KYN.KZ
3.64K subscribers
226 photos
471 videos
1 file
227 links
Қазақстан жаңалықтары
Download Telegram
⚡️⚡️⚡️2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, азаматтың жасы 36-да
Астананың оң жағалауында орналасқан мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі пышақтап тастады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео желіде тарап кеткен.
бейнежазбадан ер адамның беті қанжоса болғанын байқауға болады. Оның үстінде қара шапаны бар. Ер адамды оншақты полиция қызметкері қоршап алған. 
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, азаматтың жасы 36-да. Болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.
«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», — деп хабарлады полиция департаменті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұрлық ісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан жігіттің аспапты ұстап, емін-еркін шығып бара жатқанын байқауға болады.

Полиция мәліметінше, жігіттің жеке басы тез анықталып, ұсталған. Тергеу барысында 18 жастағы жігіт іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтінін, аспап аса қажет болғанын айтқан.

Жігіт білім ордасына 150 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірді. Одан ұрланған құрал тәркіленіп, университетке қайтарылды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері өз жұмыстары жайлы желіде хабарландыру берген. Олар жаңа туған бала мен 18-ге толмағандарды заңды түрде перзент етіп береміз деген.

Топ мүшелері балақайды сатып алушымен кездескен сәтте полицияға ұсталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Ермұрат Бәпи әскерге барып мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сөзінше әлдекімдер оның мәселесін шулатып көтеруге мүдделі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Ринат Зайытов қызмет көрсету саласының барлығы тұтынушыға қазақ тілінде мағлұмат беруге міндетті екенін іс жүзінде қолға алу керектігін қадап айтты. бұл мәселе заңда бекітілгенімен шын мәнінде қоғамда қолданыс жоқ, мұны талап еткендер арандатушы саналып жатыр деді Зайытов.

Құрметті оқырман, сіз қазақстан аумағында қалаған жеріңізде қазақ тілінде ақпарат талап етіп және оны ала аласыз ба?
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Азаматтық белсенді Күнсұлу Мүлкібаева отырыстың ортасынан түсіп, шенеуніктерді қуып жүріп видеоға басып алған.
6 қыркүйек күні Алматы облысында орналасқан кафелердің бірінде мәслихат депутаты Ләззат Тұрлашев және Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданы әкімінің қос орынбасары Дәурен Жолжанов, Нұрлан Әбденов кездескен. Азаматтық белсенді  Сарыөзектік Күнсұлу Мүлкібаева отырыстың ортасынан түсіп, жағдайды видеоға түсіріп алған, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ол офицердің абайсызда жалғыз ұлын атып қойғанына қайран. Қайғылы жағдай қасақана жасалды деп есептейді.
Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Керегетас ауылында қанды қылмыс болған. Үйде 15 жастағы қызы мен жесір әйел тұрған. бір жыл бұрын оқушы қызға дене шынықтыру ағайы қылмыңдаған көрінеді.

Жағдайды анасы білгенде мектеп директорына айтып Абай ағай жұмыстан шығарылады. Міне араға уақыт салып туыстары экс-мұғалім екі әйелді түн ортасында кірпішпен бастарын жарып өлтірді деп отыр.

Марқұм әйелдің тұрмыстағы қызы анасы ұйықтап жатқан жерінде өлтірілгенін. Ал оқушы сіңлісі киімдері шешіліп, үсті қан-жоса болып әбден азапталып, қасақана өлтірілгенін айтады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жиналған халық ауыл жастарының дені кешкі уақытта масайып, есірткі тұтынып жүретінін әкімге айтып жатыр. Олардың сөзінше учаскелік полицияны мүлде танымайды. Ауыл қараусыз. Ал күдіктінің анасына 2 апта уақыт берді. Оларға түгел затын жинап, көшіп кетуді бұйырды. Ақсақалдар келісім орындалмаса күштеп қуып тастайтындарын ескертті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әйел журналистер мен көпшілік алдынан халат киіп, орамалға шашын орап, сүйретпемен жүріп өткен. Оның дауыс беруіне ешкім кедергі болған жоқ. АЭС бойынша референдумда өзіне назар аудартқан келіншек дауысын беріп, асықпай шығып кетті. Көпшілік мұны әдейі ұйымдастырылған шоу деп болжады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент жұмысына 7 ай болған Үкіметке сенімі мол екенін айтты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.
«Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткенше, үй толығымен отқа оранған, шатыры ортасына опырылып түскен. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған.  Өкінішке қарай, үйінділердің астынан бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген», - деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.