📚Электронды кітаптар
32.2K subscribers
605 photos
91 videos
428 files
535 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
⚡️ Біздің қазақ 40 жаста өлімді ойлайды! Лондонда оқып жатқан Айгүл Иманбаева...

Бүгінде Лондонда арт-менеджмент мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан танымал әнші Айгүл Иманбаева қазақ 40 жасқа келгенде өлім туралы ойлайтынын айтты.

"Менің мұғалімімнің жасы 43-те, маған «үйленуге әлі дайын емеспін» деп айтады. Бізде бұл жастағылар өлуге дайындалады. 35 жаста кәрі, 45-те оқуға барса «не үшін оқып жатырсың, керегі не, қартайдың ғой» деген сөздер айтылады.

Түсінгенім, биологиялық жастың өлшемі біздің миымызда екен. Біздің ұлттың жасы 70-80 жастан аспайтыны осы өлшемнің кесірінен шығар деп ойланамын кейде", - дейді әнші.

Оның айтуынша, адамда ынта болуы керек.

«35 жастамын, оқуға кеш пе?» деп сұрағанда тіптен таңғаламын. Қорықпай, әрекет еткен шәкірттерім қазір АҚШ, Англия, Еуропада грантта оқып жатыр. Ал ойланып, қорқып жүргендер әлі жүр… - дейді Айгүл Иманбаева.

Айгүл ханымның сөзінің жаны бар. Ал сіз қай елге барып, білім алғыңыз келеді👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Руза апайды (суретте) айтамын да, қазақша сөйле дегені үшін жындыханаға жатқызып тастапты...

Көбіміз жүрген жерімізде қазақша сөйле деп төңірегімізді үндеп жүреміз.

Олай жазалар болсақ, Қазақстанның жартысы жындыханада жатар. Қаланың жартысынан көбін “жындылар” тұратын аймақ етіп бөлеп тастаса болғандай, қайбір кинодағы 13-ші аудандай. 😁

Дулат Тастекей деген кәсіпкер, меценат, депутат жігіт бар. Ол тіпті жейдесіне “Қазақша сөйле” деп жазып алып жүреді. Оны “жындылардың” старостасы етіп тағайындауға болады. 😁

Мына жағдай шынында да трагикомедияға сұранып тұр. Әттең, жазушы емеспін, оқырмандарды күлдіре отырып ойландырар 📕 әңгіме жазар едім...

©️Шыңғыс Мұқан

Біз осы "жындылардың" қатарындамыз. Ал сіз ше?👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 Бәрі де өзімізден...

Лифтта дәрет сындырып кету, қоғамдық көліктің орындығына өз атын жазып кету, Бурабайдың тасына өзінің туған қаласының атын маркермен салып кету, қоғамдық жерде сағызды столдың астына жабыстыру - осының барлығына билік кінәлі емес. Даже ақсақал Байден де кінәлі емес.

Мәдениетті жөндеу керек. Кезекте тұру мәдениеті жоқ. Ұшақ тоқтамай атып тұру. Кафеде сотканы қатты дауыстап қосу. Ресторанда аяғыңды көтеріп тізеңді құшақтау. Қоғамдық дәретханада унитазға аяқпен тұру, ершикты қолданбау. Айта берсең сөз көп.

Кейде өзіміздің қателігімізді мойындамай, кінәні біреуден іздейміз. Ол да мәдениеттің жетіспеушілігі. Әр адам автор.

©️ Самат Нұртаза

Автордың айтқанымен келісесіз бе?👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Сейілбек Мырзабайдың “Балалықтан даналыққа” кітабынан үзінді...

Кітаптың толық нұсқасын іздестіру үстіндеміз👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Баян Мақсатқызы 50 жасқа толыпты...

Оған Ресей эстрадасының жұлдызы Валерий Меладзе келіпті.

Соның қасында біздің қазақ әншілері желп-желп етіп жүр.

Көзім Сәкен Майғазиев, Айқын Төлепбергенді шалып қалды.

Меладзеден бастап бүкіл орыс әншілері бір Димашқа тұрмайды ғой.

Құлдық психология эстрада саласында да бар екен ғой. Ресейлік әнші келсе соның тілінде ән айтып жалп-жалп ететін біз ғана шығармыз.

Кеңес кезінде орыс қасында өзіңді екінші сортты сезіну психологиясы бізден қашан кетер екен?

©Нұрсейіт Жылқышыбай

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ең бірінші еден жуып, қақаған қыста қар күреп, жолдың мұзын ойып, аптап ыстықта көше сыпырып жүрген аналардың жалақысын көтеру керек!

Оларға 55 жаста жоғары зейнетақы беріп, демалысқа шығару керек.

Қолдайсыз ба?👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш!

– Қазір әлемдегі ең көп туристер – қытайлықтар. Олардың турист ретінде әлемдік экономикаға қосары зор.

Ал бізде, шынын айту керек, қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш феномені.

Оларға осындай дауыс иесінің қайдан шыққаны, қай жерде тұрғаны деген секілді дүниелер кәдімгідей қызық,-дейді қытайтанушы, халықаралық саясат бойынша сарапшы Айболат Дәлелхан.

Дереккөз: Айқын газеті

Димаштың өнерін бағалайтын оқырманнан👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қарап тұрып жүрегіміз ауырды!

Халықтың жаны қысылып барады. Қазақ қашан жақсы өмір сүреді?

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Шетелден келгенде бірден көзге түсетін екі нәрсе бар...

Бірі – кедейленіп, қайыршыға айналған адамдар, екіншісі – күн құрғатпай бола беретін қисапсыз той.

Біріне екіншісі себепкер. Жұрттың көбі табысының едәуір бөлігін тойға баруға, оны ұйымдастыруға, көйлек-көншекке жұмсайды, сол үшін қарызданады.

Мәнді-мәнсіз той көп, қатысы бар, жоқ демей жүз-жүздеп шақырады. Құданың қарындасының немересінің сүндет тойы деген сияқты.

Зейнеткерлер зейнетақысын емге, дәріге емес, той “конвертіне” жұмсайды. Кедейліктің себепкері – той.

©️ Мұхтар Сеңгірбай

Автордың уәжі орынды ма? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Құдайдан күш-қуат сұрадым, Ол маған қиыншылық берді...

Батылдық сұрадым, Ол мені қауіп-қатерге жолықтырды. Парасат сұрадым, күрделі проблемаларға тап болдым.

Ежелгі грек жазуы осылай дейді.

Түрлі вирус-бактерия адамның ішкі иммунитетін, бойындағы қорғаныс жүйесін күшейтетіні секілді қиындықтар да адамды жан-жақты шыңдайды.

Бойдағы мүлгіп жатқан қабілет-қарымын оятады. Ерік-жігерін жетілдіреді. Ой-өрісін өсіреді. Түрлі қырларын кемелдендіреді.

©️ Қайрат Жолдыбай

Қайрекеңнің "Дауа жүрек" кітабын іздестіру үстіндеміз. Топқа досыңызды шақыруды ұмытпаңыз👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Өз тағдырыңды өзің жасауға ерікті екеніңді мынаған қарап-ақ білесің...

Не үшін сен дарасың? Не үшін сенің түрің, көз жанарың, дауысың, саусағыңдағы із, мінез-құлқың қайталанбас элементтермен толып тұр?

Ерік-қалауың жоқ болса, Тәңірі тағала мұншама даралықты бір басыңа не үшін үйіп-төгіп бере салды?

Осының өзі «Құлым, мен сені ерекше сипатпен жараттым. Енді осыған ие бол! Ешкімге ұқсамайтын таңғажайып тағдырды сомдап шық!» — деген ишара.

©️ Санжар Керімбай «Бейсен және Болмыс»

Рас па, келісесіз бе? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Таласбек Әсемқұлов -Талтүс.pdf
1 MB
© Таласбек Әсемқұлов
📚 Талтүс

Кітаптан үзінді: Өз бағасын білген адам басқаны да түсінеді, барлық адамды түсінеді. Түптеп келгенде өмір деген рахат та емес, қасірет те емес. Өмір деген – іс. Атасы өз ісін аяғына дейін адал жеткізді. Бір адамға осынша хикметтен өту оңай ма.

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
А.Елгезек — Болмаған балалық шақ.pdf
325.4 KB
©Ақберен Елгезек
📚Болмаған балалық шақ

Кітаптан үзінді: Сіз дүниеге келесіз. Алғашқы азығыңызды анаңыздың бойынан тататыз. Құрсақта басталған ана мен баланың байланысы мәңгі үзілмейді. Ол көрінбейтін тылсым жіп секілді, екеулеріңізді бір адам қылып байлап тастаған. Өкінішке орай тағдыр тәлкегімен, сіз анаңызды ұмытуыңыз мүмкін, бірақ сіздің жаныңыз, қайталап айтам сіз емес - жаныңыз, анаңыздың жанымен үнемі бірге болады.

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😄 Қос тіл...

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі мәртебесін алған соң, біреу базарда тоты құс сатып тұрса керек. Тоты құсқа қызыққан біреу оң қанатын ұстаса: “Сәлеметсіз бе?" депті. Сол қанатын тартса “Здравствуйте” депті. Бұған таң қалған алушы тоты құстың құйрығын сипаған екен: “Құлатасың
ептвәю мать...” деп екі тілде қатар сөйлеп жіберіпті.

© ️Ақселеу Сейдімбектің "Бейпіл сөздер" кітабынан үзінді

Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…

Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ👍

©️ Азамат Битан

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кеше күні бойы қара маска тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіттің видеоларын көрдім...

Әсіресе, автомойкада тұрып жатқан әйелге жүрегім ауырғаны-ай... Көзі көрмесе де, нәпақасын тауып, балаларын асырап отыр.

"Көлік жуғым келмейді" деп жылаған кезде... Қосыла жыладым ғой...

Ол жігіттің кім екені маңызды емес, риза болғаным – нағыз қамқорлыққа зәру жандарды тауып алатыны.

Әлемді мейірім ғана сақтайды. Әйтпесе, біз тым қатыгезденіп барамыз.

Автордың пікірімен келісесіз бе? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥺Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...

Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.

Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:

- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.

- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/

Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:

- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.

Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...

Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.

Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..

Автор: Мәриям Әбсаттар

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM