ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі
149 subscribers
10 photos
5 links
Бұл арнада ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі өзінің жұмысы туралы ақпарат беріп, өтініштер мен шағымдар беру тәртібі туралы қазақстандықтарды хабардар етедi.
Download Telegram
Құрметті азаматтар!
Коронавирустің тарау қаупін төмендету үшін қабылданған шаралар аясында, ПӘ фронт-кеңсесі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап, азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататынын хабарлайды. Ертеректе жазылып қойған азаматтардың кезегі сақталады және қабылдау қайта басталған соң, жаңа кесте туралы қосымша мәлімет алады.
Сонымен бірге, өз өтініштеріңізді Президенттің Виртуалды қабылдау порталына, "е-gov" электронды үкіметіне, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ қызметі арқылы жөнелте аласыздар.
Азаматтардың өтініштері орындалуын қадағалау Бөліміне мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша өтініштер ылғи а түсіп жатады.
Осыған байланысты, биыл салалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің тарапынан, мүгедек жандардың өздеріне техникалық құралдар мен оңалтуға қажет қызметтерді өз бетінше таңдап, жеке көмекшінің жұмыс кестесін реттеп отыруға мүмкіндік беретін, әлеуметтік қызметтер Порталы жұмыс істей бастайтынын атап өткіміз келеді.
Жеке көмекші – мүгедек адамды, қажетіне орай, тұрған мекен-жайынан баратын жеріне дейін және қайта алып келетін әлеуметтік қызмет көрсетуші маман.
Жеке көмекші қызметіне қол жеткізу үшін, қозғалып тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына, «Азаматтарға тиімді үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «Электронды үкімет» веб-порталына өтініш түсіруі керек.
Жеке көмекшінің сүйемелдеп жүру қағазы, шындығында, оның мүгедекпен бірге жүріп, қанша уақыт жібергенін анықтап, ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
Жеке көмекші қызметі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Министрлік Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандардың құқыларын қамтамасыз ете отырып, өмір сапасын арттыру мақсатына бөлінген қаржының қалай игеріліп жатқанын ай сайын қадағалап, тексеріп отырады.
ҚР Президент Әкімшілігі азаматтардың өтініштерін қарастыруды қадағалау Бөлімі қызметкерлері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтайды! Сіздерге, сіздердің туыстарыңыз бен жақындарыңызға аман саулық, еңбектегі жетістік, бақыт пен береке тілейміз!
ҚР ПӘ азаматтардың өтінішін қарастыруды қадағалау Бөлімі Телеграмм-арна оқырмандарына Қазақстанда коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай орын алған кезеңде сауда нысандарының қандай тәртіпте жұмыс істеуі керек екені туралы ақпаратты жеткізбекші. ҚР сауда және интеграция министрлігі мен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 18 наурызы күні бірлеске шығарған бұйрығына сәйкес, төменде аталған шаралардың тәртібін бұзбаған жөн.  

1. Қызметін толық тоқтатуға жататын нысандар

Азық-түлік сатпайтын базарларды, ірі сауда-ойын орталықтарын ірі сауда үйлерін, ірі сауда орталықтарын, олардың аумағында орналасқан және жеке тұрған кинотеатрларды, балалар орталықтарын, адамдар көптеп жиналатын басқа да ойын-сауық нысандарын, яғни, бұл нысандар аумағында азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек сататын орындарды ғана қалдырып, бәрін жабу керек. 

2. Қызметі шектелген сауда орталықтары

Аумағы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда нысандары (сауда орталықтары,гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер шағын маркеттер, үй маңындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда нысандары), азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, санитарлық және залалсыздандыру шараларын күшейте отырып, қызметтерін толыққанды атқара алады, атап айтқанда:

1) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін;

2) Сатып алушы өз бетінше алатын нан өнімдерін, кондитерлік және басқа да өнімдерді тек қана ыдысқа қапталған күйінде сату; 

3) Көкөніс пен жеміс-жидектен басқа азық-түлікті алдын ала өлшеп оралған күйінде сату; 

4) қатаң залалсыздандыру режімін енгізу: әр бір 3 сағат сайын залалсыздандыратын арнайы құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтарды, лифтілер мен еденді тазалап тұру; 

5) келген-кеткен адамдардың жағдайын ылғи қадағалап отыру үшін істеп тұрған барлық есіктерге жылу көрсеткіштерін орнату; 

6) өз аумағына тек бет перде таққандарды ғана жіберу (бет пердесі жоқ болса, оған тегін беру) және коронавируске қалай профилактика жасау жайлы ескертпе тарату; 

7) қол тазалығына қажет санитайзерлер орнату, ол санитайзерлерде микробқа қарсы тиімділігі ұзаққа созылатын көп функционалды антисептиктікті қолдану, болмаса бір реткі қолғаптар беруді қамтамасыз ету;  

8) ғимарат ішін ылғи желдетіп тұру, ағынды-сорғыш қондырғыларды залалсыздандыру, жай ішін көбінесе сырттан келетін ауамен желдету және ол ауаны сүзгіден өткізіп тұру; 

9) кезекте тұрғандардың арасы кем дегенде бір метр болуын қадағалай отырып, кезекте тұрғандар санын 5 адамнан асырмау,

10) жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сауда орталығындағы жауапты қызметкерді бекіту;  

11) нысан маңындағы территорияны арнайы құралмен, тәулігіне кем дегенде бір рет, залалсыздандырып тұру.  

3. Сауда орталықтарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында (фуд-корттар, ресторандар, кафе, барлар, асханалар, аспаздық дүкендер және т.б.)  санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда: 

1) тауарды(тамақ, сусындар мен басқалары) тұтынушыға тек өзінің жеке жеткізіп беруші қызметін немесе басқа да сондай қызметті пайдалана отырып жеткізіп беру; 

2) қызмет көрсетуші персонал жұмыс барысында бір реткі бет перделерді қолданғаны дұрыс(әр 3 сағат сайын ауыстырып тұруы керек);

3) тыныс инфекциясы (ыстығы көтерілген, жөтелі бар, тұмаулатқан) байқалған қызметкерді жұмысқа жолатпау; 

4) қол тазалығына қажет санитайзерлер орнату, ол санитайзерлерде микробқа қарсы тиімділігі ұзаққа созылатын көп функционалды антисептиктікті қолдану, болмаса бір реткі қолғаптар беруді қамтамасыз ету;  

5) жұмыс кезегі біткен соң (болмаса кем дегенде 6 сғат сайын) жай ішін желдетіп, залалсыздандыратын құралдарды қолдана отырып, тазалап шығу керек және ол үшін залалсыздандыратын майлықтар мен сулықтарды(немесе залалсыздандыратын құралдардың ерітіндісін) қолданып, есік тұтқаларын, үстелдерді, орындық арқауларын (креслолардың жақтауларын), асханаға кіре берістегі қол  жууға арналған бақалшықты, өз бетінше қызмет жасайтын сөрені мұқият сүртіп шығу;

6) нысан маңындағы территорияны арнайы құралмен, тәулігіне кем дегенде бір рет, залал
сыздандырып тұру;  

7) залалсыздандыру режімін күшейту: әр 3 сағат сайын залалсыздандыратын арнайы құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифтіні және еденді тазалап тұру.

4. Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметін шектеу (кафе, ресторандар, барлар, асханалар және т.б.)

1) жұмыс уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу;

2) тамақтанатындардың санын бір мезгілде 50 адамнан аспайтындай шектеу;

3) қол тазалығына қажет санитайзерлер орнату, ол санитайзерлерде микробқа қарсы тиімділігі ұзаққа созылатын көп функционалды антисептиктікті қолдану, болмаса бір реткі қолғаптар беруді қамтамасыз ету;  

4) залалсыздандыру режімін күшейту: сағат сайын залалсыздандыратын арнайы құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифтіні және еденді тазалап тұру;

5) асханаларда тұтынушылардың өз бетімен тамақ алу желісіне тиым салынады; 

6) тыныс инфекциясы (ыстығы көтерілген, жөтелі бар, тұмаулатқан) байқалған қызметкерді жұмысқа жолатпау;

7) қызмет көрсетуші персонал жұмыс барысында бір реткі бет перделерді қолданғаны дұрыс(әр 3 сағат сайын ауыстырып тұруы керек); 

8) жұмыс кезегі біткен соң (болмаса кем дегенде 6 сғат сайын) жай ішін желдетіп, залалсыздандыратын құралдарды қолдана отырып, тазалап шығу керек және ол үшін залалсыздандыратын майлықтар мен сулықтарды(немесе залалсыздандыратын құралдардың ерітіндісін) қолданып, есік тұтқаларын, үстелдерді, орындық арқауларын (креслолардың жақтауларын), асханаға кіре берістегі қол  жууға арналған бақалшықты, өз бетінше қызмет жасайтын сөрені мұқият сүртіп шығу;

9) нысан маңындағы территорияны арнайы құралмен, тәулігіне кем дегенде бір рет, залалсыздандырып тұру;   

10) Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында тұтынушыларға қызметті бір реткі қолғап киіп көрсету, оны кезек барысында және қолғап ақауланып қалған кезде кем дегенде екі рет ауыстырып отыру (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және басқа да азық-түлік өнімдеріне тікелей қатысы бар қызметшілер);  

11) ресторан, кафе, барлар, асханалардағы және т.с. үстелдердің ара қашықтығы кем дегенде 2 метр болуын қадағалау керек.

5. Қызмет көрсету саласы нысандары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) жұмысын шектеу:  

1) қол тазалығына қажет санитайзерлер орнату, ол санитайзерлерде микробқа қарсы тиімділігі ұзаққа созылатын көп функционалды антисептиктікті қолдану, болмаса бір реткі қолғаптар беруді қамтамасыз ету;   

2) залалсыздандыру режімін күшейту: әр 3 сағат сайын залалсыздандыратын арнайы құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифтіні және еденді тазалап тұру;

3) өз аумағына тек бет перде таққандарды ғана жіберу (бет пердесі жоқ болса, оған тегін беру) және коронавируске қалай профилактика жасау жайлы ескертпе тарату.
Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 800-ден астамы онлайн жүйесіне көшіп отыр. Бұл коронавирус пандемиясы мерзімінде қазақстандықтардың тіршілігін дұрыс қалыпта сақтап қалу үшін жасалған шара. Мемлекет қабылдаған маңызды шараның бірі деп, мемлекеттік қызмет көрсетуші білім беретін сайттар мен интернет ресурстарды тегін пайдалануға мүмкін болғанын айтамыз. Бұл туралы келісім Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және елдегі ірі байланыс операторлары арасындағы әріптестік туралы меморандумда бекітілген.
Жуық арада байланыс операторлары ел азаматтарына тізімі келісілген ресурстарға тегін кіруге мүмкіндік беретін болады. Бұл сайттарды пайдаланғаны үшін абоненттерден интернет-тариф алынбайды. Төтенше жағдай жарияланған кезеңде, жоғарғы оқу орындары мен колледждердің қашықтан оқуға көшкенін және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс регламенті өзгергенін ескерсек, мұндай шараның маңызы зор екенін түсінеміз.   
Қазақстандықтар Білім және ғылым министрлігі ұсынған 24 білім беруші ресурсқа тегін кіре алатын болады және бұл тізім де, тегін интернет-русурстардың тізімі де бара-келе кеңейтіле түседі. Одан бөлек, «Электронды үкімет» www.egov.kz порталында, сондай-ақ, «eGov mobile» қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде интернет трафик есептелмейтін болады.  Бұл аталған порталдарға енбекші пайдаланушының есебінде қаржысы болуы керек. Білім беруші ресурстарды қай уақыттан тегін пайдалануға болатыны туралы байланыс опреаторларының сайттарында хабарланады. Меморандумға цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғара, сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «КСелл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервисс» ЖШС, «Astel» АҚ басшылары қол қойды. 
Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин басталғанына байланыысты, халыққа қызмет көрсету Орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған болатын. ХҚО-лар атқаратын қызметтер саны қысқарады. Азаматтар мұнда онлайн жүесінде қолжетімсіз қызметтер үшін ғана жүгінетін болады. Ал, елдегі барлық ХҚО сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне көшеді. Халыққа қызмет көрсету Орталықтары атқара беретін міндеттердің қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, зейнетақы және басқа да түрлі жәрдемақылар тағайындау тәрізді, т.б. қызметтер қалады. ХҚО көрсететін қызметтердің толық тізімі жарияланады. 
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 80%-ы автоматтандырылған және электронды үкіметтің eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ телеграмм-бот арқылы қолжетімді. Мемлекеттік қызметті алу барысында, қандай да бір,  қиындықтар туындап жатса, азаматтар, мобильді және стационарлық телефон арқылы, Бірыңғай Контакт-орталыққа (1414) хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін Ертеректе айтылғандай, Министрлік «ҰАТ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ-ымен бірлесе отырып, осы контакт-орталықты күшейткен болатын. 
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш Министрлігі, Халыққа қызмет көрсету Орталықтары жұрттың топтаса жиналатын орыны болып табылатындықтан,  азаматтарға аса бір қажеттілік туып жатпаса, ХҚО-ына бара бермеу керек екенін ескертеді.  
Маңызды шараның бірі болып, мемлекет басшысының тапсырмасымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің төтенше жағдай кезінде азық-түлік және тұрмысқа қажет заттар таратылатын жандардың тізімін құруы болып табылады.Бұл тізімге, жалпы саны 500 мыңнан астам, азаматтардың 4 санаты жатқызылған.
Дәлірек айтсақ, Қазақстанның барлық аймақтарында азық-түлік пен тұрмысқа қажет заттар адрестік әлеуметтік көмек алып отырған жағдайы төмен отбасыларының, соның ішінде, көп балалы отбасыларының, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына беріледі. Бұдан бөлек, карантин жарияланған аймақтарда азық-түлік пен тұрмысқа қажет заттар топтамасы:
- АӘК алып отырған отбасындағы ересектерге, оның ішінде, көп балалы отбасы мүшелеріне;
- және ІІ топтағы түрлі жастағы барлық мүгедектерге, сондай-ақ, мүгедек балаларға;
- мүгедек бала бағып отырған ата-анаға беріледі.
Азық-түлік пен т
ұрмысқа қажет заттарға не кіретінін, өздеріне бөлінген қаражат көлеміне қарай, жергілікті атқарушы орган анықтайды.
Тағы бір шара – ТЖ кезінде оқушылар БҰТ дайындық тесттерін тегін пайдалана алады. 
ҚР Білім министрлігінің Ұлттық тест орталығы оқушылар үшін байқау түрінде арнайы онлайн-тест әзірлеп шықты, оны ТЖ режімі кезінде http://www.testcenter.kz/ru/ сайтында тегін қолданып көруге болады. Әр бір пән бойынша ерекше 70 нұсқа ұсынылған. 
Елдегі 36 Жоғарғы оқу орындары әріптестік туралы өзара меморандумға қол қойды. Осылайша, 1 500 ерікті-студенттер мен заң факультеттерінің магистранттары азаматтарға құқылық көмке көрсету үшін еріктілер ұйымына топтастырылды. 
Әділет министрлігі, өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантинге қатысты құқылық мәселелерді түсіндіруге бағытталған жедел желіні іске қосып отыр. 
Еріктілер жылы аясында,  Әділет министрлігі ел-жұртқа тегін заңнамалық кеңес беруші шараға студенттерді қалай тарту жоспарын да дайындап қойды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ТЖ кезінде табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жаңа әлеуметтік төлемдер тағайындалған азаматтар тізімін ұлғайтты және ол көмекті тағайындау шарттарын жеңілдетті.
Бұған дейін 42​ 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем белгіленгендердің қатарына азаматтардың жаңа санаты қосылды, олар – жұмыс беруші зейнет алымдарын төлеген, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін және қызмет көрсететіндер. Сондай-ақ, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес нысандары да көмек алатын болады.
Әлеуметтік көмекті алу процесін жеңілдету мақсатында, табыстан айырылғаны туралы деректі нақтылайтын анықтаманың енді қажеті жоқ деп табылды. Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерінің тізімін қоса отырып, өтініш жазса болды.
Сонымен бірге, ЖК, ДК, АҚС, БЖТ бойынша тек жеке деректері көрсетілген арыз-шағым түсіреді. Сондай-ақ, қызметкер мұны жұмыс берушінің істегенін күтпей-ақ арызды өзі түсіруіне де болады. Төтенше жағдайдың енгізілгеніне қарай, табыссыз қалғаны туралы деректердің растығына қатысты жауапкершілік өтініш білдірушінің мойнына артылады. ​ Әлеуметтік төлемдер Қорынан көмек алуға үмітті азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен зейнет алымдарын төлеп тұрғаны туралы дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Бұны «Азаматтар үкіметі» мемлекеттік корпорациясы автоматты түрде тексеріп шығады.
Бұдан бөлек, өтініштерді қарастырыу және әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімі 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. ​
Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің деректеріне сай, қазіргі уақытта төтенше жағдайдың әсерінен табысынан айырылғандарға мемлекет тарабынан бөлінетін 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алу үшін 1 773 791 ерекше өтініш түскен. Түскен өтініштердің жалпы саны 3 млн 128 мың, оның 1 млн 355-і қайтара түскен өтініштер. 8 сәуірдің кешіне қарай 276 756 қазақстандық бұл көмекті алып та үлгерді. Сондай-ақ, ҚР ПӘ Қоғамдық қабылдауы, 42 500 теңгені алуға қажет жеке есеп-шот ашу үшін банк бөлімдерінде адамдардың топтаса жиналуына жол бермеу мақсатында, Kaspi bank-тің жедел түрде жаңа қызмет түрін енгізгенін хабарлайды - енді Kaspi.kz мобильді қосымшаның көмегімен үйден шықпай-ақ өз шотыңызды аша аласыздар.
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлем аударуға қатысты соңғы ақпарат. Қазіргі уақытта 4 млн 701 мың азаматтан барлығы 6 млн 37 мың өтініш түскені тіркеліп отыр, 1,3 млн- қайталана жасалған - шағымдар( жұмысшысы үшін жұмыс беруші шағым түсіріп, кейін өздері де қайтара берген сыңайлы). Жалпы алғанда, әзірге көмек 1 млн 891 адамға көрсетілді, төлем 2 млн 461 қазақстандыққа тағайындалды.
Бүгінгі таңдағы соңғы ақпараттар бойынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көмекті төлеу 3 млн 313 адамға тағайындалып, ол жәрдем ақының жиынтық сомасы 140, 8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы алғанда көмек сұрап, 6 млн 244 адам өтініш түсірген. Бақылап, тексеру барысында, жіберілген қателерге (деректері талапқа сай емес) қатысты 2 млн 292 мың адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ.
ҚР ПӘ Қоғамдық қабылдауына азаматтардан сот дауына қатысты көптеген арыз-шағым түсіп жатады. Төтенше жағдай енгізілген тұстан бастап-ақ елдегі бір де бір сот өз жұмысын тоқтатқан емес, бәрі де қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Сот жұмысының алгоритмі эпидемологиялық жағдайдың ыңғайына қарай ылғи да түзетіліп отырады – соттардың, сот қызметкердері мен процеске қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеуі үшін осындай шаралар қарастырылған.
Сондай-ақ сот тарабынан көрсетілетін барлық қызметтер қолжетімді болуы үшін бірыңғай мүмкіндік терезесі қызмет істеп тұр. Оны қолданушылар, үйден шықпай-ақ, «Сот кабинеті» қызметінің жәрдемімен құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. «Сот кабинетінің» мобильді нұсқасы да бар – ол қосымшаны смартфонға, ноутбук немесе планшетке тегін жүктеп аласыз. Бұл қызметтің көмегімен, электронды форматта өтініш-шағымның 90-нан астам түрін сотқа жіберуге болады. Сонымен бірге тараптар сот жауабын барынша жылдам алады (тіркеу нөмірі, одан әрі – сот мәжілісі қашан жәні қай уақытта өтетіні және т.б.).
2020 жылдың 16-шы наурызынан бері республика соттарына жалпы 62 836 шағым түссе, оның 58 36-сы, яғни 93,5% электронды нұсқада болыпты. Қағаз жүзінде келіп жатқан құжаттар залалсыздандырылған соң, міндетті түрде электронды нұсқаға көшіріледі. ТЖ кезінде істерді, сот залына тікелей келмей-ақ, қашықтан қарастыруға мүмкіндік жасалған.
Егер де 2018 жылы бейне конференция байланысы арқылы (БКБ) соттарда күн сайын бар-жоғы 40, ал 2019 жылы – 110 , 2020 жылы ТЖ-ға дейін – 150 мәжіліс өтіп тұрса, төтенше жағдай режжимі басталған алғашқы аптаның өзінде ғана 1 мыңға жуық і қашықтан қарастырылды. Ал сәуір айында күн сайынғы БКБ мәжілістердің саны 4,5 мыңға артты.
Осылайша, соттар өз қызметтерін е-форматта 100% жүзеге асырды. Жоспардан тыс мұндай аурытпалыққа төтеп беру үшін Үкіметтің көмегімен жедел шаралар да қарастырылды. Карантиннің алғашқы күндері (18-19 наурыз) қосымша 85 сервер орнатылды, ал бұған дейінгі сот жүйесін цифрландыру кезеңінде бар-жоғы 67 сервер қосылған болатын. Осы шақтары республика бойынша мобильді бейне конференция байланысын қамтамасыз ететін 152 сервер қызмет жасап тұр.
Сонымен бірге, байланыс арнасының өткізу қабілетін кеңейтетін шаралар да қарастырыды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында 2015 жылы басталған сот ісін цифрға өткізу жұмысы ТЖ кезінде соттарды еш қиындықсыз он-лайн режимге ауыстыруға мүмкіндік берді.
Бүгін мемлекет басшысының елдегі коронавирус жағдайына қатысты мәлімдемесі жарық көрді.
Президент қабылданған шаралардың арқасында елдегі пандемия геометриялық қарқынмен өсе қоймағанын, ал Қазақстан атқарған істерді ДДСҰ дұрыс бағалап отырғанын айтты.
Бұған дейін ол, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған екі түрлі көмек шаралары туралы жариялаған болатын:
- 4 миллион 250 мың адам қаржылай жәрдем алды;
- 570 мыңнан астам адам азық-түлік көмегін алды (1,1 адамға осындай көмек көрсету көзделген);
- сәуір-мамыр айларында 1,6 миллион адам мемлекеттен коммуналдық қызметтерді төлеуге қажет көмек алады;
- сонымен бірге мемлекет медицина қызметкерлеріне де көмек көрсетіп жатыр;
- 1,6 миллионнан астам азамат пен 11,5 мың ШОК нысандарының, жалпы сомасы 360 миллиард теңге болатын, займдар мен несие бойынша төлемдері кейінге қалдырылды;
- 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерлер салық бойынша ынталандыру шараларымен қамтылып, осының арқсында олар 1 триллионға жуық қаржысын үнемдеп қалды;
- шағын және орта кәсіпті қолайлы мөлшерлемемен несиелеу үшін қаржы бөлінді;
- жұмысшыларды қысқартып, жалақыдан айырмау үшін, қажет көмек көрсетілуі тиіс жүйе құрушы компаниялар Реестрі құрылып жатыр;
- Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге және мерзімдік сатып алулар үшін қажет 200 миллиард теңге бөлінді, сонымен бірге 70 миллиард теңге тұқым өсіруге, тыңайтқыш пен пестицидтер сатып алу үшін қарастырылған.
Жалпы алғанда, ааматтар мен бизнесті қолдауға бөлінген қаржы 6 триллион теңгені құрады.
Елде қалыптасқан жағдайға орай және Мемлекеттік комиссия мен сарапшылардың ұсынысын негізге ала отырып, президент төтенше жағдайды биылғы 11 мамырға дейін созатын Жарлыққа қол қою туралы шешім қабылдады.
Мемлекет басшысы ТЖ режимін қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік комиссия өз тарапынан мынандай шараларды қарастыруы керек деп атап өтті:
- вирустың таралуы қатаң бақылауға алынған облыстар мен қалаларда карантин тәртібін жұмсарту;
- астанандағы сияқты, барлық аймақтарда да өз жұмысын қайта жандандыратын мекемелердің тізімін анықтау;
- әкімдіктермен бірлесе отырып, барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай оытырып, балалар және ауладағы алаңдарды ашу мәселесін қарастыру;
- Бау-бақша салу маусымында сая жайға қатынау мәселсін шешу;
Елдегі барлық әуе жолаушы тасымалы тоқтатылғанына қарамастан, 1 мамырдан бастап үкімет астана мен Алматы арасындағы әуе рейстерін ашады.
Сауда, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен басқа да бұқаралық орындар әзірге жабық күйінде қала береді. Жоғарғы оқу орындарында, колледждер мен мектептерде қашықтан оқу сақталады.
Мамыр мейрамдары кезінде Екінші Дүнижүзілік соғыс пен тыл ардагерлерінің барлығы матеиалдық көмек алады.
Президент вакцина рецепт-тәсілдері анықталып, оны өндіру мүкін болған тұста, шет елдерге кіріптар болмай, қолдағы өндірістік қуатты иммунобиологиялық дәрмектерді өндіруге қалай пайдалануға болатынын әзірден-ақ қарастыру керек екенін баса айтты.