العليم
157 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Forwarded from نور على نور
Жер бетінде аяқ басып жүргенде фитна шығарып,өз Раббысын ұмытып,құтырып жүргендендердің ажалы келмейді деп ойлайсың ба?Дер кезінде тәубе етпесе,“Раббым мені қайтаршы деп өкініштен жылап,ақыретте сорлап қалары хақ”. Аллаһ қаласа сол тұрған жерінде күл талқанын шығарар еді..

Ұлық Аллаһ бәрін Көруші,Естуші..

Мүмин сүресінің 17 аятында айтылғандай:

الْيَوْمَ تُجْزَى كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ لَا ظُلْمَ الْيَوْمَ إِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ

аудармасы: Бүгін әрбір жан дүниеде істеген ісіне қарай қарымын алады.Бүгін ешкімге зұлымдық жасалмайды.Шүбәсіз,Алла жауапқа өте жылдам тартушы…

•Хақ нәрсе жақпаса білгеніңді істеп жүре бер,бәрібір Аллаға қайтамыз.Аллаға деген сенімің дұрыс болмаса өміріңнің зая кектені.Әуел бастан адам баласына “Оқы” деп бұйырылған соң,ілім алу әрбір ер мен әйелдерге парыз.Сауатсыз адамдардың құны жоқ сөзіне еріп кетпеу үшін ең бірінші аятқа амал етуіміз керек қой асылында.
Forwarded from meruyert.books
Поликлиникада жұмыс жасағанда танысқан бір орамалдағы әже бар еді. Әлі де хабарласып тұрамыз. Соңғы уақытта көп ауырған соң, ораза ұстай алды ма екен деп жазып едім. Әже 70-тен асқан, өте арық, көп жері ауыратын кісі, бірақ мешітке Құран сабақтарына барып жүретінін, хатымдарға қатысатынын білетінмін. Сөйтсем, әжем ,Аллаға шүкір, ораза ұстапты, тарауихға Нұр Астанаға, Құран Хатымға Әзірет Сұлтан мешітіне барып жүр екен, бәрәкАллаһ, субханАллаһ (ол кісі автобуспен жүреді, бір ауданда тұрамыз. бізден Әзірет Сұлтанға кем дегенде 1 сағат барасың). Естіп таң қалдым. Мейірімі мен кеңдігі шексіз Алла ықыласты құлдарына күш-қуат беріп қояды екен.

Исламдағы ұзақ өмір, жақсылығы мен Рамазандағы құлшылығы көп өмір қандай жақсы!

Дені сау, жап-жас біздерге бұл - үлкен үлгі, сабақ, м - мотивация болсын! Рамазан айын көре тұра сауабы аз, мардымсыз болып қалғандардан болмайық!
Forwarded from Ой
Байқадыңыздар ма?
Рамазан басталғалы күндеріміз кәдімгідей берекелі болып жатыр. Бір күнде екі күн өмір сүру деген керемет нәрсе ғой
04:00- 23:00

Таңның берекесі де ұзаағынан🌅🥹
Forwarded from الحنفية الماتريدية
Әйелдердің білім алуының маңыздылығы туралы

Шейх әш-Шағрауй (оған Аллаһтың рақымы болсын) өзінің «Фиқһ әл-мәрғәти әл-муслимә» кітабында былай деп жазады:

«Білім алу құқығында ер мен әйелдің арасында теңдік белгіленді және ер адам секілді әрбір әйелге ғибадат бөлімін мен ақиданы, сондай-ақ тамақтануға қатысты ненің рұқсат, не харам екенін оқып үйрену парыз».

Әйелдер Исламның ұлы ақыл-ойшылдарын тәрбиелеуге зор потенциал берілген, бірақ болашақ ғалымдарды, шейхтар мен муфтилерді тәрбиелемес бұрын, біз өзіміз шариғат білімін игеруге шындап кірісуіміз керек және білім тек қана дәптерде реферат күйінде ғана қалмай, алған біліміміз отбасылық өмірде көрінуіне бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Тағдырымызға ана болу бұйырған болса, әрбір мұсылманның бойына ерте жастан бастап сіңіру керек нәрселерді: Аллаһтан қорқуды, тәуекелді, адалдықты, дінге қызғанышпен қарауды, батылдықты, жақсы мінезді, мейірімділікті сіңірту керек; осылайша Құран оларға жастайынан жолбасшы, жол көрсетуші болып, мінез-құлқы Құран мен Пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделеді. Ең бастысы, осы үмметке мүмкіндігінше пайда келтіре алатын және сол үшін бар себептерін жасайтындай тәрбиел.

Аллаһу Тағала баршамызға үмметке пайдалы ана, тұлға болуды нәсіп етіп, осындай перзенттерге лайықты болуды нәсіп етсін. Әмин.

#әйел

Тек әйелдерге арналған канал:
https://t.me/sisters_today
Forwarded from Orientalist's Notes
Оңтүстік Кореяға күні кеше ұшып барып, кіре алмай, отказ алған 2 қазақ жігіттің оқиғасын естіп білген шығарсыздар. Кіре алмаған соң, сол жерде күту залындағы терезені ашып, ұшақтардың ұшу жолағымен қашып, биіктігі 3,6 метр шарбақтан секіріп өтіп, жасырынған екен.

Полиция тауып ұстаған. Әлбетте, ұстайды. Онсыз да мәз емес қазақтардың Оңтүстік Кореядағы репутациясы одан сайын түсті. Енді қазақтар ол елге оңайлықпен кіре алмайды.

Бір адамның әрекеті өзге мыңдаған адамға зиянын бере алады.

Жаңалықтардағы пікірлерді оқысам "Осы жағдайға әкелген біздің өкімет", "Сол жастар жетіскеннен кетті дейсіңдер ме?", "Елдің жағдайын түзеңдер" деген сарындағы ойларды көзім шалды. "Иә" деп қолдай түсушілер де көп...

Біздегі жалпы өте қызық таным-ей... Елді, билікті жамандайтын адам табылса, жаппай соған еріп, сөзін қостап кетушілер шығады. Әулие емесі анық билігіміздің. Бірақ жай ғана өзіміздің жеке басымыздағы проблеманың бәріне елді кінәлай беру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

"Адамдардың кредиті бар, соны төлеуі керек. Елде жұмыс жоқ. Сол үшін Кореяға кетіп сандалып жұмыс жасайды да" дейді. Жасасын. Еш қарсылығым жоқ. Алайда кредитті біреу мәжбүрлеп алғызбайды. Көптеген оқиғалардың астарын ашып қарасақ, адамдар кредитті көп жағдайда қиналғаннан емес, білімсіздігінен алады, өтірік қажеттіліктерін өтеу үшін алады, дарақыланып той жасау үшін алады...

Жеке проблема, өз кінәміз...Әділ бағасын берсек осы! Телефон алам деп рассрочкіге, редке кіреді. Жас қой, өзгелер ұстаған соң қызығады да... Абай атамыз айтады: "Жуасты мін де айран іш" деп. Жүйрік мінгенше сәл жуасты міне тұр, қымыз орнына сәл айран іше тұр дегені. Уақыты келгенде ұстайсың бәрін, ішесің бәрін. Сабыр ет, адал еңбек ет дегені.

Мен өзім мектеп бітіргенде 2016 жылы алған Iphone 6s телефонымды әлі ұстаймын. Жанында түрік симкасын салған Samsung-ым бар. Тіршілікке, тірлікке жарап тұр. Iphone-ның соңғы моделі керек-ақ. Блог жүргізем, контент жүргізем. Рассрочкіге алуға болар еді. Алайда келісімшартындағы пайызға бола жоламаймын, өзімнің құзыретім жүретін адамдарды жолатпаймын. Бірден ала салуға ақшаның жоқтығы емес тосқауыл. Шүкір, ризығымызды беруде Алла. Артымда жауапты адамдарым бар болған соң, оның үстіне білім жолында жүрген соң, бірден алуды құп көрмей жүрмін.

Уаллаһи, бұны тек ғибрат үшін жаздым. Кредит, рассрочка алмай өмір сүруге болатынын дәлелдегім келеді. Адамдар қазір азық-түлігін редпен алуға үйреніп алыпты. Ол жай ғана сізге берілген таңдау. Таңдамасаңыз да өмір сүруге болады. "Амал жоқтан алдым" деу нағыз өтірік сөз. Амал бар. Сіз просто оңай жолдың барын біліп, амалын жасамайсыз.

Басымыздағы әрбір нәрсеге, әуелі өзіміз кінәлі екенімізді ұғындырғым келеді. Өзіміз, өзіміздің қанағатсыздығымыз, көрсеқызарлығымыз, дарақылығымыз кінәлі. Өз қалауларымызды керек кезде шектей алсақ, ақылмен, парасатпен әрекет ете білсек игі.

Кембағал, төмен санадан арылу керек. Көрпеге қарап көсіліп үйренген соң, ретін тауып іс қылу керек. Алла берекесін берсе, ел ұстамағанды ұстайсыз, ел көрмегенді көресіз (мақсатыңыз сол болса).

Мұсылман адамның өмірлік ұстанымдары материалдық құндылықтармен ғана шектеліп қалғаны өкінішті. Тұрмыс - сананы билеп кеткен.

Қысқасы, жылай беруді қою керек. Пікірлерді қарасаң, тек жылау. Ақиқатында бәріне лайықтымыз. Өзіміз өзгеруді бастамайынша, Алла Тағала ешбір қауымды өзгертпейді.

#ойымнан #дәм #тат
Forwarded from temyrtauuly
Біздің жоспардағы Жатақханаларымызда онлайн оқытқымыз келетін еңбектер. Алланың қалауымен тізімге сай күнделікті дәрістеріміз жүріп жатыр. Барлық дәрістер бастауыштан бастап көтеріледі. Біздің мақсат үйіңіздің бір бұрышын шағын медресе қылу😊
Қазақ тіліне, жазылған мәтінге, әрбір әріпіне мән беріп оқитын кез келген адам Жанат Бақыт деген кісіге қойылып жатқан сұрақтардың басым бөлігін бірдей тәсілде, бір стилде, бір адамның жазғанын байқайды. Сол үшін мынандай сұрақтарға алданбаңыздар. Манипульяция жасау үшін өзіне өзі немесе сыбайлас басқа адамға қойдырып отыр.
Сұрақтарды сауатты, қатесіз жазатын недеген сұмдық оқырмандар)))
"Көп айтса көнді, жұрт айтса болды - әдеті надан адамның".

Абай Құнанбайұлы.

Манипульяция жасауының бірден бір себебі - соңынан ергендердің санын қолдан көп етіп көрсету арқылы "қате болса жұрт ермес еді ғой" деген тобырлық санадағы адамдарды өзіне тарту. Ал ондай адамдарды жалған, ақылға қонымсыз сенімде ұзақ ұстап қалу да оңайырақ.
Forwarded from yuzarsif
Тарихта Салахаддин Айюби деген батыр болған. Христиандермен соғысып, мұсылмандарға Құдыс мешітін қайтарып берген. Оның әкесі де асқан батыр болыпты. Бірақ ұзақ жыл үйленбей жүрген көрінеді. “Неге үйленбейсің?” деп достары сұраса, ол "Көңілімдегі қызды таппай жүрмін, Құдыс мешітін христиандардан алып, мұсылмандарға қайтарып беретін батыр туатын қыз іздеп жүрмін. Бірақ ондай қыз кездестіре алмай жүрмін” дейді екен. Араға бірақ уақыт салып, достарымен бір асханада тамақ ішіп отырса, келесі бөлмеде қыздардың дауысы шығып жатыр екен. Ол жақта да бір қызға басқа әйелдер: “Тұрмысқа шықпайсың ба? Жасың болса өтіп бара жатыр. Сен сияқты көрікті қызға обал емес пе?” деп тиісіп жатқан көрінеді. Әлгі қыз: “Мен өз батырымды жолықтыра алмай жүрмін.

Менің күйеуім болашақта Құдыс мешітін азат ететін батырдың әкесі болуы керек” деп айтады дейді. Содан жігіт ортаға адам салып, ақыр-аяғында шаңырақ көтеріп, екеуінен Салахаддин Айюби туған. Алла оларды ниетіне қарай жолықтырып, арманына жеткізген. Демек, қыз да, жігіт те үлкен мақсаттар қойып, биік нәрсені армандауы керек. Мұның алдында мансап, байлық дейтін құндылықтар түкке де татымайды. Хан Тәңірі сынды шың тұрғанда, қырқа-қыраттарды қайтесің? Хан Тәңірідей шыңға шығу оңай емес. Дегенмен, шын талпынса, Алла күш қуат беріп қояды.
Көрінген бір жерден күмәнді тамақ жей саласың, сосын: “Ілімге деген ықыласым азайып кетті, намаздарымда хушуғ мүлде жоқ. Не істесем болады?”-деп, дым болмағандай сұрақ қоясың.
Інілеріме шырын бермек болып  жылыту үшін кішкене ыстық су құйдым. Құйып жатып қолыма құйып алдым. Жаным шығып кете жаздады...
Біраздан соң есіме аптап ыстықта азапталған сахабалар түсті... Ислам үшін ,иман деген байлықтарын сақтау үшін қандай жанпидалыққа барған ізгі жандар еді. Аллаға және елшісіне(с.а.с) деген адалдықтары оларды азаптаса да иманнан қайтара алмады. Ислам бізге оңайлықпен жеткен жоқ ,ал біз жүрміз дайын тәспімен зікір айтуға ерініп..

#түйгенойғой
Forwarded from Жолаушы | مسافر‎ (Уәли Ибраһим)
Бұлыңғыр болашақ туралы ойлап, белгісіздіктің етегінен еріп кете берме, жарай ма?

#айналайын
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Я Аллаһым! Бізбен бірге Рамазан айын күтіп, бірақ қазір қабірде жатқандарды рахым ете көр🤲
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Тарауих намазын үйде оқитын кісілер үшін (әйелдер қауымы) бір кеңес. Сол баяғы карантин кезіңде (Алла алыс етсін) үйде тарауих оқыдым. Сол кезде мешіттегідей емес, әр төрт ракағат арасында қалағанша отыратынмын. Солай байқағаным әр төрт ракағат сайын ортасында төрт бет Құран оқып отыруға болады екен. Солайша әр төрт ракағат сайын төрт беттен оқып, 20 ракағат тарауих намазымен қатар бір пара Құран хатым жасап отыруға болады.
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Бес уақыт намаздың артынша хатым ету:

Әр намаздан кейін төрт беттен оқыса, күніне бір пара

алты беттен оқыса, күніне бір жарым пара

сегіз беттен оқыса, күніне екі пара

он беттен оқыса, күніне екі жарым пара

он алты беттен оқыса, күніне төрт пара

Солай есептеп әр парыз намаздан соң хатым етіп отыруға да болады
Forwarded from الحنفية الماتريدية
Бұрынғы КСРО-ның кейбір азаматтары дұрыс ислам деп - дінге түбегейлі тыйым салынып, діннен тек кейбір дәстүрлі көріністері ғана қалған советтік уақыттағы ислам діні деп есептейді және бүгінгі күні олардың кеңестік дәуірдегі исламға сәйкес келмейтін нәрселердің барлығын радикализм, арабтану және деструктивтік ағым деп санайды. Яғни, кеңестік одақ жойылды, ал бұл бейшаралар әлі де сол кеңестік одақтың идеологиясының кепілінде жүр. Бақытымызға орай, жаңа ұрпақ мұндай кешендерге бұғауланбаған, олар кешенсіз, күмәнсіз, қорқынышсыз, еркін діни тәжірибеде көрінетін өмір туралы кеңестік идеялармен шектелмеген еркін адамдар.

Дауд Әбу Имран әл-Ханафи

https://t.me/darulfikr