ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
5.39K subscribers
3.82K photos
521 videos
8 files
1.48K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз мұнаймен ластанған жерлерді тазалауда

♻️ 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» және ҚР экология министрлігі арнайы меморандумға қол қойды. Ол бойынша компания 2024 жылдың соңына дейін мұнаймен ластанған жерлерді тазалау және бұрыннан жиналып қалған мұнай қалдықтарын утилизациялау бойынша міндеттеме алды. Меморандумды ҚМГ-ның «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ секілді еншілес компаниялары қолдады.

Компания тек жерді тазалап қана қоймай, сонымен қатар рекультвациялаумен айналысады (топырақты нормативтік талаптарға дейін қалпына келтіру).

ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдары бұл жұмысқа атсалысады. «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бұрыннан ластанған жерлерді утилизациялау бойынша жұмыстар жүргізеді. 2022 жылы олар келісімшартта көрсетілген аумақта бұрыннан мұнаймен ластанған жерлерді тазалау бойынша жұмыстарын аяқтады.

ҚМГ-ның барлық еншілес ұйымы 2019-2022 жылдар аралығында 2,2 млн тонна «тарихи» мұнай қалдықтарын утилизациялады, оның ішінде:
«Өзенмұнайгаз» АҚ — 976 мың тонна;
«Ембімұнайгаз» АҚ — 607 мың тонна;
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ — 453 мың тонна;
«Қаражанбасмұнай» АҚ — 148 мың тонна;
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС — 28 мың тонна.

2023 жылы (желтоқсандағы жағдай бойынша) олар тағы 639 мың тонна мұнай қалдықтарын жойды.

«Тарихи ластанған жерлер» кеңестік кезеңде мұнай өндіру барысында пайда болған түрлі қалдық түрлерін қамтитын ортақ атау (бұрғылау қалдықтары, мұнай шламы, мазутпен былғанған топырақ, мұнаймен ластанған жерлер). Тарихи мұнай қалдықтары үйінді түрінде немесе мұнаймен ластанған жер дегенді білдіреді.

🖥 #ЖасылБастама
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуға, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтылады. Зақымданған және мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді қалпына келтіру — осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі.

Зақымданған жерлердің теріс әсерінен өз қалпын ішінара жоғалтқан жерлерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау үшін «Ембімұнайгаз» АҚ өзіне берілген аумақта тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын сәтті жүргізді. 2007-2022 жылдар аралығында 549,4 га жер қалпына келтірілді.

2023-2025 жылдар аралығында компания зақымданған 142,2 га (542,6 мың тонна) жерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2023 жылы 50,1 га (181,69 мың тонна) мұнаймен ластанған жер қалпына келтірілді.

Тазартуға дейінгі және кейінгі суреттерде тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру нәтижелері көрсетілген.

ҚМГ: Қоршаған ортаны қорғаймыз!

🖥 #ЖасылБастама
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Сарқынды суды терең биологиялық тазартуға арналған қондырғы

2023 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас басқармасында кәріз сорғы станциясына сервистік қызмет көрсету барысында тазарту құрылыстарының блок-модулі ЛОС-Р моделді биологиялық тазарту қондырғысына ауыстырылды. Қондырғы шаруашылық-тұрмыстық және құрамы жағынан ұқсас өндірістік сарқынды суларды терең биологиялық тазартуға арналған.

Кәріз сорғы станциясынан кейінгі бастапқы ағынды сулар ауыр минералды бөлшектер шөгетін құм тұзағына түседі. Құм тұзағынан шыққан ағынды сулар толық биологиялық тазарту қондырғысына түседі, онда денитрификация жүреді және белсенді тұнба мен тазартылған ағынды су бір-бірінен ажырайды. Одан әрі сүзгі биореакторында толық тазарту жүргізіледі. Тазартудан кейін дренаждар ультракүлгін сәулесімен дезинфекциялауға ультракүлгін сәуле қондырғысында түседі және әрі қарай төгіледі.

Бұл қондырғының арқасында тазартылған судың 50%-ы қазір жасыл желектерді суаруға қайта пайдаланылады.

ҚМГ: Қоршаған ортаны қорғаймыз!

🖥 #Жасылбастама

***

✔️ Установка биологической очистки модели ЛОС-Р

В 2023 году в головном управлении ТОО «СП «Казгермунай» в ходе сервисного обслуживания канализационной насосной станции была выполнена замена блок-модуля очистных сооружений на установку биологической очистки ЛОС-Р. Она предназначена для глубокой очистки хозяйственно-бытовых и схожих по составу производственных сточных вод.

Исходные сточные воды после КНС поступают в песколовку, в которой оседают тяжелые минеральные частицы. Сточные воды из песколовки поступают на установку полной биологической очистки, где происходит денитрификация и разделение активного ила и очищенной сточной воды. Затем в фильтре-биореакторе проводится доочистка. После доочистки стоки поступают на обеззараживание ультрафиолетом в установке УФО и отводятся на сброс.

Благодаря этому до 50% очищенных вод теперь используются повторно для полива зеленых насаждений.

КМГ: Становимся экологичнее!

🖥 #Зеленаяповестка
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🍀 Атырау мұнай өңдеу зауытының булану алаңдарында Қызыл кітапқа енген құстар мекендейді

Атырау мұнай өңдеу зауытында Tazalyq жобасы аясында ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жұмыстары аяқталып келеді.

Реконструкция нәтижесінде тазарту қуаты екі есе артып, сағатына 1 000 текше метрге жететін болады. Мұнай шламын өңдеу көлемі айына орта есеппен 12 000 текше метр болмақ. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорында ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазарту тиімділігі 83%-ға жетті. Тазартылған судың бір бөлігі зауыттың өндірістік қажеттілігіне жұмсалып, нәтижесінде Жайық өзенінің суын пайдалану көлемі 9 %-ға азаяды.

Бұдан бөлек, Tazalyq жобасы аясында зауыт булану алаңдарын рекультивациялау жұмыстарын да іске асыруда. Механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау және ағынды сулар сапасының артуы нәтижесінде аталған алаңдарда экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұнда түрлі тіршілік иелері мекендейді. Құстардың бірнеше түрі, соның ішінде Қызыл кітапқа енген аққулар мен қоқиқаздар ұя салуға ұшып келеді.

Сонымен қатар су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында зауыт ағынды суларды қосымша тазарту қондырғысын салуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру Жайық өзенінен су алу көлемін жылына 5 млн текше метрге дейін азайтуға, ағынды суларды қайта пайдаланып, ағызу көлемін 70%-ға дейін төмендетуге, ал үстерлеме су сапасын қалыпты көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын өзеннен жылына шамамен 8 млн текше метр су алады.

🖥 #ЖасылБастама

***

🍀 Краснокнижные виды птиц обитают на полях испарения АНПЗ

На Атырауском нефтеперерабатывающем заводе завершаются работы по реконструкции механических очистных сооружений сточных вод в рамках проекта Tazalyq.

Как ожидается, после реконструкции мощность очистки вырастет в два раза — до 1 тысячи кубометров в час, объем переработки нефтяного шлама составит в среднем 12 тысяч кубометров в месяц. По итогам 2023 года показатель эффективности очистки сточных вод на предприятии достиг 83%. При этом часть очищенной воды планируется повторно использовать для нужд завода, что должно на 9% сократить потребление из реки Урал.

В рамках проекта Tazalyq АНПЗ также занимается рекультивацией полей испарения. Благодаря реконструкции МОС и повышению качества сбрасываемых вод, ситуация на этих полях улучшилась. Здесь обитает разнообразная живность, на гнездование прилетают несколько видов птиц, в том числе краснокнижные лебеди и фламинго.

Кроме того, в целях рационального использования водных ресурсов, на АНПЗ планируется строительство установки доочистки сточных вод. Реализация проекта позволит сократить забор из Урала до 5 млн кубометров в год, повторно использовать сточные воды, сократив объем их сбросов до 70%, довести качество подпиточной воды до нормированных показателей. Сейчас водозабор предприятия из реки составляет около 8 млн кубометров в год.

🖥 #ЗеленаяПовестка
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍀 Атырау мұнай өңдеу зауытының булану алаңдарында Қызыл кітапқа енген құстар мекендейді

Tazalyq жобасы аясында зауыт булану алаңдарын рекультивациялау жұмыстарын да іске асыруда. Механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау және ағынды сулар сапасының артуы нәтижесінде аталған алаңдарда экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұнда түрлі тіршілік иелері мекендейді. Құстардың бірнеше түрі, соның ішінде Қызыл кітапқа енген аққулар мен қоқиқаздар ұя салуға ұшып келеді.

Сонымен қатар су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында зауыт ағынды суларды қосымша тазарту қондырғысын салуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру Жайық өзенінен су алу көлемін жылына 5 млн текше метрге дейін азайтуға, ағынды суларды қайта пайдаланып, ағызу көлемін 70%-ға дейін төмендетуге, ал үстерлеме су сапасын қалыпты көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын өзеннен жылына шамамен 8 млн текше метр су алады.

🖥 #ЖасылБастама

***

🍀 Краснокнижные виды птиц обитают на полях испарения АНПЗ

В рамках проекта Tazalyq АНПЗ занимается рекультивацией полей испарения. Благодаря реконструкции МОС и повышению качества сбрасываемых вод, ситуация на этих полях улучшилась. Здесь обитает разнообразная живность, на гнездование прилетают несколько видов птиц, в том числе краснокнижные лебеди и фламинго.

Кроме того, в целях рационального использования водных ресурсов, на АНПЗ планируется строительство установки доочистки сточных вод. Реализация проекта позволит сократить забор из Урала до 5 млн кубометров в год, повторно использовать сточные воды, сократив объем их сбросов до 70%, довести качество подпиточной воды до нормированных показателей. Сейчас водозабор предприятия из реки составляет около 8 млн кубометров в год.

🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔗 Атырау мұнай өңдеу зауыты ең жақсы отын — К5 (Евро-5) стандартты АИ-92 бензинін шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт

1945 жылы негізі қаланған Атырау мұнай өңдеу зауыты елімізді жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорын болып саналады. Зауыт заманауи стандарттар мен нарық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін бірнеше рет жаңғыртудан өтті. Әсіресе күкірт пен басқа да зиянды қоспалардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін тазартудың озық технологияларын пайдаланудың нәтижесінде Қазақстандағы ең үздік отын атанған К5 (Евро-5) стандартты АИ-92 бензині өндірісі ерекше маңызға ие.

Атырау зауыты өндіретін К-5 (Еуро-5) санатындағы дизель отыны да жоғары сапамен және экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Тазартудың заманауи әдістері күкірт пен зиянды қоспалар көрсеткішін төмендетіп, атмосфераға шығарындыларды азайту арқылы қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді. Жақсартылған пайдалану сипаттамалары К-5 дизель отынын автопарктер үшін және сенімділік пен экологиялық қауіпсіздікті бағалайтын тұтынушылар үшін қолайлы етеді.

Зауыт халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу үшін өндірістік қуаттарын үнемі жаңартып отырады. Соңғы жылдары зауытта гидротазарту, каталитикалық крекинг және риформингтің жаңа технологиялары енгізілген ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде зауыт Еуро-5 стандартына сай келетін отын шығара бастады.

Кәсіпорын шығарындыны азайту және энергия үнемдеу бағытында да біраз жұмыс атқарып, экологиялық жобаларды қолға алды. Зауыт өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосу арқылы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін мойындайды.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

🔗 АНПЗ является единственным заводом, выпускающим лучшее топливо в Казахстане — бензин АИ-92 стандарта К5 (Евро-5)

Атырауский нефтеперерабатывающий завод (АНПЗ), основанный в 1945 году, является ключевым предприятием Казахстана, обеспечивающим страну высококачественным топливом. Завод прошёл многочисленные модернизации для соответствия современным стандартам и потребностям рынка. Особое значение имеет производство автобензина АИ-92 стандарта К-5 (Евро-5), признанного лучшим топливом в РК благодаря использованию передовых технологий очистки, минимизирующих содержание серы и вредных примесей.

Дизельное топливо класса К-5 (Евро-5), также производимое на АНПЗ, тоже выделяется своим высоким качеством и экологичностью. Современные методы очистки снижают содержание серы и вредных примесей, уменьшая выбросы в атмосферу и защищая окружающую среду. Улучшенные эксплуатационные характеристики делают дизтопливо К-5 предпочтительным для автопарков и потребителей, ценящих надёжность и экологическую безопасность.

Завод регулярно обновляет свои производственные мощности, чтобы соответствовать международным стандартам качества и экологической безопасности. В последние годы завод прошёл масштабную модернизацию, которая включала внедрение новых технологий гидроочистки, каталитического крекинга и риформинга. Именно эти улучшения позволяют заводу производить топливо, соответствующее самым строгим требованиям Евро-5.

АНПЗ активно работает над снижением выбросов, энергосбережением и поддерживает экологические проекты. Завод признаёт свою социальную ответственность, способствуя устойчивому развитию региона и повышению качества жизни населения.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗелёнаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Photo
🔼 2024 жылы ҚазМұнайГаз компаниялар тобы республика бойынша 88 000 астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, оның 22 500-ге жуығы биыл көктемде егілді.

Ағаш отырғызу ұлттық компанияның экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы қағидаттарын берік ұстанатынын көрсетеді. Бұл қағидаттар жер экожүйелерін қорғауға және қалпына келтіруге, шөлейттенуге қарсы күреске күш салуға бағытталған.

Бұған дейін, 2024 жылы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың қаржылай көмегімен Арал теңізінің құрғаған табанында 15 мың гектар аумақта шамамен 4,5 млн сексеуіл көшетін отырғызу бойынша арнайы акциясы өткізілген болатын. Сексеуіл отырғызу тұрақты ортаны құруға, құмдарды бекітуге, аумақтардың шөлейттенуін баяулатуға, биоалуандылықты сақтауға, парник газдарды сіңіруге және тағы басқаға ықпал етеді.

Айта кетейік, 2020-2023 жылдар аралығында ҚМГ компаниялар тобының еншілес және тәуелді ұйымдары елді мекендерде және санитарлық-қорғау аймақтарында шамамен 100 мың көшет отырғызды.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

🔼 В 2024 году группой компаний КазМунайГаз планируется высадка более 88 000 деревьев по всей республике, из них уже высажено порядка 22 500 деревьев.

Посадка деревьев подчёркивает приверженность национальной компании принципам в области экологии, социальной политики и корпоративного управления (ESG), которые призывают, помимо прочего, направлять усилия на защиту и восстановление экосистем суши, борьбу с опустыниванием.

Ранее специальной акцией в начале апреля 2024 года при финансовой помощи КМГ была проведена широкомасштабная высадка порядка 4,5 млн саженцев саксаула на площади 15 тысяч гектаров на высохшем дне Аральского моря. Посадка саксауловых насаждений способствует созданию устойчивой среды, закреплению песков, замедлению опустынивания территорий, сохранению биоразнообразия, способствуют поглощению парниковых газов и др.

Отметим, что в период с 2020 по 2023 годы дочерними и зависимыми организациями группы компаний КМГ высажено около 100 тысяч саженцов в населённых пунктах и санитарно-защитных зонах.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ℹ️ Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және отын сапасын жақсарту

Соңғы екі онжылдықта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС отын өнімінің сапасын жақсарту, өнім түрлерін кеңейту және олардың жоғары экологиялық талаптарға сай болуы үшін кезең-кезеңмен жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл Қазақстан Республикасының батыс өңірлерінің экологиясына автокөліктен шығатын газдардың теріс әсерін азайтуға мүмкіндік берді.

✔️ 2003-2006 жылдары өткен жаңғыртудың бірінші кезеңі дизель отыны мен автобензиннің сапасын К-2 (Еуро-2) стандартына дейін жақсартты;

✔️ 2010-2016 жылдары жүргізілген жаңғыртудың екінші кезеңі автобензин сапасын К-4 (Еуро-4) экологиялық стандартына дейін жеткізді;

✔️ 2011-2018 жылдары өткен жаңғыртудың үшінші кезеңі экологиялық автобензин мен дизель отыны өндірісінің көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ К-5 (Еуро-5) экологиялық стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Модернизация кезеңдері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

ℹ️ Модернизация и улучшение качества топлив на Атырауском НПЗ

На протяжении двух последних десятилетий ТОО «Атырауский НПЗ» систематически проводило поэтапную модернизацию для улучшения качества, расширения ассортимента топливной продукции и её соответствия высоким экологическим требованиям. Это позволило снизить негативное воздействие выхлопных газов от автотранспорта на экологию западного региона Республики Казахстан.

✔️ Первый этап модернизации в 2003-2006 гг. улучшил качество дизельного топлива до стандарта К-2 (Евро-2) и автобензина;

✔️ Второй этап модернизации в 2010-2016 гг. довёл качество автобензина до экологического стандарта К-4 (Евро-4);

✔️ Третий этап модернизации в 2011-2018 гг. позволил увеличить объёмы производства экологических автобензинов и дизельного топлива, также обеспечив достижение экологического стандарта К-5 (Евро-5).

Подробнее об этапах модернизации можно прочитать здесь.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⭐️ «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өңірдің су ресурстарының жағдайы үшін жауапкершілігін түсіне отырып, Сарымсақ су жинақтау бассейнінің сақталуына ерекше назар аударады.

Ащы әрі тұзды көл орнында пайда болған «Сарымсақ» су жинақтағышы зауыттың тазартылған ағынды суын қабылдайды.

Жинақтағышқа зауыттан шыққан тазартылған ағынды су жіберіледі. Бұл су зауыттың механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарында екі сатылы тазартудан өтеді және биотоғандарда біраз сақталады.

Сарымсақ су жинақтағышы аймақтағы жабайы жануарлар мен құстар үшін тартымды болып отыр.

Атап айтқанда, жинақтағыштың айналасында түрлі жануарды кездестіруге болады, олардың арасында елік, қоян, суыр және т.б. бар. Ал жағалауында суда және су маңында мекендейтін құстардың ұя салып, қоректеніп жүргенін байқауға болады. Олар – шағала, қаз, үйрек, суқұзғын, аққу мен аққұтан.

Мұның бәрі зауыттың тазарту құрылыстарының тиімді жұмысын және өңір экологиясына әсерін азайту үшін технологиялардың жаңартылып отыратынын растайды.

Толығырақ Павлодар мұнай-химия зауытының сайтынан оқуға болады.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

⭐️ ТОО «Павлодарский нефтехимический завод» понимая ответственность за состояние водных ресурсов региона, максимально стремится обеспечить сохранность водного бассейна накопителя Сарымсак.

Накопитель «Сарымсак», образованный на базе горько-солёного озера, служит для приема очищенных сточных вод завода.

В накопитель отводятся очищенные сточные воды, которые перед сбросом проходят двухступенчатую очистку на сооружениях механической и биологической очистки завода и выдерживаются в биопрудах.

Надлежащее состояние очищенных сточных вод накопителя Сарымсак привлекает диких животных и птиц региона.

Так, в окрестностях накопителя можно встретить различных животных, среди которых косули, зайцы, сурки, выдры и т.д. А по берегам можно наблюдать, как гнездятся и кормятся различные виды водоплавающих и околоводных птиц. К их числу можно отнести чаек, гусей, уток, бакланов, лебедей и цапель.

Всё это подтверждает эффективную работу очистных сооружений и совершенствование технологий завода для минимизации воздействия на экологию края.

Подробнее на сайте Павлодарского нефтехимического завода.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің булану алаңдарына жыл сайын құстар мен жануарлардың бірнеше түрі қоныстанады. Бұл аймақта сүтқоректілердің үш түрі:
— булану алаңдарының периметрі бойындағы қамысты жолдарда жабайы қабан;
— ондатр;
— булану алаңдарының оңтүстік-шығыс бөлігінде қызыл түлкі кездеседі.

Сонымен қатар миграция кезінде суда жүзетін құстар көптеп мекендейді. Мұнда көл шағаласын, сұрқұтан мен аққұтан, суқұзғын және сыбырлақ аққуды жиі кездестіруге болады. Құстардың келуі сәуір айында басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Суда жүзетін құстар мен балапандарының қорегі болып саналатын су омыртқасыздары жануарлардың булану алаңдарына қызығушылығын арттыруда. Мәселен, 2023-2024 жылдары «Сасық сайға» қоқиқаздардың ұшып келіп, булану алаңының барлық аумағында тіршілік еткені тіркелді.

Булану алаңдарындағы фаунаның алуандығы мұндағы экологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

✔️ Поля испарения ТОО «АНПЗ» ежегодно посещают разные виды птиц и животных. На данной территории наблюдаются три вида млекопитающих:
— дикий кабан на тростниковых тропинках по периметру испарительных прудов;
— ондатра;
— рыжая лисица в юго-восточной части испарительных прудов.

Также наблюдается высокая плотность водоплавающих птиц, особенно в период миграции. Здесь часто можно встретить озерную чайку, серую и белую цаплю, баклана, лебедя-шипуна. Прилёт птиц начинается в апреле и продолжается до мая. Заманивает животных на территорию полей испарения множество водных беспозвоночных, которые являются пищей для водоплавающих птиц и их выводков. Так, в 2023-2024 годах зафиксирован прилёт фламинго, которые некоторое время обитали на всей территории «Тухлой балки».

Разнообразие фауны на полях испарения говорит об экологическом благополучии территории.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✔️ ҚазМұнайГаз қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды үнемдеу жолында жасыл кеңсе қағидаттарын ұстанады.

Орталық кеңседе қалдықты бөлек жинау, пайдаланған батареяға арналған контейнер орнату, принтерге басып шығаруды азайту, компьютерді өшіру туралы ескерту, электронды құжат айналымы және пластик бөтелке үшін бонус беретін фандомат қою сияқты шаралар енгізілген. Ал экожәшіктердің арқасында былтыр көктемнен бері 44 мыңнан астам бос ыдыс жиналды.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

✔️ КазМунайГаз придерживается принципов зелёного офиса для экономии ресурсов и охраны окружающей среды.

В центральном офисе КМГ внедрены меры, такие как раздельный сбор отходов, установка контейнеров для батареек, ограничение печати, напоминания об отключении компьютеров, электронный документооборот и установка фандомата для обмена бонусов на различные акции. А благодаря экоурнам с весны прошлого года собрано более 44 тысяч пустых тар.

🖥 #ЗеленаяПовестка
🖥 #ТазаҚазақстан

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔼 «Таза Қазақстан» эко-акциясы: Есіл өзенінің жағалауы тазаланды

Бүгінгі жаздың жайлы күні ҚазМұнайГаз командасы мен KMG_Volunteer еріктілері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты. Бұл жолы олар елорда тұрғындарының жанға сая демалыс орны болып табылатын ерке толқынды Есілдің жағалауын тазалау үшін бірлесіп жұмыс атқарды.

Есіл өзені елорданың негізгі су артерияларының бірі ретінде экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда, өкінішке қарай соңғы жылдары өзеннің жағалау аймақтары адами фактордың әсерінен едәуір ластанып кетті.

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұртшылықтың назарын экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталған.

ҚазМұнайГаз экологиялық бастамаларды іске асыра отырып, жыл соңына дейін 88 мың астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, оның 23 мыңға жуығы биылғы көктемде егілді.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

🔼 Эко-акция «Таза Қазақстан»: прибрежная зона реки Есиль стала чище

В этот тёплый летний день команда КазМунайГаза и волонтёры KMG_Volunteer, в рамках республиканской эко-акции «Таза Қазақстан», провели субботник. На этот раз они объединили усилия для очистки прибрежных зон реки Есиль — жемчужины столичной природы и любимого места отдыха горожан.

Река Есиль, одна из ключевых водных артерий столицы, играет важную роль в поддержании экологического равновесия. К сожалению, за последние годы её берега страдали от загрязнения, вызванного человеческой деятельностью.

Напомним, что Республиканская экологическая акция "Таза Қазақстан", инициированная Президентом Касым-Жомартом Токаевым, призвана обратить внимание общественности на экологические проблемы и важность сохранения чистоты нашей природы.

Вместе с тем, реализуя экологические инициативы, в текущем году КазМунайГаз планирует высадить более 88 тысяч деревьев по всей республике, и на данный момент уже посажено порядка 23 тысяч деревьев.

Подробнее на нашем сайте.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылы сәуір айында Атырау мұнай өңдеу зауытында іске қосу-баптау жұмыстары басталғалы механикалық тазарту құрылыстарында тазартылған судың сапасы жақсарып келеді. Механилық тазарту құрылыстарында реконструкциялау жобасы аяқталғаннан кейін қондырғыдан шығатын cудың құрамындағы мұнай өнімдерінің мөлшері 14 есе 25 мг/м3 дейін азайды. Қазіргі уақытта мұнай өнімінің құрамы бойынша орташа көрсеткіш 19 мг/м3 құрайды, бұл биологиялық тазарту құрылыстарының жұмысына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ, биологиялық тазарту қондырғыларынан да су тазартылып шығады. Бүгінгі күні №1 су жіберу кешеніне су ағызған кезде мұнай өнімі құрамы бойынша орташа көрсеткіш литріне 0,5 мг құрайды, рұқсат етілген мөлшері – литріне 1,8 мг.

Бүгінде механикалық тазарту құрылыстарының тиімділігі 95%-ға жетті.

Биологиялық тазарту қондырғыларын орнату тиімділігі 96% құрайды.

Тазарту құрылыстарының жалпы тиімділігі бүгінгі күні 100%-ға жетті!


🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

***

С началом пусконаладочных работ с апреля 2024 года на Атырауском нефтеперерабатывающем заводе идёт улучшение качества очищенной воды на механических очистных сооружениях (МОС). После завершения реконструкции МОС, норма содержания нефтепродуктов на выходе с установки снизилась в 14 раз до 25 мг/м3. На текущий момент в среднем показатель по содержанию нефтепродукта составляет 19 мг/м3, что имеет прямое влияние на работу биологических очистных сооружений (БОС). Также имеется тенденция по выходу очищенных стоков с установки БОС, на сегодняшний день в среднем показатель по содержанию нефтепродукта на выходе в водовыпуск №1 составляет 0,5 мг/л при норме 1,8 мг/л.

Эффективность МОС на сегодняшний день составляет 95%.

Эффективность установки БОС составляет 96%.

Итого эффективность очистных сооружений на сегодняшний день составляет 100%!


🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЗеленаяПовестка

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔺 2023 жылы ҚазМұнайГаздың мұнай өңдеу зауытында 4 млн м³-ден астам ақпа су қайта пайдаланылды

Ақпа суларды ауыр ауыртпалық ретінде емес, су, энергия, қоректік заттар және басқа да алынатын жанама өнімдердің тұрақты көзі болып табылады.

ҚМГ кәсіпорындарындағы тазарту қондырғылары мұнай өнімдерімен және тоқтатылған заттармен ластанған ақпа суларды тазартуға арналған. Мұнай өңдеу зауытында ақпа суды тазарту процесі механикалық және физика-химиялық тазартуды, содан кейін флотациялық қондырғылардан кейін биологиялық тазартуға жіберіледі.

ҚМГ тазартылған ақпа суды қайта пайдалануды арттыруға ұмтылады, мысалы, суару, шаңды жою және көлік жуу үшін. 2023 жылы мұнай өңдеу зауытында 4,28 млн м³ ағынды су негізінен сумен қамтамасыз етуді толықтыру үшін қайта пайдаланылды.

2023 жылы ҚМГ Мұнай өңдеу зауыты айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 437,53 млн м³ су пайдаланылды (айналды).

Толығырақ бұдан бұрын жарияланған Орнықты даму туралы есептен оқи аласыз.

🖥 #ЖасылБастама
🖥 #ТазаҚазақстан

***

🔺 Более 4 млн м³ сточной воды повторно использовано на НПЗ КазМунайГаза в 2023 году

Сточные воды являются источником воды, энергии и других побочных продуктов.

Очистные сооружения на предприятиях КМГ предназначены для очистки стоков, загрязненных нефтепродуктами и взвешенными веществами. На НПЗ процесс очистки сточных вод включает механическую и физико-химическую очистку, а затем биологическую очистку после флотаторов.

КМГ стремится повысить повторное использование очищенных стоков, например, для полива, пылеустранения и мойки транспорта. На НПЗ в 2023 году повторно использовано 4,28 млн м³ сточной воды, главным образом для подпитки водоснабжения.

Всего в 2023 году в системах оборотного водоснабжения НПЗ КМГ было использовано (циркулировало) 437,53 млн м³.

Подробно в ранее опубликованном Отчёте об устойчивом развитии.

🖥 #ЗеленаяПовестка
🖥 #ТазаҚазақстан


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️ «ҚМГ Инжиниринг» мұнай және газ тасымалдауға арналған инновациялар ұсынып отыр

Атырауда ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы «ҚМГ Инжиниринг» филиалында сутегі технологияларын зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

Бірегей зертхана сутегі тасымалдау және сақтау мәселелеріне қатысты материалтану мәселелерін зерттейді. Сутекті қауіпсіз сақтау және тасымалдау үшін қорытпалар жасау бойынша тәжірибелер жүргізіледі.

Сәуле Жолдаяқованың жетекшілігімен ғалымдар сутекті сақтауға және тасымалдауға арналған резервуардың болат қабырғаларына сутектің енуіне жол бермейтін алюминий оксиді негізінде тиімді жабын алу әдістерін зерттеуде. Титан негізіндегі коррозияға төзімді қорытпаларды синтездеу эксперименттері де жүргізілуде.

Жоба инновациялық технологиялар бойынша халықаралық патенттер алуға ықпал етумен бірге мұнай және газ тасымалдаудың халықаралық стандартын арттыруға бағытталған.

Біз осы маңызды жобаның дамуын назарымызда ұстап, оның жетістіктері туралы жаңалықтарды бөлісетін боламыз.

▶️ Толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

🖥 #ТазаҚазақстан
🖥 #ЖасылБастама

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM