🌿Көңіл бақшасы🌿
1.05K subscribers
386 photos
353 videos
26 files
565 links
Парақшаның иесі: Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің ұстазы: Файзуллина Марал Темірбекқызы
Download Telegram
📌ТӨРТ НӘРСЕДЕН ПАНА ТІЛЕУ

Алла елшісі ﷺ мына төрт нәрседен пана тілейтін еді:

🟤 Пайда бермейтін ілім
🟤 Қорықпайтын жүрек
🟤 Қабыл болмаған дұға
🟤 Тоймайтын нәпсі

📖 Сунан ән-Насаи әс-Суғра, №5442

📚 Шоқанов Сансызбайдың «Төртеу түгел болса» кітабынан

#aqmeshitkz
АЛЛА ЕЛШІСІНЕ ﷺ ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

🟢 Алла елшісі ﷺ әкелген хабарға сену
🟢 Алла елшісінің ﷺ бұйырғанын орындау
🟢 Алла елшісін ﷺ жақсы көру
🟢 Алла елшісін ﷺ үлгі тұту
🟢 Салауат айту
🟢 Сүннетін тірілту
🟢 Өмірімен танысу
🟢 Сахабаларды құрметтеу
🟢 Оның ﷺ атынан жалған сөйлемеу

📚 Думан Сайфулланың «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" 2-бөлім
https://www.instagram.com/reel/C_kMPBGiOUx/?igsh=MTFvbGhueGY3Zjludg== УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАП, ЛАЙК БАСЫП, ПІКІР ҚАЛДЫРСАҢЫЗДАР! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!
Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Мәуліт" айының құрметіне орай қасиетті жұма күні Құран Хатым дұғасы оқылды. Марқұмдарға Құран бағышталып, еліміздің тыныштығы, халқымыздың аманшылығын жамағат болып тілеп, дұға жасалды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" (2-бөлім) тақырыбында жамағатқа уағыз айтылды. Қатысқан адам саны: 20
♻️Отбасының қорғалуы дегенімізде мына бес нәрсе алдымыздан шығады, отбасының бақытты болуына керек болған міндетті бес нәрсе:

1. Құрмет
2. Махаббат
3. Адалдық
4. Салихалы болу
5. Сабыр

💝Құрмет - адам баласына жүктелген бір жауапкершілік. Ерлі-зайыптылардың арасындағы бір-біріне деген құрмет ақтық демге дейін жалғасу керек.

💕 Сүйіспеншілік - жанұяның суы. Су тартылып қалса, ол отбасы құрғап, сызат түсіп, соңында сахара шөл далаға айналады. Некіе қиылғаннан соң, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жақындығы артып, бір-бірін сүйіп, махаббат шыңына жетсе, нағыз Алла Тағаланың қалағанындай отбасына айналып, ол отбасы жәннаттың бір бақшасына айналары сөзсіз.
(Толық уағыз тікелей эфирде, айтылып, парақшаға сақталды, осының қасындағы постқа өтіп, тыңдасаңыздар болады)
#мәуліт-2024
#мүфтият
#ихсан
https://www.instagram.com/p/C_peeK_Cc4Z/?igsh=a3Vtc3BxNGdmcnVv
Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті жұма сағатымыз өтті. Қасиетті жұма күні жиналған әйелдер жамағаты Құран Кәрімнен қасиетті сүрелерді оқып, дұға жасады. Мәуліт айының құрметіне орай айтылған уағыз тақырыбы: "Мәуліт айы өз-өзімізді есепке алу үшін бір мүмкіншілік".

🌙Хиджри күнтізбесінеде үшінші ай болған Рабиульәууәл айындамыз. Әр кезде өзімізді сұраққа тартып жүретініміз сияқты, бұл айда да өзімізге бұл сұрақты жиі қойып, іш әлемімізбен жұмыс істеуіміз керек. Ол сұрақ:

⁉️Барлығымыз қаншалықты сүннетпен өмір сүрудеміз?!
⁉️Алла Елшісінің (с.а.у.) сүннеті қаншалықты өмірімізде орын алған?!

• Кейде сыртқы дүниемен көп айналысқанымыз сонша, өз нәпсімізбен күресуді ұмытып кететініміз рас... Негізінде өз нәпсімізбен арпалысудын орнына, сыртқы дүниемен арпалысып, нәпсімізге көңіл бөлмей, ұмытып кетіп жатқанымыз рас..
Ұстаз: Файзуллина Марал
13.09.2024ж
(Тікелей эфирде уағыз айтылып, сақталды, осы посттың алдында сақтаулы. Тындаңыздар!
#мүфтият#ихсан
https://www.instagram.com/p/C_5A0v0iBrz/?igsh=MW52enl1MHZoYXQwMA==
Қасиетті жұма күні қалалық "Айтбай" мешітінің әйелдер жамағаты кезекті жұма сағатын өткізді. Құран Кәрім оқылып, жамағатпен дұға жасалған соң, тұрмыстық зорлық - зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" 3-бөлім тақырыбында уағыз насихат айтылды. Қатысқан адам саны: 15

🏠Отбасының қорғалуы үшін керек болған қасиеттің бірі:

● Шынайылық - жанұялардың бұзылуына алып келетін ең маңызды себептердің бірі өтірік. Шынайылық дегеніміз - дұрыс болу, әрі дұрыстықты жаю деген сөз.

● Салихалылық - ерлі - зайыптылар бірге салих амалдарды көбейту керек.

● Сабыр - нәпсілік қалаулардан, тілді шағымданудан, ағзаларды жиіркенішті әрекеттерден қорғап, нығметке қауышқанда, емтиханға тап болғанда бір қалыпты болып, екі жағдайда да үнсіздікті таңдап, Алладан басқасына жағдайын шағымданбау.
Ұстаз: Файзуллина Марал
#мүфтият
https://www.instagram.com/p/DAxxsXoi4MF/?igsh=eWRvcjFhYmp0anA=
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы", 3-бөлім
https://www.instagram.com/reel/DAsRTvDCohq/?igsh=b3ZzOTR2OWY4dXl5

уағызға лайк басып, пікір қалдырып, қолдап кетсеңіздер! Алла разы болсын!
Уақыт - бізге берілген қымбат қазынамыз!
https://www.instagram.com/reel/DA-TomsiD0g/?igsh=MXVrbHh6aXh0b3g4eA==
Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті жұма сағаты өтті. Қасиетті жұмада жиналған әйелдер жамағаты Құран Кәрімнен қасиетті сүрелерді оқып, дұға жасады. Әдеп уағыздары бойынша айтылған уағыз тақырыбы: "Уақыт - бізге берілген ең қымбат қазына".

🕋 Алла Тағала Аср сүресін уақытпен ант етіп бастап, иман, салих амал және хақты және сабырды бұйырып, уақытын дұрыс пайдаланбағандар, уақытын ысыраф етіп, мәңгі өкінішке ұшырайтының білдірген. Сонымен қатар, уақыт жөнінде алданғандардың саныда көбеюде.

🌙Исламда бос уақыт және босқа уақыт өткізіп демалу деген ұғым жоқ. Жұмыс істеп шаршаған бір адам, демалып жүріп, басқа бір іспен шұғылдану керек.

◆ Шарх сүресі, 7-8: "Бір істі бітірсен басқа бір іске жөнел! Әрі Раббына қарай ұмтыл және Оған жақында!"
11.10.2024ж
#мүфтият
#ихсан
#жұма
https://www.instagram.com/p/DBGeSKiCqA0/?igsh=MWYzaXF3cWdrdnNhdg==
Қасиетті жұма күні қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер жамағаты кезекті жұма сағатын өткізді. Жұма күні оқылатын арнайы қасиетті сүрелерді оқып, жамағатпен дұға жасалды. Жұманың құрметіне арнайы әдеп уағыздары бойынша "Расулуллаһ (с.а.у.) арамызда" тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

⁉️Біз үммет ретінде Расулуллаһпен (с.а.у.) арамыздағы байланысымызды қаншалықты тығыз орналастырдық?!

💡 Алла Тағала Хужурат сүресіндегі 18 аят арқылы бізге ахлақтың бөлмелерін айқындап, ашықтап түсіндіріп берді. Сахабалардың тілінде бұл сүре "Ахлақ" сүресі деп аталатын еді.

Бұл сүре түскенде сахабалардың барлығы өзгерді...Дауыс ырғақтары өзгерді...Ол сүре түсті Мәдина өзгерді, барлық нәрсе өзгерді.

● Сырттан бәріміз жақсымыз, бірақ ішімізге кіргенде өкінішке ұшырайтындай халде екеніміз айдан анық...
18.10.2024ж
#мүфтият
#ихсан
https://www.instagram.com/p/DBVoCniiQb4/?igsh=MXYwd3A1MDhtdm81MA==
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ДӘРІСКЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ НЕГЕ АЗ?

Біріншіден, білімнің маңыздылығын түсіну жетіспейді.

Екіншіден, тыңдап жүрген уағыздарын білім деп ойлайды.

Негізі уағыз білім емес. Уағыз — ол адамның көңілін жібітетін, босататын, арасында эмоция араласатын, көбіне эмоцияға бағытталған сөздер. Білім — ол басты қатыратын, кішкене, үйрену керек, ойлану керек, жазу керек, жаттау керек. Ол жерде ешқандай эмоция жоқ, таза мәліметтер. Оны қорыту үшін де кішкене әрекет ету керек. Сол себепті жамағатта қатты құлшыныс жоқ деп ойлаймын. Салыстырып келгенде бұрынғы уақытта жамағатта құлшыныс көбірек еді. Ал, жаңа жамағат бір минуттық, екі минуттық форматқа үйреніп алды.


✍🏻ұстаз Ерсін Әміре
"Расулуллаһ (с.а.у.) арамызда", 2-бөлім
https://www.instagram.com/reel/DB0YetXiALd/?igsh=MXB6YXp2dGx2M3V6NQ==
Расулуллуһ (с.а.у.) былай деп бұйырады:

"Адам қартайған шаққа жетсе де, оның екі сезімі үнемі онымен бірге жүреді: біреуі көп мал табу ашкөздігі, екіншісі ұзақ өмір сүру".
(Бұхари, Риқақ, 5; Муслим, Зекет, 115)
Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен жұма сағатында Құран Хатым дұғасы оқылды. Кезекті уағыз тақырыбы "Расулуллаһ (с.а.у.) арамызда" 2-бөлімі айтылды.

Алла Тағала Худжурат сүресі 7-8 аяттарда айтып өткендей мүминдерге екі нәрсені сүйдірді, екі нәрседен аулақ қылды. Олар:

●Сүйдірген екі нәрсесі:
1. Бізге иманды сүйдірді
2. Иманды жүрегіміздің көркі қылды.
❤️Иманды сүйген адам, иман сүйіспеншілігінің қасына басқа бір махаббатты қоймайды. Оған иманнан басқа ешнәрсе рухани тыныштық сыйламайды.

●Үш нәрседен бізді ұзақ қылды:
1. Күпіршіліктен
2. Пасықтықтан
3. Азғындық (қарсышығушылықтан).

🌹Сүйікті Пайғамбарымыз бұл аятты дұғаға айналдырып, мүминдерге үнемі айтып жүруді бұйырды:

اللَّهُمَ حَبَّبْ إِلَيْنَا الْإِيمَانَ وَزَيِّنْهُ فِي قُلُوبِنَا، وَكَرِّهْ إِلَيْنَا الْكُفْرَ وَالْفُسُوقَ وَالْعِصْيَانَ، وَاجْعَلْنَا مِنَ الرَّاشِدِينَ

Аллаһумма хаббиб иләйнәль иимәәнә уә зәййнһу фии қулуубинәә, уә кәрриһ иләйнәль куфро уәл-фусууқо уәл-'исиәән. Уәдж'альнәә минәр-Роошидиин

•Мағынасы: "Уа, Раббым, иманды бізге сүйкімді етіп, оны жүректерімізге көркем ет, күпірлікті, азғындықты, бойсұнушылықты бізге жек көретін етіп, тура жолдағылардан қыла гөр!"
01.11.2024ж
#мүфтият
#ихсан
@aitbai_meshiti
https://www.instagram.com/p/DB3Vh5YiVFF/?igsh=dmQwd2RvOTFkanVj