одной из сети аптек, где участники рабочей группы совместно с сотрудниками аптеки провели процесс по приему и выводу из оборота лекарственного средства путем сканирования кодов маркировки.

На площадке акимата Турксибского района Алматы совместно с управлением здравоохранения города Алматы прошла встреча в формате диалога, где между рабочей группой и представителями аптек, дистрибьютеров и медицинских организаций города Алматы. Прошла детальная сессия вопросов и ответов, а также разъяснительная работа по каждому вопросу, касающемуся функционала аптек и медорганизаций в системе маркировки. Единый оператор продемонстрировал видеоматериал и напомнил, что аптеки и медорганизации ничего не оплачивают в системе маркировки, так как эти группы получают товар уже промаркированным.

В родильном доме №4 прошла встреча с медперсоналом, где рабочей группе был продемонстрирован интегрированный функционал модуля маркировки с учетной системой 1С и медицинской информационной системой. Руководство родильного дома выразило полную готовность к работе с маркированными лекарствами.
Рабочие встречи продлятся 30 апреля на территории Алматинской области.

В целом, по итогам встреч с участниками оборота лекарственных средств основные вопросы связаны с интеграцией с учетными системами, которые на сегодняшний день на этапе завершения.

🔺Напоминаем, с 1 июля 2024 года вводится маркировка и прослеживаемость 100% лекарственных средств в Казахстане. Система позволит защитить рынок лекарственных средств от контрафакта, подделок и нелегального оборота.
Алматы облысының Қонаев қаласында дәрілікзаттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өтті

30 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов,Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, сондай-ақ, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор басшылығы Қонаев қаласында дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалануды енгізуге дайындық деңгейімен танысу мақсатында фармацевтикалық нарық өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесу барысында Боролдай ауылындағы аудандық аурухананың есеп жүйесіндегі таңбалау модулінің функционалдығы көрсетілді. Медициналық ұйымның қызметкерлері таңбаланған дәрілік заттарды тауар айналымынан шығару және қабылдау үшін таңбалау жүйесімен біріктірілген есепке алу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетті. Министрлік өкілдері аудандық аурухана қызметкерлерімен 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттардың міндетті қадағалануын енгізуге техникалық дайындық бойынша нақты мәселелерді талқылап, ескертулер мен ұсыныстар алды.

🔹 Сондай-ақ, жұмыс тобы дәрі-дәрмек өндіруші Abdi Ibrahim Global Pharm компаниясымен кездесу өткізді. Жиын барысында таңбаланған дәрілік заттардың өндіріс процесі көрсетілді. Abdi Ibrahim Global Pharm таңбалау жүйесіне алғашқы қатысушылардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні компания кодтарды қолдануға 100% дайын екенін көрсетті. Кодтарды біріктірудің әрі қарай айналымға енгізуге дайындығына қатысты компания басшылығы бөлшек саудаға бүкіл тізбек бойынша тестілеуге қосымша уақыт беру туралы ұсынысын білдірді.

Қонаев қаласында Алматы облысындағы дәріхана ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында дәрілік заттарды бөлшек сауда өкілдері таңбалау және қадағалану жүйесінің техникалық процестері туралы конструктивті сұрақтар қойып, ведомство өкілдерінен толыққанды жауаптар алды.
Ресми кездесу соңында Бірыңғай оператор жергілікті дәріхана ұйымдарының мәселелерін арнайы қарастырып, кейбір дәріханаларда жеке кеңестер жүргізді.

🔹Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша келесі жұмыс кеңестері Шымкент, Түркістан және Талдықорған қалаларында өтеді.

🔺Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектің 100% таңбалануы және қадағалануы енгізіледі. Жүйе дәрілік заттар нарығын контрафактіден және заңсыз айналымнан қорғайды.
Рабочие встречи по подготовке к введению маркировки и прослеживаемости лекарств прошли в городе Конаев, Алматинская область

30 апреля вице-министр здравоохранения Ербол Оспанов совместно с председателем комитета фармацевтического и медицинского контроляНурланом Искаковым, а также руководством Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров провели рабочие встречи с представителями фармацевтического рынка по городу Конаев по вопросам подготовки к введению маркировки и прослеживаемости лекарственных средств.

В районной больнице села Боролдай состоялась демонстрация функционала модуля маркировки в учетной системе больницы. Сотрудники медицинской организации продемонстрировали рабочий функционал учетной системы, интегрированной с системой маркировки для приема и вывода из оборота маркированных лекарств. Представители министерства обсудили с сотрудниками районной больницы конкретные вопросы по технической подготовке к вводу обязательной прослеживаемости лекарственных средств с 1 июля 2024 года и получили комментарии и предложения.

🔹Рабочая группа также провела встречу с компанией-производителем лекарственных средств, «Абди Ибрахим Глобал Фарм». В ходе встречи был продемонстрирован процесс производства маркированных лекарственных препаратов. Абди Ибрахим Глобал Фарм является одним из первых участников системы маркировки. На сегодняшний день компания продемонстрировала стопроцентную готовность к нанесению кодов. По вопросу готовности агрегации  кодов для дальнейшего ввода в оборот, руководство компании озвучили предложение о предоставлении дополнительного времени на тестирование по всей цепочке до розницы.

В городе Конаев состоялась встреча с представителями аптечных организаций Алматинской области, в ходе которой представители розничной реализации лекарственных средств задали конструктивные вопросы по техническим процессам системы маркировки и прослеживаемости и получили детальные ответы от представителей рабочей группы.
По завершении официальной встречи Единый оператор точечно отработал вопросы местныхаптечных организаций и провел индивидуальные консультации в некоторых аптеках.

🔹Следующие рабочие встречи по подготовке к введению маркировки и прослеживаемости лекарственных средств пройдут в городах Шымкент, Туркестан и Талдыкорган.

🔺Напоминаем, с 1 июля 2024 года вводится маркировка и прослеживаемость 100% лекарственных средств в Казахстане. Система позволит защитить рынок лекарственных средств от контрафакта, подделок и нелегального оборота.
Алматыда дәрілік заттардың айналымына қатысушыларын таңбаланған дәрілік заттармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

2024 жылдың 2 мамыр күні Алматы қаласында Бірыңғай операторы дәріхана өкілдері, дәрілік заттарды импорттаушылар мен дистрибьюторларына арналған семинар-кеңес өткізді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператор қатысушыларды есеп жүйесінде тіркелуді, жеке кабинеттің функционалдығын, қабылдау-тапсыру актісін қабылдау, сәйкессіздік туралы хабарлама жасау, бақылау-касса машинасын пайдалана отырып, тауарларды айналымнан басқа себептермен тауарларды айналымға қайта енгізу және тауарды айналымнан алып тастау, қайтарып алу арқылы таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу процестерімен таныстырды.

Сонымен қатар өнімді таңбалау және қадағалау жүйесінде есептік жазбасы жоқ қатысушылар үшін NS Pharm мобильді қосымшасында жұмыс көрсетілді. Оған қоса, дәріхана өкілдеріне ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша таңбаланған дәрілік заттарды беру кезінде қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді.

Бұл ретте дәрілік заттарды дистрибьюторлар мен импорттаушыларға таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу қағидалары түсіндірілді.

Кездесу нәтижесінде қатысушыларға телеграм-каналға, барлық қажетті ақпаратты қамтитын таңбалау веб-сайтына сілтемелер, сондай-ақ, таңбаланған дәрілік заттармен жұмысты көрсететін бейнероликтер ұсынылды.

Еске салайық, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​қалаларында және Алматы облысының Қонаев қаласында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын.
В Алматы продолжаются работы по информированию участников оборота лекарств работе с маркированными лекарствами

2 мая 2024 года в Алматы Единый оператор провел семинар-совещание для представителей аптек, импортеров и дистрибьюторов лекарственных средств. Напомним, с 1 июля 2024 года в Казахстане обязательной маркировке будут подлежать все лекарства.

На семинаре Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров ознакомил участников с процессами работы с маркированными лекарствами посредством демонстрации регистрации в учетной системе, функционалом личного кабинета, приемом акта приема-передачи, созданием уведомления о расхождении, выводе товара из оборота по другим причинам, повторного ввода товара в оборот и выводе товара из оборота посредством контрольно-кассовой машины.

Далее для участников, не имеющих учетной записи в системе маркировки и прослеживаемости товаров, продемонстирована работа в мобильном приложении NS Pharm.

Кроме того представителям аптек было разъяснено, как работать при выдаче маркированных лекарств в рамках договора добровольного медицинского страхования.

Вместе с этим, для дистрибьюторов и импортеров лекарственных средств были разъяснены принципы работы с маркированными лекарствами.

По итогу встречи участникам были представлены ссылки на телеграм-канал, на сайт маркировки, содержащей всю необходимую информацию, а также ролики, демонстрирующие работы с маркированными лекарствами.

Напомним, в апреле прошли рабочие встречи по подготовке к введению маркировки и прослеживаемости лекарств прошли в Астане, Алматы, Караганде и в городе Конаев, Алматинская область.
Талдықорғандағы 30-дан астам дәріхана өкілдері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуді үйренді

3 мамырда Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының алаңында Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың өкілдері фармацевтикалық нарық өкілдерімен семинар-кеңес өткізді. Өңірдегі 30-дан астам дәріханалар мен медициналық ұйымдардың өкілдері таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу үдерістерімен және интеграциялық жүйелердің жұмыс қағидаларымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, медициналық ұйымдар мен дәріханалар цифрлық таңбалауды және дәрілік заттарды бақылауды енгізуге белсенді түрде дайындалуда. Дәріханалар үшін бұл процедура тегін болады, өйткені олар бірден таңбаланған өнімдерді қабылдайды.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қатысушыларды есеп жүйесінде тіркелуді, жеке кабинеттің функционалдығымен, қабылдау-тапсыру актісін алу, сәйкессіздік туралы хабарлама жасау арқылы тауарды басқа себептермен айналымнан алу және тауарды айналымға қайта енгізу және бақылау-касса машинасын пайдалана отырып тауарды айналымнан алу сияқты таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу процестерімен таныстырды.

Келесі кезекте өнімді таңбалау және қадағалау жүйесінде есеп жазбасы жоқ қатысушылар үшін NS Pharm мобильді қосымшасында қалай жұмыс істеу керек екендігі көрсетілді.

Сонымен қатар, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың өкілдерінің қажетті құрал-жабдықтардың болуын ескере отырып, әрбір дәріхана ұйымы бойынша дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды есеп жүйесінде жұмыс істеу мүмкіндіктерін жеке-жеке сараптады. Кездесу барысында қатысушыларға есеп жүйесіндегі жұмыс, сондай-ақ, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау механизмдері мен процестері туралы түсіндірмелер берілді.

Кездесу нәтижесінде қатысушыларға телеграм-каналға, барлық қажетті ақпаратты қамтитын таңбалау веб-сайтына сілтемелер, сондай-ақ, таңбаланған дәрілік заттармен жұмысты көрсететін бейнероликтер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды және Қонаев қалаларында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын.
Представители более 30 аптек Талдыкоргана обучились работе с маркированными лекарствами

3 мая на площадке Управления здравоохранения области Жетысу представители Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров провели семинар-совещание с представителями фармацевтического рынка. Представители более 30 аптек и медицинских организаций области ознакомились с процессами работы с маркированными лекарствами и интеграции систем. Напомним, с 1 июля 2024 года в Казахстане обязательной маркировке будут подлежать все лекарства.

В настоящее время производители, импортеры, дистрибьюторы, медицинские организации и аптеки Казахстана активно готовятся к внедрению цифровой маркировки и прослеживаемости лекарств. Для аптек данная процедура будет абсолютно бесплатной, так как они будут принимать уже промаркированную продукцию.

На семинаре Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров ознакомил участников с процессами работы с маркированными лекарствами посредством демонстрации регистрации в учетной системе, с функционалом личного кабинета, приемом акта приема-передачи, созданием уведомления о расхождении, выводе товара из оборота по другим причинам, повторного ввода товара в оборот и выводе товара из оборота посредством контрольно-кассовой машины.

Далее для участников, не имеющих учетной записи в системе маркировки и прослеживаемости товаров, была продемонстирована работа в мобильном приложении NS Pharm.

Кроме того, представители Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров индивидуально разобрали возможности работы в учетной системе маркировки и прослеживаемости лекарств для каждой аптечной организации, учитывая наличие необходимого оборудования. В ходе встречи участникам были даны разъяснения о работе в учетной системе, а также объяснены механизмы и процессы маркировки и прослеживаемости лекарств.

По итогу встречи участникам были представлены ссылки на телеграм-канал, на сайт маркировки, содержащей всю необходимую информацию, а также ролики, демонстрирующие работы с маркированными лекарствами.

Напомним, в апреле прошли рабочие встречи по подготовке к введению маркировки и прослеживаемости лекарств прошли в Астане, Алматы, Караганде и в городе Конаев.
Импорттаушылар дәрілік заттарды цифрлық таңбалауды енгізуге дайындалуда

2024 жылдың 4 мамырында Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы дәрілік заттардың айналымына қатысушылармен кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы жиынға қатысушы болып импорттаушы, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек дистрибьюторы болып табылатын «Луч» ЖШС қызметкерлері болды.

Кездесу барысында қатысушылар кедендік қоймалардағы дәрілік заттарды таңбалаудың және бақылаудың толық циклімен, сондай-ақ ЕАЭО және үшінші елдерден дәрілік заттарды импорттауды хабардар ету процесімен танысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында қызметкерлер таңбаланған дәрілік заттарды одан әрі көтерме және бөлшек саудада өткізу процестерін іске асыруды үйретілді.