العليم
158 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Forwarded from Orientalist's Notes
Оңтүстік Кореяға күні кеше ұшып барып, кіре алмай, отказ алған 2 қазақ жігіттің оқиғасын естіп білген шығарсыздар. Кіре алмаған соң, сол жерде күту залындағы терезені ашып, ұшақтардың ұшу жолағымен қашып, биіктігі 3,6 метр шарбақтан секіріп өтіп, жасырынған екен.

Полиция тауып ұстаған. Әлбетте, ұстайды. Онсыз да мәз емес қазақтардың Оңтүстік Кореядағы репутациясы одан сайын түсті. Енді қазақтар ол елге оңайлықпен кіре алмайды.

Бір адамның әрекеті өзге мыңдаған адамға зиянын бере алады.

Жаңалықтардағы пікірлерді оқысам "Осы жағдайға әкелген біздің өкімет", "Сол жастар жетіскеннен кетті дейсіңдер ме?", "Елдің жағдайын түзеңдер" деген сарындағы ойларды көзім шалды. "Иә" деп қолдай түсушілер де көп...

Біздегі жалпы өте қызық таным-ей... Елді, билікті жамандайтын адам табылса, жаппай соған еріп, сөзін қостап кетушілер шығады. Әулие емесі анық билігіміздің. Бірақ жай ғана өзіміздің жеке басымыздағы проблеманың бәріне елді кінәлай беру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

"Адамдардың кредиті бар, соны төлеуі керек. Елде жұмыс жоқ. Сол үшін Кореяға кетіп сандалып жұмыс жасайды да" дейді. Жасасын. Еш қарсылығым жоқ. Алайда кредитті біреу мәжбүрлеп алғызбайды. Көптеген оқиғалардың астарын ашып қарасақ, адамдар кредитті көп жағдайда қиналғаннан емес, білімсіздігінен алады, өтірік қажеттіліктерін өтеу үшін алады, дарақыланып той жасау үшін алады...

Жеке проблема, өз кінәміз...Әділ бағасын берсек осы! Телефон алам деп рассрочкіге, редке кіреді. Жас қой, өзгелер ұстаған соң қызығады да... Абай атамыз айтады: "Жуасты мін де айран іш" деп. Жүйрік мінгенше сәл жуасты міне тұр, қымыз орнына сәл айран іше тұр дегені. Уақыты келгенде ұстайсың бәрін, ішесің бәрін. Сабыр ет, адал еңбек ет дегені.

Мен өзім мектеп бітіргенде 2016 жылы алған Iphone 6s телефонымды әлі ұстаймын. Жанында түрік симкасын салған Samsung-ым бар. Тіршілікке, тірлікке жарап тұр. Iphone-ның соңғы моделі керек-ақ. Блог жүргізем, контент жүргізем. Рассрочкіге алуға болар еді. Алайда келісімшартындағы пайызға бола жоламаймын, өзімнің құзыретім жүретін адамдарды жолатпаймын. Бірден ала салуға ақшаның жоқтығы емес тосқауыл. Шүкір, ризығымызды беруде Алла. Артымда жауапты адамдарым бар болған соң, оның үстіне білім жолында жүрген соң, бірден алуды құп көрмей жүрмін.

Уаллаһи, бұны тек ғибрат үшін жаздым. Кредит, рассрочка алмай өмір сүруге болатынын дәлелдегім келеді. Адамдар қазір азық-түлігін редпен алуға үйреніп алыпты. Ол жай ғана сізге берілген таңдау. Таңдамасаңыз да өмір сүруге болады. "Амал жоқтан алдым" деу нағыз өтірік сөз. Амал бар. Сіз просто оңай жолдың барын біліп, амалын жасамайсыз.

Басымыздағы әрбір нәрсеге, әуелі өзіміз кінәлі екенімізді ұғындырғым келеді. Өзіміз, өзіміздің қанағатсыздығымыз, көрсеқызарлығымыз, дарақылығымыз кінәлі. Өз қалауларымызды керек кезде шектей алсақ, ақылмен, парасатпен әрекет ете білсек игі.

Кембағал, төмен санадан арылу керек. Көрпеге қарап көсіліп үйренген соң, ретін тауып іс қылу керек. Алла берекесін берсе, ел ұстамағанды ұстайсыз, ел көрмегенді көресіз (мақсатыңыз сол болса).

Мұсылман адамның өмірлік ұстанымдары материалдық құндылықтармен ғана шектеліп қалғаны өкінішті. Тұрмыс - сананы билеп кеткен.

Қысқасы, жылай беруді қою керек. Пікірлерді қарасаң, тек жылау. Ақиқатында бәріне лайықтымыз. Өзіміз өзгеруді бастамайынша, Алла Тағала ешбір қауымды өзгертпейді.

#ойымнан #дәм #тат