Қазақша Уикипедия
538 subscribers
40 photos
14 videos
32 links
Қазақша Уикипедияның Instagram парақшасы:
@wikimediakz
Download Telegram
Құрметті уикимедиашылар, Алматы қаласында Уикипедияның туған күнін тойлауға шақырамыз!
❤16👍4🤔2
Жаңадан тіркелген қатысушыларға мақалалар жазу кезінде қолданылатын «100 өңдеме» шектеуіне қатысты қандай шешімді қолдайсыз?
Final Results
39%
Шектеуді 50 өңдемеге дейін төмендету
23%
Шектеуді уақытша эксперимент ретінде алып тастау
30%
Қазіргі «100 өңдеме» шектеуін өзгеріссіз қалдыру
9%
Басқа нұсқа
Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, қауымдастық жаңадан тіркелген қатысушыларға мақалалар жазу кезінде қолданылатын «100 өңдеме» шектеуін өзгерту қажеттігін қолдады.

Дауыс беру барысында ең көп қолдау тапқан нұсқа — шектеуді 50 өңдемеге дейін төмендету.

Осыған байланысты аталған шектеуді 50 өңдемеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
👍11👎5🔥3❤1
2004 жылғы 25 маусымда туған алматылық Михаил Шайдоров бүгін қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанды.

Бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда отандасымыз Михаил Шайдоров Қазақстанның қысқы Олимпиададағы екінші алтын медалисі атанды. Бұл — еліміз үшін керемет жетістік, әрі аса қуанышты жаңалық.

Уикипедиядағы Михаилдың мақаласын оқи да, толықтыра да отырсаңыз болады.

Жарайсың, Миша!
🔥19👍2👏2
Бүгін Қазақстанда Ислам бес парызының бірі Ораза басталды. Бұл — мұсылманның таңнан күн батқанға дейін ауыз бекітуі. Әлемнің кей мемлекеттерінде ол кеше басталған болатын.

Ораза кезінде ауыз бекіту дүние жүзінің мұсылман қауымына аса маңызды. Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы сайтында Рамазан Оразасы «сауабының санына ешкім жете алмайды» делінген.

Ораза қабыл болсын, оқырмандар!

Осы жылғы Рамазан айына орай Уикипедиядағы Ораза мақаласын оқи отырыңыз.
❤15👍2🤮1🕊1
Бүгін Қазақстан мен басқа да бірқатар мемлекет Халықаралық әйелдер күнін тойлады.

Осы мейрамға орай біз әйелдердің тарих, мәдениет, ғылым, саясат, спорттағы, басқа да түрлі салалардағы маңызды ізін еске аламыз да, құрметтейміз.

Ашық энциклопедия ретінде Уикипедия өз мақсаттары қатарына әйелдердің дәл осы ізін жазып алу мен сақтауды қосады.
👏6👍2❤1
🌷 Құрметті оқырман!

Сізді Қазақша Уикипедиядағы әйелдер туралы, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия әйелдері туралы мақалалар жазуға арналған уики-марафонға қатысуға шақырамыз!

✅ Марафонның мақсаты – әйелдердің, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия әйелдерінің тарихи, мәдени, ғылыми, басқа да үлесін айқындап көрсету, ерлер мен әйелдер туралы мақалалар саны айырмашылығын (Gender gap) азайту, сондай-ақ әйелдер арасындағы уикипедияшылардың санын көбейту.

✍️ Басты шарттары:
* Мақалалар 🗓 10 наурыз бен 30 сәуір аралығында жазылуы керек
* Авторы өзіңіз болу қажет
* Мақала маңызды болуы керек және сенімді дереккөздермен расталуы керек
* Ең кемі 2500 байттан және 200 сөзден тұруы керек
* 🤖 Машиналық аударма болмауы керек

Жеңімпаздарға сертификат 🎁 түрінде сыйлықтар беріледі

Толығырақ ақпарат төмендегі сілтемеде! 🌷

https://kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия:Қазақстан_мен_Орталық_Азия_әйелдері/2026
❤12🔥1
Бүгін, 1 сәуір күні, әлемнің түрлі елдері Күлкі күнін тойлап жатыр. Оған жыл сайын түр-түрлі адам, бірнеше бұқаралық ақпарат құралы мен Ағылшынша Уикипедия қатысады. 2026 жылдан бастап мерекені Қазақша Уикипедия да тойлайтын болды! Сол себептен бүгін Басты бетіміздің «Білгенге маржан» бөлімін оқи отырыңыз!

#уикипедия #күлкікүні #wikipedia
❤9👍3
Бүгін Қазақша Уикипедияда Орталық пен Шығыс Еуропа және Орталық Азия жайлы мақала жазудан «Уики-көктем» халықаралық жобасының 2026 жылғы марафоны басталды🏆

Бұл тақырыптар бойынша қазақша контенттің көбеюіне атсалысайық, ол үшін осы конкурсқа бәріміз де қатысайық! 🤍

Ең белсенді қатысушыларға марапаттар қарастырылған🎖️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16❤2
Қазақша Уикипедияның ұжымы әр оқырманды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды! 🇰🇿

Тура 34 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. 2012 жылғы қазаннан бері бұл күн мемлекеттік деңгейде тойланады.

Мерекенің мақаласын, әрі Қарулы күштер мақаласын оқи, өңдей отырыңыз!

#уикипедия #wikipedia
❤13😍2
Құрметті Астана қаласының уикипедияшылары!

Өздеріңіз білетіндей, биыл 15 қаңтарда ғаламтордағы басты ашық энциклопедиямыз — Уикипедия 25 жасқа толды. Ал 3 маусым күні Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімінің іске қосылғанына 24 жыл толады.

Осы атаулы мерекелерге орай, әлем бойынша жүздеген мың біз бен сіз сияқты редакторлардың басын қосқан сүйікті жобамыздың туған күнін елордалық қауымдастықпен бірге атап өтуге шақырамыз. Бұл басқосу — тек мерекені тойлау ғана емес, пікір алмасып, ортақ ісімізді талқылап, пікірлестермен жылы жүздесетін тамаша мүмкіндік.

Баршаңызды 31 мамыр күні кешкі сағат 18:00-де «Navat» шайханасында күтеміз.
📍 Мекенжайымыз: Сарайшық көшесі, 34Б.

Бізден — мерекелік торт, сіздерден — көтеріңкі көңіл-күй! Келіңіздер, Уикипедияның мерейтойын бірге тойлайық! 🎂
❤15👏6❤‍🔥1
Әр оқырманды Уики Жерді Сүйеді Қазақстан фотосайысына шақырамыз! 📸🇰🇿

Уики Жерді Сүйеді — уикимедияшылардың жыл сайын орын алатын халықаралық фотосайысы. Биыл қатысушы мемлекеттер арасында Қазақстан да бар!

Көбірек оқи отырыңыз...

Және де қатысамын десеңіз...
❤8👍2
Құрметті Астана қаласының уикипедияшылары!

Астанадағы уикипедияшылардың кезекті бейресми басқосуына шақырамыз.

28 маусым күні сағат 13:00-де «Нұрлы жол» теміржол вокзалында кездесіп, бірге Қазақстан теміржолы музейін аралауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін Ботаникалық бақта пикник ұйымдастыру немесе жақын маңдағы дәмханалардың бірінде бас қосу жоспарлануда.

📍 Кездесу орны: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы
🕐 Уақыты: 28 маусым, 13:00

Музейге кіру және басқосудың шығындары қауымдастық есебінен өтеледі.

Баршаңызды күтеміз!
❤13
📸🇰🇿 Ауылыңыз Қазақша Уикипедияда еш фотосуретсіз тұр ма? Бұл жағдай көп кездеседі. Бүгін басталмақ сайыс осы мәселені шешуді көздейді.

🏆 2026 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін Қазақстанда «Уики ауылды сүйеді 2026» сайысы өтеді. Ол Уикипедиядағы ауыл фотосуреттерінің жетіспеушілігін шешуге бағытталған.

📸 Қатысушы үшін берілген тізімдегі елді мекендерді фотоға түсіріп, Ортаққорға жүктеп салыңыз. Байқауға науқан кезінде де, оған дейін де түсірілген фотосуреттер қабылданады. Толық ақпарат ресми сайтта берілген.
🔥8❤4👍1
🇰🇿🗣 Кеше, 2026 жылғы 2 қазанда кешке Астанадағы қазақ уикипедияшылары кешкі асқа бас қосып, жемісті талқы жүргізді. Жобаның келешегі, соңғы жаңалықтары, әлеуметтік желідегі белсенділігі мен халықаралық ынтымақтастық бойынша бастамалары жайлы сөз жүрді, жоспар жасалды.

#wikipedia #астана #уикипедия
❤‍🔥16👏4👍3🔥3