🌿Көңіл бақшасы🌿
1.05K subscribers
386 photos
353 videos
26 files
565 links
Парақшаның иесі: Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің ұстазы: Файзуллина Марал Темірбекқызы
Download Telegram
Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

«Сендерден бұрын өмір сүргендердің ішінде бір адам болатын.

Оған жанын алу үшін бір періште келді. Жантәсілім еткеннен кейін, одан: «Дүниеде не жақсылық істедің?» – деп сұралды.

- Білмеймін.

- Не жақсылық істегеніңді көрсеңші?

- Білмеймін. Мен дүниеде бар болғаны сауда-саттық істеп, адамдарға кеңшілік ететінмін.

Бай болса, одан қарызымды алуды кешіктіріп, ал кедейді кешіретінмін.

Сонан соң Алла Тағала оны жәннатқа кіргізді».

(Имам Бұхари)
Алла Тағала Құран Кәрімде
"Шынында Алланың құзырында ең ардақтыларың тақуаларың" дейді.
Бұл аяттың астыран үңілген кез келген адам ислам дініндегі ұлы ерекешелікке куә болады. Алла Тағала аталмыш уахи арқылы адамдарды нәсілшілдік, ұлттық, рулық кемсітушілікке жол бермей, байлық пен атақ-даңққа малданудың құр бекершілігін баяндайды. Алланың құзырында ең абзал пенде – Құдайға құлшылығымен жағып, тіршілігін тақуалықпен кешіре білген адам.

«Тақуа» сөзі араб тілінде – бір нәрсемен екінші нәрседен қорғану деген мағынаны білдіреді. Яғни, зиянды нәрсенің зияны тимесі үшін араға бір нәрсені салу. Ал терминдегі мағынасы – Аллаға тақуа болу, Алладан қорқу дегенді білдіреді. Бұл тақуалықтың нәтижесінде адам жақсылыққа асығып, жамандықтан тыйылады. «Тақуа» сөзі Құранда 258 жерде қайталанады. Оның 182-сі етістік формасынла, есім сөз түрінде 76 жерде келген.

Жалпы, «тақуа» сөзі Құранда бес түрлі мағынады келген:
1) Алла ғана құлшылық қылу
2) Ғибадат және Аллаға мойынсұну:
3) Ықылас пен құлшыныс
4) Қорқу
5) Күнәдан сақтану

Мүміндердің әміршісі Омар ибн Хаттабтан (радиаллаһу әнһ) тақуалық жайында сұрағанда, ол: «Сен тiкенегi бар жолмен жүрдiң бе?», – дедi.
– Иә, жүрдiм.
– Сонда қалай жүрдiң?
– Балағымды қайырып, аяғымды ақырындап басатынмын.
– Мiне, тақуалық дегенiмiз осы! – деп жауап берген екен.

Алла Тағала бізді тақуа құлдарынан қылғай!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Морейн — ледниковое озеро в Национальном парке Банф, в Канаде. Находится в долине Десяти пиков на высоте примерно 1885 м. Площадь поверхности озера — 0,5 км². Озеро подпитывается ледником и достигает своего полного наполнения лишь с середины по конец июня.
https://www.instagram.com/tv/CIF2rGqHGFF/?igshid=978a4wq3voog

Нәпсі тәрбиесі туралы уағызды тыңдаңыздар! Ақыл, нәпсі, жүрек өмір бойы уахимен тәрбиге мұқтаж...
Пророк Мухаммад (ﷺ) сказал:

«Несомненно, Раджаб – это великий месяц. В этот месяц увеличиваются блага Аллаха, прощаются грехи, принимаются дуа (мольбы) просящего и избавляются от трудностей» (Кензуль-Уммаль, 35166, 12/311).
Рағайып түнінде жасалатын құлшылықтар:

1. Күндізінде ораза ұстау. Яғни бейсенбі және жұма күні екі күн ораза ұстауды Алла достары мақұл көрген.

2. Қаза намаздарды оқу және нәпіл намаздар оқу. Алла достары бұл қасиетті түнде мынадай нәпіл намаз оқыған екен:

Әр 2 ракаатта сәлем беру арқылы 12 ракаат намаз оқу. Әр ракаатта Фатихадан кейін 3 рет Қадір сүресі және 12 рет Ықылас сүресі оқылады. Немесе 1 рет Қадір сүресі мен 3 рет Ықылас сүресі оқылады. (Өздеріңіздін көңілдеріңізге қалай қонымды болса)


3. Құран Кәрім оқу (Ясин, Рахман, Уақиға, т.б. сүрелерді оқу)

4. Тәубе истиғфарды көп айту.
(Сәийдуль истиғфар дұғасын көп оқу)

5. Дұға ету. Хадис-шарифте қасиетті түндерде жасалған дұға қайтарылмайтыны білдірілген. Бізде бұл түні дұға етумен болайық!

6. Салауат айту. Алла Тағала Ахзаб сүресі 56-аятында мүминдерге Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуды бүйырған.

7. Садақа беру. Мұқтаждарды қуандыру арқылы Алланың сүйіспеншілігіне бөленетінімізді ұмытпайық!

8. Алланы көп зікір ету (Лә иләһа иллаллаһ, субханаллаһ, әлхамдулилләһ, Аллаһу әкбәр, т.б. зікірлерді тасбихпен көп айту)

9. Аллаға мадақ және шүкірімізді көп айту

Көңіл бақшасы
https://t.me/RuhaniAlem
🌹Сәйидуль истиғфар дұғасы
Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл дұғаны: «Сәйидуль истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі), - деп атаған. Өйткені, бұл дұға - құлдарының тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған. Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

اللّهـمَّ أَنْتَ رَبِّـي لاَ إلهَ إلاَّ أَنْتَ ، خَلَقْتَنـي وَأَنا عَبْـدُكَ ، وَأَنَا عَلـىَ عَهْـدِكَ وَوَعْـدِكَ ماَ اسْتَـطَعْـتُ ، أَعُـوذُبِكَ مِنْ شَـرِّ مَا صَنَـعْتُ ، أَبُـوءُ لَـكَ بِنِعْـمَتِـكَ عَلَـيَّ وَأَبُـوءُ لَـكَ بِذَنْـبِي فَاغْفـِرْ لِي فَإِنَّـهُ لَا يَغْـفِرُ الذُّنُـوبَ إِلاَّ أَنْتَ
Оқылуы:
Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

Мағынасы:
Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Скалы Этрета, Нормандия, Франция 🇫🇷

Этрета - одно из самых живописных мест на Алебастровом берегу Франции (регион Верхняя Нормандия).

Высота скал в районе Этрета чуть больше 80 метров, а дальше на север, к Фекану, они достигают 100-120 метров.
Құрметті ханымдар! Бір нәрсе Ескерте кетейін деп едім. Кеше рағайып түнінде 12ракаат нәпіл намаз оқыдық яя. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Мен ешқандай сүннет хадис демедім. Мен Алла достарынан қалған бір көркем әдет,өрнек дедім. Сондықтан маған небір ескертулер келіп жатыр. Ерсін Әміре ұстаздың уағызын жіберіп ондай намаз жоқ, бидғат деп. Я мен білем ғой тыңдадым, мен ол айтқандай Пайғамбарымыздың өмірінде бар намаз деп айтқан жоқпын. Біз нәпіл намазды тек қана Алладан сауап алу ниетімен оқыдық. Амалдар ниетке байланысты екенін өздеріңізде білесіздер, ин ша Аллаһ Алла ниетімізді қабыл етсің!
Үммү Сәләмә анамызды тыңдап, бағалап кетіңіздер!

https://www.instagram.com/tv/CLeLynKlUj7/?igshid=9n9msqc4fp6x
Үммү Сәләмә анамыздын шын аты қандай?
Anonymous Quiz
13%
Дүрра
20%
Бәрра
28%
Хинд
39%
Үмәйма
Үммү Сәләма анамыздың әкесі қандай лақап атпен танымал еді?
Anonymous Quiz
41%
Задур-Ракиб
15%
Затуннитақайн
28%
Зиннурайн
17%
Барлығы дұрыс
Үммү Сәләмә анамыздың алғашқы некелескен күйеуі Әбу Сәләмәның шын есімі қандай?
Anonymous Quiz
53%
Абдуллаһ бин Абдильәсәд
22%
Халид бин Уәлиб
14%
Хатиб бин Әби Балта
10%
Осман бин Талха