This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Перевозки. Что внедрил МИИР?

МИИР работает над повышением эффективности в сфере перевозок - как пассажирских, так и грузовых.

К примеру, в этом году была внедрена Единая система управления транспортными документами (ЕСУТД).

Это информационная система, обеспечивающая регистрацию, учет, обработку и хранение документов, связанных с перевозками автотранспорта, и передачу информации о таких документах соответствующим уполномоченным государственным органам и участникам перевозочного процесса.

Подробнее об этом и других начинаниях смотрите в видео 👆🏽
🔹Автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті вице-министр Берік Камалиевтің басшылығымен Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қоюдың ресми рәсімін ұйымдастырды.

Салалық келісімге ИИДМ, «Қазақстан Республикасы автокөлікшілер одағы» ЗТБ, «Қазақстанның автомобиль конвент» АЮЛЗ, «Нұр-Сұлтан қаласының Жолаушылар тасымалы Қауымдастығы» ЗТБ, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің шеңберінде «Yntymaq «Қазақстан Орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ (152-б.2-т.) қол қойды.

Айта кету керек, салалық келісімге алғаш рет қол қойылды, бұған дейін автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік бойынша мұндай келісім жасалмаған болатын.

🔘

🔹
Подписано Отраслевое соглашение по социальному партнерству
в сфере автомобильного транспорта на 2021-2023 годы

Сегодня Комитетом транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан под руководством вице-министра Берика Камалиева организована официальная церемония подписания Отраслевого соглашения по социальному партнерству в сфере автомобильного транспорта Республики Казахстан на 2021-2023 годы.

Отраслевое соглашение подписали МИИР, ОЮЛ «Союз автотранспортников Республики Казахстан», АЮЛ «Автомобильный Конвент Казахстана», ОЮЛИП «Ассоциация пассажирских перевозок города Нур-Султан», а также РОО «Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников среднего и малого бизнеса «YNTYMAQ» в рамках Трудового кодекса РК (п. 2 ст. 152).

Стоит отметить, что Отраслевое соглашение подписано впервые, ранее подобного соглашения по социальному партнерству в сфере автомобильного транспорта не заключалось.
🔸ҚР ИИДМ Қазақстан аумағы бойынша транзиттік тасымалдардың деректер базасын автоматтандырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жұмыс процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі туралы хабарлайды. Сынақтар аяқталып, көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесін (АТСТБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.

АТЖҚИ тасымалдау қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға, деректердің бірыңғай шоғырландырылған базасын қалыптастыруға, оның ішінде республика аумағында тразиттік тасымалдар туралы ақпаратты жинау мен өңдеуді автоматтандыруға арналған.

Бірыңғай шоғырландырылған дерекқор ҚР ИИДМ Көлік комитетінің барлық бөлімшелерінен, теңіз және шағын көлемді кемелердің иелерінен, теміржол көлігі иелерінен, сондай-ақ автокөлікпен тасымалдау бойынша ақпаратты жедел алу есебінен нақты уақыт жағдайында жинақталады.

Жүйеге "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ сынақ жүргізді. Бастапқы кодтарды талдау, ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау, жүктемелік сынау, желілік инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеу жағдайы қамтылды. 2021 жылғы 25 мамырда Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң акт алынды.

Көлік дерекқорының ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу 2006 жылы басталған болатын.

🔘

🔸МИИР автоматизировал базу данных транзитных перевозок по территории Казахстана

Комитет транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития сообщает о новой вехе в цифровизации процессов работы. Завершены испытания и подписан акт ввода в промышленную эксплуатацию Информационно-аналитической системы транспортной базы данных (ИАСТБД).

ИАСТБД предназначена для повышения уровня безопасности перевозок, формирования единой консолидированной базы данных, в том числе автоматизации сбора и обработки информации о тразитных перевозках по территории РК.

Единая консолидированная база данных формируется в режиме реального времени за счет оперативного получения информации от всех подразделений Комитета транспорта, владельцев морских и маломерных судов, владельцев железнодорожного транспорта, а также по перевозкам автомобильным транспортом.

Испытание системы проводилось АО «Государственная техническая служба» и включало в себя анализ исходных кодов, испытание функций информационной безопасности, нагрузочное испытание, обследование сетевой инфраструктуры и процессов обеспечения информационной безопасности. 25 мая текущего года был получен положительный акт о соответствии требованиям информационной безопасности.

Разработка Информационно-аналитической системы транспортной базы данных была начата в 2006 году.
Жексенбі, 30-мамыр күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, Атамекен ҰКП мен Kazlogistics ҚКО өкілдері алыс сапарға жүк тасымалдаушы жүргізушілермен кездесті.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында автожолдарда ақылы жүйені енгізу мәселесі талқыланды. Жүргізушілер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, ақылы жүйені енгізуге байланысты пікірлерімен бөлісті. Жауапты министрлік пен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бір апталық мерзімде барлық белсенділік танытқан азаматтардың ұсыныстарын қоғамдық ассоциациялар арқылы қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ассоциациялар барлық ұсыныстарды жинағаннан кейін ақылы жүйені енгізу мерзімі мен төлем мөлшерлемесі туралы Бұйрықтардың жобасы қарастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық маңызы бар 5,8 мың шақырымға жуық автожол учаскелерінде ақылы жүйе енгізу жоспарланған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеңіл көліктер тек І-техникалық санаттағы автожолдарда төлем жасайды

🔘

Воскресенье, 30 мая Вице-министр Индустрии и инфраструктурного развития РК Берик Камалиев, Председатель правления АО "НК "КазАвтоЖол" Аскар Муратулы, представители НПП Атамекен и союза транспортников Kazlogistics встретились с водителями дальнего следования.

В ходе встречи обсуждался вопрос внедрения системы взимания платы в рамках реализации государственной программы инфраструктурного развития "Нурлы Жол". Водители дальнего следования озвучили свои мнения о решении внедрения платности и поделились предложениями. Министерство и АО "НК "КазАвтоЖол" готовы рассмотреть все поступившие запросы. В течении 7 дней общественные ассоциации будут собирать предложения от всех заинтересованных участников дорожного движения. После завершения сборов предложении будут рассмотрены проекты Приказов о вводе платных дорог с определением ставок платы и сроков ввода платной системы.
Напомним, в текущем году планируется внедрения системы взимания платы на 5,8 тыс. км автодорог республиканского значения. Согласно действующему законодательству, легковой транспорт оплачивает только за автодороги І-технической категории
🚍Жазғы маусымда «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Шымкент стансасынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен Трансфер ұйымдастыру бойынша қосымша қызметті іске қосады.
Ол үшін жолаушы Шымкент және Сарыағаш қалаларындағы автобусқа отырғызу кезінде жүргізушіге қағаз түріндегі немесе электрондық теміржол билетін көрсетуі тиіс.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ логотипі бар автобустар Шымкент теміржол вокзалының тұрақ аймағында және Сарыағаш курорттық аймағында жолаушыларды күтетін болады.

Жол жүру құны - бір бағытқа 1800 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылардан «105» анықтама қызметіне хабарласуды, ал қызметтер сапасы мәселелері бойынша бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына қоңырау шалуды сұраймыз.
🔘
🚍В период летних перевозок, с 3 июня 2021 года, АО «Пассажирские перевозки» запускает дополнительную услугу. Для удобства пассажиров организован трансфер автобусами.
Для этого, при посадке в автобус в Шымкенте и Сарыагаше, пассажиру необходимо предъявить водителю распечатанный или электронный железнодорожный билет.

Автобусы с логотипом АО «Пассажирские перевозки» будут ожидать пассажиров на парковочной зоне железнодорожного вокзала Шымкента и в курортной зоне Сарыагаш.

Стоимость проезда - 1800 тенге в одну сторону. Детям до 7 лет бесплатно.

В случае возникновения вопросов просим пассажиров обращаться в справочную службу «105», а по вопросам качества услуг звонить на единый круглосуточный контакт-центр «1433».
Қазақстан мен Түркия арасында автокөлік тасымалдарын дамыту туралы
2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Түркия арасындағы автокөлік тасымалдарында оң динамика байқалды: 283,3 мың АҚШ доллары сомасына 91,1 мың тонна тасымалданды. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайыз өсім болды (62,5 мың тонна).
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Баку (Алят) - Құрық бағытында теңіз тасымалының құны 1800 АҚШ долларына дейін төмендегенін атап өткен жөн (бұрын тариф 2400 АҚШ доллары болған).
Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан-Түркия көлік қызметтері нарығындағы Қазақстан тасымалдаушыларының үлесі 18%, Түркияның және үшінші елдер тасымалдаушыларының үлесі тиісінше 56% және 26% құрады.
2016 жылы Автокөлік жөніндегі аралас комиссияның отырысы барысында түрік тарапы Түркиядан Қазақстанға түрік тасымалдаушылары орындайтын рейстер санынан қазақстандық автокөлік құралдарының кемінде 26%-ын жүктеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттеме қабылдаған.
Бұл ретте транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың серпінді дамуының ажырамас шарттарының бірі - отандық тасымалдаушылардың жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік тасымалдаушылармен тең құқықтық тепе-теңдік деңгейін қамтамасыз ету.
Тасымалдаулар саласында тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыл сайын Тараптар арасында рұқсат бланкілерімен алмасудың өзара келісілген квотасы белгіленеді.
2021 жылға Тараптар арасында тағайындау түрлері бойынша рұқсаттама бланкілерімен алмасу квотасы белгіленген: Қазақстан үшін – 11 000 бланк, Түркия үшін – 12 500 бланк.
Осы квотадан 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандық тасымалдаушылар үшінші елдерге/елдерден 2137 әмбебап, 3 транзиттік және 1602 рұқсатты пайдаланды.
Түрік тасымалдаушылары үшінші елдерге/елдерден 2787 әмбебап, 5655 транзиттік және 102 рұқсатты пайдаланды.
2021 жылғы маусымда Қазақстан мен Түркияның автотасымалдаушылар қауымдастықтары арасында келіссөздер, сондай-ақ Автокөлік жөніндегі аралас Қазақстан-Түркия комиссиясының кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр. Оның барысында бауырлас екі ел арасындағы өзара тиімді тасымалдарды жүзеге асыру үшін тиісті шешімдер қабылданады.
____
О развитии автотранспортных перевозок между Казахстаном и Турцией
В первом квартале 2021 года в автотранспортных перевозках между Казахстаном и Турцией наблюдается положительная динамика: перевезена 91,1 тыс.тонн на сумму 283,3 тыс.долл. США. Рост составил 40 процентов по сравнению с аналогичным периодом 2020 года (62,5 тыс.тонн).
Также, стоит отметить, что на сегодняшний день стоимость морской перевозки по маршруту Баку (Алят) – Курык снижена до 1800 долл.США за 1 ед. автотранспортного средства туда и обратно (ранее тариф составлял 2400 долл.США).
Вместе с тем, за 2020 год доля перевозчиков Казахстана на казахстанско-турецком рынке транспортных услуг составила 18%, тогда как доля турецких перевозчиков и перевозчиков третьих стран составила 56% и 26% соответственно.
В ходе заседания Смешанной комиссии по автотранспорту в 2016 году турецкая сторона приняла на себя обязательство по обеспечению загрузки не менее 26% казахстанских автотранспортных средств от количества выполняемых рейсов турецкими перевозчиками из Турции в Казахстан.
При этом, одним из неотъемлемых условий динамичного развития транзитно-транспортного сотрудничества является повышение конкурентоспособности отечественных перевозчиков на рынке международных автомобильных перевозок грузов и обеспечение уровня равноправного паритета с иностранными перевозчиками.
В целях соблюдения паритета в перевозках, ежегодно между сторонами устанавливается взаимосогласованная квота обмена бланками разрешениями.
На 2021 год между сторонами установлена квота обмена бланками разрешений по видам назначения: для Казахстана – 11 000 бланков, для Турции – 12 500 бланков.
Из данной квоты по состоянию на 1 июня 2021 года казахстанскими перевозчиками использовано 2137 универсальных, 3 транзитных и 1602 разрешений в/из третьи страны.
Турецкими перевозчиками использовано 2787 универсальных, 5655 транзитных и 102 разрешений в/из третьих стран.
В июне 2021 года планируется проведение переговоров между ассоциациями автоперевозчиков Казахстана и Турции, а также очередного заседания Смешанной казахстанско-турецкой комиссии по автотранспорту, в ходе которого будут приняты соответствующие решения для осуществления взаимовыгодных перевозок между двумя дружественными странами.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ұжымы Шығыс Казақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Кенжебек Мұқашевқа ағасы Серікбол Батырханұлының дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Егемен елдің мемлекеттік қызметіне абыроймен еңбек етіп келе жатқан барлық мемлекеттік қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтаймын! «Басты міндет – елге қызмет» қағидасын қатаң ұстанған әрбір мемлекеттік қызметкерге халықтың артар сенімі зор. Кәсіби мерекемен құттықтай отырып, халыққа арналған игілікті еңбегіне жетістік пен кәсіби шеберліктің артуына шын жүректен тілектеспін.
Ізгі құрметпен,
Көлік комитетінің төрағасы
Самат Гилимов
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті, осы Комитеттің Қаржы басқармасының бас сарапшысы Мендыбаева Асия Қайратқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасы мен туған-туысқандарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Әріптесіміз Асия, қаржы саласындағы, бюджеттің орындалуын аса жауапкершілікпен атқарып, Көлік комитетінің спорт саласын дамытуға үлесін қосқан, белді қызметкер болды.
Құрметті әріптестер!

Елорда күні құтты болсын!
Ел ертеңі, Қазақстанның болашағы жолындағы игі жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін.

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Көлік комитетінің төрағасы Самат Қуанышұлы Гилимов