ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
5.35K subscribers
3.65K photos
496 videos
8 files
1.38K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы
Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана
Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Аяулым Құмарова, 9 жаста, 2021 жыл

Аяулымның анасы Анар Құмарова — 13 жылдан бері 🏭 Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді, бюджеттік және экономикалық жоспарлау бөлімінің экономисі.

Аяулым бұл суретті екі жыл бұрын 🎨 салған болатын. Қазір жас суретші 11 жаста, келесі жылы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсуді армандайды. Сондықтан емтихандарға ерекше дайындалуда. Болашақта шетелде білім алғысы келеді. Аяулым өзінің болашақ кәсібін таңдауда әлі нақты шешім қабылдаған жоқ, ол адвокат, экономист, президент болғысы келеді.

Жолың болсын талантты жеткіншек!

🆕️ #ҚМГбалаларКөзімен жаңа айдары әр жексенбі сайын оқырмандарымызды ҚазМұнайГаз компаниялар тобы қызметкерлерінің балаларының шығармашылығымен таныстырады.

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Зере Жақаш, 14 жас, Астана қ.

🔵 Зеренің әкесі Жігер Жақашев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде 20 жылдай еңбек етіп келеді. Бүгінде ол «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің өндірісті автоматтандыру бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да қызмет еткен. Жақашев мұнайшылар әулетінің өкілі.

🟠 Зере бұл суретті 14 жасында салған: «Суретте әкемнің жұмысының барлық қыр-сырын қамтыдым. Мен әкемнің Қазақстан мен оның дамуы үшін маңызы зор компанияның өкілі екенін көрсеткім келді».

🟡 Қазір ол Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды. Қазіргі таңда Зере университетке экономист мамандығына түсуге дайындалып жатыр, ол әлемді шарлап, өз кәсібін табуды армандайды.

🍀 «...Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға»

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГБалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Саида Смағұл, 9 жаста

Саиданың әкесі — Бауыржан  Смағұлов 2012 жылдан бері «ҚазМұнайГаз»  жүйесінде еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта ҚМГ тәуекелдерді басқару қызметінің бас маманы. Бұрын Павлодар мұнай-химия зауытында жұмыс істеген.


Саида бұл суретті екі жыл бұрын 🎨 салған. Суретте барша адамдарға «Ғаламшарды бәріміз бірге қорғаймыз» деген мағынаны, әрбір жан табиғаттың бір бөлшегі екендігін және оны қорғау мен сақтаудың маңызын жеткізгісі келген.

Қазір жас суретші 11 жаста,  Астанадағы Ә.Бөкейханов атындағы Binom school  6-шы лицей сыныбында оқиды. Саида спорттық бал билерімен айналысады, сурет салғанды және суда жүзгенді жақсы көреді. Болашақта актриса болуды армандайды.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!
 
🖥 #ҚМГБалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сарбиназ Әнуарбек, 14 жаста

Сарбиназдың ата-анасы Шымкент мұнай өңдеу зауытында — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жұмыс істейді.

Әкесі — Марат Тұрабеков сорғы қондырғыларының машинисі, сорғы жабдықтарының, зауыттың технологиялық құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оның жұмысы үлкен жауапкершілікті, тәртіпті, детальдарға мұқият болуды және жұмыс бабы бойынша әріптестерімен тығыз байланыста болуды қажет етеді. Анасы — Нұргүл Жолдасбекова қауіпсіздік департаментінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінде эколог болып жұмыс істейді.

Сарбиназ бұл суретті екі жыл бұрын салған. Қазір жас суретші 16 жаста, университетке түсуге дайындалып жатыр. Сурет адамзаттың өте тез көбейіп келе жатқандығын, соған байланысты тауарларды өндіру мен тұтынудың тез өсетінін және биосфера бере алатын ресурстардың мөлшері шектеулі екендігін көрсетеді. Жеткіншектің ойынша, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу маңызды, айналаны бағалау және құрметтеу қажет.

Сарбиназ жоғары оқу орнына грантқа түсуді жоспарлап отыр, бірақ әлі ЖОО таңдаған жоқ. Тауар тұтынушыға уақтылы және ең аз шығындармен жетуі үшін ол жақсы логистика маманы болуға, тауарларды өндірістен бастап сату нүктелеріне дейін ұтымды түрде жеткізуді ұйымдастыруға және үйлестіруге ниетті.

Жас ханым әлемді аралауды, өзінің кәсібін тауып, Отанына пайдалы болуды армандайды.

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бауыржанқызы Аруна, 10 жаста

Арунаның әкесі Шамұлы Бауыржан «Маңғыстау энерго мұнай» компаниясында жұмыс істейді. Қаламқас кен орнында электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Оның жұмысы жоғары жауапкершілікті, электр желілерінің жұмысына қатысты қырағылықты, электрлік монтаждаудағы кәсіби тәжірибені және әріптестермен бірге тығыз байланыста жұмыс істеуді талап етеді.

Анасы – Балғожаева Айымгүл Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы көпсалалы колледждің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Аруна бұл суретті 2 жыл бұрын салған, қазір ол 12 жаста. Жасына қарамастан Арунаның ойы терең, айналасына байыппен қарап, табандылықпен бастаған әрбір ісін нәтижемен аяқтайды.

Оның суреті ғаламшардың бәрімізге ортақ екенін және оны сақтап қалу үшін баршамыз жұмыла әрекет етуіміз керек екенін көрсетеді. Оның ойынша болашақ ұрпаққа Жер шары осы күйінде үлкен қамқорлықпен берілуі керек.

Аруна білікті дәрігер болуды армандайды.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Самираның әкесі – Сұлтанбек Урумбаев 11 жылдан бері «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнай және газ өндіру цехының операторы қызметін атқарады.

Самира бос уақытында сурет салғанды, кітап оқығанды ұнатады. Тума талант сурет салуды 3 жасынан бастаған.
Самираның суреттері бірнеше дүркін жүлдеге ие. Ақтөбе дарын орталығы сурет конкурсына ұсынылған Әлия Молдағұлованың бейнесі бас жүлдені жеңіп алып, Әлияның мұражайына қоюға ұсынылған.


Самираның бұл суреті екі жыл бұрын салынған. Табиғат және экология, оның тіршілікке, планетаға тигізетін әсері бала көзімен бейнелеген. Қазір жас суретші 16 жаста. Мектебінде Самираның суреттеріне арналған бұрыш бар.

Ол болашақта сәулетші болып, зәулім ғимараттардың дизайнын жасауды армандайды.

Өмірлік ұраны - еңбек ету және жеңу.

Жолың болсын талантты жеткіншек!

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сақып Зере, 7 жаста, 2023 жыл

Зеренің анасы Айжан Баймағзұмова — 17 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында жұмыс істейді, қазір ҚМГ корпоративтік орталығында ұйымдастырушылық және орнықты даму басқармасын басқарады.

Зере суретті жазда🎨 салған болатын. Жас суретші мұнай-газ кәсіпорнының қызметкерін, оның жұмыс күндерін бейнеленген. Мұнайдың дамуы елдің барлық азаматтарының әл-ауқатының өсуіне ықпал ететіндігін көрсетеді.

Ол Астана қаласындағы халықаралық мектепте оқиды, мүсіндеу өнерімен және каратэмен айналысады. Бүкіл әлемге саяхаттауды және кішкентай марғауды армандайды. Дизайнер мамандығына қызығушылық танытады.

Жолың болсын Зере!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Амир Касаев, 7 жаста

Амирдің анасы — Касаева Ания Болатқызы — 13
жылдан бері 🏭 Павлодар мұнай химиясы зауыттың санитарлық зертханасыныда 5-разрядты химиялық
талдау зертханашысы болып жұмыс істейді.


Амир 6 жасынан бастап сурет өнері мектебіне барды. Бұл суретті үш жыл бұрын 🎨 салған болатын. Жер шары барлық адамдар үшін біртұтас ойкумена мен жалпыға бірдей кеңістікке айналды, осылайша баланың көзқарасында, адамзаттың басты мәселесі экология мен табиғатты сақтау.

Қазір жас суретші 10 жаста. Сурет салумен бірге шахматпен, бокспен және ағылшын тілін тереңдетіп оқумен айналысады. Ол өзіне абыройлы мамандықты таңдады, жоғары білікті дәрігер болып адамдарды емдегісі келеді. Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде оқуға дайындалуда. Арманы
Парижді аралау.

Жолың болсын талантты жеткіншек!

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шағатай Жақсылық, 11 жаста

Шағатайдың өткен жазда салған «Мұнай әлемі» атты суреті 2023 жылғы балаларды қорғау күніне орай ҚазМұнайГаз ұйымдастырған байқауда 1-ші орынды иеленді. Сурет баланың көзімен болашақ өмірдің бақытты және қауіпсіз екендігін көрсетеді, ал экологиялық таза мұнай өндірісі үйлесімділік пен тыныштық орнаған әлемге сәйкес келеді.

Әкесі — Алтынбай Серікбек Жақсылықұлы 2019 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде жұмыс істейді. ҚМГ Ақтау қаласындағы өкілдігінің тарифтік саясат, еңбекақы төлеу және құқықтық сараптама департаментінің аға маманы.

Шағатай 5 жасынан бастап өнердің бірнеше бағытын меңгеріп келеді: 9 жасқа дейін спорттық-бал билерімен айналысып, бірнеше гран-при жеңіп алды. Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 5-ші фортепиано сыныбында оқиды, ол онда он бес талантты баланың бірі болып қабылданды. Фортепиано виртуозы, қалалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты. Бір уақытта басқа аспаптарда да еркін ойнайды.

Шағатай «Ерке сылқым» күйін әлемдік үлкен сахналарында ойнап, қазақтың домбырасын насихаттауға өз үлесін қосқысы келеді. Сүйікті пәні — математика. Футболды жақсы көреді, мектеп матчтарында қақпашы болып ойнайды.

Жас талант белгілі қазақстандық композитор, пианист Рахат-Би Әбдісағин сияқты үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандайды.

Жолың болсын, жас талант!

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аруаның анасы — Бисенқұлова Гүлжиян Байболқызы 1996 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде жұмыс істейді. Мұнай сервисі және көмірсутек шикізатын кәдеге жарату жобалары департаментінің жетекші маманы.

Аруа Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom мектебінің 9-сыныбында оқиды. Ол 7 жасынан музыкамен айналысып, Астана қаласы №2 Балалар музыкалық мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірді. Қалалық және халықаралық музыкалық фестивальдардың бірнеше дүркін лауреаты.

Қазір қалалық №2 өнер мектебінің 3-сыныбында бейнелеу өнері оқиды. Астана қаласындағы Binom және көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында өткен сурет салу байқауларында жүлделі орынға ие болды. Аруа сонымен қатар 3D дизайнына қызығушылық танытады, IT STEP Халықаралық компьютерлік академиясында Motion Design бағыты (2D және 3D анимацияларымен жұмыс, Cinema 4D және After Effects тереңдетілген деңгейде меңгеру) бойынша оқиды. Бос уақытында кітап оқып, сурет салғанды ұнатады, болашақта кәсіби дизайнер болуды армандайды.

Аруаның өткен жазда салған «Мұнайшылар — менің көзқарасыммен» тақырыбындағы суреті 2023 жылғы балаларды қорғау күніне орай ҚазМұнайГаз ұйымдастырған байқауда 2-ші орынды иеленді.

Қазақстанның ен даласының мұнайлы атырабындағы мына көрініс, ерсілі-қарсылы айналған тербелмелі мұнай қондырғылары маңызды жұмыстың қызу үстінде екендігін көрсететін гуашпен салынған бұл сурет бала қаламынан туған. Ынтымақпен тізе қосып, жұмысқа жұдырықтай жұмыла кірісе білу керектігі де астыртын аңғарылып тұрғандай...

Табиғат байлығын байырғыдан бұйыртқан тәңір таңы бүгін де арайлап атып тұрғанын, мұнай өндіру — табиғатпен де, халқымыздың жарқын болашағына деген қамқорлықпен үйлескен жауапты процесс екендігі бала қиялымен риясыз бейнеленген.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бақыткерей Айлин, 10 жаста

Әкесі — Азамат Құлмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде 13 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ішкі аудит қызметінің мұнай және газ тасымалдау және маркетинг аудиті секторының жетекші аудиторы.

Айлин бала кезінен сурет салуды, пластилиннен әртүрлі фигураларды мүсіндеуді, оригами жасауды және би билегенді жақсы көреді. Қазір жас суретші 10 жаста. Айлин төрт жасынан бастап эстрадалық бимен айналысады және Қазақстан бойынша түрлі конкурстарда «Гран-при» дипломдарының жеңімпазы. Айлин шығармашылықпен бірге нақты ғылымдарда да жетік, 2023 жылы математика және ағылшын тілі бойынша жарыстардың жүлдегері атанды. Ол өзінің болашақ мамандығы бойынша әлі нақты шешім қабылдаған жоқ, кейде дизайнер болсам деп те ойлайды.

Айлиннің өткен жазда «Мұнайшылар — менің көзқарасыммен» тақырыбындағы салған бұл суреті 2023 жылғы балаларды қорғау күніне орай ҚазМұнайГаз ұйымдастырған байқауда 3-ші орынды иеленді. Картинаның атауы – «Менің әкем — біздің Қазақстанымызды көркейтеді». Әкесіне жұмысы туралы қойған сұрақтарына алған жауабы мен ғаламтордан қараған ақпараттарды зерттеу нәтижесінде Айлинде сурет салу бойынша белгілі бір түсінік қалыптасты. Айлин картинасында әкесі жұмыс істейтін компанияның қызметі бүкіл Қазақстанды қамтитынын және онда көптеген адамдар жұмыс істейтінін, компанияның ұжымдық жұмысының нәтижелері елімізге игілік пен даму әкелетінін баланың көзқарасымен анық көрсетті.

Айлин бүкіл әлем бойынша саяхаттауды және шетелде оқуды армандайды.

Жолың болсын, талантты жеткіншек!

Суретте әлемдегі ең жақсы көретін адам — әкесімен бірге.

🖥#ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлия Смағұл, 9 жаста

Әлияның әкесі — Бауыржан Смағұлов — ҚазМұнайГаз жүйесінде 10 жылдан аса уақыт бойы еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта ҚМГ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің бас маманы болып жұмыс істейді.

Әлия 9 жаста, ол 4-ші сыныпта оқиды, барлық пәндер бойынша үлгерімі жоғары. Әлия 5-жасынан бастап спорттық-бал билерімен айналысады, қалалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Сурет салумен бірге, қағаздан және басқа материалдардандан аппликация және оригами жасағанды және ән айтқанды ұнатады.

«Менің ата-анам кім болып жұмыс істейді» байқауына елгезек бала — Әлия әкесінің жұмысы туралы суретті өз түсінігіндегі ойымен салды. Әр түрлі қауіптер туралы ескертетін әсерлі белгілерді бейнелеу арқылы қыз әкесінің күлімсірей отырып, ең бастысы компаниядағы ережелердің сақталуын мұқият қадағалайтын жұмысын ерекше бір жылылықпен суреттеді. Айта кетейік, Әлияның әкесі компаниядағы ішкі бақылау процестерін, бизнес-процестердегі бақылау рәсімдерін жетілдірумен айналысады.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азамат Жұмажан, 14 жаста

Азаматтың әкесі — Мұқашев Марат ҚазМұнайГаз  жүйесінде 22 жылдан аса еңбек етіп келеді. Қазір  ҚМГ мұнай газ кен орындарын игеру басқармасында жетекші инженер болып жұмыс істейді.

Азамат 14 жаста, ол ерекше балаларға арналған бөлімнің 7-ші сыныбында оқиды, барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы. Азамат 5-жасынан бастап музыкаға қызығушылық танытып вокалмен айналысады, мектеп аралық байқаулардың жеңімпазы. Сурет салумен бірге, қағаздан және басқа материалдардан аппликация жасағанды ұнатады.

«Менің ата-анам кім болып жұмыс істейді» байқауына ынталанған Азамат әкесінің жұмысы туралы суретті өз түсінігіндегі ойымен салды. Ол мұнай өндірудің әр түрлі саласы туралы, сонын ішінде бұрғылау мен ұңғы жұмыстарының қалай іске асатынын және т.б. сұрақтарды білу үшін үнемі әкесінен сұрап-біліп жүреді. Өскенде әкесінің жолын жалғастыруды армандайтын бала, бейнелеу арқылы жер астынан мұнайдың қалай өндірілетін және олардың орналасу фактілерін көрсеткісі келді. Суретте бәрімізге ортақ қара алтынымыздың оңайлықпен келмейтіні ерекше бір жылылықпен суреттеледі

Біз талантты Азаматқа биік белестерді бағындыратын қайсарлық пен сәттілік тілейміз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әмина Нұрпейісова, 6 жаста

Аминаның әкесі — Ринат Нұрпейісов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатып алу және жабдықтау департаментінде жетекші маман болып жұмыс істейді. Әкесі ерке қызын, оның бастамаларын әрқашанда қолдайды, сонымен қатар ол үшін еңбекқорлық пен тәртіптің үлгісі.

Амина мемлекеттік балабақшаға барады. Бес жасынан бастап сурет салумен айналысады, ән сабақтарына, спорт секцияларынан: жүзу және гимнастикаға қатысады. Қыздың сүйікті хоббиі — спорттық би.

Жан-жақты қызығушылығының арқасында Аминаның достары көп. Ол өз дегеніне жетпей қоймайды, мінезі табанды және шешімдерін нақты қабылдайды. Отбасындағы көшбасшы болып табылатын орташа бала.

ҚазМұнайГаз ұйымдастырған сурет байқауына салған суретін Амина Қазақстанға және мұнай өндіретін жандарға арнады. Әкесінің айтуынша, Амина мұнайдың терең жер қыртысында орналасқандығын, сонымен бірге біздің өміріміздегі қажеттіліктердің көбісі мұнайдан жасалатынын біледі, мұнайды барлығы жақсы көретін болғандықтан, оны жүрек белгісімен айшықтады.

Әминаға бақыт пен сәттілік тілейміз!

🖥 #ҚМГбалаларКөзімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM