العليم
158 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Forwarded from Жазушы - كاتب
Бір күні үйленгісі келіп жүрген шәкірт, дәріс үстінде ұстазына жымия қарап:

Ұстаз! Әйел нағыз жүректің тыныштығы ғой - десе,

Ұстазы: Әйел жүректің тыныштығы болады, қашан?! Егер ол үнемі Аллаға асығатын болса, Алламен байланыс іздейтін болса,

Ал Аллаға асықпайтын, байланыс іздемей ғибадат-намазына салғыртық қарап жалқауланып жүрсе, насихатыңды елемей, ердің жүрегінде ешқашан тыныштық болмайды деген - екен.

#ғибрат
#насихат
Forwarded from umm sakina
💐📔Құранмен өмірін безендірген қызметші әйел:

Омар ибн Абдулазиздың Шамдағы Ракка қаласының уәлиі сонымен қатар білімі мен тақуалығымен танымал Мәймун ибн Михранның ( һ.117/735) қызметші күңі болды.
Бір күні ол дастарханға ыстық сорпа алып келеді. Қонақтар дастарханға жайғасып жатқанда оның аяғы тайып, сорпаны Мәймун ибн Михранның үстіне төгіп алады. Ашу үстіндегі қожайынына күңі:
- Қожайыным, өтінемін Алла Тағаланың: "Сондай-ақ олар (тақуа құлдар) ашуын жұтқандар" аятына амал етіңіз,- деді.
Мәймун:
- Жақсы, ашуымды жұттым.
Күңі:
- Қожайыным, бұл аяттың жалғасында "Адамдарды кешірім етушілер" деген бөлігімен де амал етіңіз.
Ол:
- Жақсы, сені кешірдім.
Сонда әйел:
- Жарайды, Алла Тағала аяттың жалғасында: "Алла жақсылық істеушілерді сүйеді" деп бұйырады.
Қожайыны:
- Жақсы, саған жақсылық істеп сені Алла үшін азат етемін!,- деп жауап қатады.

📚Имам Насаи, Ғишрат ән-Ниса

#ғибрат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM