Malim Media
533 subscribers
1.68K photos
411 videos
1.93K links
Ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіреміз.

Инстаграм: https://instagram.com/malim.kz

Тикток: https://www.tiktok.com/@malimkz

Фейсбук: https://www.facebook.com/MalimMedia
Download Telegram
Forwarded from Malim Media
Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
Жамбыл облысында балабақша меңгерушісі 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алып отырған.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
Атырауда мұнай зауытының директоры сот арқылы лауазымына қайта оралды

Ғалымжан Жусанбаев сот арқылы 1 шілдеде Атырау мұнай өңдеу зауытының  бас директоры қызметіне қайта оралады.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
«Ахуал мүшкіл»: Президент билікті сынайтындарға қандай кеңес берді

– Сөз бостандығына арқа сүйеп, елімізде ештеңе өзгермейді-мыс, ахуал мүшкіл деп жағдайды үнемі ушықтыра беру қажет емес. Бұл шындыққа сай келмейді. Кемшіліктер бар, бірақ жағдай тым мүшкіл емес. Мұндай ақпарат адамдарға көмектеспейді, керісінше оларды күйзеліске ұшыратып, қоғамда апатия тудырады, - деді Тоқаев
Forwarded from Malim Media
Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей қайтыс болды

Полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жіберген. Дәрігерлер 21 жастағы тәртіп сақшысының өмірі үшін екі тәулік күрескен.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеді

– Елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

@malimkz
Forwarded from Malim Media
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстан президенті жиенінің қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Ләззат Нұрғожаеваға сүйіктісі үйлену ұсынысын тауда айтқан. Жастар ол жерге төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен барған.

Садыр Жапаров мың адам шақырып, той жасауды, ысырапшылдықты жиі сынайтын.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
Дағыстандағы террорлық шабуылды ұйымдастырушы анықталды

Қылмыстық топты республиканың Сергокалин ауданының бұрынғы басшысы Магомед Омаровтың ұлы құрған.

Осман Омаров серіктестерінен оны топтың жалғыз көшбасшысы деп тануды және оған ант беруді талап еткен.

@malimkz
Forwarded from Malim Media
АЭС туралы референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров АЭС салу жөніндегі референдум туралы пікір білдірді.

@malimkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Танымал әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан соң тыңдарманымен қауышты.
Әнші бұл жолы Астанада аяқ киім дүкенін ашқан туған бауырына қолдау білдіріп келген.
Дүкеннің ашылу салтанатына абақтыдан босап шыққан әншінің тыңдарманы көп келгені сондай, тіпті, ине шаншар жер болмады