Manshuq Media
766 subscribers
2.47K photos
187 videos
11 files
2.03K links
▪️KZ-те N°1 әйелдер қоғамдастығы
▪️Контентпен жұмыс істейтін агенттік
▪️Женское сообщество N°1 в KZ
▪️Агентство по работе с контентом

Почта для связи: hello@manshuq.com
Download Telegram
Балалар өздерінің ата-аналарынан көмек сұрамайтындығына оншақты себеп бар, солардың ішінде – «олар маған айқайлайды», «өзің кіналысың деп айтады» және «біз олармен бұндай тақырыпта бұрын ешқашан сөйлесіп көрмегенбіз» cияқты ойлар.

«Көңілбөліңіз: маған көмек керек!» арнайы жобасының аясында біз жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсау тақырыбымен ғана шектеліп қоймай, жасөспірімдерді осындай қадам жасауға қандай себептер итермелейтінін зерттеп білуге шешім қабылдадық. Бүгінгі таңдағы ең бір тыйым салынған, бетпердесі ашылмаған тақырыптардың бірі бұл – секс. Қазір біз жасөспірім ауыр жағдайға душар болғанда қайдан көмек ала аламын деген сұраққа нақты жауаптары бар жаңа материалды жасаудың үстіндеміз.

Ол дайын болғанша, біз ай сайын ізденіс арқылы ең көп қаралатын - «Ал егер мен жасанды түсік жасағым келсе ше» атты материалымызды қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

#жасандытүсік #көңілбөліңіз #назараударыңызkz #көмеккерекболсаайт #талқылайық #жасөспірімдермәселелері #өзінеөзіқолжұмсау #жасөспірімдердіңөзінеөзіқолжұмсауы #жасөспірімдер

https://manshuq.com/whatif-kz-abortion-10-2019
Жасөспірім үшін ең қорқыныштысы не?

Жоқ, мектептегі қиындықтар емес, бақытсыз махаббат немесе басқа балалардың тарапынан болған қудалау да емес. Ең қорқыныштысы - ең жақын деген адамдардың түсінбеушілігі, бейжайлылығы әрі немқұрайлылығы.

#Manshuq «Көңіл бөліңіз: маған көмек керек» арнайы жобасының алғашқы материалы осы көкейтесті мәселенің пердесін ашады. Жасөспірім кезінде өзіне өзі екі рет қол жұмсауға барған оқырманымыз бастан кешкен мұңды оқиғасымен сіздермен бүкпесіз бөлісіп отыр.

#назараударыңызkz #көңілбөліңізkz #жасөспірімдердіңөзінеөзіқолжұмсауы
#өзінеөзіқолжұмсау #жасөспірімдер #жасөспірімдермәселелері #талқылайық

https://manshuq.com/life-nobody-cares-kz-11-2019
Қыздық пен өзіне-өзі қол жұмсау арасында қандай байланыс бар?

Мөлдірдің фейсбук парақшасында жариялаған постын көріп, біз одан өз басынан өткен оқиғасымен біздің оқырмандарымызбен #көңілбөліңіз: маған көмек керек! арнайы жобасының аясында бөлісуін өтіндік.

https://manshuq.com/life-virginity-suicide-kz-20-2020