📚Электронды кітаптар
32.2K subscribers
605 photos
91 videos
428 files
535 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің қорытындысы.

Сайт Государственного фонда социального страхования: https://gfss.kz

Инстаграм: @gfss_

#СОЦИАЛЬНАЯ_ПОДДЕРЖКА
#СОЦПОДДЕРЖКА_КАЗАХСТАН
#ӘЛЕУМЕТТІК_ҚОЛДАУ
#ӘЛЕУМЕТТІКҚОЛДАУ_ҚАЗАҚСТАН
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Димаштың Ганкоктағы консертінде бүкіл зал қазақша ән шырқапты!

Ал біздің шалақазақтар әлі күнге дейін қазақша сөйлеуге арланады...

📚@kitapkz1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Күні-түні әйелмен алысатын, әйел баласының қабілетіне сенбейтін кейбір әсіредіншілдер, мынаны көріңіздер...

АҚШ-та 13 дүкені бар қазақ қызы тұрады 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Желіде “Новый год харам, Аяз ата баран”, деген видеолар толып жүр. Үйдегі балалар да осыны көрген соң қылжақтап айтып отыр. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік)

Ал бүгін таңға жуық Тараз қаласының орталығындағы жаңажылдық шыршаны өртеп жіберіпті. Қасақана от қойған адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұсталыпты. Халықтың ақшасына салынған дүниені өртеу күнә емес, ал шырша харам ба? Бұл сол баяғы әсіредіншіл хайуандардың әрекеті. Осылардың үйіне барып өрт қойып кетсең, қалай болар екен?! Астапыралла!

Автор: Ришат Асқарбекұлы

@kitapkz1
⚡️ Бүкіл қазақты Қайрат Нұртастың әке-шешесі тәрбиелеп отыр...

Сіздер мұнда жаңа Қазақстан, қайтсек дұрыс ел боламыз деп бас қатырып отырсыздар, ал инстаграмда бүкіл қазақты бір-ақ әулет тәрбиелеп отыр ғой. Олар - Қайрат Нұртастың әке-шешесі Гүлзира ханым мен Нұртас мырзаның шаңырағы. Қазақтарға енді сериал түсірудің қажеті жоқ сияқты.

Олардың бүкіл өмірі халыққа сериал ғой. Бәрі солардың ішкен-жегенін, жүріп-тұрғанын, Жаңа жылды қалай қарсы алғанын аңдып отырады. Байғұс Гүлзира ханым отырса опақ, тұрса сопақ, әйтеуір жақпайды, сынап жатады. Олардың өздерінде де траги-комедия жетіп жатыр. Кенже ұлы ажырасты, басқа қызға үйленді. Онысы қазақы, Шымкенттің қызы екен.

Жаңа жыл қарсаңында Нұртас мырза да әуежайда 25 сағат отырып, Алматыға әрең жетеді. Үйіндегілері үстіндегі ескі футболкасын ауыстыр дейді, бірақ оған сол футболкамен жүрген ұнайды).

Ең бастысы бұл шаңырақта ер адамдардың әйелді сыйлаудың жақсы моделі бар. Бәрі әйелдерін жаным-күнім деп жатады. Сыйлық жасайды. Үйінен қонақ үзілмейді, бірі келіп, бірі кетіп жатады.

Бір Қайрат Нұртастың 7 млн-ға жуық оқырманы бар екен. Не болса да, Қайратты да, оның анасын да әйтеуір сынап-мінеп жатқанымен, нағыз қазақы мәдениетті үлгі етіп жүр, жаманды-жақсылы болсын. Осылай жаңа жылда сәл тыныққанда, Қайрат Нұртас пен Гүлзира ханым феноменін зерттеп тастадым. Айтпақшы кеше Қайрат Нұртас отбасына Қатарға ұшып кеткен. Аман-есен жетті ме екен?!...

Автор: Жұлдыз Төлеу

@kitapkz1
⚡️ Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин елдегі діни ахуалға қатысты пікір білдірді...

Жазушы «дін деген қараңғылық» деп, қазақ жастарының болашағына алаңдайтынын айтты.

«Дін деген апиын деген. Сол дұрыс сөз. Оның мәнісін ұғынып жатқан жоқ. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай ұғынамын. 19 ғасырдағы қазақтың зиялылары, оқығандары неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасап, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіредіншілдіктің түкке керегі жоқ. Мәдениет пен ғылым-білімді жеткізетін дін емес. Мешіт емес, 📕 мектеп», - дейді ол.

📚@kitapkz1
⚡️Ислам, әсіреислам біздің дамуымызға кедергі болады...

Қазақи ислам - Құран оқыса, қол жайып, бет сыйпайтын, сонымен шектеліп, ары қарай тірлігімізді істей беретін ислам бізге ең қолайлы. Ал сахаба-махаба деп олардың өмірін зерттеу, қазір ең керек алтын уақытты ешқашан да жаңармайтын дінге құрту - өте қауіпті жол. Қазақты адам қылатын дін емес. Тек білім мен технология. Бізге араб елдері емес, Израиль үлгі болуы керек!

© Айбар Олжаев

📚@kitapkz1
⚡️Бұл - атақты Марк Цукерберг пен әйелі Присцилла Чан...

Цукерберг - Фейсбукті ойлап тапқан адам. Сіз қолданып отырған Инстаграм, Ватсаптың қожайыны. Әлемдегі ең бай адамның бірі.

Осы суретті Фейсбуктан көргенде көзіме оттай басылды.

Қандай жылы сурет десеңші! Фотода жан бар! Тірі сурет!..

Екі ғашық жаңа жыл кешінде жәй ғана фотоға түсе салды. Жарық дұрыс түсіп тұр ма, жоқ па, бас ауыртқан жоқ. Түсе салды. Оны әлеуметтік желіге жүктей салды.

Жасандылық жоқ! Бәрі шынайы!
«Мені мына қырымнан алғаның дұрыс еді» дейтін әңгіме жоқ. Жәй ғана осы бір бақытты сәтті таспаға түсіріп алды. Болды.

Ал... бізде қалай??? 40 рет түсу, оны 40 рет көру. Ұзақ таңдау. Фотошоп. Түрлі филтір.

Бұл - комплекс. «Қайтсем жұртқа ұнаймын» дейтін сенімсіздік.

Бізде кейбір адамдар сол бір сәттің ең бақытты сәт екенін түсіне алмайды.

Мен кейде сондай жандарға қара-а-ап тұрып, аяймын. Не деген бақытсыздық!!!

Ал, мен мына суретке қарап тұра бергім келеді. Өйткені, бұл суреттің жаны бар👍

© Данияр Есен

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☺️ Адамды көзінше айыптау жақсы емес, бұл оның көңіліне тиеді...

Оны сыртынан айыптау да жақсы емес себебі, сіз оны өсектеген боласыз.

Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.

©Ілеп Толстой

Жазушының қай шығармасын жариялайық? 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯Үш күндік пәниде тіл табысып, түсінісуге тырысудың орнына...

Бұ жұрт жағаласып, жаға жыртысып, жауласып жатады. Не жетпейді бұ жұртқа? Иісі қазақ демесе бұл жақтан жиналған халық түгіл, ауылдағы ағайын да есепке көшкен. Есеппен сыйласады, жақсылығы сатулы... Не боп барады бұ дүние?

©Баққожа Мұқай

Кітаптың толық нұсқасын оқығыңыз келе ме?👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Дұрыс пайымдап отыр ма? Сіз не ойлайсыз?

📚@kitapkz1
⚡️ Мұхтар Тайжан: Кітап оқымаған "білгіштер" мен уағызшы "молдалар" қаптап кетті...

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан соңғы кезде уағыз айтатын "молдалардың" қаптап кеткенін айтып, олардың әрекеттерін "араптандыруға" апаратын науқан деп бағалады.

Ол тоқсаныншы жылдары ұры, коррупционер, бандит болғандар қазір тақияны қиіп алып, сақалды өсіріп алып, тиктокта, ютубта жастарға ақыл айтып отырғанын алға тартты.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген жаман қарғыс сөз бар қазақта. Қарасам, өздері қараңғы, жоғары білімдері жоқ, кітап оқымаған "білгіштер" мен уағызшы "молдалар" қаптап кетіпті. "Шалбар киме - ол голубойлардың киімі екен", "көкпар деген - ол сақабалардың, яғни араптардың ойыны екен", "мұсылмандарда ұлты мен руы жоқ", "домбыра - харам" - деп сандырақ әңгімені көп айта бастады. Бұндай әңгімелер иманға еш қатысы жоқ деп санаймын. Бұл қазақты ұлтсыздандыруға, тіпті араптандыруға апаратын науқан”, – деді Мұхтар Тайжан.

Саясаткер ғасырлар бойы құлдар патшаларға, байларға өте керек болғанын, сол үшін қарапайым халықты дінмен қорқытып құлдықта ұстағанын айтты.

“Ата-бабаларымыз имандарын жүректерінде сақтап қазақ болып қалды ғой! Ұлт деген не? Ол тіл, дәстүр, діл, жыр. Бәрімізді Жаратқан жаратқаны рас, бірақ бәрімізді құл болсын жаратқан жоқ шығар? Біз өз туған балаларымызды бізге құл болсын деп туып өсірмейміз ғой? Ұрпағымыз басқа дүниеде емес, осы дүниеде бақытты болсын деп өсіреміз. Сол секілді мейірімді я кешірімді Жаратқанымыз бізге құлдықты емес, бақытты өмірді тілеп отыр деп сенем. Ең қуатты Жаратқанға құлдар не керек?” – деді ол👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жанар апай мықты!

Ұлттық дәстүр, салт-санадан ажырап жатқанымызды өте сәтті көрсетіпті...

Лайкты аямайық👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Өмірде жақсымен де, жаманмен де кезігесің...

Қол созып, бірі жақсылық, бірі қасірет ұсынар. Әркім өзінікін жөн дер. Таңдау бірақ, сенің еркіңде. Есіңде болсын – біреуді біреу тозаққа да, жұмаққа да жетелей алмайды. Сен тек өз таңдауың үшін жауап бересің. Қиындық берсем – сабақ алсаң деймін. Жақсылық берсем – көтере алсаң деймін. Бастысы, мейлі сын болсын, мейлі сый мені таңдасаң деймін, маған үміт артып, менен көмек сұрасаң деймін. Және айтарым – тіріңде өтей алмайтын күнә жоқ. Осыны ұмытпасаң екен, – дей бергенде әлгі әлсін сәуле күшейіп, жанарымды шарпып өтті.

©️ Торғын Жолдасбекқызы "Араша"

📚@kitapkz1
Алаш айтқан асыл сөз.pdf
873.3 KB
©️Берік Уәли
📒Алаш айтқан асыл сөз

Кітаптан үзінді: Адамның тағдыры – өз қолында. Сорлы болған адам: «тағдырға шара бар ма» – деп жұбаныш етеді. Тағдырыңды – күндегі тамызықтай істеген амалыңмен өзің жасап аласың👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Құр оқи бергенмен ештеңе шықпайды, әлсін-әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады...

©️ Ілияс Есенберлин, «Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар»

Кітаптың толық нұсқасы жақында арнамызда жарық көреді
👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 «Өзіңе ақша қимау – саған келетін ақша энергиясының көзін жабу. Өзіңе аз алған сайын, өзіңе қимаған сайын Құдай да саған түк татырмайды» деп соғады. Бұл сау адамның сөзі емес. Бұл басыну, қымбат зат сатып алмағаның үшін кінәлі көрсету. Маркетинг тұздығына түсіру. Сіз биыл бес жылы шұлық сатып аласыз ба әлде бір мәсімен шығасыз ба? Оны әркім өзі шешеді. Оған коуч мұрнын сұқпасын. «Ақшаның энергиясы» деген сөздің өзі анекдот. «Қалаған затыңды сатып алу арқылы ақша көзін ашу» деген парадокс. Әлемдік қаржыгер Пит Данн «адам әр жалақысының бес пайызына киім алса экономикалық тұрақтылығы дұрысталады» дейді. Осы көрсеткішпен есептесек, төрт жүз мың теңге жалақы алатын кісі айына жиырма мыңға киінеді. Сонда өзгесі сапалы тамақ жеуге, қосымша білім алуға, саяхаттауға жеткілікті. Осылайша есі дұрыс адам бюджетін жоспарлауы керек. Онсызда шаршап жүрген адамдарды «ақша шақыру» дегендей қойыртпақпен алдаусыратып, иллюзияға батырмау керек.

©️ Лира Қоныс, «Қазақша минимализм немесе үйде бәрі бар»

5 досыңызды арнаға қосылуға шақырсаңыз, кітаптың толық нұсқасын саламыз 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жадыра Шамұратова - Сандық .pdf
374.3 KB
©️Жадыра Шамұратова
📕 Сандық

Кітаптан үзінді: Есіңізде болсын, өмірдің қуанышын ұрлайтын үш нәрсе бар: соның бірі – өткенге өкініш. Өкіну – жаныңды жегеннен басқа ештеңе бермейтін іс👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM