العليم
157 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауды әмір етер болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім»

«Тухфәт әл-Әхуәзидің» авторы бұл хадисті былай түсіндіреді:

لكثرة حقوقه عليها وعجزها عن القيام بشكرها ، وفي هذا غاية المبالغة لوجوب
إطاعة المرأة في حق زوجها ؛ فإن السجدة لا تحل لغير الله

«Яғни: әйел адамның күйеуінің алдындағы міндеті көп болғандығы және соның бәрін орындау оның қолынан келмейтіндігі себепті. Әйелдің күйеуіне бағынуы керектігіне ерекше көңіл аудару үшін осылай айтылған. Ал, Алладан басқа біреуге сәжде жасауға тыйым салынады».

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзімен әйелден талап етілетін бағыну мен бойсұнуды лайықты түрде орындаудың өте қиын екенін көрсеткен және Алладан басқа тағы біреуге сәжде етуге рұқсат етілгенде (бірақ, ол рұқсат етілмеген), ол әйелдің күйеуіне бойсұнуда жіберген олқылықтарының орнын толтыру үшін еріне сәжде жасауын әмір етер еді.

Ары қарай Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің Алла Тағаланың алдындағы міндеттерінің орындалуын күйеуінің алдындағы міндеттерінің орындалуымен байланыстырған. Өйткені, күйеуге бағыну – Аллаға бағыну, себебі, бұл – Раббымыздың әмірі.

🔍 «Әйелдер жайлы қырық хадис» кітабынан алынды.

✓ Алланың қалауымен жұмыс істеп тұрған @jumakka.jol 🕊 парақшасы.
___________________
Парақшаға жазылуды ұмытпайық!🌿
___________________
#islam #ислам #құран#дін#дұға #уағыз #қазақстан #актау#атырау #орал #алматы #астана#шымкент#jumakkajol#жұмаққажол
#махаббат #сүйіктім #неке #ислам #еркек #әйел #күйеу #салихалыжар #отбасы #бала #қыз #әке #анашым #мұсылман  #құран #сүннет#бауырым
Forwarded from Жазушы - كاتب
"Егер, ер адам пасық әйелге үйленсе, онда, күйеуі дінінің жартысын жоғалтқанға дейін әйелі бақытты болмайды.
Бұл адамдардың тәжірибесінен белгілі."

📕 Ибн Араби әл-Мәлики, "Ахкәмул-Қуран", 536/1

#әйел #неке
Forwarded from الحنفية الماتريدية
Әйелдердің білім алуының маңыздылығы туралы

Шейх әш-Шағрауй (оған Аллаһтың рақымы болсын) өзінің «Фиқһ әл-мәрғәти әл-муслимә» кітабында былай деп жазады:

«Білім алу құқығында ер мен әйелдің арасында теңдік белгіленді және ер адам секілді әрбір әйелге ғибадат бөлімін мен ақиданы, сондай-ақ тамақтануға қатысты ненің рұқсат, не харам екенін оқып үйрену парыз».

Әйелдер Исламның ұлы ақыл-ойшылдарын тәрбиелеуге зор потенциал берілген, бірақ болашақ ғалымдарды, шейхтар мен муфтилерді тәрбиелемес бұрын, біз өзіміз шариғат білімін игеруге шындап кірісуіміз керек және білім тек қана дәптерде реферат күйінде ғана қалмай, алған біліміміз отбасылық өмірде көрінуіне бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Тағдырымызға ана болу бұйырған болса, әрбір мұсылманның бойына ерте жастан бастап сіңіру керек нәрселерді: Аллаһтан қорқуды, тәуекелді, адалдықты, дінге қызғанышпен қарауды, батылдықты, жақсы мінезді, мейірімділікті сіңірту керек; осылайша Құран оларға жастайынан жолбасшы, жол көрсетуші болып, мінез-құлқы Құран мен Пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделеді. Ең бастысы, осы үмметке мүмкіндігінше пайда келтіре алатын және сол үшін бар себептерін жасайтындай тәрбиел.

Аллаһу Тағала баршамызға үмметке пайдалы ана, тұлға болуды нәсіп етіп, осындай перзенттерге лайықты болуды нәсіп етсін. Әмин.

#әйел

Тек әйелдерге арналған канал:
https://t.me/sisters_today
Forwarded from الحنفية الماتريدية
Бөтен әйелмен сөйлесу мәселесі

«Пайғамбардың ﷺ «Тілдің зинасы - сөйлеу» деген хадисіне орай, егер аса қажеттілік болмаса ер адам қыздармен сөйлеусуіне болмайды, тіпті қыз түшкіргенде «иархамукАллаһ» деп айтпайды және сәлем бермейді; егер қыз ер адамға сәлем берсе, онда [ер адам] сәлеміне дауыстап емес, іштей ғана жауап береді және қызда солай істейді [егер ер адам сәлем берсе, іштей ғана жауап береді]».

Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбәни әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Ибаха» 499 бет.

#әйел