«ТҮН ОРТАСЫНДАҒЫ КІТАПХАНА» №1
Түн – тыныштыққа толы, адамның өз ойымен оңаша қалатын мезеті. Ал біз үшін бұл – кітаппен сырласудың, онымен достасудың уақыты. Осыны негізге алып, «Түн ортасындағы кітапхана» атты жаңа рубрикамызды бастадық. Бұл – алғашқы шығарылым, алғашқы қадам. Біз өз үнімізді кітап арқылы жеткізгіміз келеді. Өз көзқарасымызды да осы жолмен білдірмекпіз. Алғашқы талдайтын кітабымыз әлі ыстығы басылмаған - «Жұмабек және жер майдан» кітабы. әрі кітаптан алған әсерімізді видео арқылы бөлісуді жөн көрдік.

🔥2❤1
📝 Тамыз қорытындысы
📚 Оқылған кітаптар
1. «Жұмабек және жер майдан» (Отбасы хрестоматиясы) – рухтандыратын еңбек, жан-жақты ракурстан қамтылған. Алдағы уақытта бестселлер боларына сенемін.
2. Қанабек Бәйсейітов «Құштар көңіл» – бір деммен оқылған кітап. ХХ ғасырдағы театр мен мәдениет туралы құнды естеліктерге толы.
3. Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» – Шашкинді алғаш рет оқыдым. Медицина тақырыбындағы роман. Ерекше
4. Дулат Исабеков «Сүйекші» – қайта оқып шықтым.
🎙️ Лекциялар мен подкасттар
• Unknown Talks: Санжар ағамның «Адам болмысында не бар?» атты лекциясы.
• Адиб Халид: Орталық Азия тарихы кітабының тұсаукесері және баяндамасы.
• Книгометр: Перизат Мырзахмет қатысқан бөлімі. К ітапсүйер қауымға арналған подкаст.
🌈 Елеулі оқиғалар
• Айназым мен Имаштың ата-әжесі Ақтөбеде той жасады.
• Ақтөбедегі бір айлық демалыстан кейін астанаға оралдық. Ота жасалды, қазір бәрі жақсы.
• Баян ханым «Алқа білім» ұстаздарын қонақ етті, Санжар екеуміз де қатарынан іліндік 😊.
• Әмина астанаға келіп, көңілімді бір көтерді. Алматыдан бауырым келгендей қуанып, екі күн қатарынан сырластық.
• Парақшамды қайта қолға алдым. Кітап пен мәдениетке байланысты жоспарларымды жүзеге асыруға ниеттімін.
• Ақтөбеден Гүл апамыз келіп, Имашты океанариумға апардық.
• Аққуды Ақтауға шығарып салдық. Құрман ағамызды астаналықтар қонақ еттік.
• Мәдениеттанушы ретінде үш сайтқа сұхбат бердім. Оны парақшама салайын ба, салмайын ба деп ойланып отырмын🙃

❤1
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.
Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр қайда.
\"Теңгерер соңыра\" — деген сөз -
Тек жұбаткан бір айла.
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.
Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр қайда.
\"Теңгерер соңыра\" — деген сөз -
Тек жұбаткан бір айла.
🤩1
Бір күні Ғазиза апайдың кабинетіне “тосын қонақ” келді. Директордың алдына әдетте ақындар мен жазушылар, журналистер мен зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері деген сияқты мәдениет, өнер, әдебиет жанашырлары келіп жүретін. Ал бұл жолы... сатушы келген.
Мен сол күні жоспарларымды апайдың алдына апардым (Менеджмент бөлімінің қызметкерімін). Апай жоспарды қарап отырып, жымия күліп:
– Әтір сататын адам келіп кетті, – деді.
Бір сәт аңтарылып қалдым. Кітапхананың төріне, директордың алдына әтір сатушы келген бе? Бұл көрініс санамда біртүрлі, қисынсыз пазл секілді шашылып қалды.
– Қайтарып жібердіңіз ғой? – дедім аң-таң күйде.
– Алдыма дейін келіп тұрған соң көңілін қимай, бір әтірін сатып алдым. Осында келуге қаншама уақыты кетті ғой, – деді апай жайбарақат.
Шыны керек, Ғазиза апайдың өзіне тән әтірі бар еді. Сол сәтте мен өзіме апайдың жаңа қырын аштым.
Алқаның кезекті жиыны өтіп жатқан кез еді. Сенбі – Ғазиза апайдың демалатын күні. Бірақ апай демалыста болса да кітапхананы есінен шығармайды. Инста парақшадан біздің отырысты бақылапты. Бір сәтте хабарлама келді.
– Жанар, фортепианоның үстіне біреу сөмкесін, заттарын қойыпты. Алып тасташы. Кітапханадағы әр заттың өз орны, өз киесі бар ғой. Айта салшы, қарап отырып жүрегіме батты, – депті.
Сол сәтте бұл сөздің мәнін терең түсінбеген болармын. Ал қазір суреттерді ақтарып отырып, есіме қайта оралды. Шынында да, әр затқа, әр бұйымға мән дарытушы адамның өзі екен ғой…
Алқамен апайға алғысымызды айтып, құттықтап жатқанда, соңғы екі жылда кітапханаға жиналған оқырмандар санын естіп бәріміз таң қалдық. Жауабы қарапайым ғана екен:
– Біз тек кітапхананың есігін барша қауымға ашық еттік, – деді апай.
Осы бір сөздің астарында үлкен мағына бар еді. Расында да, апаймен бірге қызметтес болған бір жыл ішінде көп нәрсені үйрендім. Ғазиза апай кітапхананың табалдырығын тек зиялы қауымға ғана емес, қарапайым халыққа да ашты. Кез келген адам – мейлі ол студент болсын, сатушы болсын, зейнеткер болсын – осы рухани ордадан өз орнын таба алды.
Ғазиза апаймен алғаш студент күнімде таныстым. Ол кезде де қолдауын, шарапатын аяған емес. Жоқтан бар жасау, барды жүйелі іске айналдырудың қарапайым әрі тиімді жолдарын үйретті. Қандай да бір мәдени шара ұйымдастырғанда апайдың сол әдістері көп көмектесетін.
Қазір араға қашықтық түссе де, апайдың ақыл-кеңесі бізбен бірге боларына сенімдіміз.

❤2🤩1
ҚЫРКҮЙЕК ҚОРЫТЫНДЫСЫ ✨
📖 кітап:
– «Қан мен тер». Ә.Нұрпейісовтен оқыған алғашқы кітабым. Ішінде бәрі бар. Қасірет те, өткінші махаббат та, ауыр еңбек адамдары да. Классика.
🎬 фильмдер:
– “Партенопа” антропология қандай ғылым екенін ұқтырған кино.
– “Ресторан без имени” ерекше әсер етті. Адамның адамшылығы көрінеді.
– “Құдайдың атымен” фанатизмнің салдарын ұқтырды.
– “Крупный план” аса түсінбедім. Әділет айтқан соң көрдім. Бірақ Жанұзақ аға талдауы от болды.
🎧 лекциялар мен подкасттар:
– Алқада Досай Кенжетайдың лекциясын тыңдадық
– Арын Құнанбайдың Нәрікбиге берген сұхбаты. Ерекше ұнады😍
– “Қилы заман” Асылхан Мамашұлының зерттеулерін қарап, саяси сауатымыз ашылып қалды.
🌿 Елеулі сәттер:
– Алқаның жаңа маусымын бастадық 🌟
– Кинософия талқысына қосылдым🎥
– Яссауи курсына қатыстық📿
– Мәуліт айын алғаш рет атап өттік 🌙
– Жадыра туған күніне мастер-классқа шақырды🩷
–Нұрболат аға мен Назерке әпке қуанышын бөлісіп дүбірлі той жасады 💐
– Кітаптаймға барып қайттық 💬
– Алқа News айдарын іске қостық 🗞️
– Мадинамен жолығып, ұлдарымызды таныстырдық 💫

❤1🤩1
“Хикмет – мүминнің жоғалтқан нәрсесі. Оны қайдан тапса, дереу алсын”. (Тирмизи)
❤1
https://youtu.be/fnWGjfqc9IE?si=7697UCbQxXZwr5yd
Мәнді де терең мағыналы сұхбат болыпты. Оқырман ретінде біз көп жағдайда біле бермейтін “экранның артындағы” сырлар мен әңгімелерді естіп, рухымыз бір серпіліп қалды. Бекзат мырзаның сұхбатқа тыңғылықты дайындалғаны анық байқалады — әр сұрақтан кейін орынды пікір айтып, спикердің ойына тұздық қосып отыруы әдемі. “Оқыған жігіт – оқтаулы мылтық” деген осы. Ал Зира Наурызбайдың болмысы бұл сұхбатта айқын ашылыпты.

YouTube
Зира Наурызбай: Тәңір бойыңа дарытқан қабілеттің есебін сұрайды | Шырақ Подкаст | #3
Мәдениеттанушы, мифолог, жазушы Зира Наурызбай Анкарада қазақ жастарымен кездесіп сұхбат құрды. Біз Зира Наурызбайдан жұбайы Таласбек Әсемқұловтың өмірі, шығармашылығы және Қазақ күйлерінің тарихы жайлы сұрадық...
Жүргізуші: Бекзат БЕКБОЛАТ
"Бес төре" күйін…
Жүргізуші: Бекзат БЕКБОЛАТ
"Бес төре" күйін…
❤2
Зира Наурызбайдың жолдасы Таласбек Әсемқұлов туралы берген сұхбаты ерекше ұнады. Өзімнің мәдениеттанушы екенімді еске алдым. Декреттік өмірде көбіне оқырман бейнесінде жүр едім) Университеттегі өмірдің бір кереметі — күнделікті ізденіс пен ғылыми шаралардың ортасында зерттеушілік қабілетіңді “ұйықтатпай” сергек жүресің.
❤1